Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Педагогикалық мораль және оның ұстаз қызметіндегі көрінісі

Читайте также:
  1. A) 5500000 теңге және 500000 теңге
  2. C)& бухгалтерлік, статистикалық, салықтық және жедел
  3. D) Берілген адамды бала жаугершілікпен қабылдайтындығының көрінісін
  4. D) вертикальды және горизонтальды
  5. D)& төмен және солға
  6. MZB - Маргинальная зона селезенки. Не рециркулируют. Участвуют в гуморальном иммунном ответе на возбудителей, поступающих в кровоток
  7. А) Банктік және банктік емес баптың талдануы
  8. А) экономикалық-математикалық модельдеу және болжау
  9. Азақстан экономикасындағы инвестициялық қызмет және инвестициялық ахуал.
  10. Айта өрлеу дәуірі Еуропалық өркениет дамуындағы сілкініс және Жаңа замандағы философия мен ғылымның қалыптасуы

Жоспары:

1.Педагогтың адамгершілік сипаты.

2. Педагогикалық деонтология (парыз туралы ілім)

3. Мұғалімге қойылатын деонтологиялық талаптар

Қысқаша мазмұны:

1.1. Адамгершілік дегеніміз – ізгілік пен қайырымдылықтың үйлесімді және жеке адамның осы үйлесімді өмірлік ұстанымға айналдыруы.

В.Соловьев: “Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi - өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп қырлы.

Ежелгi үндi мақалында былай деген: “Қылық ексең - әдет орасың, әдет ексең – мiнез орасың, мiнез ексең – тағдыр орасың”. Әдет адамның мiнез–құлқының фундаментi болып табылады. Атақты ағылшын драматургы В. Шекспир: “Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын перiште” десе, орыс педагогы К. Д. Ушинский: “Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi” дейдi.

Педагогикалық этика тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы бірін-бірі түсіну және рухани адамгершілік қарым-қатынас қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Білім беру үдерісіндегі мұғалімнің балаға өктемдік көрсетпеу мақсатындағы кәсіби әрекеті адамгершілік принциптеріне сүйенуі қажет. Олар: күштеу емес, кеңес беру; талап ету емес, өсіру; басқару емес, қатысу; айыптау емес, қорғау; айқаймен емес, әзілмен;

Педагогикалық этиканы білмейтін ұстаз өзін тәрбиеленушілерден жоғары қойып, авторитарлық тәрбие позициясына көшуі мүмкін, бұл баланың тұлғалық қасиеттерінің дамуына зиян келтіреді және ұстаздың беделін түсіреді.

Адамгершiлiк әдеттерде бiрiне- бiрi қарсы екi күш болады. Бiрi жақсылық жаққа, екiншiсi жамандық жаққа тартады.

Педагог адамгершілігінің ең жоғары принципі ретінде дәстүрлі түрде гуманизм саналады. Бұл ұғымның этимологиясының өзі ежелден адамгершілік деген түсінікті, оның адамға деген жоғары көзқарасын көрсетеді. Гуманизм – адамгершіліктің ең жоғары бастауы. Гуманизм түсінігінде мораль адамның барлық ісіне, талпынысына, өміріне мән беретін басты негіздің бірі десе болады. Гуманизм идеясымен адамзаттың бүкіл рухани мәдениетінің қалыптасу тарихы тығыз байланысты. Бұл идеялардың басты өзегі болып, адамның шексіз мүмкіндіктеріне деген сенімі және оның бақытқа жету мақсатындағы қабілеті саналады.

1.2. Психолог ғалым П.Ф. Каптерев көрсеткендей, педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуының маңызды факторларының бірі мұғалімнің «тұлғалық сапалары» болып табылады. Мақсатқа ұмтылу, табандылық, еңбек сүйгіштік, қарапайымдылық, бақылампаздық сияқты сапалардың міндетті болуы аталынып өтіледі. Әсіресе, эмпатияға әзір болу маңызды, яғни оқушылардың психикалық күйлерін түсінуге, көңіл-күйге ортақтасуға әзір болу және әлеуметтік өзара әрекеттесуге қажеттілік маңызды.

Сондықтан, кәсіптік парыздылықты меңгерген педагог қана оқушылардың психикалық күйлерін жете түсініп, жәрдем көрсете алады. Осыған байланысты зерттеушілер тарапынан педагогикалық деонтологияға үлкен мән беріледі, оның көрінісінен мұғалімнің жалпы мәдениеті мен іс-әрекетінен жоғары кәсіпқойлығы байқалады.

Деонтология сөзі грек тілінде Deon, deontos – парыз, парыздылық және logos – ілім, сөз деген ұғымды білдіреді. Деонтология - парыз бен парыздылықты қарастыратын этикалық теорияның тарауы. Бұл терминді Бентам (1834) адамгершілік теориясын тұтас ілім ретінде көрсету үшін енгізген. Педагогикалық деонтология - ұстаздық парыз туралы ғылым. Бұл ұстаздың іс-әрекетінің саналы, адамгершілік компоненті болып табылады.

1.3. Деонтологияға сәйкес ұстаздың мінез-құлқының негізгі іргелі қасиеттерінің және іс-әрекет стилінің, педагогикалық реңкі туралы үш пікірге тоқталайық: адамгершілік (балаға деген сүйіспеншілік), парыздылық сана-сезімі (әділдік, борыш пен жауапкершілік), білімге деген, өзіндік ізденіске деген ұмтылысы, яғни бұлардың барлығы ұстаз парыздылығы деген қасиетке саяды.

1. Балаға деген сүйіспеншілік.

Ұстаз балаға әртүрлі қарауға құқысы жоқ. Ұстаздық сүйіспеншілік бәріне бірдей болуы мүмкін емес, бірақ бәріне бірдей сүйіспеншілік білдіру ұстаздың парызы.

2. Педагогтың кәсіби парыздылық сана сезімі.

Парыздылық міндет ұстаздан барлық істерінде ұқыптылықты, іскерлікті, жауапкершілікті талап етеді.

3. Педагогтың өзін-өзі әрдайым жетілдіруге дайындығы.

4. Борыш пен жауапкершілік.

5. Әділдік

Біздің пайымдауымыз бойынша мұғалімге қойылатын барлық деонтологиялық талаптар төмендегідей 4 негізгі ұстанымдар аясына саяды.

1. Оқушының (тәрбиеленушінің) ден саулығына, жан саулығына зиян келтірмей әсер ету;

2. Барлық жүріс-тұрысымен, ой-өріс, іс-әрекеттерімен (әрекеттестікте, мәліметтеу, насихаттау т.с.с.) осы ұстанымның кең тарауына және оқушы санасына өзіндік бақылау дағдыларын қалыптастыруына жол ашу, қарайласу, соған себепкер болу:

3. Оқушының табиғатына үйлесімді дамуына жәрдемдесу;

4. Бүкіл жан дүниесімен, сана-сезімімен осы ұстанымдарды бұзуына зиян келтіретін салдарды жоюға ынталану.

Яғни, педагогикалық деонтология ғылымы бойынша ұстаздық әсердің ең негізгі мақсаттары: оқушының денсаулығын, жан саулығын сақтауды, нығайтуды көздей отырып, оқушы тұлғасының табиғатына сай дамуына жағдай жасау.

Әдебиеттер тізімі:

1. Кертаева. Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология (монография)

2. Исаева И.Ф. Профессионально-педагогическая культура преподавателья. Учебное пособие для студентов. М.2002.-208с.

 




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 81 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | <== 3 ==> | 4 | 5 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав