Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан территориясындағы қола дәуірі 3 страница

Читайте также:
  1. VI ғ. басы мен XIII ғасырлардағы Қазақстанның материалдық мәдениеті.
  2. Азақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi
  3. Азақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары
  4. Азақстан территориясындағы қола дәуірі 1 страница
  5. Азақстан территориясындағы қола дәуірі 2 страница
  6. Азақстан территориясындағы қола дәуірі 4 страница
  7. Азақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде.
  8. Азақстан экономикасындағы инвестициялық қызмет және инвестициялық ахуал.
  9. Азақстанда көпбалалы отбасы болып саналады, егер отбасында ... болса.

6) Батыс-Түрік, Түрік қағанаттары. Әлеуметтік – саяси, этникалық тарихы. Батыс – Түрік қағандығының территориясы: Алтай тауынан Тянь-Шань тауына дейін, шығыста Баркөлден бастап, батыстқа Арал теңізі мен Каспий теңізіңе дейін созылған кең алқапты алып жатты.Қағандықтың негізгі тірегі ежелгі үйсіндердін атамекенінде – қазіргі Жоңғар ойпаты мен Жетісуда еді. Батыс Түрік қағанатының аталуы “он екі ел” – яғни 10 оқтың мемлекеті, орталығы – Шу өзені аймағындағы (Жетісу) Суяб қаласы. Ол Түркі елі жаулап алған барлық жерлерінің; батыста – Шығыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан далалары және Солтүстік Кавказдың мұрагері болды.Осы ұлан-байтақ территорияны мекендеген түрік тілдес тайпалар: үйсін, қаңлы, дулат, түркеш, қарлық, теле, басмыл т.б. тайпалар Батыс-Түрік қағандығының құрамына қосылды. Батыс-Түрік қағандағы құрылған кезде шығыс жақтан келген түркі тілдес көшпелі тайпалар бұрыннан осы өңірді мекен еткен үйсін, қаңлы ұлыстарына араласып, етене болып, сіңісіп кетті.Тянь-Шаньның оңтүстігіндегі, Мәуараннахрдағы, Орта Азияның тағы басқа жерлеріндегі отырықшы аймақтар мен қалалар Батыс-Түрік қағандығына тәуелді болды. «Ұлы Жібек жолы» бұл елді басып өтті.Бұл жол сауда-саттықтың өркендеуіне жол жағалауындағы қалалардың көркеюіне игі ықпал жасап отырды. Сауданың өркеундеуіне байланысты ақша айналысы жарыққа шықты, сауда мен қолөнердің орталық қалалары гүлденді. Олар: Құлан, Неуакет, Тараз,Мерке қалалары еді.Қалаларда өндіріс құрал-жабдықтарын жасайтын теміршілік кәсібі, қыш құмыра өндірісі, тоқымашылық, ағашшылық, тері өңдеу, тағы басқа да қолөнер кәсіптері өркендеді. Шығыс Түркі қағанаты Түркі қағанатының шығыс иелігінің Қытайға дейінгі шекарасын қамтыды және оның орталығы Монғолияның Орхон өзені бойында болды. Бұл екі қағанаттың бір біріне көп айырмашылығы болды. Егер Шығыс түркі қағанатында көшпелі өмір салты басым болса, Батыс қағанатта халықтың бір бөлігі отырықшы өмір сүріп, егіншілікпен, қолөнермен және саудамен айналысқан. Қоғамдық ұйым да күрделене түсті. Тек бір ғана Шу алқабында VI-VIII ғасырда 18 ірі қала және басқа көптеген елді мекендер болған. Қалалар – Суяб, Тараз. Батыс-Түркі қағанатының гүлдену дәуірі Шеху (618-619 жж) қағаны және Тон-жабғы (618-630) мерзіміне жатады. Олар өздерінің ата бабаларының құдіретін жаңғыртып, әскери күшпен өз империяларының шекараларын Амудария мен Гиндушқа дейін ұлғайтты.

7) Түркеш қағанаты. Әлеуметтік – саяси, этникалық тарихы. Батыс-Түрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған қытай императорлық әулиетінің саяси-әскери әрекеттері қаған билігінің әлсіруіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана қалуына көбіне-көп себепші болды. Батыс-Түрік қағанатындағы тайпалардың арасында түргеш тайпалардын ықпалы күшейе берді. Қағанаттың негізін қалаушы Үш–Елік қаған билік басына 699 жылы Жетісуда келіп, Жетісудан қытайларды қуып шығып, мемлекетті Түргеш қағанаты деп атады. Мемлекеттің бас ордасы – Шу өзеніндегі Суяб қаласы.Осы қағанаттын бөлігінде қара түргеш тайпалары билік етті. Екінші кіші ордасы Іле өзеніндегі Кұнгіт қаласында болды.Ал кіші орда деген бөлігінде үстемдік сары түргеш тайпаларында болды. Күнгіт және солай аталанатын тайпа Іле өзені аңғарында орналасқан (олар мұнда 11 ғасырда да тұрған, мұны Махмуд Қашғари атап көрсеткен). Шежіреде айталығанындай, батыс түрік жерлері «шығыста солтүстік туцзюйлермен(яғни Шығыс түрік қағанатымен), батыста – хулармен (соғды князьдіктерімен) шектесіп, шығыста тікелей Сичжоу (Турфан) және Тинчоу (Бесбалық) аймақтарына дейінгі жерлерді алып жатқан.»Үш-Елік елді 20 облысқа (түтүктерге) бөлді, әрқайсысында 7000 әскер бар. Үш-Еліктің мұрагері Сақалдың кезінде тайпалық аристократтардың алғашқы бүліктері басталды. Оларды Қытай қолдады. Сақал әскері Қытай әскерлерін талқандады. 679-87 жылдары шығыс түркілері өздерінің тәуелсіздігі үшін қытаймен күрес нәтижесінде өз мемлекеттігін қалпына келтірді және енді Шығыс-Түрік мемлекеті шығыстан қауіп төндіретін болды.Тургешер екі топтың арасы өте-мөте ушығып түратын болатын. Үстемдік үшін күрестін барысында Іле түргештері Қапаған-қаған бастаған шығыс түріктерімен әскери одақ құрды. 711 жылы Шығыс-түрік әскері Қапаған – қаған Сақалды жеңіліске ұшыратты. Қара түргештер осы күрестен жеңіп шықты. Қара түргеш әскерінің қағаны, қолбасшысы және қаған руының мүшесі Сүлықпен қоса Сырдарияның арғы бетіне, Оңтүстік асып кетті. Олардың соңынан 712-713 жылы шығыс түрік әскері Тоньюкук басшылық еткен және Елтерінің балалары, болашақ Бильге қаған және Күлтегін, Соғдтан бірақ шықты. Осы жерде олар арабтармен Соғд жағында соғысып араб әскерінің қолбасшысы Күтейбаймен талқандалды, 714 жылы кейін шегініп Алтайдағы көтеріліс жасаған тайпалар қарсыластығынан отырып Орхонға қайта оралды. Сұлық Жетісуға қайта оралып, өзін (715-738жж) қаған деп жариялады. Әскери - әкімшілік билік қара түргештердің тайпасына көшті, олардың ордасы бұл кезде Таласқа (Тараз) ауыстырылған еді. Бірақ негізгі әскери Сұлықтың белсенділігі батысқа бағытталды, онда ол арабтарға қарсы Орта Азия мемлекеттерінің күресіне қосылды. 720-721 жылдары Соғдта түркілер арабтармен күрес жүргізді. 728-729 жылдары Самаркандта және Бұхарадағы халықтардың арабтарға қарсы ірі көтерілістерінде соғдылықтар түргеш қағандардан көмек сұрады.Түргештер Соғдқа басып кіріп оны арабтардан босатуға жақындап қалғанда, 732ж Джунейд Абдалла түргештерді талқандап Бұхараға кірді.737ж. түргештер Тохаристанға (Амударияның жоғарғы жағы) келді және арабтардан жеңілген Сұлық өлтірілді.Бұл “сары” және “қара” түргештер арасындағы билік үшін жиырма жылдық күрестің басталуына әкелді746 жылы Жетісуда Алтайдан Тарбағатайдан қарлұктар қоныс аударды. Өзара кикілжің күресте және арабтармен соғыста түргеш қағандар өз күштерін жоғалтып, қарлұқтарға қарсылық көрсете алмады. Осы кезеңде қытайлықтар белсенді саясат танытты. 748 жылы Қытайдың Шығыс Түркістандағы басқарушылары өз әскерлерін Суяб қаласына қарай бағыттап, оны жаулап алды, сонымен бірге Шаш (Ташкент) қаласын. Көмекке арабтар келді. 751 жылы Атлаг қаласы, яғни Тараз маңайы Талас өзенінде арабтар мен Қытай әскері бетпе-бет кездесті. Бірнеше күн олар ұрысқа кірісе алмай тұрды. Бесінші күні қытайларға тылдан қарлұқтар соққы жасады, сол уақытта барлық майдан шебімен арабтар шабуылға кірісті. Тан әскері қашып кетті. Осы шайқастан кейін Орта Азия мен Қазақстанда арабтар беделі басым болды, бірақ оларға қарсы күрес тоқталған жоқ. Арабтарға қарсы күрестегі белсенділік енді қарлұқтарға көшті, олар бұл кезде Жетісуда 756 жылы Түргеш қағанаты орнында өз мемлекетін құрған еді.

8) Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері, Оғыз конфедерациясы. Мекенi, әлеуметтiк-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi. Оғыз мемлекеті (9 – 11ғ) Бұл мемлекет Сырдарияның төменгі Арал мен батыс Қазақстанға тоғысатын жерінде орналасқан. Оғыздар құрамына негізінен Арал Каспий далаларының түркіленген халқы кірді, және сонымен қоса Жетісу мен Сібірдің түркі көшпелі тайпалары мен рулары кірген. Оғыздардың негізгі орталығы Жетісуда қалыптасты, бірақ түркі империясының таралуынан кейін, батысқа қозғалу барысында Батыс Қазақстанның көшпелі тұрғындары есебінен толықты. Оғыздардың астанасы Янгикент, Сырдарияның бойындағы қала болды. Оғыздар өз мемлекетін түркі қағанатының қалдықтарында құрды. Олардың қуатының басталуы ІХ ғасырда болды. Олар түркі тайпаларының Арал, Каспийді мекендеген печегнег көшпелі тайпаларын алып соққыға жықты.Арал бойында печенегтермен оғыздар арасындағы қақтығыстар жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оғыздардың және оның одақтасы Хазар қағанатының ығыстыруымен Еділ бойында және қазақстанның батысындағы печенегтер Қаратеңіз бойына қоныс аударды, сол жерде олар Х ғасырда Киев Русіне және Византияға басып кіруімен бүкіл елді дүр сілкіндірді.Оғыздардың нақты өрлеуі Х ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни 965 жылы олар Киев князі Святославпен Хазар мемлекетін талқандады.985 жылы Святославтың ұлы Владимир, қазіргі татар-чуваштардың ата бабалары – еділ бұлғарларына қарсы жорықта оғыздардың көмегісіз қимылдай алмады. Бұл оқиға Оғыз мемлекетін Алихан басқарып тұрған уақытқа тап келеді. Оның ізбасары Шахмелик 1041 жылы Хорезмді жаулап алды, бірақ 2 жылдан соң салжықтар қолынан қаза тапты. Салжықтармен жүргізілген бірнеше соғыстар мемлекеттің әлсіреуіне әкеп соқты және қыпшақтардың тықсыруымен оғыз мемлекеті құлады. Оғыздардың едәуір бөлігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға кетті. Қалған бөлігі Қарахан билігі астына кірді. Қалғандары түркі тілдес тайпалар арасына қосылды. М.Қашғаридің айтуына қарағанда олар 24 тайпадан тұрған және 2 топқа: бұзуқ және ұшык бөлінген. Әр топқа 12 тайпа кірген, олар басқа кіші топтарға бөлінген. Мемлекет басшысы – билеуші жабғы болған. Оның өзінің орынбасарлары кюль – еркіндері болған. Билік мұрагерлік болған. Жабғы жанында кеңес құрылған. Әскер қолбасшысы – сюбаши ерекше маңызды роль атқарған. Мемлекетте басқару аппараты болған. Малға жеке меншік болған, себебі негізгі кәсіп – көшпелі мал шаруашылығы. Көшпелі ақсүйектер қатардағы қауымдастардан алым – салық жинаған. Көшпелі халықпен қатар Оғыз мемлекетінде жартылай көшпелі, отырықшы тұрғындарда болған. Олар Дженд, Сауран, Фараб, Сығанак, Карнак қалаларында қоныстанған. Негізгі кәсібі – егіншілік және қолөнер. Әскери тұтқындар қатарынан құлдар да болған. Алым – салықтың аса көп арттырылуы, халықтың наразылығын тудырып, мемлекетті әлсіретті, көптеген соғыстар, күштірек түркі тайпаларының қысымы – осының бәрі оғыздар мемлекетінің құлауына себеп болды. Қимак мемлекеті (ІХ ғасыр ортасы Х ғасыр). ІХ ғасырдың ортасында қазақ даласында саяси сатыға қимақ-қыпшақ тайпалары шықты. 656 жылы Батыс түрік қағанатының құлауы нәтижесінде Қимақ тайпалық одағы туды. VIII ғасырдың екінші жартысында ІХ ғасыр басында қимақ тайпалары солтүстік батыс Монғолиямен бірге Қазақстан аумағына жылжыды. Солтүстік батыста – оңтүстік Оралға (негізінен қыпшақтар), оңтүстік батыста Сырдария мен Жетісудың солтүстік шығысы шегінде.840 жылы Ұйғыр қағанаты тарағаннан кейін орталық Монғолияның соған кірген тайпаларының бөлігі (Эймұр, баяндур, татар) қимақ бірлестігіне қосылды. Сөйтіп, сол кезде қимақ федерациясы құрамында 7 тайпадан: Эймур, имек, қыпшақ, татар, баяндур, ланиказ, аджлар тұратын қалыптасты. Қимақ тайпасының басшысына «байғү» титулын таға бастады. Ол өз бағынышындағы жерлерде ақсүйек тайпалардан билеушілер тағайындады. Кимек қағанатында 11 басқарушы болғаны белгілі. Қағанның және билеушілердің билігі мұрагерлік арқылы берілетін болған. Сөйтіп, үлестік – тайпалық жүйе қалыптасты. Ол қоғамдық құрылымдағы өзгерістер, қимақ қоғамында патриархалдық феодалдық қатынастардың пайда болу салдарының нәтижесі еді. Әскери және әкімшілік билік ірі тайпалық бірлестіктердің мүддесін қорғайтын үлесті билеушілер қолында болды.Ал негізінде олар қағанға бағынса да, әр қайсысы өз бетімен билеуге тырысты. Мемлекеттік аппарат халықты алым салық төлеуге мәжбүр етті, азық түлікпен, соның ішінде алтындай. Халықтың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы және аң аулау болды. Халықтың негізгі бөлігін – қатардағы қауымдастар құрады.Тұрғындар арасында егін шаруашылығымен, қолөнермен, балық аулаумен шұғылданатын отырықшы тайпалар болды. Олар ятуктар деп аталған.Мемлекеттің ішкі саясаты Шығыс Түркістандағы тоғызоғыздарға жортуылдармен және енисей қырғыздарына шабуылдармен анықталған.Бірақ қимақтар басқа мемлекеттер, мысалы қараханидтер тарапынан шабуылдарға кездесіп отырған.Қимақ мемлекеті құдіретті держава болды. Бірақ Х ғасырда оның құлдырау белгілері көріне бастады. Үлес басқаруашылары, байтақ, аумақтарды басқарып отыра өз қызметтерінде жалдамалы әскерге ие болды, сондықтан өзін-өзі билеуге тырысты, осы әрекеттер орталық биліктің әлсіреуіне, мемлекеттің ыдырауына әкелді. Х ғасырдың басында Солтүстік Қытайда қыдан (қарақытай) мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің жаугершілік жорықтары көшпелі тайпалардың Жетісудан Каспий теңізіне дейінгі кең байтақ аумақтарына қоныс аударуларына әкеп соқты. Осы көшу қозғалысында қимақ одағының тайпалары да болды. Осының нәтижесінде қазақ даласында қыпшақтар күшейді. Х ғасырда олар өз биліктерін қимақ қағанатының барлық аумағында және Сырдария өзенінің алқаптарында орнатқан еді. Қыпшақ бірлесулерінің қысымымен Қимақ қағанаты өз тіршілігін тоқтатты. Қыпшақ хандығы (ХІ ғасырдың басы - 1219 ж.) Қазақстан тарихында ерекше орын алатын – Қыпшақ мемлекеті. Олар қазақтардың тікелей ата бабалары, Дунайдан Ертіске дейін байтақ мемлекет құрған. Қыпшақ хандығы – классикалық көшпелі мемлекет. Қазақстан аумағындағы моңғол жаугершілігіне дейінгі ең ірі, құдіретті мемлекет. Орта Азияда, Еуропада қыпшақтарды қүмандар деп, Русьте – половецтар деп атаған. Қыпшақтар туралы әр тілде жазылған деректер сақталған. Қыпшақтар қимақтардың ұрпағы, қыпшақ мемлекеті құрылғанша қимақ конфедерациясының құрамына кірген. Қимақ қағанаты әлсірегенде түркі тілдес тайпалар Қазақстанның кең байтақ далаларына көше бастады. Олардың ең көбі және ықпалдысы қыпшақтар болды. Қыпшақтардың көне тарихы туралы бізге көп нәрсе белгісіз. Алғашқы рет олар туралы көне түрік көздерінде 760 жылы айтылған. Араб географы Ибн Хордадбек ІХ ғасырда өмір сүрген Қазақстанда VIII ғасырда мекендеген көшпелі қыпшақтар туралы деректер берген.Қыпшақ тайпалары алғашында Алтайда және Ертіс бойында өмір сүрген және қимақ тайпасының одағына кірген. Қыпшақ тайпалары сан жағынан өте көп және ержүрек батыл болған, сондықтан олар қимақтардан бөлінуге ұмтылған.Қазақстанның кең байтақ даласын: Орталық, Шығыс, Батыс Қазақстанды қамтып, олар Орта Азия және оңтүстік шығыс, Еуропа елдерімен байланысқа кіреді. ХІ ғасырдың бірінші жартысында қыпшақтар оғыздарды Сырдария бойынан, Аралдан, Каспий далаларынан ығыстырады.“Оғыздар даласында” әскери - саяси басымдылық енді қыпшақтарға көшеді. ХІ ғасырдың екінші жартысында бұл аймақтар қыпшақтар даласы – Дешт-и-Қыпшақ болып атала бастады. ХІ ғасырдың ортасында қыпшақ тайпалары Жайыққа Еділ бойына жылжыды. Қыпшақтар Маңғышлақты басып алды. Сонымен бірге олар Хорезм шекараларына жақын келді. ХІ ғасырдың ортасында қыпшақтарға Қазақстанның барлық дерлік Жетісудан басқа кең байтақ аумағы бағынды. Шығыс шекарасы Ертісте, оңтүстікте – Талас өзені бойында, солтүстікте – Батыс Сібір орманы. Осы кеңбайтақ аймақ Дешт-и-Қыпшақ деп аталған.Олардың Еділ үшін қозғалысынан кейін олар Русьте танылды және Шығыс Еуропа Византияға танылып, олардың шекарасы Днестрға дейін жетті. Қыпшақтар мемлекеті екі ірі этноаумақтық бірлестік құрды: Батыс қыпшақ – Тоқсоба уәлеті руынан және шығыс қыпшақ – Ельбөрі руынан, хандық билігімен.Сонымен VII ғасырдан бастап қыпшақ этникалық құрылым қалыптаса бастады.І-ші кезең – қимақ-қыпшақ тайпалық одағы. ІІ-ші кезең – VIII ғасырдан ХІ ғасырға дейін қыпшақ тайпаларының Ертістен Еділге дейін қоныстануы, қыпшақтар әлі де болса кимек тайпалары конфедерациясында болған. Қоныстану барысында қыпшақтар қарлұқтармен, оғыздармен, печенегтермен тығыз байланыста болған.Бір аймақта бірге өмір сүрулері, бұл тайпаларды тығыз жақындастырып, оларды қыпшақ тайпаларымен ассимиляцияланды. ХІ ғасырдың басында және ХІІ ғасыр – қыпшақ қауымдастығының дамуының үшінші кезеңі, бұл кезең қыпшақ ханы Ельбөрідің құдіреттігінің күшеюімен байланысты. Қыпшақ қауымдастығы өзіне қыпшақ тайпаларын ғана емес, түркі тілдес қимақ, құман, көш башқұрт, оғыз, қаңлы тайпаларын да қосып алды. Осы кезеңде ассимиляция барысында сондықтан қайымдастықтың қалыптасуында қыпшақ тайпаларының қандық туысқандық байланыстарын сақтауға ерекше мән берілді. Барлық тайпалар осы белгі астында қыпшақ тілінде сөйледі. Аймақ бірлігі, қарым қатынастар жүйесі, шаруашылық жүргізудің бірыңғай жүйесі – осының бәрі қыпшақ халқының қалыптасуына әкелді. Қыпшақтардың саяси салмағының өсуіне байланысты, тайпалармен, этникалық топтар өздерінің бірыңғай этносқа жататындықтарын сезіне отырып, қыпшақ этнонимін қабылдады. Бірақ қыпшақ халқының қалыптасуының шешуші кезеңі моңғол шапқыншыларымен үзілді.Қыпшақ ақсүейтері тайпалардың қоныстану аумағын едәуір кеңейтті. Шығыс Дешт-и-Қыпшақ оғыздармен Сырдария бойында Хорезммен салжықтармен, қараханидтермен соғысқа әкелді.Қыпшақ және қүман тайпаларының Дешт-и- Қыпшаққа ХІ ғасырдың ортасында қоныс аударуы Қыпшақ тайпаларының жағдайын күшейтті.Мемлекет басында Ельбөрі руынан шыққан хан тұрды, оның билігі мұрагерлікпен берілетін. Хан ордасы – Орда хан мүлкіне, әскерге билік етті, мұнда басқару аппараты да болды. Көне түркі дәстүрі бойынша хандық екі қанатқа бөлінді: оң қанат – ордасы Жайық өзеніне, сол қанаты – ордасы Сығанақта. Неғұрлым күштірік оң қанат болды.Әскери ұйымға, әскери әкімшілік жүйеге ерекше мән берілді, себебі олар көшпелі өмірдің ерекшелігін білдіретін және көшпелі өмірге ыңғайланған. Ақсүйектердің – хандар, тархандар, басқақтар, бек, байлардың иерархиялық қатаң жүйесі сақталды. Рулар мен тайпалар әлеуметтік мәніне қарай бөлінген. Мүліктік теңсіздіктің негізі – малға жеке меншік, оның ішінде жылқының саны. Малға жеке меншік, жердің жеке меншіктігіне әкелді. Жер қауымдастықтігі болғанмен, жайылымдарға хандар мен тайпалық ақсүйектер иелік етті. Көшпенділердің негізгі бөлігі – еркін қауымдастар, бірақ өзін және мүлкін мықты туыстарының қорғауына бере отырып, лар неғұрлым байлардан тәуелді бола бастады. Егер көшпенді малынан айырылса, ол отырықшы – ятук болатын еді. Әскери тұтқындар қатарынан құлдар болды. 1096 жылы қыпшақтар тайпасы Хорезмге шықты, бірақ хорезмшахтың салжықтармен одағы күштірек болды да, қыпшақтар Маңғышлаққа қайтып келді. Қыпшақтар қараханидтер шабуылына тап болып отырды және өз кезегінде Жетісуды шабуылдап отырды.ХІІ ғасырдың басында қыпшақтар Орта Азия билеушілері хорезмшахтармен Сырдария қалалары үшін күрес жүргізді, бірақ жеңіліске ұшырады. Хорезмшах әскерлері Атсыз Дешт-и-Қыпшаққа кірді. Бұл қыпшақ хандығының ыдырауының, өзара келіспеушілігінің басы еді. Хорезмшахтар қыпшақ ақсүйектерін өз жағына шығарып алуға тырысты, сөйтіп қыпшақ хандығының абыройын жою үшін. Хорезмшахтар саясаты хандықта тұрақсыздық туғызды. Хорезмшахтар қыпшақтармен жақындасып, хан руының қыздарымен неке құрды. Осы себептер өз бетімен өмір сүруге ұмтылған қаңлылардың күшеюі, ішкі қайшылықтарды күшейтті. ХІІІ ғасырдың басында Хорезм шахы Мухаммадтың хандықтың ішкі істеріне араласуымен сығнақ облысы Хорезм құрамына кірді. Қыпшақ хандары Хорезмге қарсы күресті жалғастырды, бұл қарсыластық Моңғол шапқыншылығына дейін жалғасты. Шыңғысханның келуімен этникалық және саяси қатынастарда бірыңғай болмаған қыпшақ хандығы өз тіршілігін тоқтатты.Сонымен Х-ХІІІ ғасырларда Қазақстанның этникалық аумағында көшпенділердің мәдени, саяси, экономикалық өмірінде өзгерістер болды.Өндіріс күштерінің әрі қарай дамуы, көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік, қол өнер және сауда тайпалардың бірігуіне әкелді, сөйтіп неғұрлым ірі мемлекеттер құрылды. ХІ ғасырдың бірінші жартысында саяси гегемония Қазақстанның кең байтақ аумағында қыпшақ тайпаларының одағына көшті. Х ғасырда оңтүстік шығыс Қазақстанда күшті мұсылман мемлекеті – Қарахан хандығы құрылды. Ол Қазақстан тарихында ғана емес, жақын аудандарда да елеулі із қалдырды. Осы кезде қазіргі Қазақстан аумағынан ыста керейлер мен наймандар мемлекеті пайда болды, кейіннен қазақ халқын құрайтын тайпалар құрамына кірген.

9) Қарлұқ қағанаты. Қарахан мемлекеті. Мекенi, әлеуметтiк-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi. Қарлұқ мемлекеті (756-940жж) 6-7 ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс-Түрік және Шығыс-Түрік қағанаттары ықпалының аясына кірді. Орталық Азияда орын алған саяси қиын-қыстау кезеңдер барысында қарлұқ тайпаларының бірлестігі аумақтық және аумақтық және саяси жағынан ыдырады. Жазбаша деректерде қарлұқтардың бірқатар шағырланған топтары туралы хабарланған. шығыста олардың Отюкен таулы жерлерінде (Монғолия) Шығыс Түркістанда Бесбалық аймағында орналасқаны айтылған, ал ең онтүстігінде Ауғанстанның солтүстігінде Тоқарстанда ірге тепкен. Алайда олардың негізгі көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерін деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағындағы аумаққа орналасқан «үш қарлұқ» (қарлұқтардың үш тайпасы) бірлестігі ретінде пайда болды. Қарлұқ бірлестіктерінің құрамына үш ірі тайпа – бұлақ, себек, ташлық кіреді. Қарлұқ тайпалары одағының билеушісі «ельтебер» деген атақ алған. 657 жылы олардың негізгі қоныстанған ауданында қарлұқтардың үш аймағына қоса, тайпа басшылары басқаратын төртінші әкімшілік аймағы пайда болды.Шығыс және Батыс қағанаттардың күшеюіне немесе әлсіруіне қарай қарлұқтар кей кездерде түріктердін саяси-әлеуметтік бірлестігінің бірде біреуіне, енді екіншінісіне бағынып жүрді. 682 жылы Монғолияда Шығыс Түрік қағанаты құрылғаннан кейін қарлүқтар оларға тәуелді болды. Алайда, орхон жазуларында айтылғандай, қарлұқтар қағандарына қарай қарсы бірнеше рет көтеріліс жасаған және оларға соғыс жорықтарын жасап отырған. Қарлұқтардың бірінші жорығы 711-712 жылдары болған, бүл жөнінде Күлтегін мен оның інісінің құрметіне арналған ежелгі түрік жазбаларында айтылады. 715 жылы Білге-қаған мен Күлтегін қарлұқтарды жеңді. Қарлұқтарға қарсы жорықтар онан кейінгі жылдары дажасалды. Білге-қаған өлгеннен кейін (734 ж.) көп ұзамай шығыс түрік мемлекеті қүлады. 742 жылы Монғолия далаларында саяси үстемдік шығыс түріктердің билігін күйреткен үш тайпаның – қарлұқтардың, ұйғырлар мен басмылдардың одағына көшті. Аз уақытқа басмылдар көтерілді, сөйтіп солардың көсемі қаған етілді.Қарлұқтардың басшысы мен ұйғырлардың жетекшісі ябгу (жабғы) атағын алды. Көп кешікпей 744 жылы ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күштері басмылдардың тас-талқанын шығарды. Солжылы Ішкі Азияда түркі тілдес тайпалардың жаңа мемлекеттік құрылымы – Ұйғыр қағанаты пайда болды (744-840). VIII ғасырдың екінші жартысынан түркі тайпалары арасында жоғарғы бедел енді қарлұқ көсемдеріне көшті. Олар өз ұстанымдарын арабтар қарсылығына қарамастан Ферғанада күшейтті. Қарлұқтар билігі Жетісуда 756 жылы олар Сұяб, Тараз қалаларын алғанда толығымен бекіді. Сол кезден бастап қарлұқтар ұйғырлармен бақталасып Шығыс Түркістан үшін күрес бастады. Қарлұқтар басымдығымен Орта Азияның түркі тарихында батыс түркі тайпаларының мемлекеттігінің жаңғыруының жаңа белестері байланысты. Ірі тайпалық бірлестіктер, руна жазуларында үш қарлұқ деген атпен белгілі, Қытай жазба көздерінде VII ғасырда айтылады.Бұл тайпалардың көсемдері Елтебер титулын киген. Ұйғыр қағанаты құрылғанда оның басшы қағаны – ұйғыр тайпасының қолбасы, ал қарлұқтар көсемі оң ябғу (жабғы) титулын алды. Қағанат құрылғанға дейін ұйғырлар, қарлұқтар, басмылдар шығыс түркі қағанына қарсы күрескен. Басмылдар көтеріліп кетті, олардың көсемі қаған болды, қарлұқтар мен ұйғырлар ябғу болды, осыдан кейін қарлұқтармен ұйғырлар бірігіп басмылдарды талқандап Ұйғыр қағанатын құрды. Тарих қайталанады, қарлұқтар дербестікке ұмтылып, Ұйғыр қағанатынан бөлініп кетті. 766-775 жылдары қарлұқтар Қашғарияны жаулап алды. Жетісу аумағында, Оңтүстік Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар: тухси, шігіл, түргеш, азким, халадж, барсхандар мекендеген. Қарлұқтар билігіндегі тұрғындар: Орта Азиядағы және Таяу Шығыстағы ирантілдес соғдылар.Қарлұқ тайпалары Қазақстанның кең байтақ жерінде: Жоңғар Алатауынан Сырдарияға дейін, Балқаш пен Ыстық көл, Іле өзені, Шу, Талас өзендерін жағалай, Тянь Шань таулы аймақтарында қоныстанған.840 жылы Орта Азия далаларында Енисей қырғыздары Ұйғыр қағанатын талқандап, ұйғырларды Турфанға көшуіне мәжбүр етті. Испиджаб билеушісі қарлұқ жабғы Більге күл Қадырхан осы жағдаймен пайдалана қойды, оның бұл уақытта қаған титулы бартын. 840 жылы қарлұқ қағанаты Маверанахрдың Саманидтерімен күрес жүргізді. Самарқанд билеушісі жеңіске жетіп, Самарқандты жаулап алды. 893 жылы саманидтер Таразға қарай жорыққа шықты. Қарлұқтар мен саманидтер соғысы тоқтамады. Қарлұқтар арабтарға қарсы күресті, бірақ ол Қазақстанның тек оңтүстік облыстарын қамтыды. Араб жаугершілігі өзіне бағынышты халифат аймағындардың әлеуметтік экономикалық, саяси, мәдени өміріне ықпал етті және этникалық, тілдік процесстерге көп әсерін тигізді. Күрделі өзгерістердің қатарына, Ислам дінінің кіруімен араб тілінің жазуының кіруін атауға болады. Қарлұқтардың мемлекеттік құрылымы үлесті-тайпалық жүйенің дамыған түрімен сипатталады, және бұл жүйе орталықтан басқаруға келмеді. Қарлұқтар жабғы билігі атаулы бағалы болды. Ірі тайпалар басындағы үлестік билеушілер, өз иеліктерін күшейтуге тырысты. Әскери - әкімшілік жүйе бар болды. Қарлұқтар қоғамында әлеуметтік, сословиелік теңсіздіктер ерекше байқалды. Тұрғындардың негізгі бөлігін қатардағы қауымдастар құрады. Өз әлеуметтік мағыналарына қарай рулар мен тайпалар бөлінді. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйектері тек жайылымға ғана емес, сондай ақ қала орталықтарына да иелік етті – мұнда 25 қалалар мен елді мекендер болды. Қарлұқтар орталығы – Баласағұн қаласы және басқа қалалары елшілік тракт және сауда орталығы ретінде үлкен мағынасы бар Ұлы Жібек Жолында орналасқан және бұл жол мәдени және рухани байланыстар жолы болды.Арабтар 812-817 жылдары Отырар ауданына бірқатар жорықтар жасады. Қарлұқтар мемлекетін өзара кикілжің, билікке талас, жайылымға талас биледі. Бұл мемлекеттің әлсіреуіне әкелді.Араб басқыншылары қоғам өмірінің және халықтардың тарихи тағдырының барлық деңгейіне әсерін тигізді. Сөйтіп, олардың мәдениетіне тиген ықпалынан бәріне ортақ мұсылмандық мәдениет қалыптаса бастады.Қарлұқтар мемлекеті Қашғар тайпаларының тысқыруымен 940 жылы құлады және оның орнына Қарахан мемлекеті пайда болды. Қарахан мемлекеті (942-1210) Қарахан қағанаты – жаңа түркі империясы, олардың билеушілері қарлұқтардан шыққан, оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қашғария аумағын мекендеген.940 жылы түркі тайпалары Қарлұқ қағанатының астанасы Баласағұнды жаулап алып, жаңа Қарахан хандығын құрды. Хандық билеушілері 990 жылы Тараз, Испиджаб қалаларын өздеріне қосып алды. Х ғасырдың аяғына қарай хандық аумағы, Амудария мен Жетісуге дейінгі және шығыста Қашғарияға дейінгі аралықты алып жатты.Жазба көздеріндегі деректерге қарасақ, қарахан ұрпақтарының шығу тегі бұрынғы Жабғы – Қарлұқтан шыққан. Бильге Күл Қадыр – қаған екендігі айтылған.Мемлекетте ең басты рольді екі тайпалық топтар – шігілдер мен яғма, яғни қарлұқ тайпаларының негізін құраған. Қарахан мемлекетінде билік осы екі топтың ақсүйектері арасында бөлінген. Бұл бөліс қағанаттың – шығыс және батыс бөлігі болып екіге бөлінуіне әкелді, олардың әр қайсысының өз қағаны болған. Бас қаған болып шығыс қаған саналған, оның ордасы Қашғар мен Баласағұнда болған. Ол шігілден шыққан және Арслан Қарахан қағаны титулын таққан. Батыс – кіші қаған Яғмадан, Боғра Қарақаған титулын таққан, оның ордасы Таразда, кейіннен Самарқандта болған. Билеушілердің ерекше иерархиясы болған әр қағанда, Арслан - илек және Бағра –илек, Арслан – тегін, Бағра –тегін. Алғаш рет биліктің дуалдық жүйесі бірінші қаған Арслан ханның ұлдары Бағыр Арслан –хан және Оғылшақ Қадыр хан кезеңіне жүзеге асырылып, мемлекеттің ыдырауы ХІ ғасырдың ортасына келеді.Оғылшақ кезеңінде саманид эмирі Исмаил ибн Ахмадтың 893 жылғы Таразға сапары жемісті басталып қарахандар мен саманидтер арасында Орта Азия үшін ұзақ та қантөгіс соғыстарға әкелді. Соғыстар бір ғасырдан артық уақытқа созылып саманидтердің толық құлдырауымен аяқталды. Олардың қарсыластарының билігі енді Амударияға дейін таралды. Орта Азия аумағында көптеген қарахан иеліктері құрылды, олардың Баласағұн қағанынан тәуелділігі мардымсыз, ал бір бірімен қатынастары достық қарым-қатынастан алыс еді Қарахандардың қалыптасуының негізгі оқиғасы - әулеттің және олардан тәуелді тайпалардың 960 жылы Сатуқ боғрахан басқаруы кезінде исламды қабылдауы болды. Ол исламды қабылдап, ол дінді мемлекеттік деп жариялап, жаңа есім Абд-аль-керім деп қабылдады. Бұл кезде араб мәдениеті, тілі, жазуы Орта Азия мен Қазақстанға кең тараған еді.Қарахан басқаруындағы тайпалар отырықшы өркениеттің зор ықпалына түсті. Түркі тайпалары осы жаңа жүйенің экономикалық және әлеуметтік қатынастарына тартылды, сол жүйенің бір бөлігі болды. Бұл түркілердің исламдануы, осы процесстің классикалық үлгісі – Қарахан мемлекеті. Қарахан мемлекетін басқарып отырған әулет өз алдына саяси мақсат та қойды, яғни исламдандыру арқылы мұсылман елдерінің көмегіне арқа сүйеді. Қарахан мемлекетінің оған дейінгі мемлекеттерден негізгі айырмасы - әскери басқаруы әкімшілік басқарудан бөлінуі болды. Бұл жүйенің мемлекетте орын алуы отырықшы – егіншілікпен айналысатын аудандардың, түркі тайпаларымен жақын орналасуы және олардың отырықшылық өмір құруы мен қолөнермен, егіншілікпен айналысуы болды. Қарахан мемлекеті – классикалық феодалдық мемлекетке неғұрлым жақын болды. Мемлекеттік - әкімшілік құрылым иерархия ұстамына негізделді. Қарахан мемлекетіндегі негізгі әлеуметтік-саяси институт - әскери-лендік жүйе болды. Басқарушылар өз туыстарын, немесе өзіне жақын адамдарды аудан, обылыс тұрғындарына мемлекет есебіне алым салық жинауға жұмсап отырған. Бұл жылу-жинау “иқта” деп аталған, оны жинайтын адам “мұқта” немесе “иқташы” деп аталған. Иқта институты Қазақстанның оңтүстігінде зор роль атқарған. Иқташы жер-жерде мемлекеттік биліктің барлық функциясын атқарған. Барлық өнім өндірушілер, көшпелілер, егіншілер одан тәуелді болған және мемлекеттік өкім ретінде иқташы жинайтын алым салықты төлеуге мәжбүр болған. Үлес – иқтаны ұстаушыларға әскер жинау міндетін билеушілер жүктеген. Өз бағынышындағы тұрғындарға ол әскери қызмет атқаруды міндеттеген. Сөйтіп, жер ұстаушы феодалдар класы – жер иеленушілер – жауынгерлер феодалдық мемлекет қалыптаса бастады, аталық рулық қауымдастықтан бөлінді.Тұрғындардың негізгі кәсібі көшпелі, жартылай көшпелі мал бағу, сонымен бірге ХІ-ХІІ ғасырларды Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда тайпалардың бір бөлігі егіншілікке көшіп, қала мәдениетіне қамтыла бастады. Бір тілдес, жазбалас этникалық қауымдастықтар біріге бастады.Түркілердің сана сезімінің оянуы Қарахандар кезеңінде түркі тіліндегі мұсылман әдебиетінің пайда болуына әкелді. Осы тілде сол кезеңнің мәдениетінің әр қилы белгілі өкілдері Әл Фараби, Жүсүп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Ясауи жазған.Ақсүйектер үлесінің бөлінуі, мемлекеттің көптеген үлестерге, тұрақсыз иеліктерге әкеп соқты. Икташылардың үлкен құқықтары болды, олар өз ақшаларын соқты. Әрқайсысы билікке ұмтылды, вассалдық қатынастарда жоғарғы иерархиялық сатыға ұмтылды. Бұл ішкі кикілжің туғызды. Қарахандардың саяси тарихында да өзгерістер бола бастады. 992 жылы олар Бұхараны жаулап алды. 999 жылы Қарахандар Газневидтер әулетіне Орта Азиядағы саманидтерді талқандауына көмектесті. Қарахандар мен газневидтер арасында достық қарым қатынастар қалыптасты. Екі мемлекет шекарасы Амудария болды. Қараханидтер солтүстікте Таразда қыпшақтармен шекаралас, батыста және оңтүстік батыста олар салжықтар және хорезмшахтар қарсылығына кездесті. ХІ ғасырдың 30-шы жылдарында Ыбрахым, Ибн Назир кезеңінде мемлекет екіге бөлінді: батыс – орталығы Бұқара Мәуәранахрды қоса алғанда, шығыс – оған Тараз, Испиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу және Қашғар кірді, астанасы Баласағұн қаласы. Осылайша Қарахан мемлекетінің құлдырауы басталды. Билікке талас басталды. Неғұрлым тыныш кезең Жүсүп Тағрулхан және Богра-хан Харун кезеңі 1059-1074 жылдарда болды.Олар кезеңінде батыс және шығыс бөліктердің шекарасы Сырдария бойымен өтетін болды. Тағрулдың қайтыс болуынан кейін оның барлық иелігі толық Баграханға көшті (1075-1102).1089 жылы ол салжықтардың вассалдық тәуелділігіне ұшырады. Олармен соғысты Қадырхан Жабрайыл жүргізді. Салжықтардың ықпалы Мәуәранахрда да күшейді. Біртіндеп Қараханидтар өз күшін жоғалта бастады.ХІІ ғасырдың басында Қарахан мемлекеті шекарасына Қыдандар немесе Қарақытайлар – тунгус - маньчжур тайпасынан шыққан, басып кірді. Олар Жетісуды, Баласағұнды және шығыстың барлық үлестерін жаулап алып батысқа бет алды. Қарахан – салжық әскерлерін 1141 жылы талқандағаннан кейін мемлекеттің екі бөлігінің де билігі қыдандарға көшті. 1210 жылы қараханидтердің батыс иеліктерінің жағдайы, мұнда осы жерді жаулап алып өз мемлекетін құрған наймандардың келуімен шиеленісті. Бұл кезде қарахандардың батыс бұтағы да толық талқандалған. Осымен Қарахан мемлекетінің тарихы аяқталды. Бірақ Қарахан мемлекеті кезеңі өте маңызды болды және түркі тайпалары тарихында ерекше орын алады. Ол түркі тілдес тайпалардың мәдени, экономикалық өмірінің едәуір алға басқандығымен сипатталады. Көшпенділер отырықшылыққа икемденді, қала мәдениеті өркендеді, жаңа дін қабылданды, түркі жазуының орнына араб графикасы қабылданды.Жаңа саяси жүйе қалыптасты.

10) Наймандар, керейлер – ірі Орта Азия тайпалары, негізінде мемлекеттік бірлесулер болған

– жинақты атауы Цзубу – көшпелілер Керей мемлекеті Х ғасырдың басында Алтайда қалыптасқан, бірақ олардың тарихы ғасырларға тереңдейді. Деректер VII ғасырда шеп, сеп, байлау, қойлау тайпалары және басқалар Шығыс түркі қағанаты қағанына қарсы көтерілгендігін дәлелдейді. Көтерілісті шеп тайпасының қолбасшысы Керин Еркін бастаған.607 жылы Керин Еркін хан болып сайланып, Изен-бала қаған титулына ие болған. Оның ордасы Бағда тауларында болды. Ол үнемі түркі қағандарымен күрес жүргізді. Керей – этнонимының тууы ғылымда әлі толық зерттелмеген. Монғолдардың “Қасиетті аңыздар” мен “Алтын кітабында” ол тайпалардың атауы керейт деп белгіленген. Парсы және көне түркі көздерінде де олар керейт ретінде белгілі.Рашид-ад-дин керейт тайпаларын: саха, дуба, таңға, алба, қарнын деп атайды. Олар түркі тілдес және телестік одақ тайпалары VII-VIII ғасырда өмір сүрген деген болжау айтылады. Ұлыс мемлекеті 10 ғасырда Шығыс Монғолияның Орхон өзені бойында қалыптасқан.1007 жылы кереиттер ханы Қытайдың және орта Азияның барлық христиандары бағынатын патриарх метрополит Лаврға несториандық мағыналы христиандыққа алу жөнінде өтініш жасады. Әлемдік діннің бірін мемлекеттік ретінде алу – кереиттер хандығының билігін күшейтті және кереиттер мемлекетін Орта Азиядағы мықты мемлекет қатарына айналдырды.Кереиттердің Тоғрыл ханының есімі әйгілі, ол өзіне көптеген Монғол тайпаларын бағындырды. Еуропада ол просвитер Иоган, Иоган королі ретінде танымал болды. 1200 жылы Тоғрыл хан монғолдың татар тайпасын талқандады. Онымен бірге осы жорыққа ұсақ монғол феодалы Темучин қатысты, ол 1202-1203 жылдары өз билігі астына бірнеше монғол тайпаларын біріктіріп өз бетінше жорыққа шығуға ниет білдірді. Күшейе түскен Темучин мен кереит билеушісі Тоғрыл хан арасында күншілдік туып, арты ашық соғысқа айналды. 1203 жылдың күзінде кереиттер талқандалып, олардың мемлекеті өз тіршілігін тоқтатты. Саха және дубо тайпаларының бір бөлігі монғолдардан Алтайға одан әрі солтүстік батысқа қашып, кейіннен туваларға, хакастар, алтайлықтар құрамына кірді. Сахалардың бір бөлігі Байқал өңірінде Лена бойында мекендеп қалды және якуттер құрамына кірді. Олардың атауының өзі Саха. Көптеген кереиттер Темучиннің Моңғол мемлекетінің құрамына кірді. Кереиттер біртіндеп моңғол тіліне көшті, наймандармен және меркіттермен бірге ойрат тайпасының негізін құрады. Кереиттердің тағы бір бөлігі Батыс Сібірге және Орта Ертіс, Тобыл, Есіл аймағына кетіп, түркі тілдес тайпалардың мемлекеттік бірлестіктерін ұйымдастырушылардың бірі болады. Әулет негізін қалаушы Тайбуға ханы болды.Шыңғысханды монғолдар қуып шыққанша, керейттердің солтүстік резиденциясы Хатун-балық қаласында Хуанхэнің оңтүстігінде болған. ХІІ ғасырдың екінші жартысында кереиттер ұлысы Тоғрылхан кезінде Селенгенің жоғарғы жағынан Хуанхэнің оңтүстігіне дейінгі жерді алған. Олардың наймандармен Қарақытай, ұйғыр, моңғол саяси этномәдениет байланыстары тығыз болған. 1203 жылы оларды Шыңғысхан басып алғаннан кейін керейттер мен наймандар Қазақстан аумағында пайда бола бастады және қазақ халқының орта жүзінің құрамына кірді. Наймандар: олар аралас этникалық құрамдас. Ғылымда олардың түркі тілдестігі туралы пікір бар. Найман – деген сөз сегіз деген санды білдіреді, конфедерация құрамына кірген тайпалар саны. Көне түркі жазуларындағы тайпалар одағы «Сегіз оғыз» зерттеушілермен наймандарды байланыстырады. VIII ғасырда оғыздардың тайпалық бірлестігі, Орхон өзенінің бойында Ертістің жоғарғы жағына дейін мекендеген. Сол жерде кейіннен наймандарда мекендеген. Рашид-ад-дин хабарлағандай, Х ғасырда наймандар тайпалық одаққа бірігіп, олардың бірінші билеушісі Наркыш Таян және Инат хан болған. Қырғыздар тайпасын талқандап, наймандар Хангайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді иеленген. Наймандардың бір бөлігі Қарахан мемлекетін қалыптастыруға қатысқан. Х-ХІІ ғасырларда ертефеодалдық қатынастардың дамуына қарай, одақ мемлекетке айналды. Мемлекет Батыс Монғолия және Шығыс Қазақстан жерлерін алған. Наймандар батыста қаңлылармен қыпшақтармен Ертісті бойлаған, солтүстікте Енисей қырғыздарымен, шығыста керейлермен, оңтүстікте ұйғырлармен көршілес болған. Әу бастан-ақ наймандар мемлекеті керейлермен көшпелі тайпаларға билік үшін алакөз болған. ХІІ ғасырдың соңы ХІІІ ғасырдың басында найман улусы екіге бөлінді, оларды Гаян ханмен Буюрук хан биледі. Өзара кикілжің билік үшін талас наймандарды әлсіретті, 1201 жылы олар керейлерден, 1198-99 жж монғолдардан, 1201-04 жылдары Алтай тауларында жеңіліске ұшырады.1206 жылы наймандар мемлекеті толық Шыңғысханмен талқандалды. Бұл наймандардың бір бөлігінің Жетісуға көшуіне әкелді, бұл жерде олар аз уақыт ішінде Буюрук ханның ұлы Күшлүк ханның билігіне бірікті. Күшлүк хан Қарақытай мемлекетінің жеріне еліп, билеуші тағын иеленудің ыңғайлы жағдайды пайдаланып, Жетісуды бағындырды. Бірақ ол ұзаққа бармады, Шыңғыс хан келіп моңғолдардың Қазақстан аумағына баса көктеуі басталды. Керейлер мен наймандар дамудың бірдей деңгейінде болды. Олар мемлекеттік құрылымдар – ұлыстарға қалыптасты. Бұл билік рулық тайпалық институтының жоғары және барлық этносты әулеттік хандық румен құшағында ұстады. Ұлыстың басында хан тұрды. Әр ұлыстың өз аумағы болды. Оның маңызды бөліктеріне күзет қойылды. Хандардың жеке жәйләулары және қыстақтары болды. Ұлыстарда басқару аппараты болды, оған хан ордасының билік органдары, әскер, дружиналар кірген. Керейлер мен наймандар мемлекетінде хан ордасы ерекше орын алған. Ол хан мүлкіне және әскерге басшылық еткен. Керейлер мен наймандарда қарапайым құқық болды. Хан ордасында кеңсе ісі тараған. Құжаттар мөрмен бекітілген, әсіресе алым салық жинағанда және лауазымды қызметкерлер тағайындағанда. Қызмет мұрагерлікпен беріліп отырған. Керейлер мен наймандар Х-ХІ ғасырда Қазақстандағы этногенетикалық процесстерде елеулі роль атқарды. Осы кезеңде олар түркі тілдес тайпалар арасында Қазақстан аумағында пайда болып, соңынан Орта Жүз құрамына кірді. Қазақ этносының күрделі компоненттерінің бірі болды.




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 62 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | <== 3 ==> | 4 | 5 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав