Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алматы медицина колледжі

Читайте также:
  1. А) медицина относится к наукам эмпирическим
  2. Алматы 2012
  3. Алматы 2012
  4. Алматы 2014 ж
  5. Алматы медицина колледжі
  6. Алматы медицина колледжі
  7. Алматы медицина колледжі
  8. Алматы медицина колледжі
  9. АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Пән: “Биология” Алматы медицина колледжі
Кредиттер - 2 Жалпы білім
№33 сабақ. Тақырыбы: Эволюциялық ілімі Ч.Дарвиннің теориясы. 1 курс (1-2 семестр)  
Оқытушы: Найманбаева Г.Б.  

Дәрістің мақсаты: Эволюциялық ілімі Ч.Дарвиннің теориясы туралы түсіндіру.

Жоспар:

1. Эволюциялық ілімнің дамуы, Дарвинге дейінгі кезең

2. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы

3. Дарвиннің өзгергіштік формалары, заңдылықтары және себептері жайлы көзқарастары.

4. Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігін дәлелдеу Дарвиннің эволюциялық теориясы

 

Сабақтың стуруктуралық-логикалық схемасы және хронологиясы:

Сабақтың кезеңі Минут Мұғалімнің іс-әрекеті Студенттің іс-әрекеті Қосымша
1. Ұйымдастыру кезеңі 5мин Студенттермен сәлемдесіп, олардың тізім бойынша түгендеу Сабақтарына әзірлену  
2. Өткенді қайталау 10мин Өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақ қою Берілген сұрақтарға жауап беру Қосымша №1
3. Сабақтың мақсатын айту 10мин Қызығушылығын ояту. Сабақтың мақсатын айту Тыңдап, өз жауаптарын беріп, бірге отырып жауап беру Қосымша№2
4. Жаңа тақырыпты меңгеру 25мин Тақырып бойынша білімдерін кеңейту Тыңдап, жазып отырады  
5. Тақырыптың негізін талқылау 25мин Нөмірленген сұрақтарды оқу, тест тапсырмаларын үлестіру Таңдап алған сұрақтары бойынша жауап береді Қосымша№3
6. Үй тапсырмасы 5мин Тақырыпты толықтырып, қаталап, шығармашылық жұмысьтары Үй тапсырмасын жазып, орындап келу  
7. Сабақты қорту 10мин Студенттерге баға қою Рефлексия  

 

Қысқаша мазмұндама:

Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Эволюциялық ілім биология ғылымының барлық салаларының жетістіктерін қорытындылай отырып, оның теориясы негізі болып саналады. Эволюциялық ілімнің дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырудағы маңызы зор. Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Жер бетінде тіршіліктің болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы — адам баласын саңдаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді.

Тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашкы идеялар Үндістанның, Кытайдың, Месопотамияның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады. Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат козғалыста, өзгерісте болады, сондай-ақ біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады, ал қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген. Біздің заманымыздан 2 мың жыл бұрын Кытайда мүйізді ірі қаранын, жылқының, балықтың түрлі тұқымдарын және әсемдік өсімдіктерді шығаруға бағытталған арнайы сұрыптау жұмыстары жүргізілген. Ертедегі философтар тірі ағзалар эволюция әрекетінде бір түрден екінші түрге айналады деген пікірде болған. Солардың бірі Гераклит барлық тірі ағзалар, тіпті адам да ең алғашкы материядан табиғи жолмен дамып жетілді дейді. Жануарлар мен өсімдіктер арасында өтпелі формалардың бар екені жайлы болжауды алғашқы ұсынушылардың бірі Аристотель болды. Сол кездегі осындай материалистік бағыттағы ой-пікірге қарсы табиғатта карапайымнан күрделіге дейінгі дамудын бар екенін жоққа шығаруға тырысқан метафизикалық көзқарас та қалыптаса бастады. Алайда, VI— XIV ғасырлар аралығында Еуропа елдерінде «жаратылыстану» ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау заманы туды. Одан кейінгі дәуірлеу кезенінен бастап антик табиғат зерттеушілері — Аристотель, Платон мен Теофрастың шығармалары кең колдау тауып, қайтадан оқыла бастады. Сауданың дамуы, теңізде жүзудің кең етек алуына байланысты жаңа елдердің ашылуы XV ғасырдың басына жаратылыстану ғылымдары — астрономия, геология, ботаника және зоологияның дамуына себеп болды. Әйгілі ағылшын философы Ф. Бэкон (1561—1626) иңдукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады. Бұл үндеу табиғат зерттеушілердің арасында кен колдау тауып, соның нәтижесінде түрлі ғылыми салаларда көптеген жаңалыктар ашыла бастады. Мысалы, 1543 жылы А. Везалий адам денесінің кұрылысын зерттеп, оған сипаттама берсе, 1628 жылы У. Гарвей қан айналымы жөніндегі ілімін жариялады. Микроскоптың ашылуына байланысты өсімдік жасушасының кұрылысы (Р. Гук, 1665), ұсак ағзалар дүниесі, эритроциттер мен сперматозоидтың құрылысы (А. Левенгук, 1683) жан-жақты зерттелді.

XVI—XVII ғасырлар аралығы биологияның даму саласында сипаттау кезеңі болып есептеледі. Осы қарсанда биологияның барлық салаларында тірі ағзалардың түрлері жайлы сан алуан деректі материалдар, жинактамалар көбейе бастады. Тірі табиғаттын өлшем бірлігін «түр» деп тауып, ағылшын ботанигі Джон Рей (1628—1705) оған ең алғаш анықтама берді. Биология саласында XVII гасырдың соңы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы аралықта қалыптасқан эволюциялық көзқарастар. Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор енбек сіңірген швед ғалымы Карл Линней (1707—1778) болды. Ол түрдің табиғи жан-жактылығын және ақиқат барлығын айта келіп, түр —кұрылысы жағынан ұксас, көбеюі кезінде өздеріне ұқсас ұрпақ беретін көптеген туыстас ағзалар жиынтығы деді. Линней түрді латын тілінде қос атпен атауды (биноминальдық номенклатура) тәжірибеге енгізіп, оны жүйелеуге негіз етіп пайдаланды. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отрядтар класқа біріктірілді Линней барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығынын саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа, ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің кұрылысына қарай 6 класқа топтастырды. Жануарлар кластарына: сүтқоректілер, құстар, сұмпайылар, балықтар, бунақденелілер және кұрттарды жатқызды. Ең соңғы құрттар класына Линней қарапайымдыларды, тікентерілілерді, тіпті дөңгелекауыздыларды да енгізді. Линнейдің құрастырған жүйесі жасанды деп аталады, өйткені бұл жүйе түрлер арасыңдағы туыстықты емес, ұқсастықты ғана көрсететін жүйе болды. Линней табиғат туралы метафизикалық көзқараста бола отырып (түр өзгермейді деп есептегенімен) адамның жануарлар дүниесіндегі орнын дәл тауып, оны адам тәрізді маймылдармен қатар бір отрядқа орналастырды. Тірі табиғатты жүйелеуде жіберген бірқатар кемшіліктеріне қарамастан Линней енбектері орасан зор бағаланады. Ол өзіне дейінгі ғалымдардың барлығынан да өзгеше, жануарлар мен өсімдіктердің ерекше жүйесін ұсынып, түрлердің шығу тегін анықтауға, жүйелеудін одан әрі дұрыс дамуына жол ашты. Түрлерді қосарынан латынша атауды енгізді; 8000-ға жуық өсімдіктер мен 4500-ге жуық жануарларды сипаттап, 1000-ға жуық биологиялық терминдер ұсынды. Өмірінің соңғы кезінде Линней түрлердің тұрақты еместігін мойындады.

1749 жылы Ж. Бюффон «Табиғи тарих» атты көп томдыкенбегінде «бейорганикалық заттардан тірі ағзалар (алдымен өсімдіктер, одан кейін жануарлар мен адам) пайда болды дей отырып,түрдің өзгергіштігі жайлы ілімді қолдады. Органикалық дүниенің эволюциясы жөніндегі дұрыс ой-пікірлер Д. Дидроның, Ч. Дарвиннің атасы Эразм Дарвиннің, И. Канттың еңбектерінде де жазылған». Ресейде эволюциялық идеялардың дамуы. Ресейде табиғат туралы эволюциялық идеялар XVIII ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастады. Жер қыртысының тарихы туралы еңбектерінде М.В.Ломоносов өлі табиғаттағы өзгерістердің тірі табиғаттағы өзгерістерге тікелей байланысты екенін айтса, Санкт-Петербург академигі К.Ф.Вольф алғашкылардың бірі болып, ұрықтың дамуы жөніңде дұрыс пікір ұсынды. А.Н.Радищев табиғатты біртұтас деп тауып, ондағы даму қарапайымнан күрделі құрылысты ағзаларға қарай жүреді деген пікірде болды. Зоолог К. Ф. Рулье түрлердің тұрақтылығы жайлы метафизикалық көзқарасты қатты сынап, ағзалардың қай кайсысы болса да айналадағы ортаның әсерінен өзгереді, ал өз кезегінде ағзалар сыртқы ортаны өзгертеді деді. Аса кұнды эволюциялық идеяны А. И. Герценнің еңбектерінен де кездестіруге болады. Ол құрылысы мен физиологиялық ерекшеліктері жақын ағзалар арасында міндетті түрде туыстық байланыстар бар, яғни олардың шығу тегі бір деп жазды. Ж. Б. Ламарктың эволюциялық ілімі алғашқы эволюциялық теория XIX ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін қалаушы француз ғалымы Ж. Б. Ламарк өзінің 1809 жылы басылып шыққан «Зоология философиясы» атты еңбегінде түрлердің тұрақтылығы жайлы пікірге қарсы болып, түрлердің өзгеретіндігін, бірақ бұл әрекет өте баяу жүретіндіктен оны байқау қиын екенін түсіндірді. Ламарктың жүйесінде жануарлар реті бір жасушалы қарапайым жәндік кірпікшелі кебісшеден басталып, сүткоректілермен аякталған. Мұнда барлық жануарларды 6 сатыға, 14 класқа жіктеу арқылы орналастырған. Ламарктың бұл жүйесінен баспалдақ сипатында жануарлар кұрылысының біртіндеп күрделенуін, яғни жоғарылауын (градация) көруге болады. Ламарктың пікірі бойынша органикалық формалардың қарапайым құрылыстан күрделі кұрылысқа карай біртіндеп жоғарылауы тарихи дамудың нәтижесі.

Бәрінен бұрын эволюция іліміне төңкеріс енгізген Чарльз Роберт Дарвин болатын. Ол 1809 жылы 12 февральда Шрюсбериде дүниеге келді. Атасы Эразм Дарвин атақты ғалым, дәрігер және ақын болған адам. Оның қаламынан “Табиғат храмы” атты тамаша поэма шыққан. Дарвиннің әкесі де дәрігер. Дарвин өзінің өмірбаянында әкесі менің білуімше өте ақылды, бақылаушылық қабілеті күшті және кісіге өте мейрімді адам еді деп жазады. 1818 жылы Чарльз Шрюзберидегі мектепке барады, бұл классикалық мектеп болса да, одан мен ештеңе үйренгенім жоқ деп жазады. Ол 1826 жылы октябрьде ол Эдинбург университетінің дәрігерлік факультетіне түседі. Екі жылдан кейін әкесінің ұйғаруымен Кембридж унивеситетінің дін хадистері факультетіне ауысады. Бірақ, Дарвинді діни ілім емес жаратылыс тарихы жайындағы әр түрлі кітаптар қызықтырды. Оның жаратылыс зерттеушілік ықыласының осы кезде қалыптасуы басталады. Бұл жөнінде университет профессорларынан жас ғылымға ерекше ықпал еткен ботаник Дж Генслоу мен геолог А Сджевик болатын. Осылардың басшылығы мен Дарвин табиғат жағдайында геологияны зерттеп экскурсияларға шығады. Гумбольдтің жас күнделігін оқуы оны саяхаттарға әуестендіреді. 1831 жылы Дарвин университетті бітіреді сол жылы професор Генслаудың ұсынысымен “Бигль” (“Исшіл ит”) кемесіне натуралист есебінде қабылданып жер шарын айналу саяхатына аттанады. Дарвин “Бигл” кемесімен 1831 жылы 27 декабрьде Девонпорттан сапарға шығады. Экспедицияның негізгі міндеті толық теңіз карталарын жасау үшін Оңтүстік Американың шығыс және батыс жағалауларын және соған таяу аралдарды картаға түсіру болатын. Бұдан басқа “Бигль” экспедициясының алдына қойылған екінші міндет- Жер шеңберіне хронометрлік өлшеулер жасау еді. Осыған байланысты жер шарын айналып шығу саяхаты жасалды. 1835 жылы 5 сентябрьде “Бигль” Оңтүстік Амереканың батыс жағалауынан Галапагос архепелогына қарай жол тартады. Джемс аралында өсетін өсімдіктердің 38 галапагостік түрлерімен 30 түрі тек осы аралда ғана кездеседі, сольбеморлда да осылай, ондағы 26 галапогостік өсімдіктердің 22-сі осы аралдың эндемиктері. Бірсыпыра аралдардың өзеніне тән таспақа, қуақы және тау шымшықтардың түрлері кездеседі. Галапагос аралдарынан “Бигль Австралия жағалуына жол тартып, оның оңтүстік жағын аралап шығады. 1836 жылы 1 сәуірде Суматрадан 600 шақырым қашықтықта жатқан Үнді мұхитындағы Килинг және Кокос аралдары көкжиектен көрнеді. Осы топ аралдарға Дарвин ерекше зейін бөледі, себебі олардың барлығы дерлік маржандардан құралған және ерте кезде су астындағы рифтер түрінде болған.

Дарвин осы аралдардың тіршілігін зерттейді, кеиінірек осы зерттеуінің нәтижесінде маржан аралдарының шығу тегі және дамуы жайында тұңғыш теория құрады, ондағы рифтердің барлық түрлері біртіндеп жүйелі дамудан пайда болған деп қарап, оларды өзара байланыстырады. Сонымен мұхит аралдарының фаунасы мен флорасының ерекшеліктері осы кездегі маржандардың тіршілігіндегі ерекшеліктерді және тропиктік өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерінің таралу жолдарын зерттеу арқылы шешілді. Органикалық табиғат ұдайы өзгеріп отырады, өзгерісті пайда ететін күшті факторлардың бірі организмдердің өздері деп Дарвинге қортынды жасатқан Әулие Елена аралына жүргізген зертеулері болатын. Материктен алшақ, Атлант мұхитының ортасында жатқан бұл аралдың фаунасы мен флорасы өзіне ерекше сипатта. Өсімдіктердегі бұл өзгерістер құрлық фаунасына, әсіресе моллюскалар мен насиком фаунасына көп өзгеріс енгізді. 1859 жылы 24 ноябрьде Дарвиннің ‘Табиғатты сұрыптау жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталып қалуы” деген әйгілі кітабы шығады. Еңбектерінің ішінде ерекше зейін аударатыны екеу. «Үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі» және «Адамның тегі және жыныстық сұрыптау» бұлар «Түрлер тегі» мен бірге тұтас ғылыми теория құрады. Дарвин өсімдіктердің айқас тозаңдануында күрделі бейімділіктер бар екенін дәлелдейді. Бұл фактыны эвалюциялық теория тұрғысынан талғау айқас тозаңданудың рөлін анықтауды қажет етті. Бұл жөнінде жасалынған көптеген эксперименттердің нәтижесіне сүйеніп, Дарвин айқас тозаңданудың биологялық пайдасы бар деген қорытындыға келеді, себебі өздігінен тозаңданумен салыстырғанда айқас тозаңданудан әлді және тұрақты ұрпақтар алынады. Дарвиннің бұл зерттеуінің қорытындысы өсімдік дүниесінде айқас және өздігінен тозаңданудың әсері деген арнаулы еңбегінде баяндалды. Дарвин теориясының негізгі қағидасы – адамның мәдени түрге айналдырған өсімдіктері мен жануарларының елеулі өзгеріске ұшырады деп тану.

Мұны жер шарының әр жерінде шығарған сүт қоректілер мен құстардың көптеген тұқымдарымен, сондай – ақ өсімдік сорттарынан көреміз. Солтүстік Африканың шөлдерінде финис пальмасынан 38 түрше шығарылған. Полинезияның бір ғана аралында нан ағашының 24 түрі және сонша банан түрлері егіледі. Сүмбіл гүлдің 1200-ден астам түрін иеленген голландиялық гүл маманы Верхульем ешбір қатесіз бір ғана жуашығына қарап өсімдіктің қай сортқа жататынын ажыратады екен. Жануарлар мен өсімдіктердің өзгергіштіктері жайындағы нақтылы материалдарын талдай келіп, Дарвин тіршілік жағдайларындағы өзгерістердің қандайы болса да өзгеріс туғызады, организмде мұндағы әрқилы өзгерістер әр түрлі организмдерге түрліше әсер етеді деген қорытындыға келді. Үй жағдайында тіршілік жағдайының өзгерістері организмге елеулі өзгерістер енгізетінін байқаймыз. Бұл өзгерістер кейде көмескі түрде болады оның қандайда бір себебі бола тұрса да, бірге өздігінен болған өзгеріс сияқты көрініп, себебі белгісіз болып қалып отырады. Осыған байланысты Дарвин өзгергіштікті екі түрге бөледі айқын (топтық) өзгеріс және айқын емес(жеке өзгеріс). Топтық өзгеруде белгілі жануар тұқымының немесе өсімдік сортының особьтары белгілі бір себептің әсерімен біркелкі өзгереді. Мысалы организмнің өсуі қоректің мөлшеріне, оның түсі қоректік сапасына байланысты. Жеке өзгеріс немесе анық емес өзгеріс бір түрге жататын особьтарға тән белгілерде болады. Өзгергіштікті адам жасамайды, адам тірі организмдерді тек жаңа тіршілік жағдайларының талқысына түсіреді, сол кезде оларға табиғат әсер етіп өзгеріс туғызады. Организмнің өзгеруі бұл екі фактордың өзара әрекеттесу нәтижесі болып табылады, яғни организмнің табиғаты мен табиғат жағдайларының әрекеттесу нәтижесі. Дарвин жабайы жануарлардың қолға үйретілуін, жабайы өсімдіктердің қолға үйретілуін, егіле бастауын терең зерттей отырып, доместикация ілімінің негізін қалады. Жануарлар мен өсімдіктерде өзгерістер пайда болуын зерттей келіп, Дарвин организмнің әр түрлі оргондары мен оргондар систематикасында болатын өзгерістердің өзара байланыстылығын көрсеткен өте маңызды бірқатар заңдылықтарды ашты. Осындай заңды өзара байланысқа жататындар: Коррелиятивтік немесе арақатынастық өзгергіштік дегеніміз –белгілі органның өзгеруімен байланысты басқа оргондардың өзгеруі. Кювье бұл коррелияциялар бастан бар, оны құдай жаратқан деп түсіндірген еді.

Дарвин корреляция организмдердің тіршілік процесінде пайда болады, сол себепті бір оргондағы өзгеріс екінші оргонда өзгеріс тудырады деп дәлелдеді. Коррелятивтік өзгеріс оргондардың құрылысында да және олардың функцияларында да байқалады. Шалшық су құстарының көбінде ұзын мойын мен ұзын сирақ арасында корреляция бар екендігін көреміз, яғни ұзын мойынды түрлердің аяқтары да ұзын болып келеді. Компенсациялық өзгергіштіктің мәнісі бір оргондардың және олардың функцияларының дамуы басқа бір оргондарды тежеп, олардың жетілмей қалуына және редукциялануына себеп болады. Бұны тепе –теңдік принцпі (копенсация) деп атап, Жоффруа Сент –Илер осы заңдылық туралы жазған болатын. Компенсацияялық өзгергіштікке байланыысты екі белгілерде де кері коррелияця болады. Мысалы бір сортқа жататын копусталар әрі май жапырақты әрі көп тұқымды бола алмайды. Сиырды өте семірту мен қатар сүтті май беретіндей етуге жеткізу қиын. Табиғи сұрыптау процесін зерттеу арқылы Дарвин түрлер тегінің монофилиялық теориясын құрды, оның мәнісі - өсімдіктердің немесе жануарлардың әрбір ірі тобы бір негізден таралған деп тану. Үй жануарларының тұқымдарын зерттеу, оларды қолда асырай бастағаннан бері едәуір іріленгендерін және бұл өзгерістер ұзақ уақыт бойы тұқым қуалай алатыындығын көрсетті. Тұқым қуалаушылық организмнің өзгергіштік қабілеті сияқты, барлық оргаанизмдерге тән ортақ қасиет. Бұл ата тегінің белгілері, ұрпақтан- ұрпаққа берілу және сақталу қасиеті болып табылады. Тұқым қуалаушылық жынысты және вегетативтік көбеюде болады. Қазіргі үй жануарларының барлық тұқымдары және мәдени өсімдіктердің барлық сорттары адам баласының творчестволық іс-әрекеттерімен, осы мақсатта ерекше әдіс қолдан сұрыптау әдісін қолдануының нәтижесінде пайда болады. Белгілердің дивергенциясы – қолдан сұрыптаудың нәтижесі. Қолдан сұрыптау немесе табиғи сұрыптау нәтижесінде ата-тегі ортақ организмнің белгіілерінде айырмашылықтың пайда болуы дивергенция делінеді. Әр бағытта жүргізілген методикалық сұрыптау белгілердің дивергенциясын тудыратындығы Дарвиннің кептерлер туралы берген мысалынан жақсы көрінеді. Жануарлар тұқымдарының ерекшеліктері қорек және жаттығу жағдайларымен байланысты белгілі бағыттарды сұрыптау арқылы қалыптасты. Бұған тауық тұқымдарын шығару процесі дәлел болады. Тауықтың қазіргі тұқымдарының шыққан ата тегі жабайы банкив тауығы. Оның мекен ететін ареалы солтүстік Индия, Молокко, Үнді-Қытай, Филиппин аралдары және Малай архипелагы. Ол ормандарда мекендейді; бұталардың астына топырақтан және бұтақтардан ұя жасап, 4-13 жұмыртқа салады. Банкив тауығы ықшам денелі (500-1250г) түсі өте құбылмалы ормандық құс, қолға тез үйренеді. Солтүстік Индияда осыдан 5000жыл бұрын асыранды тауықтар болған.

 




Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 40 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав