Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқытудың жеке бағдарламасын қолданудың басымдылықтары.

Читайте также:
  1. Бастауыш мектепте оқыту әдістемесін, дамыта оқытудың негізін қалаған педагог
  2. Көруінде бұзылуы бар балаларға арналған жалпы білім беретін мектепте оқытудың шарттары.
  3. Оқытудың нәтижелері
  4. Проблемаға негізделген оқытудың нәтижелеріне жету жолдары.
  5. Сөйлеуінде бұзылуы бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқытудың шарттары.
  6. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы бар балаларды жалпы білім беретін орта мектепте оқытудың шарттары.

Оқытудың жеке бағдарламаларын қолдану және жеке жоспарлау келесі басымдылықтарды құрады:

- оқытуды жүргізетін жауапты қызметкердің жауапкершілігін қамтамасыз етуге көмек береді, оқу жоспарында айқын бағдарлары, адрестік және нақты анықталған бағдарлары болады;

- стандартты оқу жоспарын дараландырудың жеткіліксіздігінің орнын толтырады – көп жағдайда стандартты оқу жоспары әртүрлі мүмкіндіктері бар баланың өмірімен жеткіліксіз жан-жақты үйлесе бермейді;

- ата-аналарға баланы неге оқытуды білуге мүмкіндік береді;

- жоспардың құрылымы баламен жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге оны оқытудың маңызды салаларына зейінін шоғырландыруға мүмкіндік береді;

- балаға оқу жоспарының қандай тарауларын оқытудың қажеттілігі туралы дәл ақпарат ұсынады;

- баланы оқытуда талап етілетін қосалқы ресурстар мен қолдаушы сервистерді белгілеуге мүмкіндік береді;

- оқушылардың білімін бағалау процедурасын жүргізудің шекарасын құрады.

Оқу үдерісінде білім алушылардың білімі мен біліктеріне жалпы білім беру стандартындағы қойылатын талаптарға жауап беретін, бағдарламалық материалды психикалық дамуында тежелуі бар балалардың табысты меңгеруіне ықпал ететін, арнайы құрастырылған оқу-әдістемелік кешенді қолдану қажет.

Бұл:

- оқулық-дәптерлер, ана тілінен, математикадан, екінші тілден, қоршаған дүниемен танысу, технология, бейнелеуден бастауыш сынып оқушыларына арналған бастап негіздері бар дәптер;

- әрдеңгейлі тапсырмалары және бақылау жұмыстары бар оқушылар үшін жеке дидактикалық пакеттер;

- барлық оқу пәндері бойынша, бірінші және екінші дәрежедегі оқушылардың білім, білік және дағдыларын бағалауға арналған дидактикалық материалдар.

Педагогтің Стандартта белгіленген оқу-тәрбие үдерісіндегі мақсаттарға жету үшін дидактикалық материалдар мен оқулықтарды өз бетімен таңдау құқығы болады.

Инклюзивті мектепте мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі енгізілген баланың жеке білім алу бағдарламасын жобалауы және инклюзивті сыныптағы білім беру үдерісін жобалау арқылы жүзеге асырылады.

Жеке білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың даму ерекшеліктері мен білім алу қажеттіліктеріне сүйеніп, шынайы мүмкіндіктеріне сәйкес білім беру үдерісін құру.

Оқытудың жеке бағдарламасы - бұл белгілі уақыт арасында баланы оқытудың негізгі мәселелеріне жинақталған және нақтыланған, құрастырылған және арнайы үлгіде жазылған жоспар.Жеке білім беру бағдарламасы баланың жалпы білім беретін мектептегі жеке білім алу маршрутын жүзеге асырады. Жеке білім беру бағдарламасын (ИОП) мектептегі психологиялық-медико-педагогикалық консилиумның мамандары құрастырады. Жеке білім беру бағдарламасының міндетті компоненті ретінде, баланың қысқаша психологиялық-педагогикалық мінездемесі, түзетуші-дамытушы жұмыстың мақсаты мен міндеттері, бағдарламаның мазмұны, сонымен бірге баланың дайындығына қойылатын талаптар алынады, олар баланың психофизикалық дамуының құрамдастарының динамикасы деңгейінде, жеке оқу бағдарламасының мазмұнын жүзеге асырудың толыққандылығын бағалауға мүмкіндік береді.

3. Жеке білім беру бағдарламасының құрылымы келесі өзара байланысқан тараулардан тұрады:

- мекеменің атауы көрсетілген бағдарламаның титул беті, бағдарламаның қызметі, жүзеге асыру мерзімі, бағдарламаның адрестігі (білім алушының тегі, аты, оқыған жылы), басшының бекіту грифі, ата-аналармен және мектептің ПМПК төрағасымен келісімі, маманды атап көрсету;

- түсіндірме хат, онда қажетті дәрежеде қалыптаспаған, қалыптасқан біліктер мен дағдылардың тізімі бар, баланың қысқаша психологиялық-педагогикалық мінездемесі, жеке білім беру бағдарламасының құрылымы, оның мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі;

- жеке оқу жоспары.

Жеке оқу бағдарламасының мазмұнына үш негізгі блок енеді:

- білім беру компоненті;

- коррекциялық компонент, оның аясында білім алушылардың қамтамасыз ету мамандарымен (логопед-мұғалім, дефектолог-мұғалім, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, медициналық қызметкер) түзету жұмысының бағыттары, аталған жұмыстың тәсілдері, әдістері, формалары, ата-аналарға және мұғалімдерге мамандардың ұсыныстары баяндалады.

- тәрбиелік компонент, ол білім алушылардың ата-аналарына арналған ұсыныстары бар сынып жетекшісінің бөлімін қамтиды;

- білім алушылардың жетістіктерінің мониторингі, онда білім алушылардың психикалық және психологиялық даму көрсеткіштерінің динамикасы деңгейінде және түйінді құзырлылықтардың қалыптасу деңгейінде бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижелері нақты құрастырылады;

- қорытынды және ұсыныстар, онда аралық диагностиканың нәтижелері және оқу жылының соңында, қорытынды психологиялық-медико-педагогикалық консилиумның аясында, аталған мәселені біртұтас талқылауда жеке бағдарламаны жүзеге асыру туралы қорытынды және түзетулер негізделіп енгізіледі.

Жеке білім беру бағдарламасы (жоспар) құрастыру аясында білім беру бағдарламасын бейімдеу бойынша мұғалімнің іс-әрекеті, жұмыстың келесі түрлерін қамтиды:

1.Педагогикалық диагностика;

2.Мүмкіндігі шектеулі балаларға белгілі бір оқу пәнін меңгеруде көмек берудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

3.Мүмкіндігі шектеулі баланың меңгеруі үшін міндетті, әмбебап оқу әрекеттерін, маңызды дидактикалық бірліктерді айқындау мақсатында, пән бойынша білім беру бағдарламасын талдау;

4.Пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, әрбір тақырыпта дидактикалық бірліктерді, әмбебап оқу әрекеттерін белгілеу, арнайы жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасындағы тақырыбымен немесе мазмұнымен салыстыру;

5.Мүмкіндігі шектеулі баланың аталған тақырыпты меңгерудің болжанатын деңгейіне сәйкес, белгілі бір тақырып бойынша сабақтың мақсаттары мен міндеттерін қою.

Жеке білім беру бағдарламасымен жұмыс істердің алдында, педагогтар әртүрлі мамандардың балаларды диагностикалау нәтижелерімен танысу аса қажет болады, ол келесі мәселелерді анықтау үшін қажет:

- ерекше мұқтаждықтардың сипаты;

- оқушылардың дамуының өзекті деңгейі;

- баланың әлеуетті жеке мүмкіндіктері, «жақын даму аймағы».

Жоспардың құрылымы белгілі блок-сызба түрінде беріледі:

- оқушының болашақ және өмірлік жоспарларына қатысты нәтижелерді анықтау;

- жүргізілген кешенді бағалаудың қорытынды нәтижесі;

- ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтау;

- мінез-құлықты қалыптастыру бойынша міндеттер;

- жетістіктер индикаторы;

- оқытудың тұғырлары және инклюзивті стратегиялар;

- мониторингті жүргізудің уақыты мен стратегиясын анықтау, бағдарламаны қайта қарастыру.




Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 120 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | <== 2 ==> |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав