Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кетоацидоздық кома, этиологиясы, клиникалық белгілері, жедел жәрдем көрсету.

Читайте также:
  1. B)леомиосаркома, рабдомиосаркома
  2. C)& бухгалтерлік, статистикалық, салықтық және жедел
  3. Бүйрекке тас байлану ауруы, этиологиясы, өршітетін факторлар, клиникалық белгілері. Бүйрек шаншу ұстамасында жедел жәрдем көрсету.
  4. Бронх астма, этиологиясы, клиникалық белгілері. Бронх ұстамасы, жедел жәрдем көрсету.
  5. Жәндіктер шаққан кезде жедел тыныс жетіспеушілігіне тән емес белгі?
  6. Жамбас сүйектерінің сынығы кезінде жедел медициналық көмекті қалай жүргізеді?
  7. Жедел қан тамыр жеткіліксіздігі, себептері, клиникасы, синкопе және коллапстың клиникасы, жедел жәрдем көрсету.
  8. Жедел жәрдем
  9. Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздігі, этиологиясы, клиникалық белгілері. Өкпенің ісінуінде жедел жәрдем көрсету.

 

Диабеттік кетоацидоз (ДКА) – абсолюттік (көбіне) және салыстырмалы (сирек жағдайда) инсулин тапшылығы нәтижесінде дамып, гипергликемия, метаболиттік ацидозбен және электролиттік бұзылыстармен мінезделетін шұғыл жағдай.Диабеттік ацидоздың соңғы көрінісі - кетоацидоттық кома.

ДКА стадиялары:

1 стадия – кетоз, сананың бұзылуынсыз

2 стадия – прекома

3 стадия – кетоацидоттық кома

 

ДКА қауіп – қатерлі факторлар:

· Қант диабетінң кеш диагностикасы

· Дәрігер нұсқауларын сақтамау (диетаны, қантты төмендететің препараттарды, оның ішінде инсулинді қабылдауды бұзу)

· Жүктілік, қосымша инфекциялық немесе басқа аурулар, уланулар, хирургиялық араласулар немесе жарақаттар, ұзақ және бақылаусыз тағайындалған кортикостероидттар, диуретиктер және де физикалық күштемелерге байланысты инсулинді қолдануы артады;

ДКА мен барлық науқастар міндетті түрде аурухананың эндокринологиялық бөлімшесіне жатқызылады, ал кетоацидоттық кома кезінде - интенсивтік терапия және жансақтау бөлімшесіне.

Диагностикасы:

· лоқсу, құсу

· Дегидратация белгілері: шөлдеу, терінің құрғауы, ұйқышылдық, АҚ төмендуі, тахикардия, терінің серпімділігінің төмендеуі, олигурия, анурия

· Кусмауль тынысы (сирек, терен, шулы)

· Тыныспен шығарылған ацетон иісі

 

Зертханалық тексерулер:

· гипергликемия

· кетонурия

· кетонемия 10-12 ммоль/л

· ацидоз (РН жоғарлау қышқыл жаққа)

Жедел жәрдем:

Дәрігерді шақырту

- Науқасты аяғын жоғары көтеріп, басын бір жағына бұру

- Тыныс жолдарын тазалау (құсу болса).

- Натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін 1,0-1,5 литр жылдамдықпен сағатына көктамырға енгізу.

- Эндокринология бөлімшесіне госпитализациялау.

- Зембілмен тасымалдау.

 

Гипогликемиялық кома, этиологиясы, клиникалық белгілері, жедел жәрдем көрсету.

Гипогликемия - плазма глюкозасының < 2.8 ммоль/л төмендеуі және клиникалық симптомдармен қосарлануы.

Негізгі себебі: ағзада инсулиннін көп мөлшерде болуы.

Себепші факторлар:

· инсулинді көп мөлшерде қабылдау (шприц қаламсаптың дұрыс болмау, дәрігердің инсулин дозасын қате тағайындауы, глюкометрдің дұрыс жұмыс істемеуі, әдейі көп қабылдау)

· препарат алмастыру кезінде, бүйрек және бауыр жетіспеушілігі

· инсулинге жоғарлау кезі: физикалық жұмыс істеу, босанғаннан кейінгі ерте кезен

· тамақтану режимын бұзу: көмірсулардыаз қабылдау, тамақтану уақытын өткізіп алу, құсу, арнайы арықтау үшін диета ұстау

· жүктілік (бірінші триместр), емізу

Клиникасы:

Ø шұғыл, тез дамиды

Ø жедел әлсіздік

Ø қарын ашу

Ø аяқ қол дірілі

Ø бас ауру

Ø көрудің бұзылуы (тұман, көз алдында шыбындар)

Ø ауыр жағдайда құрысу, естен тану, кома




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 139 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | <== 5 ==> | 6 | 7 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав