Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дипломдық жұмысты (жоба) қорғауға ұсыну тәртібі

Читайте также:
  1. Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары
  2. Банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру тәртібі
  3. Бюджет жобасын қарау және бекіту тәртібі
  4. Бюджет жобасын әзірлеу тәртібі
  5. Дипломдық жұмысты даярлау және орындау
  6. Дипломдық жұмысты ресімдеу
  7. Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері
  8. Дипломдық жұмыстың мазмұны
  9. Пән бойынша студенттердің өзіндік жұмысты орындау және тапсыру кестесі

Дипломдық жұмыс алдын ала қорғау рәсімдерін өткізу үшін бітіруші кафедраға беріледі.

Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау рәсімі кафедраның ашық мәжілісінде ғылыми жетекшінің міндетті қатысумен және қажетті жағдайларда ғылыми консультанттардың қатысуымен жүргізіледі.

Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен ресімделеді.

Алдын ала қорғаудан ойдағыдай өткен және бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделген, студенттің қолы қойылған аяқталған дипломдық жұмыс ғылыми жетекшіге ұсынылады.

Диплодық жұмыстың жетекшісі пікір береді, онда ол тақырыптың көкейтестілігін, жағымды және жағымсыз жақтарын (артықшылықтары мен кемшіліктері) көрсетеді, студенттің дипломдық жұмысты жазу мен орындауына қатысын көрсетеді. Егер, студент күнтізбелік кестені орындамаған және дипломдық жұмысты жазуға аса жауапкершілікпен көңіл бөлмеген жағдайда, оны пікірде көрсету керек. Ғылыми жетекші қорғауға ұсыныс береді – дипломдық жұмыс оған қойылатын талаптарға жауап береді (жауап бермейді) және қорғауға жіберіледі.

Ғылыми жетекші теріс пікір білдірген жағдайда, кафедра меңгерушісі нақты жағдай бойынша дипломдық жұмысты қорғауға жіберу туралы шешім қабылдайтын ПОҚ жүргізушілерінің ішінен жанжалдық комиссия құрады. Бұл ретте ғылыми жетекші толық пікірін көрсетуге және өз шешімін негіздеуге міндетті.

Дипломдық жұмысты өткізу тәртібі.

Студент жұмыстың түпкілікті нұсқасын ғылыми жетекшінің пікірімен қоса (түптелмеген күйде!) норма бақылашыға (кафедраның сарапшылық комиссияға) ұсынады. Дипломдық жұмыстың қойылған талаптарға сәйкестігін объективті бағалау мақсатында кафедра меңгерушісінің өкімімен ПОҚ-ның ішінен сарапшылық комиссия құрылады. Оң шешім қабылданғаннан кейін, ол тиісінше журналда тіркеліп, дипломдық жұмыстың тақырыбының ерекшелігіне сәйкес комиссия сын пікір берушіні белгілейді.

Сын-пікір беруші қатарына қаржы, салық, сақтандыру органдарының мамандары, кәсіпорын басшылары кіріктіреледі. Сын-пікір беруші ретінде, сондай-ақ басқа жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері және оқытушылары тартылады. Сын-пікір беруші тізімі Т. Рысқұлов атындағы ЖЭУ ректорының бұйрығымен бекітіледі. Сын-пікір беруші қорғалатын диплом жұмысының бейініне сай базалық жоғары білімі және / немесе ғылыми немесе академиялық дәрежесі, ғылыми атағы болуы тиіс.

Сын-пікір беруші дипломдық жұмысқа жазбаша рецензия береді, онда зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі, жаңалығы және практикалық мәнділігі, дипломдық зерттелім тақырыбының маманды даярлау бейініне, берілетін академиялық дәрежеге және біліктілікке сәйкестігі, жүргізілген зерттелімнің дербестігі, түйіндер мен ұсыныстардың болуы, проблеманы шешу және зерттелім аяқталымдылығының дәрежесі бейнелеп көрсетілуі тиіс.

Сын-пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағаны көрсете отырып және тиісті академиялық дәреже мен біліктілікті беру мүмкіндігі дәлелденген қорытынды беріледі.

Сын-пікірде ұйымның, мекеменің фирмалық бланкісінде ресімделеді және құжаттарға қол қоюға құқығы бар тұлға қол қояды. Сын-пікір фирмалық бланкіде жазылмаған жағдайда рецензияға ұйымның мөрінің қойылуы міндетті. Егер, сын-пікір беруші басқа ЖОО-ның оқытушысы болса, оның қолы ел таңбалы мөрмен және кадрлар бөлімі бастығының қолымен расталынады. Бұл рәсімнен кейін пікір, сын-пікір және жұмысты орындау кестесі бар дипломдық жұмысты дипломант кафедраға өткізеді.

Ғылыми жетекші қорғауға жіберген, бірақ рецензент Ғ-«қанағаттанарлықсыз» бағасына бағалаған дипломдық жұмыс жалпы жағдайларда қорғалады.

Бұл материалдардың негіздемесінде кафедра меңгерушісі осы дипломдық жұмыс бойынша оның титулдік парағына бұл туралы тиісті жазба жаза отырып, түпкілікті шешім қабылдайды.

Егер, кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты қорғауға студентті жіберу мүмкін емес деп санаған жағдайда, бұл мәселе кафедраның мәжілісінде осы студенттің және оның ғылыми жетекшісінің міндетті қатысуымен қаралады.

Жұмысты қорғауға дайындай отырып, диплом жазушы өзінің қысқаша сөзінің тезистерін құрайды, таныстыру рәсімі (презентация), қажетті жағдайда көрнекі құралдарды ресімдейді, сын-пікір берушінің ескертпелеріне жауаптар ойластырады.

 




Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 127 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | <== 5 ==> | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав