Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дынная муха. Myiopardalis pardalina Big Қауын шыбыны

Ең басты қауынды,қарбызды,қияр мәдени өсімдіктермен қатар жабайы асқабақты зақымдайды.

Зияндылығы: Шыбындар қосымша аналықтар зақымдаған жерлермен (тесіктермен) арқылы да қоректенеді. 13-18 күн дәндері мен жұмсақ жерлермен қоректенетін дернәсілдері көп зиян келтіреді. Залалданған жемістер шіріп жеуге жарамсыз болады. Ең қатты зақымдалған жемістің сыртында ондаған дернәсілдердің шыққан тесіктері байқалады. Сыртқа шыққан жемістің шырыны құрғап, қоңыр бүдір түрінде кеуіп, өнімнің сапасын төмендетеді. Сонымен қатар осылай залалдану өсімдіктің өсу сатысын бәсеңдетеді, 20 және одан да көп пайызға өнім төмендейді.

Кейбір аймақтарда өнімнің зақымдалуы 50-100 пайыз болады.

Биологиясы. Қауын шыбыны топырақ қабатының 15 см тереңдігінде қуыршақ түрінде қыстайды, олардың басым бөлігі топырақ қабатының 5 см тереңдігіңде болады.Қауын шыбыны көктемде бау-бақша гүлдеген уақытта пайда болады. Топырақ қабаты 20 С қызғанда қуыршақтан шыбындар сыртқа ұшып шығады. Қауын шыбыны өсу кезеңі 2-ай және одан да жоғары болуы мүмкін. Ұшып шыққаннан соң 6-8 күннен кейін аналықтар жұмыртқаларын бір-бірден жас жемістерге сала бастайды. Жетілген жемістерге жоламайды. Өсімталдығы 104-123 жұмыртқа аралықтарында. Аналықтары жұмыртқа салу кезеңінде шыбындар жас өсімдіктердің сабақтарын және жапырақтарынан шыққан шырындарын жалау арқылы қоректенеді. Шыбындар таң сәріде жандана бастайды.Жемістің қабығына салынған жұмыртқадан 3-4 күннен кейін дернәсілдер шыға бастайды. Жұмыртқалардың дамуы 3-4 күн, қолайсыз жағдайда дамуы 7-күнге дейін созылады. Олар жеміс қабығын тесіп қоректенеді.Қоректеніп болған соң дернәсілдер жемісті тастап топырақтың беткі қабатына қуыршақтануға кетеді. 20-45 күннен соң шыбындардың жаңа ұрпағы ұшып шығады. Жылына шыбындар 2-3 ұрпақ береді.

Морфология: Имаго Ш ыбындары сары және сарғыштау болып келеді, арқасында қара-жылтыр дақтары байқалады. Қанаттары үш сарғыш қарама-қарсы жолақтарымен. Оның сыртқы жағы V-тәріздес келеді. Денесінің ұзындығы 5,5-6,5 мм. Жұмыртқалары көбінесе қауынның қабығының астында болады. Дернәсілдері құрт тәріздес, алдыңғы жағы жіңішкелеу, ақ-сарғыш, аяқсыз және анық көрінетін басыменен. Артқы жағының домаланған жерінде ескі кішкентай томпағы бар,денесінің ұзындығы 7 мм. Қуыршақтануы жемістен тыс топырақ қабатында болады.

Анықтау тәсілдері мен идентификациясы.

Шыбындарды ерте кезде шығуын анықтау және олардың санының көбею динамикасын феромондық ұстағыштарды жерден 0,8-1 м биіктікте орнату арқылы анықтайды. Қауын шыбынының дернәсілдерімен зақымдалған бақша дақылының жемістерін анықтау үшін, маршрутты тексеру тәсілін қолдана отырып, тексеруші күніне 5 га жерді мөлшері бойынша екі диогональді жол арқылы және төрт жағын қамти отырып жүргізіледі. Участканы тексеру кезінде әр жол бойында 75-100 м сайын тоқтап,айналасындағы жемістерді тексереді.Залалданғандарының сыртқы белгілерін анықтауда,олардың тесіктерден шыққан шырындарын және төмпешіктер арқылы білуге болады. Қуыршақтану кезінде зақымдалған жерлер 3 мм диаметрлі домалақ тесіктер байқалады. Залалданған жемісті кесу арқылы дернәсілдердің жіңішке жолдарын көруге болады, әсіресе дәндердің арасынан және жеміс етінің шет жағындағы қоңыр тат жолдары оңай көзге түседі. Бір-біріне айқасқан шимақ жолдар байқалады,залалданған жемістер шіри бастайды. Тексеру нәтижесі акт толтырылады (нұсқа 6). Залалданған іздері бар өнімге және де анықталған зиянкестерге этикеткалар жабыстырылып (нұсқа 1) оларды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларға немесе карантиндік зертханаларға анықтау үшін жөнелтіледі.

Күрес шаралары. Жұлдызқұрттарының шығу кезеңінен бастап инсектицидтермен бүрку жұмыстары тізім бойынша жүргізіледі.




Дата добавления: 2015-04-12; просмотров: 55 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | <== 5 ==> | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав