Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Иммунологиясы

Ара уында фосфолипаза А2, гиалуронидаза және қышқыл фосфотаза. У қанға сіңген соң организмде антидене пайда болады. Араның уы экзоген болып табылады. Организмге антиген түскен кезде АТЖ пайда болады. Олар антигеннің жағдайын бағалайды. Фагоцитоз процесі жүреді. Бұл процестің көмегімен ағзаға енген бөгде жасушаны жояды.

3.Сіз әпкеңіздің үйі не қыдырып барып едіңіз.Ойнап жатқан 3 жасар ұлы кенеттен үсел үстіндегі қайнаған суға тиіп кетті.Қолы білек аймағына дейін күйіп қалды.Су сияқты көпіршіктер түзіліп,тері ажырауы байқалуда.Қатты ауырсынып,жылап жатыр.Апкеңізде абыржу үстінде.Сіз қандай көмек бересіз?Сұрақ:1.Науқаспен қандай коммуникациялық байланыс жасайсыз?2.Жедел көмек көрсету алгоритімі қандай?3.Зақымданған аймақтағы иммунологиялық өзгерісті сипаттаңыз.

Жарақаттаушы фактордың әсерін тоқтатамын,күйіктің кез келген дәрежесінде денені мұздай сумен мұздату керек.Жарада пайда болған көпіршіктерді жаруға,күйген аймаққа жабысып тұрған конифоль немесе басқада смола тәрізді заттарды алуға болмайды себебі оларды ажыратқан кезде күйген тері де сыдырылып түседі,сол арқылы жараның іріңдеуіне қолайлы жағдай жасалады.Науқастың пульсін және артериялық қан қысымын,тыныс алу жиілігін тексереміз.Шоктың алдын аламыз.шоктың алғашқы белгілері байқалғанда күйген адам бірден сұрланып,тыныс алуы беткей және жиі,пулсьі сезілмесе тез арада оған 15-20тамшы валериан тұнбасын ішкізу керек.науқастың күйген жерін стерильді марлямен жабу керек.Күйген жерге салқын басамыз. Ауруды басатын дәрі егеміз.(аналгин,пенталгин,нурофен).Науқасқа мүмкіндігінше сұйықтық береміз.Науқасты тез арада ауруханаға тасымалдаймыз.

3,Иммунологиясы

Күйген кезде өлген жасушалар сомалық антиген болып табылады.Антиген танушы жасушалар макрофагтар,дендритті жасушалар,супрессорлар антиденеге антигенді таныстырады.Т-киллерге сигнал беріледі,олар антигенді өлтіреді.Оған Т-хелпер мен супрессорлар көмектеседі.Антиденелер антигенді танып,фагоцитоз құбылысы жүреді.Жергілікті иммунитет қалыптасып фагоцитоз процесі жүреді.Фагоцитоз құбылысы 5 этаптан тұрады.

1,Антигенді таниды

2,Антигенге жабысу

3,Антигенді жұтады

4,Антигенді ыдыратады,залалсыздандырады

5,Ыдыратылған антиген қалдықтарын сыртқа шығару

4. Қыстың күні ұзақ жолға шыққан ер адам,көлік ақаулығына байланысты жолда 2 сағат қалып қойды.Сіз сол маңнан өтіп бара жатып байқап қалдыныз.Ол кісінің аяқ-қолының біраз бөлігі үсіп қалған. Аяқ-қолы сыздап,ауырсынып,буындары қақсап,қышып барады.Сіздің көмегіңіз?Сұрақ:1.Науқаспен қандай коммуникациялық байланыс жасайсыз?2.Жедел көмек көрсету алгоритімі қандай?3.Зақымданған аймақтағы иммунологиялық өзгерісті сипаттаңыз

1. Коммуникациясы-

Науқастың жағдайы сөйлеуге келмесе де,сөйлеуге әлі келгенше болған оқиға жайлы баяндауын өтіндім.Науқасты тыныштандырдым,қорқынышын басып маған деген сенімін арттырдым,оның жазылып кететініне сендірдім,үсу себептерін анықтадым.

2. Үсудің 4 дәрежесі ажыратылады. Бірінші дәрежелі үсу кезінде терінің сезімталдығы нашарлап, бозарады, үсіген жер ісінеді, аурып қышиды. Алғашқы көмек көрсеткенде үсіген адамды бірден жылы жерге кіргізіп, жылытып, ыстық шай не кофе беру керек. Жансызданған жерін жылы суға (темп. 37-40 градус) малып, денесі қызарып, жылынып, сырттан тиген қолды сезетін болғанша жайлап ысқылайды, содан соң таңып тастайды. Үсікке шалдыққан адамды алғашқы көмек көрсетіліп болғаннан кейін жылы орап, ауруханаға апару қажет. Үсік шалған жерді суық жерде тұрып қармен ысқылауға және суық суға түсіруге болмайды. Үсіген организм көп уақытқа дейін суыққа сезімтал келеді.

3. Үсік кезінде ағза онтогенезінде жекелеген жасушалардың өліп жойылуы және патогендік факторлар әсерінен жасуша тіршілігінің жоспарсыз жойылуы болады. Жасушанын мұндай өлуін – апоптоз – жасушаның генетикалық бағдарланған өлуі деп атайды,яғни қалыпты жағдайдағы жасушаның тіршілігін жоюы және некроз диды.

5. Автотұрақта тұрған бойжеткеннің қолының білек аймағын ара шағып алған.Науқаста қозу байқалады,тері жамылғысы бозғылт,дірілдеп тұр.Ентігеді,мазасыз күйде. Сұрақ:1.Науқаспен қандай коммуникациялық байланыс жасайсыз?2.Жедел көмек көрсету алгоритімі қандай?3.Зақымданған аймақтағы иммунологиялық өзгерісті сипаттаңыз

2.Ара шаққанда күре тамыр қысымы күрт түседі,демігу, жүрек айналасының және іштің ауруы, естен тану байқалады.Біз нау-ң алдымен егер шаққан жерінде бізі қалса,оны қысқышпен бізін қалдырмайды. Жараға жартылай спиртті компресс н-е бал шелпегін қоямыз яғни бақбақ гүлі сабағының сүтін қолдануға болады. Демидрол пипольфен н-е супростин дәрмектерін ішкіземіз.

Иммуналогиялық өзгерістері:

Ара шаққанда күре тамыр қысымы күрт түседі,демігу, жүрек айналасының және іштің ауруы, естен тану байқалады.Кілеткалары және физиологиялық реакциялары және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік емес құбылыстары өзгереді.Осыған байланысты иммунитеті төмендейді,әлсіреп естен тану орын алуы мүмкін.

6. Егістікте жүрген 20 жасар ер жігіттің аяғын байқаусызда жылан шағып алды.Қатты ауырсыну байқалуда,науқас мазасыз күйде.Сіздің іс әрекетіңіз?Сұрақ:1.Науқаспен қандай коммуникациялық байланыс жасайсыз?2.Жедел көмек көрсету алгоритімі қандай?3.Зақымданған аймақтағы иммунологиялық өзгерісті сипаттаңыз

1. Науқаспен сәлемдестім,өзімді науқасқа таныстырдым,науқастың аты-жөнін сұрадым және болған оқиға жайлы баяндауын өтіндім.Науқасты тыныштандырдым,қорқынышын басып маған деген сенімін арттырдым,оның жазылып кететініне сендірдім,жыланның қай уақытта және аяғының қай аймақтан шаққанын сұрадым.

2. Жылан шаққаннан кейін алғашқы секундтарда саусақтармен басып, жараны ашамыз. Содан кей»н уды ауызбен соруды бастаймыз. Қанды сұйықтықты кезеңінде түкіріп отырамыз. Егер сілекей аз болып немесе ерінде, ауыз-қуысында жаралар болса ауызға аз мөлшерде су алып, 15 мин аралығында тоқтамай кезекпен уды сорып алу қажет. Бұл зақымданған ағзадан удың 20-50% жоюға мүмкіндік береді. Көмек көрсететін адам үшін уды сорып алу мүлдем қауіпті емес. Тіпті ауыз-қуысында жара болса да. Егер алған адам жалғыз болса ол уды өзі сорып алу қажет.

3.Улы жыланнын уында фосфолипаза,гиолуронидаза, лецитиназа және биологиялвқ белсенді заттар бар. У қанға сіңген соң фосфолипаза лицетинді белсендіреді. Ол гемолитикалық және цитологиялық әсер етеді. Бұл қанда және тіңде кардиотоксикалық антикоогуляциялық және цитологиялық әсер көрсетеді. Жыланнын уы қан тамыр қабырғасының өткізгіштігін арттырады. Сондықтан тіңнің ісінуі мен қабынған ошақтың некрозы дамиды.

7. ЖМЖ бригадасы 5 жастағы қолы үтікке күйіп қалған балаға шақыртуымен келді.Науқаста қатты ауырсыну сезімі байқалады,мазасыз күйде.Сұрақ: 1.Науқаспен қандай коммуникациялық байланыс жасайсыз? 2.Жедел көмек көрсету алгоритімі қандай? 3.Зақымданған аймақтағы иммунологиялық өзгерісті сипаттаңыз

8. 16 жастағы жігіт бауда жүріп,ағаштың үстіне шықты.Байқаусызда құлап қалды.Аяғынан жарақат алды.Жанындағы достары жедел көмек шақырды.Бұл жігітте қатты ауырсыну сезімі,аяғының формасы өзгергені байқалады.Сұрақ: 1. Науқаспен сәлемдестім,өзімді науқасқа таныстырдым,науқастың аты-жөнін,жасын сұрастырдым және болған оқиға жайлы баяндауын өтіндім.Науқасты тыныштандырдым,қорқынышын басып маған деген сенімін арттырдым,оның жазылып кететініне сендірдім, Науқастың қай жері ауырып тұрғандығын науқастан сұрадым.

2.Дененің зақымдалған бөлігін толық тыныштандыру қажет және сынған жердегі сүйектің сынған бөліктерінің қимылдауын болдырмау қажет.Бұл үшін дененің зақымдалған бөлігін иммобилизация қажет,яғни оны қимылсыз күйге келтіру қажет мұны таңғыш таңу немесе ең дұрысы тасымалдау шендеуішін таңу арқылы жүзеге асыру қажет.Содан соң жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыртамыз

3.Зақымданған аймақтағы иммунологиялық өзгерісті сипаттаңыз

9. Сіз достарыңызбен тауға шықтыңыз.Тауда жүргенде сіздің құрбыңыздың аяғына кене жабысып қалғанын байқадыңыз,не істейсіз?

1.науқасты таза ауамен қамтамасыз етемін.

2. кене мен терінің төңірегіне сұйық май тамызамыз.

3. кенені қысқыштың ұшымен теріден баяу қозғалыспен алып тастаймын, егер қысқыш болмаса кененің басы тері мен түйіскен жерге жай жіп ілгекпен байланады, жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады.

4. шаққан жерін йодтың ерітіндісімен зеленка немесе спиртпен сүртемін.

5. дене қызуын, АҚҚ ны өлшеймін.

6. ТАЖ мен пульсті санаймын.

7. Ауырсынуды иньекциямен басамын.

8. науқастың дұрыс тасымалдануын ұйымдастырамын.

Иммундық көрінісі. Кененің уында фосфолипаза,гиолуронидаза,лецитиназа және биологиялық белсенді заттар бар. У қанға сіңген соң фосфолипаза лицетинді белсендіреді ол гемолитикалық және цитологиялық әсер етеді. Бұл қанда және тінде кардиотоксикалық антикоагуляциялық және цитологиялық әсер көрсетеді. кененің уы қан-тамыр қабырғасының өткізгіштігін арттырады,сондықтан тіннің ісінуі мен қабынған ошақтың некрозы дамиды.

10. Екі кішкентай ұлдар доп ойнап жатыр.Кенеттен біреуі құлап қалды.Ұшы үшкір темірге тиіп кетіп,аяғын жаралап алды.Темір тереңге еніп,баланың аяғынан қоңырқай түсті қан ағуда.

Алғашқы көмек:

1. дененің зақымданған бөлігін кеудеге қатысты алғанда көтеріңкі қалыпта жатқызып аламын.

2. тереңге енген темірді алып тастаймын.

3. қан ағып тұрған жерден 10-15 см жоғарыдай етіп жгут саламын, міндетті түрде уақытын жазып қыстырып қоямын. Жгутты 1 сағат ішінде 15 минут сайын босатып отырамын.

4. зақымданған аймақты стерильді дәкемен сүртіп, дәкеден тампон жасаймын.

5. Дайын тампонды жарақат үстіне қойып бинтпен таңып қоямыз.

6. дене қызуын, АҚҚ ны өлшеймін.

7. ТАЖ мен пульсті санаймын.

8. науқас жағдайын қадағалаймын.

Қан кету кезде бөлген жасушалар сомалық антиген болып табылады. Антиген танушы жасушалар макрофагтар, дендритті жасушалар, супрессорлар антиденеге антигенді таныстырады. Антиденелер антигенді танып, фагоцитоз процессі жүреді. Фагоцитоз құбылысы 5 этаптан тұрады. 1. Антигенді таныйды.2. антигенге жабысу -адгезия.3.антигенді жұтады – эндоцитоз және пиноцитоз.4.антигенді ыдыратады, залалсыздандырады-процессинг.5.ыдыратылған антиген жасушаларын сыртқа шығарады-элиминация. 6. Презентация-антигенді есте сақтап жасушаларына таныстырады.




Дата добавления: 2015-04-12; просмотров: 31 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | <== 2 ==> | 3 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав