Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұлғаның дамуының қозғаушы күштері, іс-әрекеті, құндылық бағдары

Читайте также:
  1. B) Бине-Симонның ақыл-ой дамуының шкаласы
  2. Жеке тұлғаның қоғамдық ортаға бейімделуі? *әлеуметтендіру
  3. Жеке тұлғаның психикалық процестерінің даму диагностикасы
  4. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар

 

 


Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі, тұлға қалыптасуының маңызды ықпал ету құралы.

Ойын – бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезінуге, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді.

Оқу – саналы адамның негізгі іс-әрекет түрі, адамзаттың өндірген іскерліктерін меңгеру.

Еңбек - адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет, тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі, қабілеттілікке баулу және кәсіптік бағдар беру, оқуға саналы көзқарас, адамгершілік, зиялылық дағды, іскерлік, төзімділікті қалыптастыру.

Таным - ой-өрісті кеңейту, дүниені тану, білім алу, ғылым-білімді жүйелі меңгеру, ақыл-ойдың дамуы.

 

Тұлға дамуының қозғаушы күші – қарама-қайшылықтар. Ол іс-әрекеттер мен қарым-қатынастарда, өзін-өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттіліктен туындайды.

ü Ішкі қарама-қайшылық – жеке тұлғаның ойы қоршаған ортамен, табиғатпен байланыспағанда туындайтын қарама-қайшылық;

ü Сыртқы қарама-қайшылық – қоршаған ортаның талап-тілектері мен заңдарына, тәртібіне, қағидаларына жеке тұлғаның іс-әрекеті арасындағы қарама-қайшылық;

ü Жалпы қарама-қайшылық – жеке тұлғаның ойы, талап–тілектері, іс-әрекетінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қағидалар мен заңдар, рухани дүние мен материалдық жағдай арасындағы қарама-қайшылық.

 

Жеке ерекшелік - әрбір баланың даму кезеңінде байқалатын психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері (дарындылық, қабілеттілік, темперамент, т.б.), қасиеттерінің өзгешеліктері, яғни адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі. Әркім жеке ерекшеліктері – табиғи және тіршілігінің жағдайына байланысты қалыптасады.

Дарындылық – адамның интеллектуалдык мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылының деңгейі мен өзіндік ерекшелігі.

Қабілеттілік бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.

Темперамент - жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін меншікті дара өзгешелігі.

 


 

 




Дата добавления: 2015-04-12; просмотров: 238 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | <== 3 ==> | 4 | 5 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав