Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зіндік білім көтеруді ұйымдастыру

Читайте также:
  1. АҚШ пен Еуропаның инклюзивті білім беру саясаты
  2. АзҰУ – білім мен ғылымның ордасы» деген тақырыпта әңгімелеңіз.
  3. Ай ойшыл ақиқатты шындық білімге сәйкес деп түсінді?
  4. Аржы жүйесі оны ұйымдастырудың қағидалары
  5. Арнайы білім беру мазмұны
  6. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары
  7. Арнайы мектептегі сабақты ұйымдастыру ерекшіліктері
  8. Бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау
  9. Білім беру мазмұны түсінігі, мәні
  10. Білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттар

- тақырыпты таңдау;
- жеке өзіндік білімін көтеру жоспарын жасау;
- бақылау (әкімшілік, әб жетекшісі);
- анализ жасап отыру;
- тәжірибесін тарату,есеп беру,
- марапаттау Ұсыныстар:
- дарынды балармен жұмысын жүйелеу;
- ӘБ жетекшілері анализ жасап отыру;
- ОПТ тарату Жоспардың жасалуы:
-тақырыбы; (тақырыппен 5 жылдай жұмыс істейді)
- мақсаты;
- міндеттері
- күтілетін нәтиже;
- жұмыстың кезеңдері

38. мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы

1.Шығармашыл мұғалім – зиялы тұлға. Оның сыртқы келбеті ұқыптылық пен жарасымдылықпен сипатталады, педагогикалық әдебі жоғары, басқаны түсіне біледі. Прогрессивті алдыңғы қатарлы ойларды уағыздаушы, сыни ойлау деңгейі жоғары, өзгенің ойын, өзгенің пікірін, құрметтей біледі, ұстамды. Өз білімін тұрақты көтеріп отырумен жүйелі айналысады, өз жұмысына рефлексия жасауға қабілетті. Эрудициясы, жалпы мәдениеті жоғары, эстетикалық талғам және көркемдік мәдениеті жинақталған. Ол саясаттағы, ғылымдағы, өнердегі барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып отырады. Зиялы тұлға ретінде өз бойына адамзат мәдениетіндегі ең жақсы үлгілерді жинақтайды.

2.Шығармашыл мұғалім – рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы алдымен балаға деген махабатында, жоғары адамгершілігінде және арлылығы мен ұяттылығында байқалады. Өмірдің мәнін және мақсатын түсінуге, өзінің кісіби орынын анықтауға ұмтылыста оның руханилығы көрінеді. Ол әлемдегі және адами қарым –қатынастағы сұлулықты өте жоғары сезінгендіктен онда эмпатия және талдай алушылық жоғары дамыған. Өсіп келе жатқан баланың ішкі жан – дүниесінің байлылығын түсінуге үнемі тырысатындығы оның өзінде планетарлық ойлауды дамытуына негіз юолады.

3.Шығармашыл мұғалім - жаңашыл тұлға. Ол бірсарындылық пен біртүрлілікті қабылдамайды, сондықтан жаңалыққа жаны құмар. Шығармашылыққа деген мотивтері жоғары болғандықтан ойлап табу, тудыру, жасап көру -–оның күнделікті кәсіби жағдайы.

4.Шығармашыл мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірдегі, кәсіби әрекеттегі мәдени әлемдегі өз орнын анықтай алу қабілетінде жатыр. Оның ойлау, пайымдау және әрекеттену еркіндігі жеке кәсіби жауапкершілікті сезінумен сәтті байланысады. Рухани және материалдық құндылықтар әлемінде еркін бағдарлай алады, педагогикалық, пендешілік догмалардан еркін. Ол өз ісіне өте жауапты, кейде тіпті тәуекелді талап ететін шешімдерді өз мойынына алады. Өзінің өмірлік позициясы, ұстанымы бар.

5. Шығармашыл мұғалім – ізгілікті тұлға. Оның ізгіліктілігі қайрымдылылығы, барлық тіршілік иелеріне, ең алдымен бабаларға деген сүйіспеншілігінен байқалады. Ол кезкелген уақытта өз оқушыларына, жалпы балалрға көмекке келуге әзір. Өзгеше ойлайтын адамдарды құрметтейді, өз көзқарасына сәйкес келмесе де ол адамдардың қалыптан тыс ойларын түсінуге деген төзімділігі шексіз. Әртүрлі ұлт, дін, мәдениет өкілдеріне бірдей сыйластықпен қарайды. Оның тек оқушылармен ғана емес,ата – аналармен, әріптестерімен ынтымақтаса алу қабілеті зор.

6.Шығармашыл мұғалім – азаматтық белсенді тұлға. Ол айналасында (ауылында, қаласында, елінде) айналасында болып жағдайларға бей жай қарамайды, ол жағдайларға үнемі өзінің қатысын білдіріп отырады.Қоғамдық өмірдегі өзінің азаматтық ролін дұрыс түсінетін, саяси сауаттылығы жоғары маман. Оқушыларын да өмірдегі өзгерістерге сын көзбен қарап, объективті бағасын беруге кемшіліктерге төзімсіз болып, түзету үшін үлестерін қосуға тәрбиелейді.

7.Шығармашыл мұғалім – бәсекеге төтеп беретін тұлға. Жаңа заманға сәйкес педагогикалық қызмет көрсету аясы кеңейген уақытта шығармашыл мұғалім өзініңғ шеберлігін үнемі арттырып отырады,өзінің жетістіктері мен кемшіліктері жайлы өзіндік бағасы бар. Әлсіз тұстарын жетілдіру үшінозық тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық жаңалықтар кешенінен қалмауды басты назарда ұстайды.Жаңа технологияларды меңгеру, қолдану арқылы өз ісінің нәтижелі болуына талпынады.

39. Мұғалім портфолиосының құрылымы Портфолионың негізгі мақсаты: мұғалімнің кәсіби өсу мониторингін қамтамасыз етумен бірге, мұғалім еңбегін саралай келе оның нәтижесін айқындау. Мұғалім портфолиосы: оқыту, тәрбие, шығармашылық, өздігінен білім алу саласындағы жұмыстарының нәтижесін шығарады. Портфолио - анықтамалар жинағы: - оқу жылы аяғында мұғалімнің кәсіби санатын көтеру, не бекіту кезінде және ақшалай заттай сыйлық беріп мадақтауға; - мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен педагогикалық ісіндегі нақты өсуді анықтау үшін; - мұғалімнің портфолиосы арнайы папкада сақталады; - портфолиоға ендірген әрбір материалдың мерзімі қойылу керек Портфолиода мынадай бөлімдер болу керек: 1-бөлім «Мұғалім туралы жалпы мәлімет» - Аты – жөні, туған жылы (мұғалімнің); - білімі, мамандығы, ЖОО қашан бітірді; - жалпы еңбек және педагогикалық өтілі; - аталынған білім мекемесіндегі педагогикалық өтілі; - біліктілікті арттыруы (қашан, қайда, жылы, айы, тақырыбы); - курстан өткендігі туралы құжат көшірмесі. Ғылыми атағы, мамандығын анықтайтын құжат; - мемлекеттік, облыстық мадақтаулары, грамоталары, алғыс хаттары; - мектептегі негізгі мадақтаулары; - түрлі конкурс, сайыс дипломдары; - басқа да қажетті құжаттары; 2-бөлім «Педагогикалық іс-әрекеттер нәтижесі» - әр жыл бойынша оқыу- тәрбие ісіндегі жетістіктері. ҰБТ - білім беру бағдарламасының нәтижесін игергендігін сипаттайтын және құзыретті (компетентті) пән мұғалім болып қалыптасуы туралы материал. - оқушының аудандық, қалалық, облыстық олимпаида, конкурстарда жеңімпаз болғаны туралы мұғалімнің салыстырмалы талдау жұмыстар - оқушылардың қорытынды және аралық бақылау жұмыстарының нәтижесі - медалистер (алтын, күміс белгі) туралы құжат - пән бойынша оқушылардың ЖОО түсуі туралы мәлімет. Мұғалімнің бұл бөлімдегі еңбегі оның белгілі мерзімдегі педагогикалық іс-әрекетінің динамикасын көрсетеді. 3-бөлім «Ғылыми-әдістемелік жұмыстары» (Білім беру технологиясын оқу және тәрбие ісінде қолдануы, конференция, семинар, конкурстарға қатысуы) Бұл бөлімде мұғалімнің кәсіби әдістемелік шеберлігі туралы материалдар жинақталады: - білім беру бағдарламалары және таңдап алынған оқу - әдістемелік әдебиеттер жиынтығы; - таңдап алынған оқыту технологиясының сипаттамасы; - технологияның сипаттамасы; - білім беру нәтижесін бағалаған оқыту құралдары диагностикасы; - білім беру үрдісіндегі ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану әдісін сипаттау және дамуы бойынша проблемасы бар балаларды оқыту технологиясы; - әдістемелік бірлестіктер (мектеп, аудан) жұмысы туралы анықтама; - кәсіби және педагогикалық шығармашылық конкурстарға қатысқаны туралы ақпарат; - 4-бөлім «Тәжірибені қорыту» - әдістемелік және пәндік апталықтарға қатысу; - семинар, дөңгелек үстел, шебер-сынып өткізуге қатысу; - ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу; - ғылыми-әдістемелік материалдар және авторлық бағдарлама жасау; - мақала жазу; - баяндама, реферат шығарғанына есеп беру; - диссертциялық материалдар (егер болып жатса). 5 – бөлім «Сабақтан тыс пәндік жұмыстар» Бөлімде мынадай құжаттар болу керек: - оқушылардың шығармашылық жұмыстары, рефераттар, оқу-зерттеу жұмыстары, жоба жасау бойынша тізімі; - олимпиада, конкурс жеңімпаздары туралы мәлімет; - сыныптан тыс, фото, видео материалдар өткізу, сценариі туралы мәлімет; - пән бойынша сабақтан тыс іс-әрекеттерді сипаттайтын құжаттар. 6-бөлім «Сынып жетекшісі жұмысы» Бөлімде мынадай құжаттар болу керек: - сыныптағы оқушылардың үлгерімі және білім сапасын талдау; - сынып оқушылардың мектеп іс-шараларына, әлеуметтік жобаларға, шығармашылық бірлестіктерге, аудандық, қалалық акцияларға қатысуы туралы анықтама; - сыныптағы оқушылар контингентін сақтау туралы мәлімет; - білім беру үрдісіне ақпараттық құралдар мен компьютерлерді пайдалану; - дидактикалық материалдар, есептер жинағы, жаттығулар, шығарма, рефераттарды пайдалану және ҰБТ-ке даярлау; - оқу-материалы базасын пайдалануды сипаттайтын басқа да құжаттарМұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері: • жүйелілік; • мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы; • ақпараттың объективтілігі; • көрнекілік. Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту; Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді. Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері: • жүйелілік; • мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы; • ақпараттың объективтілігі; • көрнекілік. Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту; Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді. Портфолио • Мұғалімнің біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуына; • Педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады. Мұғалім портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады. Портфолиоға салынған әр материалда күннің жады, яғни (уақыт) көрсетіліп отыруы тиіс. Портфолио құрамы әдістемелік бірлестік жетекшісінің немесе мұғалімнің өзінің алдына қойған міндеттері негізінде жасалады. Портфолионы электронды түрде де жасауға болады. Электронды түрі құжаттардың сканерлеген қосымша электронды кестелер, педагог пен оқушы жұмысының электронды файлдары (жобалар, сабақ түрлері және т.б.) түрде жасалынады. Портфолио педагогтың сол білім мекемесінде жұмыс атқарған уақытындағы директордың орынбасарларының қатысуымен және өз күшімен жасақталады. Мұғалім өз портфолиосын ұжым алдында таныстыруына болады, бұл бір жағынан кәсіптік қызметінің қорытындысымен бөлісу болса, әрі жас мамандар үшін үлгі бола алады. Портфолионы педагогтың жеке құжаттарының көрінісі ретінде де қабылдауға болады. Педагог басқа білім мекемесіне жұмыс ауыстырған жағдайда жинақтаған портфолиосы қосымша материал немесе нұсқаулық (нұсқау хат) ретінде қолданыла береді. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің функциональды міндеттеріне: • педагогтарды портфолиомен жұмыс жасау технологияларымен (материал таңдау, оларды жүйелеу, жеке жетістіктерін көпшілік алдында айтуға дайындау) оқытуға; • педагогқа жан-жақты көмек көрсетуге; (дайындаған материалдарын және жұмысының жетістіктерін талдау, марапаттау); • мұғалім портфолиосындағы материалдардың мазмұндылығы туралы ұжымды ақпараттандыруға (мұғалімнің кәсіби дамуының деңгейі туралы); Портфолио әдісін енгізу әр мұғалімнің жеке траекториялы кәсіби дамуының мониторингін танытуға, қызметінің нәтижесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және педагог еңбегінің көтерілуіне көмек береді. Педагогты аттестаттау портфолиосын құру бойынша жаднама «ҚҰЖАТТАР» ПОРТФОЛИОСЫ Құрылымы: 1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет. 2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістігінің нәтижесі. 1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет. Сыртқы беті: - фото (5х6), - тегі, аты, әкесінің аты, - диплом бойынша мамандығы; - жұмыс орны, атқаратын қызметі; - білім беру ұйымындағы еңбек өтілі, - үкімет наградалары, грамоталар мен алғыс хаттары, кәсіби жетістіктері туралы халықаралық, республикалық және қалалық дәрежедегі дипломдары; - аттестаттау парағы (Ереженің 8 - қосымшасына сәйкес формасы бойынша); - жеке куәлігінің және құжаттарының көшірмесі; - білімі туралы диплом көшірмесі; - ғылыми атағы туралы дипломының көшірмесі; - еңбек кітапшасының көшірмесі; - бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәлігінің көшірмесі; - мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттарының көшірмесі; - қосымша пән бойынша курстан өткен құжаттарының көшірмесі; - алған (берілген) біліктілік санаты және оны растауға берілген педагог қызметкердің өтініші (Ереженің 1-қосымшасына сәйкес түрі бойынша). Ескерту: барлық құжаттардың көшірмесі білім мекемесі басшысының қолы, мөрімен расталады. 2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижесі және оқушыларының білім жетістіктері Педагогтың кәсіби өсуі мен кәсіби қызметінің қорытындысы бойынша бекітілген, сертификатталған құжаттары (соңғы 5 жыл ішінде): - үкімет наградалары куәлігінің көшірмесі; - дипломдар мен грамоталардың көшірмесі; - алғыс хаттарының көшірмесі; - сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі; Оқушылардың білім алудағы жетістіктері арқылы (соңғы 5 жыл ішінде) педагогтың кәсіби қызметін бекітетін нәтижесі, сертификатталған құжаттары: - дипломдар мен грамоталардың көшірмесі; - алғыс хаттарының көшірмесі; - cертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі; «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» ПОРТФОЛИОСЫ Құрылымы: 1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары. 2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі. 3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау. «Педагогтың шығармашылық» портфолиосының мазмұны 1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары. - Педагогтың кәсіби өсуінің жеке жоспары 3-5 жылға арналған; - Педагогтың озық іс-тәжірибе материалдарының бір формасын ұсыну: - педагогикалық іс-тәжірибесін сипаттау; ұсыну формасы: эссе, шығармашылық есеп; - өз тақырыбы бойынша мұғалімнің оқу-әдістемелік құралы (авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдар жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.); - жаңа мазмұнға сай педагогикалық технологияларды пайдаланылған сабақ үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (5-тен көп емес); - пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (3-тен көп емес); 2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі. - Педагогикалық оқуларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, шығармашылық конкурстарға қатысқандығын дәлелдейтін материалдары, баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезистері және бағдарламалары және тағы басқалар; әдістемелік кеңестің, - әдістемелік бірлестіктің, шығармашылық топтың отырыстарындағы баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезисі; - бұқаралық ақпарат құралдарында, ағымдағы баспасөздерде жарияланған ғылыми-әдістемелік материалдары; - тәжірибелік қызметтерге қатысқандығы туралы бұйрықтың көшірмесі; - оқу-әдістемелік кешендердің, оқу бағдарламасының сараптама жұмыстарына қатысқандығы туралы қолда бар анықтамалар; 3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау. - Педагогикалық қызметін және оның нәтижелерінің түрлерін, қолданған педагогикалық технологияларын, бағалау құралдарын талдау; Кері байланыс жұмысының материалдары: - сабақтан тыс шаралар және ашық сабақтар (5-тен кем емес) - оқушылардың сұрақ-жауап, сауалнамалары, - ата-аналардың сұрақ-жауап, сауалнамалары; - педагогикалық қызмет өнімдеріне сараптамалық пікірлер; - білім беру ұйымы әкімшілігі растаған оқушылардың соңғы үш жыл ішіндегі оқу жетістіктерінің талдауы: - сынып журналы негізінде жасалынған пәнінің орташа талдау көрсеткіші; - соңғы 5 жыл көлемінде пән бойынша жоғары оқу орнына (ЖОО) түскен оқушылардың пайызы, грант бойынша да; оқытатын пәні бойынша сабақтан тыс қызметіндегі нәтижелерінің мониторингі. (5жыл көлемінде) - Халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық, олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, конференциялардың, фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің пайыздық көрсеткіші. Портфолио бөлімдері 1. Басылымдар (таблица түрінде) №,Мақала атауы, Басылым атауы, күні, № жылы 2. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі (таблица түрінде) № Жұмыс атауы Оқу-әдістемелік құралдарының түрлері (авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдардың жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.Сынақ нәтижесі Күні 3. Педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, тарату (шебер - сыныптар, семинарлар, байқаулар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер)(таблица түрінде) № Шаралар Қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде Дәлелдейтін құжаттар Күні 4. Өткізілген ашық сабақтардың қорытындысы (5-тен көп емес) (таблица түрінде) № Пән Тақырып Сынып / топ Сабақ бойынша ұсыныс, пікірлер Сабаққа қатысушының аты-жөні, қызметі Күні 5. Сабақтан тыс қызметтің қорытындысы (3-тен көп емес) (таблица түрінде) № Қызмет мазмұны Дәлелдейтін құжаттар Сынып / топ Сараптама қорытындысы Күні 6. Сыныптан тыс қызметінің пән бойынша қорытындысы (марапаттары, грамоталары, дипломдары, куәліктері) (таблица түрінде) № Пән Шаралар Нәтиже Дәлелдейтін құжаттар Күні 7. Оқушылардың оқу жетістігінің динамикасы (соңғы 3 жыл) (таблица түрінде) № Пән Сынып / топ Сараптау түрі Нәтиже (білім сапасы) Күні 8. Кері байланыс нәтижелері (сауалнамалар, пікірлер) (таблица түрінде) № Бағалауға қатысушылар Бағалау пәні Сараптау түрі Сараптау жұмысының нәтижесі Күні Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері. Мұғалім портфолиосының артықшылықтары: - Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы; - Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі; - Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы; - Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі. - Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты. - Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы. - Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің жоғарылығы.

41, 12 жылдық білім беру жүйесінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар

12 жылдық білім беруге көшу сатысында жалпы білім беру мектептерінде даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту жолында мұғалімнің кәсіби, құзырлық, шығармашылық деңгейін көтеруге көмек көрсету, тәжірибемен бөлісу.
XXI ғасыр мектебі жедел өзгеріп жатқан заманға бейімделуге мүмкіндік беретін түбегейлі өзгерістер енгізуді, өз кәсіби шығармашылығымызды шыңдауды талап етеді. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастырады.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бүкіл білім беру жүйесін жаңалауды, оны оқушылардың жас, жеке дара психологиялық және шығармашылық қабілеттеріне лайықтауды қажет етеді. Баланың бойында оның өміріне қажетті іс - әрекет тәсілдері мен технологияларын қалыптастыруға негізделген оқытуды ұйымдастырудың амал - тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау – қазіргі таңда кезек күттірмейтін көкейкесті мәселелердің бірі.
12 жылдық білім берудің мақсаты:• Өз ойын еркін айта алатын;• Өзін көрсете білетін; Өзін - өзі дамыта алатын;• Жоғары білімді;• Ұлттық тілді;• Тарихты жетік меңгерген;• Бәсекеге қабілетті;• Отандық, әлемдік мәдениеті бойында қалыптасқан;• Шығармашылығы дамыған ТҰЛҒАны қалыптастыру.Бұл мақсаттардан келесі міндеттер туындайды:- Тәрбиелеу және дамыту іс - әрекетін ұйымдастыру;- Құзіреттіліктерді қалыптастыру және дамыту;- Оқушының ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат - мүдделері мен қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.Оқу – бұл, ең алдымен, бұл үрдіске қатысатын адамдар арасындағы қарым - қатынас. Мұғалім – оқушы мен оқу материалы арасындағы дәнекер. Ендеше, мектептің дайындығы, көбіне, мұғалімнің әр оқушының ерекшелігін байқап, түсініп, ескере алу қабілетіне және өз шәкіртіне көмектесе алу біліктілігіне байланысты.
Мұғалім дайындығының екі аспектісін атайтын болсақ, олар:
1. Баланың даму ерекшелігін білу, оқушылардың қиындықтарын ғана байқап қоймай, олардың мықты жақтарын анықтауға көмектеседі.
2. Оқыту методикасы жағынан жақсы дайындалған болу, жағдайды дұрыс бағалап, оны шешудің тиімді әдістерін табуға көмектеседі.
Демек, мұғалім
а) жаңа оқу материалымен таныстыруда әр түрлі әдістерді қолдана білуі керек;
ә) оқытуда, әр оқушының өз өмірлік тәжірибесі мен даму деңгейіне сәйкес, білімді меңгеруіне мүмкіндік беретін тапсырмаларды қолдануы керек;б) оқушыларға өз жетістіктерін көругежағдай туғызуы керек.
Бұл мақсат - міндеттерді іске асыру үшін білім беру жүйесі оқытудың жаңа технологияларын: жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқытуды, зерттеу, жобалау әдістерін т. б. қолдана отырып, оқытуды ұйымдастыруы қажет.Мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан - жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой - өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында қаланады. Онда жан - жақты дамып, өз ой - пікірін еркін жеткізе алатын болады. Бұл мәселені шешудің тиімді жолдарының бірі – білім беруде оқушының жеке және кәсіби дамуын қамтамасыз ететін тұлғаға бағытталған тәсілді қолдану.Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың тұжырымдамасы баланы жан - жақты дамытумен бірге, жеке және жас ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады.Жеке тұлғаға бағытталған оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып, жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет – баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану. Бала оқу үрдісінің субъектісі бола отырып, қабілеті мен қажеттілігіне байланысты қарқынмен дамуға мүмкіндік алады. Мұғалім оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес, балаға серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқарады. Нәтижесінде жеке тұлғаның өзіндік пікірі, қоршаған ортасына құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып, таным қабілеті ашылады.Білім беру мен тәрбиедегі тағы бір бағдар – бұл «қалай дамыту керек?» деген сұраққа жауап беретін іс - әрекеттік бағдар. Мұның мәні қабілеттер іс - әрекетте байқалып, дамиды дегенді айқындайды. Екі жағдайда да адамның қарқынды дамуы оның қабілеті мен бейімділігіне сәйкес іс - әрекет барысында жүзеге асады. Іскерлік бағдардың маңызды оқыту әдістерінің бірі - зерттеулік әдіс. Осы бағытта білім алып отырған әрбір жас жеткіншек қоршаған ортаны әр қырынан зерттей отырып, өз бетінше білім жинақтап, оны тәжірибе жүзінде өмірде қолдана білуі тиіс.Зерттеулік білік пен дағдылар адамға тек ғылыми жұмыспен айналысқанда ғана емес, сонымен бірге оның басқа да қызмет аясында қажет. Шығармашыл - зерттеушілік ізденіс кез - келген кәсіптің ажырамас бөлігі болып табылуда. Баланы зерттеушілік іс - әрекетке дайындау, зерттеулік ізденістің біліктері мен дағдыларына үйрету қазіргі кезде білім берудің маңызды міндеті болып отыр.Соңғы жылдары өз тәжірибемде тиімді қолданып жүрген тәсілдер қатарына шебер - сыныпты жатқызар едім. Бұл екеуі бір - бірімен тығыз байланысты, бірі екіншісін толықтырады, сондықтан бұларды бірге қолданған да тиімді. Бұл мұғалімге өз оқушыларының ерекшеліктерін байқап, ескере отырып білім беруіне мүмкіндік туғызады.Жалпы мақсаты 12 жылдық мектепте әдіскердің жұмыс жасау жолдарымен таныстыру. Құзіреттілік тапсырмаларды көрсету. Құзыреттілік тапсырмалар жасау, 12 жылдық білім беруге көшу сатысында жалпы білім беру мектептерінде даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту жолында мұғалімнің кәсіби, құзырлық, шығармашылық деңгейін көтеруге көмек көрсету, тәжірибемен бөлісу..

40. Педагогикалық үдерісте мұғалімнің іс-әрекетін бағалау әдістері

Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы.Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады. Бақылау әдісі[Белгіленген ережелерді сақтауға, сондай-ақ қойылған талаптар мен міндеттерді орындауға үйрету мақсатымен оқушылардың іс-әрекеті мен мінез құлығына байқау жүргізу.

Бақылау құралдары: оқушылардың мінез құлқы мен жұмысын күнделікті қадағалау;тапсырманы немесе қоғамдық жұмысты орындағаны жөнінде жеке әңгіме, жүргізу;оқушылардың жолдастары алдын да өз жұмысы мен тәртібі жөнінде есеп жасаулары. Байқап көру мен қателер әдісі[- Үйретудің бір типі. Оны өткізгенде бір білімді үйретуге қажет дағдыға соған байланысты әрекетті бірнеше рет қайталау мен жіберілген қателерді түзеу арқылы қол жеткізіледі. Жобалар әдісі[ Оқушылардың білімдері мен дағдыларын үнемі күрделендіріліп отырылатын практикалық тапсырмаларды, яғни жобаларды жоспарлауы мен орындауы процесінде қалыптастыратын оқыту жүйесі. XIX ғ. екінші жартысында АҚШ-та пайда болған. 1920-жылдары кеңестік мектептерде кең қолданылған. Рейтинг әдісі[ Қандай да бір тұлғаның қызметінің не бір оқиғаның бағасын анықтау. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесінде бақылау мен бағалау әдісі ретінде қолданылады. Басқару әдісі Басқару субьектісінің баскау обьектісіне мақсатты түрде әсер етуінің тәсілдері мен құралдары жиынтығы. Білім берудегі әдістеме Білім берудің жекелеген процестеріндегі педагогика қызметтің нақты тәсілдерін, жолдарын, техникаларын сипаттау




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 61 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | <== 2 ==> | 3 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав