Читайте также:
|
|
9) Қарлұқ қағанаты. Қарахан мемлекеті. Мекенi, әлеуметтiк-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi. Қарлұқ мемлекеті (756-940жж) 6-7 ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс-Түрік және Шығыс-Түрік қағанаттары ықпалының аясына кірді. Орталық Азияда орын алған саяси қиын-қыстау кезеңдер барысында қарлұқ тайпаларының бірлестігі аумақтық және аумақтық және саяси жағынан ыдырады. Жазбаша деректерде қарлұқтардың бірқатар шағырланған топтары туралы хабарланған. шығыста олардың Отюкен таулы жерлерінде (Монғолия) Шығыс Түркістанда Бесбалық аймағында орналасқаны айтылған, ал ең онтүстігінде Ауғанстанның солтүстігінде Тоқарстанда ірге тепкен. Алайда олардың негізгі көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерін деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағындағы аумаққа орналасқан «үш қарлұқ» (қарлұқтардың үш тайпасы) бірлестігі ретінде пайда болды. Қарлұқ бірлестіктерінің құрамына үш ірі тайпа – бұлақ, себек, ташлық кіреді. Қарлұқ тайпалары одағының билеушісі «ельтебер» деген атақ алған. 657 жылы олардың негізгі қоныстанған ауданында қарлұқтардың үш аймағына қоса, тайпа басшылары басқаратын төртінші әкімшілік аймағы пайда болды.Шығыс және Батыс қағанаттардың күшеюіне немесе әлсіруіне қарай қарлұқтар кей кездерде түріктердін саяси-әлеуметтік бірлестігінің бірде біреуіне, енді екіншінісіне бағынып жүрді. 682 жылы Монғолияда Шығыс Түрік қағанаты құрылғаннан кейін қарлүқтар оларға тәуелді болды. Алайда, орхон жазуларында айтылғандай, қарлұқтар қағандарына қарай қарсы бірнеше рет көтеріліс жасаған және оларға соғыс жорықтарын жасап отырған. Қарлұқтардың бірінші жорығы 711-712 жылдары болған, бүл жөнінде Күлтегін мен оның інісінің құрметіне арналған ежелгі түрік жазбаларында айтылады. 715 жылы Білге-қаған мен Күлтегін қарлұқтарды жеңді. Қарлұқтарға қарсы жорықтар онан кейінгі жылдары дажасалды. Білге-қаған өлгеннен кейін (734 ж.) көп ұзамай шығыс түрік мемлекеті қүлады. 742 жылы Монғолия далаларында саяси үстемдік шығыс түріктердің билігін күйреткен үш тайпаның – қарлұқтардың, ұйғырлар мен басмылдардың одағына көшті. Аз уақытқа басмылдар көтерілді, сөйтіп солардың көсемі қаған етілді.Қарлұқтардың басшысы мен ұйғырлардың жетекшісі ябгу (жабғы) атағын алды. Көп кешікпей 744 жылы ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күштері басмылдардың тас-талқанын шығарды. Солжылы Ішкі Азияда түркі тілдес тайпалардың жаңа мемлекеттік құрылымы – Ұйғыр қағанаты пайда болды (744-840). VIII ғасырдың екінші жартысынан түркі тайпалары арасында жоғарғы бедел енді қарлұқ көсемдеріне көшті. Олар өз ұстанымдарын арабтар қарсылығына қарамастан Ферғанада күшейтті. Қарлұқтар билігі Жетісуда 756 жылы олар Сұяб, Тараз қалаларын алғанда толығымен бекіді. Сол кезден бастап қарлұқтар ұйғырлармен бақталасып Шығыс Түркістан үшін күрес бастады. Қарлұқтар басымдығымен Орта Азияның түркі тарихында батыс түркі тайпаларының мемлекеттігінің жаңғыруының жаңа белестері байланысты. Ірі тайпалық бірлестіктер, руна жазуларында үш қарлұқ деген атпен белгілі, Қытай жазба көздерінде VII ғасырда айтылады.Бұл тайпалардың көсемдері Елтебер титулын киген. Ұйғыр қағанаты құрылғанда оның басшы қағаны – ұйғыр тайпасының қолбасы, ал қарлұқтар көсемі оң ябғу (жабғы) титулын алды. Қағанат құрылғанға дейін ұйғырлар, қарлұқтар, басмылдар шығыс түркі қағанына қарсы күрескен. Басмылдар көтеріліп кетті, олардың көсемі қаған болды, қарлұқтар мен ұйғырлар ябғу болды, осыдан кейін қарлұқтармен ұйғырлар бірігіп басмылдарды талқандап Ұйғыр қағанатын құрды. Тарих қайталанады, қарлұқтар дербестікке ұмтылып, Ұйғыр қағанатынан бөлініп кетті. 766-775 жылдары қарлұқтар Қашғарияны жаулап алды. Жетісу аумағында, Оңтүстік Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар: тухси, шігіл, түргеш, азким, халадж, барсхандар мекендеген. Қарлұқтар билігіндегі тұрғындар: Орта Азиядағы және Таяу Шығыстағы ирантілдес соғдылар.Қарлұқ тайпалары Қазақстанның кең байтақ жерінде: Жоңғар Алатауынан Сырдарияға дейін, Балқаш пен Ыстық көл, Іле өзені, Шу, Талас өзендерін жағалай, Тянь Шань таулы аймақтарында қоныстанған.840 жылы Орта Азия далаларында Енисей қырғыздары Ұйғыр қағанатын талқандап, ұйғырларды Турфанға көшуіне мәжбүр етті. Испиджаб билеушісі қарлұқ жабғы Більге күл Қадырхан осы жағдаймен пайдалана қойды, оның бұл уақытта қаған титулы бартын. 840 жылы қарлұқ қағанаты Маверанахрдың Саманидтерімен күрес жүргізді. Самарқанд билеушісі жеңіске жетіп, Самарқандты жаулап алды. 893 жылы саманидтер Таразға қарай жорыққа шықты. Қарлұқтар мен саманидтер соғысы тоқтамады. Қарлұқтар арабтарға қарсы күресті, бірақ ол Қазақстанның тек оңтүстік облыстарын қамтыды. Араб жаугершілігі өзіне бағынышты халифат аймағындардың әлеуметтік экономикалық, саяси, мәдени өміріне ықпал етті және этникалық, тілдік процесстерге көп әсерін тигізді. Күрделі өзгерістердің қатарына, Ислам дінінің кіруімен араб тілінің жазуының кіруін атауға болады. Қарлұқтардың мемлекеттік құрылымы үлесті-тайпалық жүйенің дамыған түрімен сипатталады, және бұл жүйе орталықтан басқаруға келмеді. Қарлұқтар жабғы билігі атаулы бағалы болды. Ірі тайпалар басындағы үлестік билеушілер, өз иеліктерін күшейтуге тырысты. Әскери - әкімшілік жүйе бар болды. Қарлұқтар қоғамында әлеуметтік, сословиелік теңсіздіктер ерекше байқалды. Тұрғындардың негізгі бөлігін қатардағы қауымдастар құрады. Өз әлеуметтік мағыналарына қарай рулар мен тайпалар бөлінді. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйектері тек жайылымға ғана емес, сондай ақ қала орталықтарына да иелік етті – мұнда 25 қалалар мен елді мекендер болды. Қарлұқтар орталығы – Баласағұн қаласы және басқа қалалары елшілік тракт және сауда орталығы ретінде үлкен мағынасы бар Ұлы Жібек Жолында орналасқан және бұл жол мәдени және рухани байланыстар жолы болды.Арабтар 812-817 жылдары Отырар ауданына бірқатар жорықтар жасады. Қарлұқтар мемлекетін өзара кикілжің, билікке талас, жайылымға талас биледі. Бұл мемлекеттің әлсіреуіне әкелді.Араб басқыншылары қоғам өмірінің және халықтардың тарихи тағдырының барлық деңгейіне әсерін тигізді. Сөйтіп, олардың мәдениетіне тиген ықпалынан бәріне ортақ мұсылмандық мәдениет қалыптаса бастады.Қарлұқтар мемлекеті Қашғар тайпаларының тысқыруымен 940 жылы құлады және оның орнына Қарахан мемлекеті пайда болды. Қарахан мемлекеті (942-1210) Қарахан қағанаты – жаңа түркі империясы, олардың билеушілері қарлұқтардан шыққан, оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қашғария аумағын мекендеген.940 жылы түркі тайпалары Қарлұқ қағанатының астанасы Баласағұнды жаулап алып, жаңа Қарахан хандығын құрды. Хандық билеушілері 990 жылы Тараз, Испиджаб қалаларын өздеріне қосып алды. Х ғасырдың аяғына қарай хандық аумағы, Амудария мен Жетісуге дейінгі және шығыста Қашғарияға дейінгі аралықты алып жатты.Жазба көздеріндегі деректерге қарасақ, қарахан ұрпақтарының шығу тегі бұрынғы Жабғы – Қарлұқтан шыққан. Бильге Күл Қадыр – қаған екендігі айтылған.Мемлекетте ең басты рольді екі тайпалық топтар – шігілдер мен яғма, яғни қарлұқ тайпаларының негізін құраған. Қарахан мемлекетінде билік осы екі топтың ақсүйектері арасында бөлінген. Бұл бөліс қағанаттың – шығыс және батыс бөлігі болып екіге бөлінуіне әкелді, олардың әр қайсысының өз қағаны болған. Бас қаған болып шығыс қаған саналған, оның ордасы Қашғар мен Баласағұнда болған. Ол шігілден шыққан және Арслан Қарахан қағаны титулын таққан. Батыс – кіші қаған Яғмадан, Боғра Қарақаған титулын таққан, оның ордасы Таразда, кейіннен Самарқандта болған. Билеушілердің ерекше иерархиясы болған әр қағанда, Арслан - илек және Бағра –илек, Арслан – тегін, Бағра –тегін. Алғаш рет биліктің дуалдық жүйесі бірінші қаған Арслан ханның ұлдары Бағыр Арслан –хан және Оғылшақ Қадыр хан кезеңіне жүзеге асырылып, мемлекеттің ыдырауы ХІ ғасырдың ортасына келеді.Оғылшақ кезеңінде саманид эмирі Исмаил ибн Ахмадтың 893 жылғы Таразға сапары жемісті басталып қарахандар мен саманидтер арасында Орта Азия үшін ұзақ та қантөгіс соғыстарға әкелді. Соғыстар бір ғасырдан артық уақытқа созылып саманидтердің толық құлдырауымен аяқталды. Олардың қарсыластарының билігі енді Амударияға дейін таралды. Орта Азия аумағында көптеген қарахан иеліктері құрылды, олардың Баласағұн қағанынан тәуелділігі мардымсыз, ал бір бірімен қатынастары достық қарым-қатынастан алыс еді Қарахандардың қалыптасуының негізгі оқиғасы - әулеттің және олардан тәуелді тайпалардың 960 жылы Сатуқ боғрахан басқаруы кезінде исламды қабылдауы болды. Ол исламды қабылдап, ол дінді мемлекеттік деп жариялап, жаңа есім Абд-аль-керім деп қабылдады. Бұл кезде араб мәдениеті, тілі, жазуы Орта Азия мен Қазақстанға кең тараған еді.Қарахан басқаруындағы тайпалар отырықшы өркениеттің зор ықпалына түсті. Түркі тайпалары осы жаңа жүйенің экономикалық және әлеуметтік қатынастарына тартылды, сол жүйенің бір бөлігі болды. Бұл түркілердің исламдануы, осы процесстің классикалық үлгісі – Қарахан мемлекеті. Қарахан мемлекетін басқарып отырған әулет өз алдына саяси мақсат та қойды, яғни исламдандыру арқылы мұсылман елдерінің көмегіне арқа сүйеді. Қарахан мемлекетінің оған дейінгі мемлекеттерден негізгі айырмасы - әскери басқаруы әкімшілік басқарудан бөлінуі болды. Бұл жүйенің мемлекетте орын алуы отырықшы – егіншілікпен айналысатын аудандардың, түркі тайпаларымен жақын орналасуы және олардың отырықшылық өмір құруы мен қолөнермен, егіншілікпен айналысуы болды. Қарахан мемлекеті – классикалық феодалдық мемлекетке неғұрлым жақын болды. Мемлекеттік - әкімшілік құрылым иерархия ұстамына негізделді. Қарахан мемлекетіндегі негізгі әлеуметтік-саяси институт - әскери-лендік жүйе болды. Басқарушылар өз туыстарын, немесе өзіне жақын адамдарды аудан, обылыс тұрғындарына мемлекет есебіне алым салық жинауға жұмсап отырған. Бұл жылу-жинау “иқта” деп аталған, оны жинайтын адам “мұқта” немесе “иқташы” деп аталған. Иқта институты Қазақстанның оңтүстігінде зор роль атқарған. Иқташы жер-жерде мемлекеттік биліктің барлық функциясын атқарған. Барлық өнім өндірушілер, көшпелілер, егіншілер одан тәуелді болған және мемлекеттік өкім ретінде иқташы жинайтын алым салықты төлеуге мәжбүр болған. Үлес – иқтаны ұстаушыларға әскер жинау міндетін билеушілер жүктеген. Өз бағынышындағы тұрғындарға ол әскери қызмет атқаруды міндеттеген. Сөйтіп, жер ұстаушы феодалдар класы – жер иеленушілер – жауынгерлер феодалдық мемлекет қалыптаса бастады, аталық рулық қауымдастықтан бөлінді.Тұрғындардың негізгі кәсібі көшпелі, жартылай көшпелі мал бағу, сонымен бірге ХІ-ХІІ ғасырларды Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда тайпалардың бір бөлігі егіншілікке көшіп, қала мәдениетіне қамтыла бастады. Бір тілдес, жазбалас этникалық қауымдастықтар біріге бастады.Түркілердің сана сезімінің оянуы Қарахандар кезеңінде түркі тіліндегі мұсылман әдебиетінің пайда болуына әкелді. Осы тілде сол кезеңнің мәдениетінің әр қилы белгілі өкілдері Әл Фараби, Жүсүп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Ясауи жазған.Ақсүйектер үлесінің бөлінуі, мемлекеттің көптеген үлестерге, тұрақсыз иеліктерге әкеп соқты. Икташылардың үлкен құқықтары болды, олар өз ақшаларын соқты. Әрқайсысы билікке ұмтылды, вассалдық қатынастарда жоғарғы иерархиялық сатыға ұмтылды. Бұл ішкі кикілжің туғызды. Қарахандардың саяси тарихында да өзгерістер бола бастады. 992 жылы олар Бұхараны жаулап алды. 999 жылы Қарахандар Газневидтер әулетіне Орта Азиядағы саманидтерді талқандауына көмектесті. Қарахандар мен газневидтер арасында достық қарым қатынастар қалыптасты. Екі мемлекет шекарасы Амудария болды. Қараханидтер солтүстікте Таразда қыпшақтармен шекаралас, батыста және оңтүстік батыста олар салжықтар және хорезмшахтар қарсылығына кездесті. ХІ ғасырдың 30-шы жылдарында Ыбрахым, Ибн Назир кезеңінде мемлекет екіге бөлінді: батыс – орталығы Бұқара Мәуәранахрды қоса алғанда, шығыс – оған Тараз, Испиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу және Қашғар кірді, астанасы Баласағұн қаласы. Осылайша Қарахан мемлекетінің құлдырауы басталды. Билікке талас басталды. Неғұрлым тыныш кезең Жүсүп Тағрулхан және Богра-хан Харун кезеңі 1059-1074 жылдарда болды.Олар кезеңінде батыс және шығыс бөліктердің шекарасы Сырдария бойымен өтетін болды. Тағрулдың қайтыс болуынан кейін оның барлық иелігі толық Баграханға көшті (1075-1102).1089 жылы ол салжықтардың вассалдық тәуелділігіне ұшырады. Олармен соғысты Қадырхан Жабрайыл жүргізді. Салжықтардың ықпалы Мәуәранахрда да күшейді. Біртіндеп Қараханидтар өз күшін жоғалта бастады.ХІІ ғасырдың басында Қарахан мемлекеті шекарасына Қыдандар немесе Қарақытайлар – тунгус - маньчжур тайпасынан шыққан, басып кірді. Олар Жетісуды, Баласағұнды және шығыстың барлық үлестерін жаулап алып батысқа бет алды. Қарахан – салжық әскерлерін 1141 жылы талқандағаннан кейін мемлекеттің екі бөлігінің де билігі қыдандарға көшті. 1210 жылы қараханидтердің батыс иеліктерінің жағдайы, мұнда осы жерді жаулап алып өз мемлекетін құрған наймандардың келуімен шиеленісті. Бұл кезде қарахандардың батыс бұтағы да толық талқандалған. Осымен Қарахан мемлекетінің тарихы аяқталды. Бірақ Қарахан мемлекеті кезеңі өте маңызды болды және түркі тайпалары тарихында ерекше орын алады. Ол түркі тілдес тайпалардың мәдени, экономикалық өмірінің едәуір алға басқандығымен сипатталады. Көшпенділер отырықшылыққа икемденді, қала мәдениеті өркендеді, жаңа дін қабылданды, түркі жазуының орнына араб графикасы қабылданды.Жаңа саяси жүйе қалыптасты.
10) Наймандар, керейлер – ірі Орта Азия тайпалары, негізінде мемлекеттік бірлесулер болған
– жинақты атауы Цзубу – көшпелілер Керей мемлекеті Х ғасырдың басында Алтайда қалыптасқан, бірақ олардың тарихы ғасырларға тереңдейді. Деректер VII ғасырда шеп, сеп, байлау, қойлау тайпалары және басқалар Шығыс түркі қағанаты қағанына қарсы көтерілгендігін дәлелдейді. Көтерілісті шеп тайпасының қолбасшысы Керин Еркін бастаған.607 жылы Керин Еркін хан болып сайланып, Изен-бала қаған титулына ие болған. Оның ордасы Бағда тауларында болды. Ол үнемі түркі қағандарымен күрес жүргізді. Керей – этнонимының тууы ғылымда әлі толық зерттелмеген. Монғолдардың “Қасиетті аңыздар” мен “Алтын кітабында” ол тайпалардың атауы керейт деп белгіленген. Парсы және көне түркі көздерінде де олар керейт ретінде белгілі.Рашид-ад-дин керейт тайпаларын: саха, дуба, таңға, алба, қарнын деп атайды. Олар түркі тілдес және телестік одақ тайпалары VII-VIII ғасырда өмір сүрген деген болжау айтылады. Ұлыс мемлекеті 10 ғасырда Шығыс Монғолияның Орхон өзені бойында қалыптасқан.1007 жылы кереиттер ханы Қытайдың және орта Азияның барлық христиандары бағынатын патриарх метрополит Лаврға несториандық мағыналы христиандыққа алу жөнінде өтініш жасады. Әлемдік діннің бірін мемлекеттік ретінде алу – кереиттер хандығының билігін күшейтті және кереиттер мемлекетін Орта Азиядағы мықты мемлекет қатарына айналдырды.Кереиттердің Тоғрыл ханының есімі әйгілі, ол өзіне көптеген Монғол тайпаларын бағындырды. Еуропада ол просвитер Иоган, Иоган королі ретінде танымал болды. 1200 жылы Тоғрыл хан монғолдың татар тайпасын талқандады. Онымен бірге осы жорыққа ұсақ монғол феодалы Темучин қатысты, ол 1202-1203 жылдары өз билігі астына бірнеше монғол тайпаларын біріктіріп өз бетінше жорыққа шығуға ниет білдірді. Күшейе түскен Темучин мен кереит билеушісі Тоғрыл хан арасында күншілдік туып, арты ашық соғысқа айналды. 1203 жылдың күзінде кереиттер талқандалып, олардың мемлекеті өз тіршілігін тоқтатты. Саха және дубо тайпаларының бір бөлігі монғолдардан Алтайға одан әрі солтүстік батысқа қашып, кейіннен туваларға, хакастар, алтайлықтар құрамына кірді. Сахалардың бір бөлігі Байқал өңірінде Лена бойында мекендеп қалды және якуттер құрамына кірді. Олардың атауының өзі Саха. Көптеген кереиттер Темучиннің Моңғол мемлекетінің құрамына кірді. Кереиттер біртіндеп моңғол тіліне көшті, наймандармен және меркіттермен бірге ойрат тайпасының негізін құрады. Кереиттердің тағы бір бөлігі Батыс Сібірге және Орта Ертіс, Тобыл, Есіл аймағына кетіп, түркі тілдес тайпалардың мемлекеттік бірлестіктерін ұйымдастырушылардың бірі болады. Әулет негізін қалаушы Тайбуға ханы болды.Шыңғысханды монғолдар қуып шыққанша, керейттердің солтүстік резиденциясы Хатун-балық қаласында Хуанхэнің оңтүстігінде болған. ХІІ ғасырдың екінші жартысында кереиттер ұлысы Тоғрылхан кезінде Селенгенің жоғарғы жағынан Хуанхэнің оңтүстігіне дейінгі жерді алған. Олардың наймандармен Қарақытай, ұйғыр, моңғол саяси этномәдениет байланыстары тығыз болған. 1203 жылы оларды Шыңғысхан басып алғаннан кейін керейттер мен наймандар Қазақстан аумағында пайда бола бастады және қазақ халқының орта жүзінің құрамына кірді. Наймандар: олар аралас этникалық құрамдас. Ғылымда олардың түркі тілдестігі туралы пікір бар. Найман – деген сөз сегіз деген санды білдіреді, конфедерация құрамына кірген тайпалар саны. Көне түркі жазуларындағы тайпалар одағы «Сегіз оғыз» зерттеушілермен наймандарды байланыстырады. VIII ғасырда оғыздардың тайпалық бірлестігі, Орхон өзенінің бойында Ертістің жоғарғы жағына дейін мекендеген. Сол жерде кейіннен наймандарда мекендеген. Рашид-ад-дин хабарлағандай, Х ғасырда наймандар тайпалық одаққа бірігіп, олардың бірінші билеушісі Наркыш Таян және Инат хан болған. Қырғыздар тайпасын талқандап, наймандар Хангайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді иеленген. Наймандардың бір бөлігі Қарахан мемлекетін қалыптастыруға қатысқан. Х-ХІІ ғасырларда ертефеодалдық қатынастардың дамуына қарай, одақ мемлекетке айналды. Мемлекет Батыс Монғолия және Шығыс Қазақстан жерлерін алған. Наймандар батыста қаңлылармен қыпшақтармен Ертісті бойлаған, солтүстікте Енисей қырғыздарымен, шығыста керейлермен, оңтүстікте ұйғырлармен көршілес болған. Әу бастан-ақ наймандар мемлекеті керейлермен көшпелі тайпаларға билік үшін алакөз болған. ХІІ ғасырдың соңы ХІІІ ғасырдың басында найман улусы екіге бөлінді, оларды Гаян ханмен Буюрук хан биледі. Өзара кикілжің билік үшін талас наймандарды әлсіретті, 1201 жылы олар керейлерден, 1198-99 жж монғолдардан, 1201-04 жылдары Алтай тауларында жеңіліске ұшырады.1206 жылы наймандар мемлекеті толық Шыңғысханмен талқандалды. Бұл наймандардың бір бөлігінің Жетісуға көшуіне әкелді, бұл жерде олар аз уақыт ішінде Буюрук ханның ұлы Күшлүк ханның билігіне бірікті. Күшлүк хан Қарақытай мемлекетінің жеріне еліп, билеуші тағын иеленудің ыңғайлы жағдайды пайдаланып, Жетісуды бағындырды. Бірақ ол ұзаққа бармады, Шыңғыс хан келіп моңғолдардың Қазақстан аумағына баса көктеуі басталды. Керейлер мен наймандар дамудың бірдей деңгейінде болды. Олар мемлекеттік құрылымдар – ұлыстарға қалыптасты. Бұл билік рулық тайпалық институтының жоғары және барлық этносты әулеттік хандық румен құшағында ұстады. Ұлыстың басында хан тұрды. Әр ұлыстың өз аумағы болды. Оның маңызды бөліктеріне күзет қойылды. Хандардың жеке жәйләулары және қыстақтары болды. Ұлыстарда басқару аппараты болды, оған хан ордасының билік органдары, әскер, дружиналар кірген. Керейлер мен наймандар мемлекетінде хан ордасы ерекше орын алған. Ол хан мүлкіне және әскерге басшылық еткен. Керейлер мен наймандарда қарапайым құқық болды. Хан ордасында кеңсе ісі тараған. Құжаттар мөрмен бекітілген, әсіресе алым салық жинағанда және лауазымды қызметкерлер тағайындағанда. Қызмет мұрагерлікпен беріліп отырған. Керейлер мен наймандар Х-ХІ ғасырда Қазақстандағы этногенетикалық процесстерде елеулі роль атқарды. Осы кезеңде олар түркі тілдес тайпалар арасында Қазақстан аумағында пайда болып, соңынан Орта Жүз құрамына кірді. Қазақ этносының күрделі компоненттерінің бірі болды.
11) Қазақстан территориясындағы Ұлы Жiбек жолы, ортағасырлық қалалардың саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегi ролi VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді. Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар». VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес. Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған. Архиология және архивтік материалдар бойынша VII-VIII ғасырларда Отырардың билеушісі өзін теңдесі жоқ «Отырарбенді патшасы» деп атаған. Қала аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі –Кедер IX-X ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан ең өскен қала екен. Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түрік қағанаты Дизабулға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 680 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды. VII ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезінде түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар. X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші-Қарахан күмбезі. Өкінішке орай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана. Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында төменгі Барысхан, Хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикет, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты. Сондай-ақ Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан. XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Яссауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады. Сырдариядағы ірі қала-Сығанақ. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қилысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ –ата жұрты бар. X-XII ғ. Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар –Қарашоқы, Қарнақ, Ашынас, Баршылылықкент т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы-шахристаннан рабадқа ауысқан. Қазақстан жеріндегі халықтардың зкономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Визиантия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI- X ғ. Халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан Газгирдке, одан Испиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген.Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар «Жібек жолы»Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкет,Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті.Тараздан «Жібек жолымен»Төменгі Барысханға, Құланға, одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен.Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын,одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп, Кеңгір, Жезді, Нұра, сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына, қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған. Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан.Өзендерге көпірлер салынған.Қалаларда сауда орны,ірі базарлар болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар,көп қолданылатын өнер бұйымдары, жылқы малы т.б шығарылып, Қытайдан жібек, фарфор, керамика әкелінетін. Шеттен әкелінетін бұйымдар-меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар.Қалалардың өсіп өркендеуі,сауданың дамуы,ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған.Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды.Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.Егін шаруашылығы елдің Оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды.Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды.Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты.IX-XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды.Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды.Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп,оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды.Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір,не шойын ұштары бар,жер жыртатын құралдармен өңделіп,егін ору темір орақпен жүргізілген.Дәнді ұнтақтау үшін тас дирмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су жолы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылып, гүлдеп тұрған.Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды.Феодалдық қатынастардың дамуы селолық қауымдардың натуральды шаруашылығының біртіндеп ыдырауына әкеп соқты.
Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 136 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |