Читайте также:
|
|
Қола дәуір – біздің заманға дйін ІІІ-ІІ мыңжыл (XVIII-VIII ғасыр бздің заманға дейінгі).
Біздің заманға дейінгі ІІ мың жылдық адам қоғамының дамуының жаңа сапалы сатысымен анықталады. Бұл кезең өндірістік шаруашылықтың толық жеңісі және рулық қатынастардың ыдырауының басы болды. Мәдени және этникалық қатынастарда – Қазақстан аумағында және оған шекаралас жерлерде туыстық тайпалар таралу аймағының қосылу кезеңі болды. Андроново селосы жанынан Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде табылған алғашқы қазбалар орнына байланысты андронов мәдениеті атауына ие болды.Андронов мәдениетінің зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі»: ерте қола – б.з. дейінгі 18-15 ғ.ғ.(Нүра кезеңі-Орталық Қазақстан; Федеров кезеңі-Солтүстік Қазақстан); орта қола – б.з. дейінгі 15 – 12ғ.ғ., (Алакөл кезеңі-Орталық Қазақстан, Атасу кезеңі-Солтүстік Қазақстан); кейінгі қола – б.з. дейінгі 12 – 8 ғ.ғ. басы (Андронов мәдениеті көшпелі мәдени бірлікпен алмастырылды – Беғазы-Дәндібай мәдениеті-Орталық Қазақстан, Қима мәдениеті-Батыс Қазақстанда қалыптасқан).
Қола дәуірінің бірінші ерекшелігі – алтын және полиметалдарды өндірістік игеру. Қазақстанның орталық, шығыс, солтүстік аудандарында археологтар көптеген ежелгі қазбалар ашты.Тау-кен өндірісі процесін толық қалпына келтіруге қол жеткізілді. Қалайы, алтын, мыс өндірудің жалпы белгілерін біз білеміз. Қалайы мен мыстың қоспасы – қола пайда болды. Қазақстан аумағында қалайы мен мыстың қоспасы – қола пайда болды. Қазақстан аумағында қалайы мен мыстың шикізат ретінде мол болуы, қола металлургиясының гүлденуіне жол ашты.Алғашқы тайпалардың шаруашылығының екінші ерекшелігі, мал шаруашылығындағы ерекше жетістіктері және оны ежелгі өндірістің жетекші саласына айналдыруында болды. Бұл жетістікке қысқа мал азығын дайындау және ет тағамдарымен өздерін толық қамту үшін малды қолда ұстау нәтижесінде қол жетті. Біздің заманымызға дейінгі ІІ мыңжылдық және І мыңжылдық басында тіршіліктің жаңа түріне, яғни сапалы мал шаруашылығына көшу жағдайлары қалыптаса бастады.Қола дәуірінде мал шаруашылығының дамуы – (үй жануарларын өсіру, бағу, аттарды үйрету, малды күзету) – ер адамдардың еңбегін қажет етті, сөйтіп енді қоғамда ер адамның ролі өсті, аталық дәуірдің орнауына әкеп соқты. Матриархаттың орнына патриархат келді.Енді аңшылық немесе жеміс-жидек жинау емес, ең негізгі күнкөріс көзі – мал шаруашылығы болды. Онымен ірі оқиға байланысты: еңбекті ең алғашқы қоғамдық бөлу пайда болды, мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар жалпы халықтан бөліне бастады. Егіншілік те нәтижелі дамыды. Бидай, арпа, тары себілді. Қоланың: көне метталургиясы негізінде, мал шаруашылығы мен теселік егін шаруашылығы негізінде Қазақстан даласында таралу аумағы біздің мемлекетіміздің қазіргі шекарасынан неғұрлым кеңірек қамтылған бірыңғай мәдениет қалыптасты.Осы мәдениет таралған кеңістік, андронов мәдениеті атауына ие болды және батыста Оңтүстік Оралдан Енисейге дейін, шығыста Шығыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанға, Оңтүстікте Орта Азияның жерлерін қамтыды. Бұл қола дәуіріндегі Еуроазиядағы ең ірі мәдениеттің бірі болды.Андронов тайпаларының шаруашылығы кешенді сипат (мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы) алды. Бірақ, олар негізінен отырықшылық өмір сүрді және өз қоныстарын дала өзендері жағасында, жайылма шалғындарда орналастырып отырды.Бұл тайпалар үлкен аталық рулар отбасыларымен өмір сүрді, тұрақтары – жер үйлер, жеркепелер болса және оларға қосымша малға арналған шаруашылық қоралары салынды.Андроновшылардың салт дәстүр, діни нанымдарында қайтыс болғандар бейнелері өте зор роль алған. Олардың бәрі тірілермен өз байланысын үзбейді деп санаған. Өлгендердің ажалсыздығына сенім, ол жақтағы тіршілікке сенім, жерлеу дәстүрін бір керемет күрделі салт дәстүрге айналдырды. Тас қоршаумен жерлеу құрылыстары салынды. Өлгендерді не жақты, немесе табытта жерледі.
Андроновшылар қалай көрінеді? Олар нәсілдің түрі бойынша бет пішіні ерекше қоңқа мұрын, жалпақ бет, көздері үлкен европеоидтар болды. Олар – сомды денелі, ірі мүсінді адамдар болды.Ғалымдар болжауы бойынша тіл қатынастарында олар біздің заманға дейінгі ІІІ мың жылдық басында индоеуропа тілі құрамынан бөлініп шыққан, ірі индоиран тобына жатады.Андронов мәдениітінің шығу тегі туралы әрқилы гипотезалар бар:Біріншісі – бұл мәдениет Қазақстанның энеолиттік аңшылар мен жинақтаушылар ортасына өндірістік шаруашылық түрлері мен дағдыларын әкелген Орталық Азия жұртының көшу нәтижесі деп жобалайды.Екіншілері – андроновтықтардың шығу тегін біздің заманға дейінгі ІІІ мың жыл бұрын индоеуропалықтардың өздерінің алғашқы Отаны – Оңтүстік шығыс Еуропа, оңтүстік және батыс бағытта көшуімен байланыстырады.Үшіншілері – бұл мәдениет біздің заманға дейінгі XVIII ғасырда қазақ даласының солтүстігінде энеолит тайпаларының табиғи дамуының негізінде туды деп болжамдайды.Біздің заманға дейінгі ІІ мыңжылдыққа қарай ежелгі Қазақстан экономикасы мен қоғамында едәуір өзгерістер байқалады. Андроновтықтар жүйесі күрделі өзгерістерге ұшырады. Орталық Қазақстанның асқан некропольдары, жоғары сапалы және бай әшекеленген геометриялық өрнектермен оюланған керамика Жезқазған, Зырян аумағының 100-ге тарта қоныстарында табылған.Біздің заманның XV ғасырына дейінгі кезең, андронов мәдениетінің гүлдену кезеңі, бұл кезеңде көшпелі шаруашылыққа көшу кезеңінің буыны болатын мал шаруашылығының жаңа түрі – жайылымдық түрі туды.Малшылар көктемде малдың бір бөлігін алыс жайылымдарға немесе шабындықтарға айдап әкетіп, өздері сол малмен бірге көшіп, тек күзде ғана елді мекендерге оралып отырды. Алыс жайылымдарда жеңіл үйшіктер, киіз үйлер тұрғызатын еді. Тұрақтар маңайында малшылар қазған құдықтар болады.Өмір кешудің мұндай өзгерістеріне себеп табынның құрамында көбірек қой, жылқы т.б. қардың астынан жайылым теуіп жейтін және ұзақ жолға шыдамды жануарлар болатын.Ұзақ көштерге шыдамды бейімделген төрт дөңгелекті арбаларға орналастырылған киіз үйлер пайда болды. Бұл дәуірде ежелгі Қазақстанның оңтүстік жұртшылығы түгелдей көшпелі мал шаруашылығына ауыспады (Сырдарияның етегі), олар егіншілікпен айналысты. Осы кезеңде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің өзара байланысы мен қатынасы анықталып, соңғы мыңжылдықтағы Қазақстан тарихына өшпес таңба қалдырды.Металлдарды, мыс, қола, күміс, алтын, т.б. игеру жаңа дәуірдің белгілерінің бірі болды. Біздің заманның IV мыңжылдық соңында Орта Шығыста мемлекеттер пайда бола бастады. Мұнда алғашқы өмір сипаты аяқталды, бірақ, ол жер шарының көп бөлігінде әлі де жалғасты.Мал шаруашылығымен және егіншілікпен үнемі шұғылданған адамдар өздеріне қанша азық-түлік қажет болса, сонша дайындауға мүмкіндік алды. Ал артық дайындауларын өздерін басқа қолөнер: ыдыс дайындау, мата тоқу, тас, металл бұйымдар дайындауды үйренуге жұмсады, яғни айырбасқа азық-түлік берді. Дайындаған бұйымдарының бір бөлігін көрші, туысқандарына беріп отырды, ал олар орнына азық-түлікпен алмасты. Сонымен бірге қыстақтарда тәжірибелі: шаруашылық жұмыстарды, салт дәстүрлерді жақсы білетін адамдар да болды. Тұрғындар арасында келіспеушілік туған жағдайда солардың беделіне сүйеніп шешетін болды. Бұл адамдардың беделінен басқа өз шаруашылықтары болды, сондықтан көпшілік үшін жасаған өз кәсіптері үшін ешқандай ақы алмады.Бірақ қоғам өміріне басшылық ету күннен күнге күрделене түсті. Бұрынғы басшыларға өз шаруашылығымен шұғылдануға мүмкіндік бермейтін жаңа міндеттер қосылып отырды, сондықтан олар көпшілік өндірген азық-түліктің бір бөлігін алып отыратын болды.Алғашқыда көшбасшылар сайланбалы болды және оның билігі оның беделінде болды. Бірақ, біртіндеп олардың жақын туыстарынан ақсүйектер қалыптасты. Андроновшыларды жерлеудің өзі қоғамның жіктелуі әлеуметтік топтарға бөлінгені туралы түсінік береді, ол жерлеудің “байлар” мен “қарапайымдар”ға бөлінуінен көрінеді.Қоғамда қарапайым қауымдастықтармен, яғни өз руын қорғау жолында соғыспен жаугершілікпен, байлық пен даңқ әкелетін әскери ақсүйектер мен жауынгерлер де өмір сүрген.Андроновтылықтарда қару - соғыс қаруы және табыну заты. Жылқы-ат өлі адам жерлеу рәсімінде, қасиетті орындарда ең басты құрбандық табағы болды. Беғазы – Дәндібай мәдениеті. Археологиялық зерттеулер Орталық Қазақстандағы қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын анықтауға мүмкіндік берді. Академик Ә.Марғұлан тауып зерттеген Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті қола дәірдің соңғы кезеңі болып табылады.
Беғазы-дәндібай мәдениеті кезеңін сипаттайтын ескерткіштер Орталық Қазақстан өңірінен көп табылды. Олар: Жезқазған (Кресто, Петрохолм, Златоуст, Раймунд, Шақпақ т.б.) көне кен орындары; Жезқазған (Милықұдық, Сорқұдық, Айнакөл), Саяқ 3, Суықбұлақ, Тағыбайбұлақ, Атасу, Шортандыбұлақ, Қарқаралы 1,2 және басқа мыс балқыту орталықтары; Бұғылы1,2, Атасу 1, Шортандыбұлақ, Ақкезең, Қарқаралы 1,2 сияқты аса ірі қоныс, мекендері; аумағы 60-80 га-ға жететін тоғандар, бөгеттер, тоспалар, арықтар мен каналдар т.б. гидротехникалық құрылыстар; үлкен қорымдар мен тайпа көсемдері жерленген зәулім кесенелер (Беғазы, Бұғылы 2, 3, Ақсу-Аюлы 2, Сңғыру 1, Дәндібай, Айбас дарасы т.б.); бата жасап, табыну сияқты діни салттарды өткізу орындары – менгирлер тізбегі; қойтас, тұлпартас, түйетас және аютас т.б. үй жануарлары мен жыртқыш аң мүсіндері, тас бетіндегі таңбалы сүреттер (Бұғылы, Қарасай, Қойшоқы, Сартабан, Қанаттас, Аққойтас, Байқоңыр, Теректі әулие т.б.)Археологиялық зерттеу материалдары Беғазы-дәндібай мәдениеті қола дәуірірі алғашқы кезеңдерінің тікелей жалғасы екенін дәлелдейді. Олардан қола дәуірі кезеңдерінің өзара байланыстары мен жүйелі хронологиялық дамуы жақсы көрінеді. Демек, Беғазы-дәндібай мәдениеті кола дәуіріндегі мәдениеттерін қарапайым түрінен, күрделі, жетілген сатысына өткен заңды жалғасты деп қорытындылауға мүмкіндік береді. Бұл тайпалар ішінде нәсілдік өзгеріс болмаса да, тұрмысы мен мәдениетінде ерекше дамығандық аңғарылды. Олар, әсіресе, сәулет-құрылыс өнерінде, керамика жасау, металл өндеу кәсібі салаларында анық байқалады.Беғазы-дәндібай ескерткіштері құрылымының күрделігімен, көрнектілігімен, сәулет құрылыстарын салудың жоғары техникасымен көзге түседі. Кең тараған аса ірі, ғажайып бейіт құрылыстары – оба, кесенелер бұл кезең қола дәуірінің ең жетілген, жоғары дамыған кезеңі екенін көрсетеді.Көне құрылысшылар кесенелерді қақпақ тастармен салуда аса үлкен жетістіктерге жеткен. Беғазы құрылыстары сыртын қақпақ тастармен қаптаған қабырлғаларын қалауда, олардың іргесін мықтап бекітіп, арасын ұсақ тастармен толтыруда, контрфорстар қоюда, тік ұстындар тұрғызу мен шатыр төбесін жабуда қалыптасқан құрылыс тәсілін еркін меңгерген.Сырдария бойындағы балшықтан салынған Түгіскен кесенелердінің құрылысы, Беғазы тас кесенелерімен қатты ұқсас. Бұл жағдай малшы тайпалардың Сарыарқа мен көне Яксарт аралығында осы кезден бастап көшіп-қонып жүргенін көрсетеді. Осының нәтижесінде бір типтес кесенелер тұрғызу қалыптасқан. Кейін сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар және кейінгі көшпелілер кезінде осылай көшіп-қону кең дамыған. Қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан тайпалары отырықшы болған. Қоныстары өзен бойлары мен тау аңғарларына салынған. Жартылай жертөлелер мен жер бетіндегі тұрғын үйлерде тұрған. Малшылық, теселі егіншілік, металлургия және ұсақ кәсіпшілігі басым, сан-салалары кәсіппен айналысқан. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы біртіндеп көшпелі малшылыққа өтуге қолайлы алғышарт жасаған.Қола дәуірі қоныстары Тоқырауын, Нұра, Сарысу, Атасу, Есіл, Сілеті, Шіндерті, Түндік, Жарлы т.б. өзендері мен олардың салаларының бойына жиі салынған. Кейде өзендерден алыс, суы аз Солтүстік Балқашта, Бетпақдаланың солтүстігінде, Жеэқазған өңірінде де кездеседі. Бұл жерлерде суды құдықтардан, қолдан жасаған су қоймаларынан алған. Мұндай құрылыстар Жезқазған (Милықұдық, Айнакөл, Соркұдық) және Ұлытау қоныстарында ұшырасады.
Тұрғын үй құрылысы, рулық ұйым принципі мен ұжымдық шаруашылық негізіне сәйкес салынды. Патриархалдық бірнеше отбасы ошағы ортақ бір үйде тұрды. Шаруашылыққа арналған құрылыстар да тұрғын жаймен бірге тұрғызылды. Үй жанынан салынған тамбурларда немесе үй ішінде металл балқытып, оны өңдейтін және керамика жасау шеберханалары да болған.Қола дәірінің соңына қарай үй жер бетіне тастан қаланып салынған (Атасу, Бұғылы 1, 2, Тағыбайбұлақ, Беғазы, Ортау). Жеке-жеке ошақтары бар көп бөлмелі тұрғын үйлер пайда болады (Ақкезен, Бұғылы 1, 2, Ортау, Бесоба, Қаратомар, Тағыбайболақ, Атасу, Суықбұлақ). Бұл үйлерді салғанда кесенелерді тұрғызу кезіндегі екі түрлі құрылыс әдістері қолданылған. Біріншісі – үйдің қабырғасын аса гранит тастар мен плиталарды жерге екі қатар етіп тігінен көміп тұрғызу. Бұл Беғазы-дәндібай мәдениетінің алғашқы кезеңіне тән еді. Екіншісі - әдейі іріктелген тақта тастардан көлденен қалау арқылы салу. Үй салудың екі әдісінде де қаланған қаптамамен екі арадағы қуыс тастардың ұсақ сынықтарымен толтырылған, лай құйылып, әбден тығыздалған. Төбе ішкі үй тіректеріне сай келетін жалпақ тастармен, пирамидалы-сатылы жақтау түріндегі бөренелермен жабылған. Үй салуда кеңінен қолданылған (Шортандыбұлақ, Суықбұлақ). Жезқазған қонысында қабырғалары саз балшықтан да тұрғызылған үйлердің қалдықтары сақталған.
Жезқазған қонысының тұрғындары үй мен қора-қопсы қалдықтары, бейіт құрылыстары мен көне рудниктер, мыс балқытатын пештер және басқа көптеген ескерткіштер қалдырды.Мал өсіру, кен өндіру мен металл балқыту сияқты шаруашылықтың жаңа түрлері қоғамдық өмірде ерлерді жетекше орынға шығарды. Материалдық байлық өндірісі мен қоғамдық саладағы ерлер беделінің басым болуы, патриархалдық – үлкендерге құрмет көрсету, тайпа көсемдерін пір тұту дәстүрін туғызады. Осының негізінде ата-бабаға табыну салты қалыптасты. Ру-тайпа көсемдеріне арнап ғажайып бейіт құрылыстары салынып, биік обалар тұғызылған.Діни нанымның алғашқы түрі күн мен айға, жұлдыздарға табыну болған. Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің зираттарында отқа сиыну белгілері сақталған. Күн мен ай, жұлдыз бейнелері Желтау, Батпақсу қоныстарынан, құрбандық шелған жердегі от орындары, мәйітті қояр алдындағы көр ішін отпен аластау белгілері Беғазы 1, Бұғылы 3, Саңғыру 1, Айбас дарасы қоныстарынан табылған. Тас қабар ішінен күн мен оттың сұрапыл күшін бейнелейтін қызыл охра, ағаш көмірінің ұйіндісі жиі кездеседі (Балақұлболды, Беласар қоныстары). Осындай діни наным белгілері Бұғылы 1, 2, Шылым, Ортау, Балақұлболды қоныстарындағы арнайы табыну орындары мен Беғазы 1, Бұғылы 3, Саңғыру 2, Айбас дарасындағы қорымдар ішінде сақталған. Ертедегі мегалиттік ескерткіштердің біріне менгирлер жатады. Мұндай тәңірге табыну орындары Орталық Қазақстанда жиі кездеседі. Ерте заманда менгирлердің жанында діни салт-жоралғылар өткізілген, ас беріліп, құрбандық шалынған және тәңірге табыну орны белгіленген. Менгирлер басында ертедегі малшылар көктемгі мал төлдетуге, күйек алуға т.б. арналған салттарын, егіншілер егін егу, астық жинау сияқты салт-жоралғыларын жасаған. Менгирлер тігінен көмілген биіктігі 2-6 м мөлшеріндегі төрт қырлы немесе жұмыр тас бағандар түрінде орнатылған. Олар жеке немесе тізбектеліп тұрғызылған.Тас өндеу кәсібі негізінен неолиттен бастау алады. Адам қоладәуіріне тас өндеу ісіндегі мыңдаған жылдық тәжірибемен келді. Оның үстіне металл құралдардың пайда болуы көне шеберлердің тасты аса жоғары шеберлікпен өңдеуіне жағдай туғызды. Осының нәтижесінде менгирлер, жетілген тас құралдар және тастан тұрпайы қашалған адам мен жануарлар мүсіндері пайда болды.Орталық Қазақстан тайпаларының басты кәсібінің бірі металл өндеу болғанын мұнан табылған қола заттар айқын аңғартады. Олар: құрал-сайман, қару-жарақ, әшекей бұйымдары. Қола қайла, сүймен, шот, балта сияқты құрал-саймандар, көне металлургтер қоныстарын (Атасу, Шортандыбұлақ, Қарқаралы 1, 2, Степняк, Бестөбе т.б.) қазғанда табылды. Қоладан жасалынған жебе ұштары мен сүңгі де ұшырасып отырады. Бұл заттар тұрмыстық қажеттілігімен қатар өнер туындысы ретінде де құнды. Оларды жасаушы ұсталар заттың әсем болуына да назар аударған.Әшекей бұйымдарын жасауда металл өңдеу өнері жоғары дәрежеге жетті. Әшекей бұйымдар сыртқы пішінінің әдемілігі мен өңдеуінің тиянақтылығы, мүсіндік бейнелілігімен ерекшеленеді. Әдеттегі пуансон, бұдырлау, гофрировка т.б. тәсілдермен көптеген әшекей бұйымдар түрлері дайындалған. Көне зергерлер қола моншақтар мен екі басын құрама бұршақпен әшекейлеген білезіктерді асқан шеберлікпен жасаған. Беғазы-дәндібай мәдениеті кезінде төрт жапырақты розетка түріндегі жапсырма әшекейлер пайда болды. Төрт жапырақты розеткалардың әр қилы түрлері ертедегі көшпелілердің өрнектері мен металл бұйымдарын әшекейлеу ісінде кең тараған. Кейіннен төрт жапырақты композиция қыпшақтардың, онан соң қазақтар мен қырғыздардың өрнектеу өнерінің басты белгісіне айналды.Зергерлік өнердің қайталанбас туындыларының бірі алтыннан жасалған әшекей бұйымдар – білезік (Айбас дарасы қонысы), сырға және иіп жасаған алқа (Жыланды қонысы). Алтын мен қоладан жасалынған құралдардың, әшекей бұйымдардың көп табылуы Қазақстанның орталық және солтүстік батыс аудандарында мыс пен алтын өндірудің қарқынды түрде дамығанын көрсетеді. Осының арқасында қола дәуірінің шеберлері ғажайып өнер туындыларын жасаған. Орталық Қазақстанның қола дәуірінің жарқын ескерткіштерінің бірі – керамика. Жазба деректер болмағандықтан, керамика қола дәуірінің мерзімін көрсететін бірден-бір дерек көзі болып саналады. Сәулет құрылыстары сияқты қола дәуірі әр кезеңінің керамикасы өзіндік түрімен, әшекейімен және жасалу тәсілімен ерекшеленеді. Керамикалық ыдыстар екі түрлі тәсілмен жасалған. Түбі жалпақ ыдыстарды, алдымен түбін жасап, одан жоғары қарай таспа тәрізді саз балшықпен дөңгелете көтерген. Шар және жұқа ыдыстарды ішінен ойып, қабырғасын сығымдап, қысып шығарған. Керамиканы құм толтырылған кенеп дорбамен қалыптау – Орталық Қазақстан тұрғындарына ғана тән шеберлік. Керамикалық ыдыстар пайдаланылуына қарай ас ішетін және тамақ дайындайтын болып екіге бөлінген. Ас дайындайтын ыдыстардың қабырғасы қалың, дөрекі жасалынған, ұқыпсыз өрнектелген немесе әшекейленбеген. Қабырғасы жұқа ас ішетін ыдыстар сан түрлі – тостаған, кесе, құмыра т.б. Беғазы-дәндібай кезіндегі қоныстар мен зираттардағы керамиканың түрі мен өрнектері негізінен бірдей. Құмыралар тік мойынды, шар тәрізді сәл қайрылған ернеулі, торша тәрізді сәл қайрылған ернеулі, торша тәрізді және бедерлі өрнектелген болып келеді. Бұл белгілер Орталық Қазақстан қола дәуірінің ортаңғы және соңғы кезең керамикаларында басым кездеседі. Олар өзіндік қайталанбас белгілерімен үздік өнер туындылары саналады.Қорыта келе, Беғазы-дәндібай мәдениетінің Оңтүстік Сібірдегі Карасук мәдениетінен бөлек, өзінше дербес дамығанын атап өтуіміз керек. Беғазы-дәндібайдың материалдық мәдениеті туралы аса ғылыми мәліметтер жиынтығы бұл мәдениеттің бастауын Оңтүстік Сібірден емес, Орталық Қазақстандағы көне металлургия орталығынан іздеу керек екенін және дәлірек айтқанда, оның Карасук мәдениетіне тигізетін зор ықпалын айқын аңғартады Қазақстан тарихының көптеген жүз мың жылдыққа созылған алғашқы кезеңінің қысқаша мазмұны осындай. Алғашқыда жартылай адам, жартылай аң тастан ең қарапайым құралдар жасайтын. Ал соңында біз тәрізді адамдар, аң аулау, мал өсіруді, егін егуді, үй салуды, әр түрлі бұйымдар жасауды, қоладан құралдар жасауды меңгерген.Адамның хайуандық жағдайдан алғашқы мемлекеттер құрылуына алғышарттар туындауына және қазақстан аумағында өркениет белгілері пайда болған уақытқа дейінгі адамның қол жеткізген жетістіктерін шексіз атай беруге болады.
Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 122 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |