Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы ережелер

Читайте также:
  1. Дәріс. Музей менеджменті туралы жалпы түсінік.
  2. Жалпы құрылымы және қызметі.
  3. ЖАЛПЫ ДЕРМАТОЛОГИЯ
  4. Жалпы және биологиялық химия кафедрасы
  5. Жалпы және биологиялық химия кафедрасы
  6. Жалпы медицина» факультеті
  7. Жалпы тіл білімі» пәні
  8. Жалпыдан жалпыға өтудегі ойлау процесінің қызметі
  9. Кәсіпорынның барлық табысы жалпы табыс деп аталады.

1. Жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдары және колледждердің педагогтері мен білім алушылары арасында «Компьютер әлемі» тақырыбында республикалық сырттай байқауды өткізу ережелері (бұдан әрі - Байқау) байқауды өткізудің мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.

2. Байқаудың мақсаты компьютерлік технологиялар арқылы оқушыларды зияткерлік, шығармашылық және эстетикалық дамыту, оқу үдерісіне ақпараттық технологияларды енгізуді ынталандыру.

3. Міндеттері:

- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- өз бетінше шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, бағдарламалау дағдыларын дамыту;

- білім беру қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесін насихаттау;

- компьютерлік технологиялар саласында жаңа жетістіктерді тарату.

 

3. Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК өткізеді.

4. Байқауды ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитеті мен әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады.

 

2. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі

5. Байқау 2015 жылғы 18 наурыз - 16 мамыр аралығында балаларға арналған www.ziyatker.org ғылыми-танымдық сайтта сырттай өткізіледі.

6. Байқау жұмыстары ережеге сәйкес 2015 жылғы 16 мамырға дейін iao.konkurs@mail.ru электрондық поштаға қабылданады.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 249 305, 8 702 923 57 51, Ақпараттық-аналитикалық бағыты бөлімінің әдіскері Шакиров Ғалиахмет Ришатұлы.

7. 2015 жылғы 16 мамырдан кейін түскен, сондай-ақ талаптарға сәйкес келмейтін байқау материалдары қарастырылмайды.

8. Байқау материалдарының мазмұнына ұйымдастырушылар жауапты емес.

9. Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында, ғаламтор баспаларында жариялауға құқылы.

10. Байқауға қатысу үшін педагогтерге 2000 (екі мың) теңге, білім алушыларға 1000 (мың теңге) төлемақы төленеді.

Төлемақы барлық банк немесе Қазпошта бөлімшелерінде келесі реквизиттер арқылы жүргізіледі:

Астана қаласы, БанкЦентрКредит АҚ.

Иик KZ918560000005068448

БИК KCJBKZКX

БИН 990140004733

Кбе 16

КНП: 859.

Алушы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК.

Төлемақы мақсаты: «Компьютер әлемі» байқауы. Байқауға қатысушының (жіберуші) фамилиясын міндетті түрде көрсету және төлемақы құжатын (түбіртек немесе төлем тапсырмасы) сканерден өткізіп, iao.konkurs@mail.ru электрондық пошта арқылы жіберу қажет.

11. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарын анықтау 2015 жылғы 25 мамырда жүргізіледі.

3. Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар

12. Байқауға 8-17 жастағы білім алушылар мен барлық санаттардағы педагогтер қатыса алады:

I топ – 8-11 жастағы білім алушылар;

II топ – 12-14 жастағы білім алушылар;

III топ – 15-17 жастағы білім алушылар;

IV топ – барлық санаттардағы педагогтер.

13. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. Презентация (барлық жас ерекшелігі топтары);

2. Web-дизайн (II, III, IV жас ерекшелігі топтары);

3. Суреттер байқауы (барлық жас ерекшелігі топтары).

4. Бағдарламалау (II,III, IV жас ерекшелігі топтары);

14. Байқау жұмыстары келесі талаптарға сәйкес қабылданады:

14.1. Номинация «Бағдарламалау»

Қатысушы бағыттардың бір саласы бойынша жоба жасайды:

қолданбалы бағдарламалардың стандартты пакетінің негізінде жасалған білім, ғылым, техника, экономика, басқару, дидактикалық ойындар, электрондық кітаптар, өнерге арналған өнімдер;

меншікті бағдарламалық әзірлемелер (Pascal, Visual Basic, Q Basic және т.б. басқа тілдердегі бағдарламалау).

Компьютерлік әзірлемелерге қойылатын талаптар.

Барлық жұмыстар - бұл өзіндік шығармашылық ізденістің және орындаудың нәтижесі. Егер бағдарлама бірнеше файлдардан болса, онда міндетті түрде файлдың орналасу кезегін жазу керек. Вирусы бар бағдарламалық өнімдер байқауға қабылданбайды.

14.2. «Презентация» номинациясы

Жұмыс Power Point (Microsoft Office 2003-2013) форматта берілген бір бағыт бойынша ресімделеді:

- «Жауынгер ерлігінің алдында бас иеміз» (Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай).

Презентацияға қойылатын талап:

Жұмыс таңдалған бағытқа сай болуы тиіс.

Презентация 10-нан 20 слайдқа дейін болуы мүмкін.

Бірінші слайдта презентация тақырыбы, автордың аты жөні, оның жасы, білім беру ұйымының атауы, телефон және ұйымның e-mail; Кеңес беруші педагогтің аты жөні (қысқартусыз);

екінші слайд – слайдқа сәйкес гипер сілтеме түрінде ресімделген презентация жоспары;

Әрбір слайдта тақырып, сурет (фото, сурет, сызба және т.б.) және мәтіннен тұруы тиіс.

Барлық слайдтар бірдей түсті ресімделген түрде орындалуы тиіс.

Слайдтың барлық элементтерінде анимациялық эффектілері болуы керек. Әрбір слайдта басқарушы түймесі болуы керек.

14.3. «Web-дизайн» номинациясы

Әрбір қатысушы (шығармашылық ұжым) берілген бағыт бойынша веб-сайт (веб-парақшалар) әзірлеу тиіс:

1. Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына тақырыптық сайт:

- «Батыр - қалалардың мәңгілік даңқы»;

- «Мәңгілік от өшпейді».

2. Шығармашылық бірлестіктің (ұжымның) сайттары.

Қатысушылар конкурстық веб-сайттарды (веб-беттер) қолданыстағы веб-сайттардың (веб-беттер) негізінде әзірленуі мүмкін, яғни осы жоба барысында авторлармен бірге жетілдірілетін болады.

Жұмыстар автордың электрондық нұсқасында ұсынылады.

 

 

14.4. «Суреттер байқауы» номинациясы

Қатысушы Ұлы Отан соғысы ардагеріне арналған құттықтау қағазын орындайды.

Техникалық талаптар.

Кез келген өздеріңізге белгілі графикалық бағдарламаларды қолдана отырып, фотография жасау (графикалық сурет).

Көрсетілген файл қосымша бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды талап етпеуі тиіс.

15. Конкурстық жұмыстың титулдық парағын толтыру реті. Конкурстық жұмыстың титулдық парағында:

- автордың аты-жөні;

- облыс, аудан (қала) немесе ауыл;

- білім беру ұйымының атауы;

- байқаудың және номинацияның аталуы;

- e-mail.

16. «Компьютер әлемі» атты байқау қорытындысының соңында жеңімпаз қатысушылардың ең үздік жұмыстары www.ziyatker.org сайтында жарияланады.

17. Қатысушы балаларға арналған ғылыми-танымдық www.ziyatker.org сайтында «Эврика» қауымдастығының («ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы) мүшесі болуы тиіс.

18. Байқауды бағалау критерийлері:

18.1. «Бағдаламалау» номинациясы

Жаңашылдығы және түпнұсқалығы;

Әзірлеменің стилистикалық біртұтастығы;

Кеңінен қолдану мүмкіндігі;

Әзірлеменің тәжірибелік маңыздылығы.

18.2. «Презентация» номинациясы

Шығармашылық тәсілі (тақырып таңдау, тақырып бойынша қызықты табыстар, ерекшелігі, жаңа көзқарас);

техника (ашықтығы, контраст, түсі, және т.б.);

презентацияның ресімделуі (дизайн, арнайы эффектілер, дыбыс, анимация және т.б.).

18.3. «Web-дизайн» номинациясы:

Жұмыс авторы сипаттаған идеясының ерекшелігі;

Жұмыстың мазмұны;

Жұмыста қолданылған графикалық және басқа мультимедиялық тәсілдердің бірегейлігі;

техникалық өлшемдері (парақшаны жүктеу уақыты, құрал навигацияның тәсілі, скриптер және т.б.).

18.4. «Суреттер байқауы» номинациясы:

Компьютерлік графика тәсілдерімен жұмыстың тақырыбын ашу деңгейі; (компьютерлік технологиялар);

айқындығы - көркемдік-эстетикалық қабылдау, композиция, дизайны, бейнелік шешімі, жалпы әсері;

технологиялығы – компьютерлік графикалық ортаның, құралдарының, эффектілерінің мүмкіндігін қолдану, нысандарды бейнелеу үшін құралдарды қалыпсыз қолдану және бірегейлігі.

 

19. Бөтен адамның және Интернет желісінен алынған материалдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. Байқауға ұсынылған жұмыстарда қатыгездік және зорлық-зомбылық көріністер, адамның немесе бір топ адамдардың қадір-қасиетін кез келген түрде кемсітетін ақпараттар болмауы қажет.

 

4. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

 

20. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.

21. Байқауда жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Байқау жеңімпаздарына дипломдардың және қатысушыларға сертификаттардың электрондық нұсқасы электрондық пошта арқылы жіберіледі.

 




Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 30 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> | 2 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.015 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав