Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емтихан тақырыптарының тізімі

Читайте также:
  1. азақстан құқығы пәні бойынша емтихан сұрақтары.
  2. дебиеттер тізімі
  3. Емтихан билеті № 11
  4. Емтихан билеті № 5
  5. ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 9
  6. Емтихан сұрақтары
  7. Емтихан тақырыптарының тізімі
  8. Интеллектуалдық меншік құқығы» пәні бойынша СӨЖ және СОӨЖ түрлерінің тізімі мен мазмұны
  9. Кәсіпорын экономикасы» пәнінен емтихан сұрақтары

Л-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

 

М070100 - Биотехнология мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

АЛМАТЫ 2014

МАЗМҰНЫ

Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері

«6М070100 – Биотехнология» мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының мақсаты олардың бакалавриатта алған білімдерін байқау болып табылады. Сондай-ақ магистратураға түсушінің магистрлік білім беру бағдарламасы бойынша оқу кезінде қалыптасатын арнайы құзіретілігін игеруге қажетті әмбебап құзіреттілікке сәйкестігін бағалау болып саналады. Емтиханның міндеті болашақ магистранттың ақпаратты іздеу, таңдау, жүйелеу, нақтылай алу қабілеттілігін бағалау; оқу барысында болашақ маманның қазіргі заманғы ақпараттарды қолдана алуға дайындығын бағалау; ғылымда және өндірісте қазіргі кездегі ғылыми және практикалық мәселелерді қалыптастыра және оларды шеше алатын, жоғары оқу орындарында оқыта алатын, әртүрлі биотехнологиялық өндірістерде және ұйымдарда зерттеу және басқару жұмыстарын табысты түрде жүргізе алатын қабілетін бағалау.

Емтихан түрі – жазбаша.

Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар

Қазіргі заманғы гендік және хромосомалық инженерияның биотехнологияда пайдаланылатын әдістерін білу; қазіргі заманғы биотехнологияның әртүрлі саласынын жаңа мәселелерін тұжырымдау және зерттеу алу; өсімдіктер, микроорганизмдер және жануарлар биотехнологиясындағы саласындағы зерттеу міндеттерін жоспарлау және жобалау, өсімдіктер, жануарлар және микроб клеткасының дақылдау техникасы; жоғарғы өнімді штам продуценттерін алу әдістері, оларды дақылдау және сақтау жағдайлары; ғылыми негізде еңбекті қалыптастыру, алған білімдерін лабораториялық және өндірістік жағдайларда пайдалану.

Емтихан тақырыптарының тізімі

Бағдарлама мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру үшін дайындалуға арналған. Емтихан билеттеріндегі сұрақтардың құрылымы төменде берілген тақырыптардан ерекшеленеді.

1. Өсімдіктер клеткасының культурасы. Өсімдіктер клеткасыныңдақылдау принциптері мен әдістері. Дақылданған клеткалардың биологиясы. Қоректік орталар. Клеткаларды дақылдау жағдайлары. Каллусты алу және оны дақылдау. Дақылданған клеткалардың гетерогенділігі. Клеткалардың культурада өсуі.

2. Өсімдіктер биотехнологиясы. Өсімдіктер клетка культурасы биотехнологияның объектісі. Клетка культурасын биосинтетикалық өндірісте пайдалану. Өсімдіктердің клоналды көбейту және оның тиімділігі. Клоналды микрокөбейтудің әдістері. in vitro прогамды және постгамды сәйкессіздік in vitro ұрықтану.

3. Эндосперм культурасы. Гаплоидты технология. Селективті элиминация әдісімен гаплоидты хромосоманы алу. In vitro аналық гаметофитте өсімдіктердің гаплоидтарын алу. Гаплоидтардың өсімдіктер селекциясында маңызы.

4. Клеткалық инженерия. Протопласттарды бөліп алу. Өміршең протопластарды алу. Протопласттарды дақылдау. Протопласттар культурасында өсімдіктердің регенерациясы. Протопласттарды араластыру. Соматикалық гибридизация. Дақылданған клеткалардың өзгергіштігі және оларды өсімдіктер селекциясында қолдану.

5. Клеткалық селекция. Клеткалық селекция әдістері. Тұрақты клеткаларды іріктеу. Индуцирленген мутагенез. Сомаклоналды варианттар. Сомаклоналды өзгергіштіктің себептері. Сомаклоналды өзгергіштікке әсер ететін факторлар.

6. Өсімдіктердің генетикалық инженериясы. Басқаорганизмгеауыстырылатын гендерді алу. Өсімдіктерге тасымалдайтын гендердің векторлары. Өсімдіктер генетикалық инженериясының перспективалары. в растения. Іn vitro жағдайында генофонты сақтау (гендер банкі). Клетка өсуінің баяулаы. Клеткаларды криосақтау.

7. Микроорганизмдер биотехнологияда пайдаланатын технологиялық өндірістердің жіктелуі және түрлері. Өндірісте бағалы микроорганизмдерге қойылатын талаптар. Штамдардың технологиялық принциптері. Өндірісте бағалы микроорганизмдер селекцясының негізгі әдістері. Микроорганизмдерді сақтау әдістері.

8. Микробтық белок өндірісі. «Идеалды» белок түсінігі. Микроорганизмдер көмегімен белоктарды алудың тиімділігі, продуценттер, шикі заттар. Микробтық биомасса өндірісі, микробтық биомассаның қауіпсіздігі. Аминқышқылдарды өндірістік алу әдістері.

9. Экологиялық таза жанар май түрлері. Газ тәрізіді биогаз - жанар майды алу. Молекулярлы сутекті жанар май ретінде пайдалану. Этил спиртін жанар май ретінде қолдану.

10. Органикалық қышқылдардың өндірісі. Микроорганизмдер – сүт, сірке, лимон, алма, итакон және басқа да органикалық қышқылдардың продуценттері.

11. Микробиологиялық трансформация. Микробтық трансформация түсінігі, пайдалану аймғы, тиімділігі және кемшіліктері. Стероидтты препараттарды алуда микробтық трансформацияны пайдалану.

12. Ферменттер мен витаминдердің микробиологиялық өндірісі. Микроорганизмдер – ферментті препараттардың продуценттері және олардың өндірісі. Витамин В12, рибофлавин, провитамин Д2, витамин С, каротин - провитамин А өндірісі. Микробтық ферменттердің өндірісі және пайдалануы. Иммобилизденген ферменттер (иммобилизация әдістерінің тиімділігі, иммобилизация әдістері, иммобилизденген ферменттерді пайдалану).

13. Ағын суларды тазарту биотехнологиясы. Ағын суларды тазартудың биологиялық әдістерінің сипаттамасы. Ағын суларды тазартудың әдістерінің тиімділігі мен кемшіліктері. Ағын суларды тазартудың биохимиялық әдістерінің тиімділігі мен кемшіліктері.

14. Биогаз өндірісі. Органикалық қалдықтарды қайта өндірудің жаңа технологиясы, метанотенкте өтетін ашу үрдісінің сипаттамасы. Метантенктің микрофлорасын қалыптастыру, симбиотикалық қауымдастықтағы компонеттердің қарым-қатынасы.

15. Биоремедиация. Биогеотехнология. Органикалық ластағыштармен, ауыр металдармен және радионуклеотидтермен ластанған топырақтарды тазалауда биоремедиация негіздерін қолдану. Металдар биогеотехнологиясы, бактериалды сілтісіздендіру, сілтісіздендіруде қатысатын микроорганизмдер.

16. Биопрепараттар. Зиянкес жәндіктер мен арам шөптерге қарсы микробтық препараттар. Топырақты құнарлатын микробтық биопрепараттар.

17. Ағын суларды тазалау. Ағын сулардытазартуда аэробты және анаэробты тазалау үрдістері, олардың сипаттамасы. Ағын сулардыаэробты тазартуда пайдаланатын реакторлар. Гомогенды реакторлардың сызба нұсқасы. Популяциялық мәселелер. «Белсенді илды» алу мәселесі. «Белсенді ил» алудың мәселесін шешу.

18. Өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу. Әртүрлі қалдықтардыбиологиялық қайта өңдеу өндірісі. Иммобилизденген клетка микрооганизмдерін сүт өнідірісінің қалдықтарын, ашу және басқа тағамдық өндірістерде пайдалану. Химиялық өндірістірдің биологиялық қайта өңдеу мәселелері.

19. Топырақ биоремедиациясы. Органикалық ластағыштармен, ауыр металдармен және радионуклеотидтермен және басқа токсикантармен ластанған топырақ биоремедиациясы.Негізгі кезеңдері – биообъектілерді іріктеу, оларды дақылдау әдістері токсиканттарды бөліп алу. Топырақ микрооганизмдерінің өсімдіктермен қарым қатынасы, маңызы.

20. Амин қышқылдар өндірісі. Микроорганизмдер – аминқышқылдардың продуценттері. Микроб синтезінің артықшылықтары. Дақылдану жағдайының оптимизациясы.

21. Белоктар. Жәй және күрделі белкотар, құрылымы, мысалдыр. Белоктардың кеңістіктегі орналасуы, біріншілік, еікншілік, үшіншілік, төртіншілік белко құрылысы. Белоктар қасиеті және функциясы. Ферменттер, жіктелуі, қасиеті.

22. Көмірсулар. Жіктелуі, қасиеті, құрылысы, стереоизомерлері, функциялары. Моноқанттар, олигоқанттар, полиқанттар, қасиеті, құрылысы, функциялары.

23. Липидтер. Жіктелуі, қасиеті, құрылысы, триацилглицеридтер, фосфолипидтер, функциялары.

24. Витаминдер. Жіктелуі, түрлері, функциясы. Майға ерігіш және суға ерігіш витаминдер.

25. Нуклеин қышқылдары. ДНҚ, РНҚ. Жіктелуі, қасиеті, функциясы. Нуклеотидтер, нуклеозидтер, азотты негіздер. ДНҚ репликациясы.

26. Метаболизм. Белок биосинтезі. Гликолиз, лимон қышқылының циклі, тыныс алу тізбегі. Май қышқылдарының синтезі. Мочевина циклы.

27. Генетика. Пән және зерттеу әдістері. Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік туралы ұғым. Жанды материяның әр түрлі ұйымдастыру: молекулалық, хромосомдық, клеткалық, организмдық және популяциялық деңгейлердін тұқым қуалаушылықтын және өзгергіштіктін зерттеу.

28. Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері. Жасушалардың бөлінуі. Гибридологиялық әдістері. Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Гаметалар тазалығы ережесі. Аналитикалық будандастырудын мағынасы. Көптік аллелизм.

29. Аллельдік гендердің әрекеттесуі. Толық (толымсыз) емес доминанттылық және кодоминанттылық әрекеттесуі. Жарықшақтану статистикалық бақылау. Аллельді емес гендердің әрекеттесуі: комплементарлы, эпистаз, полимерия. Модификатор гендері. Гендердің плейотроптық әрекеттесуі. Пенетрантты және экспресивті гендердің әрекеттесуі.

30. Жыныс хромосомалары. Жыныстықтың гомо- және гетерогаметасы. Жыныстық аңықтау хромосомалық теориясы. Жыныспен тізбектелген тұқым қуалау. Жыныс хромосомалардың бұрыс таралу жағдайындағы тұқым қуалау. Хромосомалардың біріншілік және екіншілік бұрыс таралу.

31. Жыныстық аңықтау баланстық теориясы. Интерсекстер. Гинандроморфизм. Гендердің тіркесу. Кроссинговер. Кроссинговердің генетикалық және цитологиялық дәлелі.

32. Мутациялық өзгергіштік. Генеративтік және соматикалық мутациялар. Гендік, геномдық, хромосомалық мутациялар. Молекулалық деңгейінде мутация және рекомбинация.

33. Популяцияның генетикалық құрылымы. Харди-Вайнберга заңы және оның қолдануы. Адам генетикасы. Тұқым қуалауға бейім аурулар және олардың пайда болу себебтері. Генетикалық код. Гендік функциясы.

34. Жануарлар биотехнологиясы пәні және әдістері. Қазіргі биотехнологиясының негізгі бағыттары және міндеттері. Зерттеу нысандары және әдістері. Молекулалық биология және генетика – биотехнологияның терең негізі.

35. Тұқымқуалаушылықтың материалдық негіздері. ДНҚ және РНҚ. Бір организм денгейіндегі ұрық геномының әртүрлі ұлпаларының соматикалық клеткаларының негізгі массасының геномының бірдейлігі.

36. Жануарларды жасанды ұрықтандыру. Жануарларда жасанды ұрықтандырудың негізгі кезеңдері (лабораториялық тышқандар мысалында). Химерді алу бойынша зерттеу тарихы. Бірінші реттік және екінші реттік химеризм.

37. Жануарларды клондау. Жануарларды клондауды зерттеу тарихы. Ядроларды енгізу арқылы клондау әдісі. Жұмыртқа жасушасы энуклеациясының әдістері.

38. Генетикалық трансформация. Генетикалық трансформация бойынша зерттеулердің даму тарихы. Жануарлар жасушаларына бөтен ДНҚ енгізу әдістері. Криоконсервация туралы түсінік. Генетикалық ресурстарды сақтаудың бірден-бір жолы гаметалар мен эмбриондарды криоконсер-вациялау.

39. Тағамдық биотехнология. Тағамдық биотехнология пәні және әдістері. Құнды өнімдерді алуда ашыту өндіріснде пайдаланатын микроорганизмдер. Олардың биохимиялық маңызы.

40. Ашыту өндірісінің микробиологиялық негіздері. Спирт өндірісі. Этил спирті, ацетон, бутанол өндірісінде қолданатын микроорганизмдер.

41. Сыра өндіру. Сыра қайнату. Ашып жатқан жас сырада өтетін микробиологиялық процесстер.

42. Шарап өндірісі. Сірке қышықылжәне сүт қышықыл бактериялар және оның шарап өндірісінде маңызы. Маңызы және технологиялық үрдістің кезеңдері. Саңырауқұлақтар –шарап өндірісінің зиянкестері.

43. Нан өндірісі. Ақ және қарабидай ұнынан жасалынған қамырдың микрофлорасы. Қамырдағы микроорганизм тіршілігін стимуляциялау.

44. Сүт өндірісі. Сүт өнімдерін алу. Сүт өндірісіндегі өнімдер түрлері. Сүт өндірісінде қолданылатын микрооранизмдер сипаттамасы.

45. Органикалық қышқылдар. Сірке, лимон, алма, итакон және басқа да органикалық қышқылдардың микроорганизмдер продуценттері және оларды тағам өндіріснде қолдану. Органикалық қышқылдарды алуда технологиялық өндірістің кезеңдері.

46. Биотехнологиялық өндірістің негізі – микроорганизмдер. Микроб клеткасының метаболтиттік ерекшеліктері.Спирттік, сүт қышқылы,пропион қышқылы, май қышқылы ашупроцесіне қатысатын микроорганизмдеріне сипаттама беру.

47. Биотехнологиялық өндірістік шикі зат базасы. Шикі зат көздері. Қоректік орталардың жіктелуі.

48. Периодты дақылдау. Периодты дақылдауда микроорганизмдердің өсу ерекшелігі, өсу қисығының сипаттамасы, пайдалануы. Беттік өсу, терең өсу әдістрі.

49. Үздіксіз дақылдау. Үздіксіз дақылдау кезіндегі микроорганизмдердің ерекшелігі, хемостат,турбидостат, оксистат. Салыстырмалы сипаттамасы, қолдану.

50. Биотехнологиялық өндірістің соңғы өнімдерін алуда бөліп алу және тазалау әдістері. Сепарация. Флотация. Фильтрация. Центрифугирлеу.

 




Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 55 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> | 2 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав