Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стенокардия, анықтамасы, этиологиясы, клиникалық белгілері, жедел жәрдем көрсету.

Читайте также:
  1. C)& бухгалтерлік, статистикалық, салықтық және жедел
  2. Бүйрекке тас байлану ауруы, этиологиясы, өршітетін факторлар, клиникалық белгілері. Бүйрек шаншу ұстамасында жедел жәрдем көрсету.
  3. Бронх астма, этиологиясы, клиникалық белгілері. Бронх ұстамасы, жедел жәрдем көрсету.
  4. Жәндіктер шаққан кезде жедел тыныс жетіспеушілігіне тән емес белгі?
  5. Жамбас сүйектерінің сынығы кезінде жедел медициналық көмекті қалай жүргізеді?
  6. Жедел қан тамыр жеткіліксіздігі, себептері, клиникасы, синкопе және коллапстың клиникасы, жедел жәрдем көрсету.
  7. Жедел жәрдем
  8. Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздігі, этиологиясы, клиникалық белгілері. Өкпенің ісінуінде жедел жәрдем көрсету.
  9. Кетоацидоздық кома, этиологиясы, клиникалық белгілері, жедел жәрдем көрсету.
  10. Миокард инфаркті, анықтамасы, этиологиясы, клиникалық белгілері, жедел жәрдем көрсету.

Стенокардия – ЖИА түрі, миокардтың өтпелі ишемиясынан дамитың синдром.

ЖИА Қауіп қатер факторлары:

1.Модифицирілінбейтін немесе әсер ете алмайтын:

· Наукастың жасы

· Науқастың жынысы

· Тұқым қуалаушылық бейімділігі

ЖИА ер адамдарда 50-55жаста жиі кездеседі, әйел адамдарда менопаузадан кейін

2.Модифициеленетің немесе әсер ете алатың

· Семіздік

· Зиянды әдеттер

· Артериалды гипертензия 140/90мм.с.б.жоғары

· Қант диабеті

· Гиподинамия

· Гиперхолестеренемия

Этиологиясы:

95 % жағдайда коронарлық тамырлардың атеросклерозы (органикалық себебі)

4 % жағдайда коронарлы вазоконстрикция (тамырлардың спазмы) (функционалды себебі)

1 % микроэмболиялар

 

Патогенетикалық факторлар:

Бірнеше механизмі бар:

Ø Атеросклеротикалық бляшканың қабынуы

Ø Атеросклеротикалық бляшканың эрозиялануы және жарылуы

Ø Коронарлы тамырлардың микроэмболиясы және тромбозы

Ø Коронарлы вазоконстрикция

 

Стенокардияның 2 түрі бар:

Тұрақты және тұрақсыз.

Тұрақты – күш түскенде болатын, тұрақсыз кез келген кезде пайда болатын.

 

Тұрақты (күш түскенде пайда болатың) стенокардияның кластары:

Функционалды кластары –

1. шамадан тыс күш түскенде пайда болатың ауырсыну сезімі

2.тегіс жерде 500м артық жүргенде, 1 қабаттан жоғары көтерілгенде пайда болатың ауырсыну сезімі

3.тегіс жерде 500 метрден аз жүргенде, 1 қабатқа көтерілгенде пайда болатың ауырысну сезімі

4.өрістеуші – тыныштықта 100 метрден аз жүргенде, шамалы күш түскенде пайда болатың стенокардия

Стенокардияда ауырсыну сезімінің ерекшелігі:

Тұрақты стенокардия кезінде басып, қысып физикалық күш түскенде, төс артында орналасады, сол қолға, иыққа, төменгі жақ астына, мойынның сол жақ бөлігіне иррадиация береді, ұзақтығы 3 – 5 минут, 30 минутқа дейін.

Ауырсыну сезімі стереотиптік: тек ауырлықтың бір күші тудырады.

Вегетативті өзгерістер пайда болады: жиі бекей тыныс, терінің бозаруы, тершендік, ауыз кебу. Тамыр соққысы жиі немесе сирек, АҚ жоғарлайды.

Тұрақсыз стенокардияның клиникалық варианттары:

1.тыныштықта және алғашқы рет пайда болған стенокардия

2.Өрістеуші стенокардия

3.Инфаркттан кейін ерте пайда болған стенокардия (10-14күн ішінде)

4.Принцметал стенокардиясы (вазоспастикалық)

5.Ангиопластикадан кейін 2-6 ай ішінде пайда болған cтенокардия

6.Аорто - коронарлы шунттаудан кейін пайда болған стенокардия

 

Тұрақсыз стенокардия кезінде көрсетілетін көмек көлемі миокард инфаркті кезіндегі көмекпен бірдей.

Мақсаты: миокард инфаркттың алдын алуы.

Стенокардияны туғызатың факторлар: физикалық жүктемелер (жүру, баспалдақпен көтерілу, тауға шығу, ауыр көтеру), психо- эмоционалдық күйзелістер, суықтың әсері (жалпы немесе жергілікті), тойып тамақтану, іш қуысының ауруларының өршу кезеңдері

ЭКГ – стенокардия ұстамасы кезінде Т тісшесінің теріс болуы, ырғақтықтың және өткізгіштіктің бұзылуы кездеседі.

 

Жедел жәрдем:

- ыңғайлы жағдай жасау (науқасты отырғызу)

- эмоционалды және физикалық тыныштық тағайындау

- таза ауамен қамтамасыз ету

- 0,5 мг нитроглицеринді тіл астына немесе

- изокет спрейдің 0,4 мг ингаляциясын, әсері болмаса 3 -5 минуттан кейін қайталау

(АҚ бақылауымен, барлығы 3 таблеткадан көп болмау қажет) (перифериялық вазодилятатор, антиангиналды препарат)

Жағдайы жақсарман жағдайда кардиологиялық бөлімге жеткізу.

 




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 191 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | <== 2 ==> | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав