Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық экономика нарықтық экономиканың жалпы теориясының құрамдас бөлігі

Читайте также:
  1. A) Макроэкономика.
  2. D) Қарым қатынас процессіндегі маңызды дене бөлігін
  3. D) Халықаралық жұмыс күші миграциясы.
  4. Quot;Экономика и социология труда"?
  5. А) экономикалық-математикалық модельдеу және болжау
  6. Азақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде.
  7. Азақстан экономикасындағы инвестициялық қызмет және инвестициялық ахуал.
  8. Ай экономика жағдайларында жасырын инфляция байқалды?
  9. АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
  10. Алымдардың есептеуінше өтпелі экономика теориясы адамзат қоғамының ұш ірі күйінен бастау алу керек .

Қазіргі әлемде тауарлардың барлық түрлерін өндіру, өндіріс факторларының барлық типтерін құру және жетілдіру сияқты бірде елдің қолынан келмейді. Халықаралық экономика барлық елдер мүддесінде осы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін механизм болып табылады.

Халықаралық экономиканың белгілері болып табылады:

1) халықаралық сауда негізінде тауарлардың халықаралық айырбасының дамыған сферасы;

2) өндіріс факторларының халықаралық қозғалысының дамыған сферасы;

3) бірнеше елдерде орналасқан кәсіпорындардағы өндірістің халықаралық формалары;

4) тауарлардың халықаралық қозғалысын, не өндіріс факторларының қозғалысын қызмет етумен байланысты емес, дербес халықаралық қаржылық сфера;

5) экономикалық дамудың тепе-теңдігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық реттеудің ұлтаралық, мемлекетаралық және мемлекет аралық емес механизмдердің жүйесі;

6) мемлекеттердің экономикалық саясаты.

Халықаралық экономика теориясының пәні болып халықаралық айналымдағы тауарлар мен өндіріс факторларына сұраныс және ұсыныстың қалыптасу заңдылықтары табылады.

Халықаралық экономика (international economics) — тауарлармен халықаралық алмасу, өндіріс факторлары қозғалысы және халықаралық экономикалық саясатты қаржыландыру және қалыптастыру облысындағы әртүрлі мемлекеттік тиістіліктегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтің, нарықтық экономика теориясының бөлігі.

2. Халықаралық экономиканың қалыптасу тарихы. Қандай да пәнді зерттеуге кіріскенде, оның объектісі мен мәнін анықтау қажет. Халықаралық экономика да осы қағидаға бағынады. Бұл ғылымның объектісі – дүниежүзілік шаруашылық, ал пәні – мемлекет шекарасынан сырттағы экономикалық қатынастар болып табылады. Өйткені қазіргі тарихи жағдайларда, әлеуметтік өмірдің негізгі ұйымдық түрі – мемлекет болып табылады.

Қаншалықты өзгеше болып көрінгенімен, Халықаралық экономика мәнін түсіну жеңіл. Бұл жерде экономистер арасында терминологиялық айрықшалықтар кездескенімен, аса көп қайшылықтар жоқ. «Қысқаша сыртқы экономикалық сөздік анықтамада» «Халықаралық экономика халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген, әр түрлі елдердің ұлттық экономикалары арасындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі» - деп жазылған. Ал басқа басылымда «Халықаралық экономика (дүниежүзілік шаруашылықбайланыстары) - әлем елдерінің арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесі» - делінген. Басқадай көптеген оқулықтар мен оқу құралдарындағы анықтамалар бұлардан онша ерекшеленбейді. Бірақ та терминологиялық айырмашылықтар бірден көзге түседі: «Халықаралық экономикалық қатынастар», «Дүниежүзілік шаруашлылық байланыстары», «Бүкіл әлемдік экономикалық қатынастар» және тағы басқаларының да мәні бір – ХЭ – болуы, ұлттық мемлекеттердің болуымен тікелей байланысты.

Оған көңіл бөліп отырған себебіміз, пайдаланылатын көптеген әдебиеттерде «бүкіл әлемдік қатынастар» термині көп кездеседі. Оның пайда болуының себебі - әлем ондаған жылдар бойы әуелі кеңес, одан кейін социалистік ғылыми әдебиеттерде дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің екі системасы ретінде қарастырылып келді. Бұл системаларда қарама-қарсы экономикалық қатынастар жүйесі әрекет еткенімен, олардың арасындағы қатынастар жүргізіліп отырды. Сондықтан алғашқыларын соңғыларын айыру үшін «социализмнің немесе каптализмнің халықаралық экономикалық қатынастары» терминінің орнына «бүкіл әлемдік қатынастар» термині пайда болды.

Загрузка...

Халықаралық экономика мазмұны ешқандай қиыншылықтар туғызбаса да, осы қатынастар теориясы күрделі мәселе болып табылады. Болып жатқан ағымды жағдайлардың теориялық көрінісінберу оңай емес. Бірақ мұнда әлемдегі экономикалық мектептердің бағыттары тарихи, сонымен қатар логикалық жағынан алғанда әр алуан болуына байланысты қосымша қиындықтар туып отыр.

«ХЭ теориясы жалпы саяси экономия теориясы негізінде пайда болып дамыды да, соңғысының шеңберінде арнайы ғылыми іздену саласын құрды. ХЭ арнайы теориясының зерттеу пәні жалпы саяси экономия теориясының пәнімен бірдей» - деп жазылған отандық алғашқы оқулықтардың бірінде. «Халықаралық экономика теориясының зерттеу пәні саяси экономия теориясының пәнімен бірдей: ол адамдар арасында өмірге қажетті заттарды өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастары. Әлемдік шаруашылықтың, сонымен бірге халықаралық қатынастардың ерекшелігі – таптар арасындағы қарым-қатынас мемлекет шекарасы арқылы іске асырылып, халықаралық экономикалық қатынастар түрінде көрінуі» - дейді басқа бір белгілі басылымда.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, төмендегідей тұжырым жасауға болады. Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы экономикалық теорияның ұлттық экономикалар арасындағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктердің зерттейтін арнайы бөлімі болып табылады. Сондықтан ол жалпы саяси экономия теориясы шеңберінде дамыды.

Бұл өзгешеліктерді талдауды мақсат етпегендіктен, біз бұл жұмыста экономикалық жүйе деп адамдардың материалдық және рухани ресурстарды пайдаланып, тауарлар мен қызмет көрсетулерді белгілі бір ұйымық құрылымдарда өндіру арқылы материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру іс-әрекетін түсінеміз. Әрине бұл жүйе өте күрделі екені түсінікті. Өйткені оның құрамында ресурстық, теъникалық, технологиялық, ұйымдық, құқықтық және тағы басқадай компоненттері болып, олар әрқайсысы өз кезегінде жеке ғылым немесе экономикалық ғылымның жеке тармағы бола алады. Сондықтан біз әлемдік экономика дегеніміз де, оны ұлттық шекарадан тысқары, адам өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстар мемлекетаралық айырбасты қажет ететін экономикалық ресурстар мемлекетаралық айырбасты қажет ететін экономикалық жүйедеп түсінеміз. Бұл өте күрделі процестің өзіндік тарихы, пайда болу мен даму этаптары, әрекет ету заңдылықтары бар.Осының бәрі де ХЭ түсінік аппаратында өз көрінісін табады.

Халықаралық экономиканың шартты құрылымын келесі түрде көрсетуге болады.

· Негізгі түсініктер және қағидалар;

· Мемлекеттердің экономикалық саясаты;

· Халықаралық қатынастардың нақты формалары

· Халықаралық реттеу және бақылау.

Функционалды халықаралық экономика халықаралық микроэкономикаға және халықаралық макроэкономикаға бөлінеді.

Халықаралық микроэкономика (international microeconomics) — нақты тауарлардың және олардың өндіріс факторларының елдер арасындағы қозғалысының заңдылықтарынжәне де олардың нарықтық сипаттамаларын зерттейтін, халықаралық экономика теориясының бөлігі.

Халықаралық макроэкономика (international macroeconomics) — ашық ұлттық экономикалародың және әлемдік шаруашылықтың қаржылық нарықтарды глобализациялау жағдайында қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін, халықаралық экономика теориясының бөлігі.

Халықаралық экономика құрылымы 1 суретте көрсетілген.

 


Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> | 2 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2019 год. (0.049 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав