Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

сурет. Әлеуметтік педагогика әдіснамасының негіздері

Читайте также:
  1. D) тифлопедагогика.
  2. V2:Педагогика в системе наук о человеке
  3. А педагогика – наука о развитии жизненного опыта человека (обучающегося). Это и есть ее предмет!
  4. АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
  5. Актуальность изучения учебной дисциплины “Профессиональная педагогика” в БГУ культуры и искусств.
  6. Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері
  7. Арнайы педагогиканың пәні, мақсаты және міндеттері
  8. Арнайы педагогиканың психологиялық негізделуі
  9. Б3.Б.4 Специальная педагогика
  10. Банкiнi консервациялау ұғымы мен негіздері

Қазіргі уақытта білім мазмұны білімді ұғындыру ғана емес, оқу-танымдық әрекет барысында пәнді меңгерту тәсілдері мен амалдарын өзіне міндеттейді. Бұл жағдайда ол тұлғаны дамыту идеясына негізделеді, яғни әдіснамалық білімді меңгеріп қана қоймай оның әдіснамалық санасы мен ойлауын қалыптастыру керек.

Мұндай күрделі оқу үрдісін басқару, ең алдымен, педагогтан әдіснамалық дайындықты, іргелі, базалық білімді талап етеді.

Кейбір зерттеушілер әдіснаманы теориялық әрекеттің құралдары мен әдістері, ақыл-ойды ұйымдастыруға қажет оқудың құрылымы деп есептесе, екіншілері – нақтылы қайталау және танымдық әдістерді қолдану мен қалыптастыру әрекеттерін және принциптерін ғылым деп есептейді.

Педагогикада танымал әдіснамашы В.В.Краевскийдің түсіндіруі бойынша, педагогика әдіснамасы – үздіксіз өзгеріп отырған педагогикадағы әрекетті дұрыс анықтайтын, білім іздеу әдістері мен тұғырларын, принциптерін, педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздемесі туралы білімдер жүйесі.

Ғылыми-практикалық әрекетте В.И. Загвязинскийдің анықтамасында: педагогика әдіснамасы – ол, педагогикалық зерттеу үрдісін түсіндіру тәсілдері (тұжырымдама құру) және тәрбие мен білім беру жүйесін жетілдіруде немесе жаңа білім беру үшін практикада қолдану,т яғни оған педагогикалық білімдердің қызметі және құрылымы туралы іргелі білімдер. Педагогикалық ережелер, (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар) педагогикалық зерттеу әдістері мен логикасы, алған білімді практикада жетілдіру үшін пайдалану тәсілдері енеді.

Әлеуметік өмірдің барлық саласында ең басты өзгерістер ғылымдағы және мәдениеттегі процесс, педагогикалық қызметтің ортасындағы жаңа қажеттіліктер, білім жүйесін жаңалау (модернизациялау) қажеттігіне әкелді. Бұл саланың әрі қарай дамуының мүмкін жолдарының бірі инновациялар, яғни құрудың атқару процестері, қабылдауы, бағалары педагогикалық жаңа тәртіптерді меңгеру және қолдану. Бұл білімнің оқытудың және тәрбиенің әдісі мен түрлерінің білім орындарының жұмыстарын ұйымдастыруының және атқаруының және т.б. барысына қатысы бар.

Біздің елімізде тура сол процестер өтіп жатты, бірақ олар басқа түрде аталды.

Әдетте, жаңа тәсілмен дәстүрлі мәселені шешіп көру нәтижесінде, фактілерді жинақтау мен зерделеудің ұзаққа созылған процесінің нәтижесінде жаңашылдардың мәнін алып жүретін жаңа сапаның туған кезінде инновациялар пайда болады.

Қазіргі заман инновацияларының көпшілігі тарихи тәжірибемен сабақтас және өткенмен ұқсастықта. Инновациялық процес – бұл дамуы жағынан, мақсатты бағытталған және құрылуы жағынан саналы процесс қазіргі заманның идеяларын (ойларын) (теориялар, әдістемелер, технологиялар және т.б.) тарату және меңгеру, қолдану, белгілі критерийлерге сәйкес келетін және белгілі бір жағдайда өзекті және бейімделген деп тұжырымдауға негіз береді. Ол жүйенің сапалы жақсаруына бағытталған, жаңа тәртіптің енуін және жаңашылық тұрғысынан оның көзқарасының өзгеруін және оның қатысушыларын ынталандыруды көздейді.

Инновациялық білім процесінің негізінде педагогиканың екі маңызды мәселесі жатыр:

-педагогикалық тәжірибені оқыту мәселесі;

-психология және педагогика ғылымдары жетістіктерінің практикасына дейін жеткізудің проблемасы.

Педагогиканың әдіснамалық білімінің құрамында педагогика саласындағы педагогикалық зерттеудің әдістемесі жеке пән ретінде қалыптасуда және ғылыми білім жүйесінен белгілі орын алуда. Сондықтан әдіснаманың зерттеудің логикасын құрудағы басты рөлін ескере отырып, бұл оқылатын пәннің мақсаты магистранттың педагогикалық танымның әдістемелік және практикалық мәселелерін жетік түсініп, зерттеу барысында қолдануға даярлау болып табылады.

Педагогика әдіснамасы педагогикалық танымның табиғатын, ұстанымдарын және әдістерін қамтиды. Сондықтан педагогикалық зерттеудің әдістемесі осы мәселелерді зерделейді және бұл саладағы зерттеудің ерекшелігін анықтайды. Педагогикалық зерттеу құрылымы, ең алдымен, педагогикалық, тарихи-педагогикалық білім көздері және олардың танымдық мүмкіндіктері, тарихи-педагогикалық зерттеудің мақсаты, міндеттері, нысаны және пәні қарастырылады.

Педагогика және білім беру тарихын зерттеуге қажетті әдіснамалық тұғырлармен, ұстанымдарымен танысады. Пәннің мазмұнының, педагогикалық айғақ, педагогикалық құбылыс, педагогикалық үрдіс туралы арнайы білімдер берілген. Тарихи-педагогикалық дерек көздері және тарихи-педагогикалық дерекнама, педагогикалық көзқарас, педагогикалық ой, педагогикалық мұрат мәселелері талқыланады.

Педагогика әдіснамасы педагогикалық зерттеу әдістерін зерделеп, олардың педагогикалық фактілер мен құбылыстарды зерттеу мүмкіндіктерін пайымдайды.

Бағдарламада педагогикалық зерттеудің әдістемесі жайлы қазіргі әлемдік педагогикалық үрдісті талдау талаптарына сай, республикадағы жүргізілген және зерттеліп отырған педагогикалық зерттеу нәтижелеріне сүйенген білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.

Педагогика әдіснамасы педагогикалық зерттеу туралы түсінік,қазіргі уақыттағы педагогикалық зерттеулердің теориялық негіздері және мәселелері, зерттеулік ізденістің көздері мен шарттары.

Зерттеу логикасы туралы түсінік, зерттеу тақырыбын және оның өзектілігін анықтау. Зерттеу мәселесін қою. Зерттеу мақсаты, болжамы мен міндеттерінің байланысы. Зерттеудің әдістемесі туралы түсінік. Педагогикалық зерттеудің әдістемесінің пәні және міндеттері қарастырылады. Сондай-ақ, педагогика әдіснамасы және оның қалыптасуы, зерттеудегі қазіргі әдіснаманың тұжырымдамалары. Педагогиканың нысаны мен пәнінің сипаттамасы. Педагогика пәні дамуының негізгі бағыттары, педагогика нысаны мен пәнінің мәндік деңгейі, құрылымы. Педагогиканың гуманитарлық білімдер және педагогика ғылымдары жүйесіндегі орны зерделенеді.

Педагогикалық зерттеудің типтері және ерекшеліктері. Тарихи-педагогикалық зерттеудің типтеріне сипаттама: тарихи-ақпараттық, әдіснамалық; теориялық; мәселелік. Тарихи-педагогикалық зерттеу типтерінің критерийлері, тарихи-педагогикалық зерттеудің түрлері: педагогика тарихын зерттеу; білім беру тарихын зерттеу; персоналийлердің тарихын (педагогикалық ойларын, қызметін, ғылыми үлесін) зерттеу, дидактикалық зерттеулер және оның типтері. Тәрбие мәселесіне арналған зерттеулер. Мектеп басқару мәселесіне арналған зерттеулер әдістемелері жүйеленеді.

Сонымен бірге педагогиканың әдіснамасында педагогикалық зерттеудің логикасы, тұжырымдамасы, педагогикалық зерттеу ғылыми аппаратының бөліктері және оларды педагогика әдіснамасының теориясы арқылы негіздеу, тарихи-педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері; Ғылым әдіснамасы қағидаларын басшылыққа алу. Зерттеу кезеңдері. Тарихи-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты және оны анықтау жолдары.педагогикалық зерттеудің мәні және тарихи-педагогикалық зерттеу,педагогикалық және тарихи-педагогикалық зерттеудің өзектілігі, мәселесі, тақырыбы, мақсаты, нысаны мен пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, көздері, теориялық мәні, зерттеу әдістері, кезеңдері, базасы, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу, зерттеу құрылымын құрастыру әдістері туралы білімдер жинақталуда.

Қазір педагогиканың әдіснамасының педагогикалық зерттеулердегі рөлі артуда. Педагогика әдіснамасы дамуының негізгі бағыттары анықталуда. Педагогикалық зерттеуге қажетті әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар және олардың тарихи-педагогикалық зерттеуде қолданылу ерекшеліктер саралануда. Тарихи-педагогикалық зерттеуде айғақтарды, құбылыстар мен процестерді зерделегенде қолданылатын әдіснамалық тұғырлар сипатталуда. Тарихи-педагогикалық процестерді зерттеуде қажетті қазіргі тұғырлардың (тәсілдер) әдіснамалық сипаты, тарихи-педагогикалық танымның ұстанымдары. Педагогикадағы әдіснамалық тұғырлар (подход) және әдіснамалық ұстанымдар. Педагогика және педагогика тарихының әдіснамасы жайлы өткен семинарларда тарихи-педагогикалық зерттеулерге қажет әдіснамалық тұғырлардың көрінісі, мәні және мазмұны. Қазақстан ғалымдарының еңбектеріндегі әдіснамалық тұғырлар. Тарихи-педагогикалық айғақтар, құбылыстар, процестерді зерттеу үшін қолданылатын әдіснамалық тұғырлар: жүйелілік, мәдениеттанушылық, парадигмалық және т.б. тарихи-педагогикалық таным ұстанымдары – педагогика мен педагогика тарихы ұстанымдарының көрінісі. Тарихи-педагогикалық процесті зерттеуге өркениеттік тұғырды пайдалану тұжырымдамасы. Тарихи-педагогикалық процестің өркениеттік тұғыр негізіндегі көрінісі. Тарихи-педагогикалық процесс типтері. Шығыс, Батыс, Ресей және Қазақстан өркениеттерінің педагогикалық дәстүрлері, әлемдік өркениет және тарихи-педагогикалық процесс ерекшеліктері жан-жақты қарастырылуда.

Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық аппаратына тоқталайық.Тақырыпты таңдаудың дұрыстығы көп жағдайда зерттеудің орындалу сапасы мен нәтижесіне тікелей әсер етеді. Зерттеудің кез – келген тақырыбы белгілі бір ғылыми бағытта орындалады. Ғылыми бағыт деп, саласы бойынша зерттеулер жүргізілетін ғылым немесе ғылымдар кешені болып табылады: техникалық, биологиялық, тарихи, педагогикалық және т.б.

Зерттеушінің алғашқы қадамы – зерттеудің нысаналық саласын таңдау, яғни шешімін табуға тиісті маңызды мәселелер жинақталған болмыс саласын таңдау (біздің мысалымызда педагогикалық зерттеулер). Зерттеу нысанасын таңдау мынандай шынайы себептермен жүргізіледі: оның маңыздылығы, шешілмеген мәселелердің болуы, жаңалығы және өміршеңдігі.Сондай – ақ зерттеу нысанасын таңдауға ықпал ететін субъективтік себептер де бар: зерттеушінің білімі, өмірлік және кәсіби тәжірибесі, икемділігі, қызығушылығы, зерттеу нысанасының практикалық әрекеттің бағыттарымен, ғылыми ұжыммен, ғылыми жетекшімен байланысы.

Келесі адым – зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау. Зерттеу тақырыбына мәселе еніп тұруы керек, демек, тақырыпты саналы түрде анықтау және нақтылау үшін зерттеу мәселесін айқындау қажет.

Мәселе дегеніміз- белгіліден, «нақты білмейтін білімге» апаратын көпір. Мәселені шешу сұраққа жауаптан былайша ажыратылады: мәселе қазіргі бар білімде орын алмайды және ғылыми ақпаратты қайта жаңарта құрумен алынбайды. Мәселенің мәні анықталған дәйектер мен оларды теориялық ойластыру арасындағы, дәйектерді түрліше түсіндіру арасындағы қайшылық. Кез келген ғылыми мәселеде адамдардың оқыту мен тәрбиелеу саласындағы қажеттіліктері туралы білімдер мен қойылатын сұраққа жауап берудің, мәселелерді қанағаттанарлық тұрғыдан шешудің жолдарын, құралдары мен әдістерін білмеу арасындағы қайшылық жатады.

Мәселенің көздері педагогикалық практикадағы қиындықтар, шешілмеген жәйттер болып табылады.

Ғылыми зерттеудің тақырыбы анықталған мәселенің құрамдас бөлігі болып табылады және көптеген сұрақтардың шешімін табу үшін зерттеп дайындалады. Бұл дәйек бойынша ғылыми мәселемен танысу керектігі көрсетілген. Ғылыми мәселе ғылымның дамуы мен практиканың жағдайының арасындағы қайшылықтарды талдау негізінде қалыпқа түсіріледі.

Ғылыми мәселелер өзі қарастырылатын жеке тақырыптардың мақсатын, нысаналары мен зерттеудің соңғы нәтижесін жалпы түрде анықтайды.

Ғылыми (немесе диссертациялық) жұмыстың тақырыбын таңдау үшін:

- Зерттеу сұрақтары бойынша әдебиеттер мен тәжірибелік көрсеткіштермен танысу;

- Осы мәселе бойынша қорғалған диссертациялар тізімін қарау және олардың республикалық және шет елдік ведомствалық кітапханалардағы сақталған авторефераттарын оқып зерттеу;

- Ғылымның басқа да саласындағы соңғы зерттеу жұмысының нәтижелерімен танысу;

-Зерттеу жұмыстарында пайдаланылатын әдіс – тәсілдермен танысып, оларға өз бағасын беру;

- Жинақталған материалдарды талдау және қорытындылау;

- Зерттеуші өзінің ғылыми жұмысының тақырыбы, оның өзектілігі, мақсаты мен болжам нәтижесі бойынша жетекшісімен немесе осы салада зерттеу жұмысымен айналысатын мамандардан кеңес алуы;

- Мына ережелерді басшылыққа алу керек: Тақырыптың ғылыми-зерттеу институтының бағдарына сәйкес келуі; тақырыптың өзектілігі; тақырыптың жаңашылдығы; теориялық және практикалық маңыздылығы немесе оның орындалуының тиімділігі; тақырып бойынша зерттеу жұмысын берілген мерзімде іске асыру; зерттеудің міндеттерін шешуде жағдайдың және құралдардың болуы; зерттеу тақырыбының болашағы, оны іске асыратын әдістер немесе жаңа әдістерді дайындау мүмкіндігі болуы; Мәселенің деңгейін анықтау және бұл мәселе бұрын – соңды қарастырылған ба, жоқ па соны тауып көрсету, сондай – ақ оның жаңашылдығын дәлелдеу;

− Педагогикалық ғылымның дамуы қажеттілігіне және практикасына деген сұраныстарға негізделініп дайындалатын ғылыми мәселелердің өзектілігіне тиянақты, жүйелі талдау жүргізу.

Сондықтан бүгінгі күнгі теория мен практика арасындағы негізгі әдетті қарама – қайшылықтар нәтижесінен ғылыми мәселе мен оған кіретін, қолданыстағы педагогикалық зерттеулер саласына шектеу келтіретін мәселелер аспектісі қалыпқа келтіріледі.

Айқындалған ғылыми мәселе өзінің көрінісін нақты бір ғылыми тақырыптан көреді.

Тақырыпты таңдау үрдісінің негізгі сәттері тақырыпты дәлелдеу барысында көрініс табады. Зерттеу тақырыбын дәлелдеу жорамалданған зерттеудің ғылыми өзектілігінен тұрады, сонымен қатар мынадай жалпы қисынды – мазмұндық алгоритммен қарастырылады: мәселенің маңыздылығы - әлеуметтік сұраныс – тәжірибенің сұранысы – ғылымның сұранысы – мәселенің зерттеліп, дайындалуы – зерттеу идеясы – зерттеу стратегиясы – зерттеу тактикасы.

Жұмыстың тақырыбы оның негізгі мәселесінің мазмұнын көрсетеді және өзіне соңғы нәтиже нұсқаулары мен зерттеу нысанасын енгізеді. Зерттеу тақырыбының айқындығы, нақтылығы, сыйымдылығы, қысқалығы, құрылымдылығы (байланыстылығы мен тақырыптылығы, яғни бірлік және мазмұнды тұтастығы), мәнерлілігіне,сай талаптармен құрастырылады.

.Жалпы әдіснама және педагогика ғылымы құрылымындағы педагогикалық әдіснама.

 

1 Философияның әдіснамалық қызметі. Жалпы әдіснаманың міндеті; әдіснамасының ғылымы.

2. Өзектілендіру себептері. «ғылым», «ғылыми пән», «парадигма», «әдіс», «теория», «тұғыр», «әдіснама» түсініктерінің қазіргі таңдағы анықтамалары.

3. Әдіснаманың түрлері, әдіснаманың деңгейі.

4. Материалистік диалектиканың заңдары, ұғымдары, ұстанымдары және олардың педагогикадағы көріністері.

5. Пеадгогика әдіснамасы; өткен кезеңдегі қоғамның құндылықтары; болжау тәсілдері;

В.С. Ильин педагогика әдіснамасының құрылымын төмендегідей деңгейде көрсетіп берді:

- Дүниетанымдық. Бұл деңгейде аксиология ғылымы қалыптасады. Негізгі эталондар, идеалдар мен ғылымилық ғылымды зерттеудің философиялық негізне сүйеніп, дүниенің арнайы – ғылыми бейнесін жасайды.

- Эпистиомологиялық. Бұл деңгейде ғылым онтологиясы: архитектоника ғылымына рефлексия жасалады; педагогика пәні: оның тілі, түсінігі, терминдері, коммуникация нормасы, логикалық жүйесі - қорыту ережесі мен заңдылықтары, аксиомасы;

- Гносеологиялық деңгей, мұнда пеадгогикалық зерттеудің әдісі мен процедурасы, құрылуы, нормасы жасалынады;

- Праксеологиялық деңгей, мұнда педагогикалық практиканың теориясын мазмұндау және әдіснамалау, ғылыми-бағдарлы практиканы практика- бағдарлы етіп, құралдарын қалыптастыру.

Әдебиеттерді зерттеу және талдау пеадгогика әдіснамасының негізгі бағыттарын анықтауға және оның дамуының кейбір тұғырларын бөлуге мүмкіндік береді.

Педагогикалық әдіснама бойынша зерттеудің негізгі бағыттары:

- педагогиканың негізгі бағыттары (педагогикалық өркениет, педагогикалық парадигма, білім философиясы ғылымы, философия білімі, тәрбие философиясы, социум менталитетін қалыптастыру, педагогикалық ғылым тенуға кіріспе);

- педагогикалық әдіснаманың қазіргі заманғы түсінігі. («педагогика әдіснамасы» түсінігі, әдіснамалық мәселе, әдіснамалық білім, әдіснамалық зерттеу, әдіснамалық тұжырымдама мен мектеп, әдіснамалық зерттеу принциптері, әдіснамалық зерттеу мәдениеті).

 

Бірінші бағыттың ұғымы - педагогикалық өркениет және педагогикалық парадигма.

Педагогика шын мәнінде оның әдіснамалық негіздері мен парадигмасына қатысты дағдарысты жағдайда. Парадигма – бұл ғалымдар тобы мақұлдайтын арнайы категориялы аппарат. Ол қандай да бір теорияның негізіне жататын принциптер мен негізгі ережелер жиынтығы. Ғалымдардың (Г.И. Рузавин, В.П. Кохановский, А.П. Валицкая, т.б) пікірі бойынша әлеуметтік танымның жаңа әдіснамалық шеңберінде субъект-объект парадигмасының субъект-субъект парадигма шеңберіне алмасуы жүріп жатыр.

Педагогика әдіснамасының келесі түсінігі - ғылы философиясы, білім философиясы, тәрбие философиясы, социум менталитетін қалыптастыру. Қай ғалым болсын, жаһанданудың тарихи таным үрдісін түсіндіруде ғылым және ғылыми-білім дегенміз не? деген сұрақтарға түсініктерді қажет етеді. Ғылым философиясы саласында В.С. Степиннің, В.Г. Гороховтың М.А. Розовтың еңбектерінде ғылыми таным ерекшелііктерге, ғылым дәстүр ретінде, ғылым таным динамикасы мен құрылысы туралы сипаттама берілген.

Ғылымтанудың әдіснамалық талдауы 4 деңгейге бөлінген.

1) философиялық әдіснама, (жалпы ғылыми принциптер мен зерттеу формалары) бұл деңгейде зерттеу бағыттары оның стратегиясы, пән мен оның объектісін анықтау тәсілдерін қамтамасыз ету қызметін анықтау;

2) жалпығылымилық әдіснама (жалпы ғылымилық принциптер мен зерттеу формалары) бұл деңгейде зерттеу бағыттары оның стратегиясы, пән мен оның объектісін анықтау тәсілдерін қаматамасыз ету қызметі;

3) нақты-ғылымилық әдіснама, (педагогика ғылымдарына қатысты зерттеу принциптері мен процедуралары, зерттеу әдістерінің жиынтығы) педагогика зерттеу процесін бірыңғай түсіну үшін педагогиканың категориялы-түсініктемелі аппараты мен психологияның, социологияның т.б. ғылымдардың бірлесіп, арнайы, нақты зерттеулері бір-бірімен аралас ғылымдар және педагогика әдістерінің қажетті жиынтығын қамтамасыз ететін белгіленген қызметті орындайды.

4) Зерттеу техникасы (технологиясы) және әдістемесі, яғни бірыңғай және эмпирикалық материал мен оның алғашқы өңделуін алу үшін қажетті процедуралар жиынтығы.

(негізгі қызметі – инструменталды немесе инструментальды-технологиялық).

Практиканың әдіснамалық әрекетін анықтау үшін педагог әдіснамалық мәдениетті меңгеруін қарастырамыз.

 

Педагогика әдіснамасының пәні дегеніміз: а) маңызды педагогикалық зерттеу мәселелері және басқа ғылымдар арасынан педагогиканың орнын анықтау; б) нақты педагогикалық білімдерді іздеп табу тәсілдері мен принциптері, оны жаңарту мен интерпретациялау әдістері; в) педагогикалық теорияның дамуы мен құру тәсілі, құрылысы; г) ғылым мен практиканың өзара әсер етуінің тиімділік жағдайы, педагогикалық практикаға ғылымның жетістігін ендіру тәсілдері мен негізгі принциптері.

Ғылым мен практика әдіснамасының даму перспективасы мен тенденцияларын, практикаға байланысты әдіснаманың бүгіні мен болашағын философиялық пайымдауды ғалымдар табысты жүзеге асырып отыр.

Бірқатар ғалымдардың педагогика әдіснамасын пайдалану саласында ғылыми-пеадгогикалық білімдер жүйесін енгізуді белгілейді. (педагогика пәні, педагогика міндеттері мен қызметі, адам туралы ғылым жүйесінде педагогиканың орны, педагогика пәнінің жалпы және арнайы міндеттері, педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы, пеадгогиканың түсініктеме-терминологиялық жүйесі;)

- педагогикалық жағдаяттардың ғылыми-таным үрдісі (зерттеу әдістерін таңдау проблемасы; зерттеу әдістерінің өзара байланысы мен ерекшеліктері; зерттеудің эмпириялық және теориялық деңгейі, болжаудың әдіснамалық мәселелері;)

- педагогикалық білімдерді практикада тарату (тәрбие үрдісінің заңы мен заңдылықтарын зерттеу мәні, мақсат пен міндет, тәрбие мазмұнын анықтау, тұлға қалыптастыру факторларын салыстыру және зерттеу; тәрбие үрдісінде жүзеге асыру);

Көптеген анықтамаларды ұғымдық талдау кезінде педагогика әдіснамасы: 1) педагогикалық таным туралы үрдіс;

2) педагогикалық білім (нәтиже); 3) педагогикалық нақтылықты жаңарту үшін тәсілдерді қолдану туралы білім.

Осыдан бізге маңызды анықтама шығады: пеадгогика әдіснамасы – бұл педагогика теориясы құрылымы мен негіздемесі туралы білімдер жүйесі.

Педагогика әдіснамасы қоғам дамуының тенденцияларын талдау және жалпы ғылым әдіснамасынан теориялық анализ және синтез әдістерін пайдаланады, сонымен қатар басқару теориясы мен кибернетиканы, социология, психология, педагогиканы зерттеу нәтижелерін қамтудан келіп шығады. (М.А. Данилов).

Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық білімінің негізгі белгілері мыналар болып табылады:

- нәтижесі теориялық- әдіснамалық білімді құрайтын таным және қайта құру үдерістері арасындағы ерекше қайшылықты шешуге қатыстылығы. Әлеуметтік-педагогикалық практика нақтылы мәселелерді танып-білу пәні мен әдіс арасындағы қайшылықтарды анықтайды. Аталмыш белгі әлеуметтік педагогиканың «әдіснамалық негіздерінің теориясын» қалыптастыру қажеттігіне негізделеді;

- екі үдерістің – танымдық және қайта құру, теориялық және практикалық қызметтің бірлігі және таным мен практиканың өзара байланыстылығы.

____________________________________________________________________________________________________________________

1 В.В.Краевский, Е.В.Бережнова. Методология педагогики новый этап:учеб.пособие для вузов. М.: «Академия» баспа орт., 2006. 18-б.

 

Әлеуметтік педагогика ғылыми-зерттеу (танымдық) және ғылыми-қайта құру (практикалық) қызметінің өзіндік теориясына ие. Бұл белгі әлеуметтік педагогиканы ғылыми пән (танымдық құрауыш), практикалық қызмет саласы (қайта құрушы құрауыш) және білім беру кешені (білімдік құрауыш) ретінде қарауға мүмкіндік береді.

Әдіснамалық білім - жалпы, ерекше және жекелеген әдістемелердің бірлігі әдіснамалық қағидасынан туындайтын жалпы (философиялық жалпығылыми әдіснама); ерекше (педагогика әдіснама) және жекелеген (әлеуметтік педагогика әдіснамасы) әдіснамалық білім болып сипатталады.

Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері әлеуметтік педагогика пайдаланатын басқа ғылымдардың білімдерін – жалпы және әлеуметтік психология, антропология, әлеуметтік құқық, әлеуметтік басқару, әлеуметтік ақпарат, әлеуметтік жұмыстар, валеология, экология және медицинаны қамтиды. Олардың және басқа ғылымдардың ережелері әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық құрылымына тікелей енеді және көбінесе әлеуметтік педагогиканың негіздерін анықтайды.

Әлеуметтік педагогика негіздерінің мағынасы:

- кең мағынасында - объектілік-пәндік саланың ерекшелігіне сәйкес әлеуметтік-педагогикалық практиканың танып-білу және қайта құру әдістемесін, әдіснамалық бағдары мен негізгі бағыттарын, мазмұнын, ұйымдастырылуын анықтайтын қоғам мен адам туралы ғылымның негізгі ережелері;

- тар мағынасында - әлеуметтік педагогиканың оның танымдық және қайта құру қызметін (оның бөлімдерінде, пәндерінде, бағыттарында, ағымдарында т.б. шоғырланған теорияларды анықтайтын бастапқы ережелерін) анықтайтын және әлеуметтік педагогиканың нақтылы әлеуметтік-мәдени орталарда және т.б. әрбір нақтылы объектіге (үдеріске немесе құбылысқа) қолданылатын зерттеулерінің теориялық негіздерінің функцияларын орындайтын әлеуметтік педагогиканың іргелі ережелері.

Әлеуметтік педагогика әдіснамасының ішкі құрылымы оның мазмұнын көрсетеді және мыналарды қамтиды:

- ғылыми-зерттеу қызметі теориясы («ішінде сыртында» танымдық әдісі). Әлеуметтік-педагогикалық практиканың таным туралы білімі (әлеуметтік педагогика әдіснамасы) әлеуметтік педагогтың ғылыми-зерттеу қызметін және ғылыми танымдық үдерістің қағидалары мен мазмұнын, ұйымдастырылуын, логикалық құрылымын және үдерістерін зерттеу мен қалыптастыруды көздейді. Ол ғылыми зерттеуге сипаттама: проблема, тақырып, өзектілік, зерттеу объектісі, оның нысанасы, мақсаты, міндеті, жорамал, яғни ғылым және практика үшін маңызды әдістемелік тізбе түрінде баяндалуы мүмкін;

- пәндік ғылымтану теориясы («өзіне» танымдық әдісі).

«Әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану» деп аталатын әлеуметтік педагогика әдіснамасының зерттеумен айналысатын бөлігі - әлеуметтік-педагогикалық ғылым туралы білім. Әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану ғылыми қызмет үдерістерінің тиімділігін көтеру мақсатындағы тұтас жүйе ретінде ғылымның қолданылу тәжірибесін кешенді түрде зерттеу және теориялық қорыту болып табылады.1 Ол ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың логикалық құрылымына, оның дамуы мен негізгі функцияларын дамытуға және іске асыруға тереңдетілген талдау жасау үшін қажет:

 

______________________________________________________

1 В.И.Загвязинский. Методология и методика социально-педагогического исследования: книга для социальных педагогов и социальных работников. М., 1995. 282- б.

 

 

- әлеуметті-педагогикалық қызметтің ғылыми-қайта құру теориясы (әлеуметтік-педагогикалық қызмет әдістері). Әлеуметтік-педагогикалық практиканы қайта құру туралы білім, оған ғылыми білімдерді ендіру, практикалық қызметтегі инноватиканы, озық тәжірибені пайдалану жолымен өзінше ұйғарылған теория.

Әлеуметтік педагогика әдіснамасының негізін мынадай құрауыштар құрайды:

- әлеуметтік педагогиканың өзінің әдіснамасы - ғылымтану ұстанымы тұрғысында әлеуметтік педагогиканың мәнін тану деңгейі: гносеологиялық (әлеуметтік педагогикалық құбылыстарды тану); логикалық-гносеологиялық (таным логикасын танып-білу және технологиялық әлеуметтік-педагогикалық шындықты қалай танып-білу);

- әлеуметтік педагогиканы танып-білу және қайта құру әдіснамасы – субъекті (әлеуметтік-педагогикалық тапсырысты анықтаушы мемлекеттің және әлеуметтік-педагогикалық қызметті және оны бағалауды атқаратын маманның) ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік педагогикалық болмыстың сапасын танып-білу және бағалау деңгейлері: аксиологиялық (әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды бағалау), дүниетанымдық (әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білуге, қайта құруға және бағалауға қажетті) және әдістемелік (әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білу, қайта құру және бағалау технологияларын іске асыру тәсілдері) (3.1-сурет).

 

 


3. 1 -сурет. Әлеуметтік педагогика әдіснамасының негіздері

 

 

 




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 157 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | <== 5 ==> |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.021 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав