Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Морфологиясы. Имаго

Қоңыздың ұзындығы 5,5мм (еркегі 4,4-6,6мм, ұрғашысы 4,2-6,8мм). Денесі ұзыншалау жасыл немесе сары түсті. Арасында қатар түскен сызықшалы. Басы жылтыр, төбесі ақшыл кірпіш түстес көкірегінен біршама кіші. Шекесі ақшыл-сары, алдыңғы көкірегі жылтыр төртбұрышты жалаңаш. Қанатының үсті алтын түстес, ұрғашысыныкі үш қатар қара сызығымен. Ұрғашысының қанатының үстіңгі жағы қара түсті болады. Мұртшалары дене ұзындығымен тең түседі ал еркегінің мұртшалары қысқалау дене ұзындығының 4тен 3бөлігіндей болады. Бірінші буындары түрлі жасыл-сары ал қалғандары кірпіш тустес немесе қара түстес. Бірінші буыны жылтыр тегіс, қалғандары бүдірлеу. Сан аяғы сары түстес. Алдыңғы аяқтары кірпіш түстес.

Жұмыртқасы сопақша, -0,6мм көлденеңі -0,4мм ақшыл-сары үстіңгі жағында өзіне тән ойығы бар. Балаңқұрттары ақ немесе ақшыл-сары. Жаңа туылған балаңқұрттар 1,2мм, ересектері -13мм жәнеде карандаштың көлеміндей болады. Қуыршағы әлсіз ақ түсті.

Зиянкес мекендеген аймақтарды жүгері алқаптарын үнемі қадағалап визуальдық түрде тамырларын, жапырақтарын, зақымдалған сабақтарын қарап, феромондық ұстағыштар қою қажет.

Жұмыртқаларын топырақты анализге тапсыру арқылы (10*10*15см) анықтаймыз. Алынған топырақты сито арқылы судан сүзіп аламыз, көлемі 0,5мм2 аспауы керек. Ситода қалғанын бинокульярмен қарап есептеу керек ылайлы топырақтан бөлу үшін 2,6 М қант ерітіндісін қолдануға болады. Есептеу кезінде аудан бірлігіндеге жұмыртқаның мөлшерін шығарамыз.

Балаңқұрттарды табу үшін өскіндердің әлсіз сарғайған өсімдіктерді қараймыз. Сола бастаған үлгілерді тамырымен топырақтан 10*10*10*см көлемде бірге аламыз. Топырақты көзбен қарау арқылы, ал тамырды бөліп алып кептіреміз. Кептірген сәтте зақымданған тамырлардан құрттар бөлініп шығады. Топырақтың қалғанын суда езіп бөлініп шыққан құрттарды сүзгішпен сүзіп алады. Тамырдан алынған ақ құрттарды пробиркаға салып 400 спирт құямыз. Этикетка жазып (1приложение) карантиндік мемлекеттік инспекторға анықтауға жібереміз.

Қуыршақтарында топырақтан анализ алу арқылы табамыз. Олардың тамырлардан 60см аралықта топырақтың ылғалдылығына қарай топырақ бетінен 25см тереңдікте болуы мүмкін.

Құрттарға анализ жасауға өткізілген топырақтардан қуыршақтарды қарауға болады.

Қоңыздарды көз мөлшермен жапырақтардан, сабақтардан, жүгері сабағынан, жүгері шашақтарынан гүлдеу кезінде, сонымен қатар әр түрлі феромон ұстағыштарымен анықтайды (желімделінген сары ферамоны бар). Ұстағыштар жерден 25см жоғарыда қоңыздар кездесетін деген жерге орналастырылады. Жүгері алқабында, жол жағалауында немесе темір жағалауында орналасқан жүгері дәндерімен сабақтарын өткізетін, жинайтын жерлерге ілінеді. 4-5 аптадан соң ауыстырады.

Кеш егілген жүгеріге зиянкес көп зиян келтіреді. Тамырларының бұзылғаны алғашында білінбейді, зиянкестерді анықтау үшін ерте бастан жиі бақылау жүргізу қажет. Әсіресе жаздың аяғына таман өсімдіктердің солып, сынып, тамырларының «қаз мойын» болғанынан зиякестердің барын анықтауға болады.

 




Дата добавления: 2015-04-12; просмотров: 41 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | <== 6 ==> | 7 | 8 | 9 | 10 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав