Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

оршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық келісімдер, конвенциялар, шарттар

Читайте также:
  1. D) Халықаралық жұмыс күші миграциясы.
  2. азақстан Республикасында атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік
  3. Азақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде.
  4. Атмосфералық ауа қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде
  5. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың мазмұны
  6. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың түсінігі және тәсілдері
  7. Дипломдық жұмысты (жоба) қорғауға ұсыну тәртібі
  8. Интеграцияның алғы шарттарыА) барлық жауап дұрыс
  9. Көруінде бұзылуы бар балаларға арналған жалпы білім беретін мектепте оқытудың шарттары.
  10. Негізгі зат алмасуды анықтау кезінде қандай шарттарды бақылау керек?

Халықаралық экологиялық құқықтың қайгар көздері: халықаралық шарттар мен халықаралық әдет-ғұрыптар. Бастапқыда халықаралық экологиялық құқықтың қалыптасуына әдет-ғұрыптар маңызды рөл атқарды, атап айтқанда, көрші мемлекетке шығын келтіруге тиым салу қағидасы қалыптасты. Ал ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап көптеген көпжақты конвенциялар, шарттар мен келісімдер жасалды. Солардың ішінде маңыздысы – 3.03.1973 жылғы Жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда-сатттық туралы Конвенция; 18.05.1977 жылғы Табиғи ортаға әскери немесе кез келген басқа да зұлымдықпен әсер ету құралын қолдануға тиым салу; 1985 жылғы Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы; 1979 жылғы Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы Бонн конвенциясы; 1989 жылғы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясы. Бұл халықаралық актілер қолданыстағы қағидаларды бекітеді.

Сонымен қатар халықаралық ұйымдардың және конференциялардың қаулылары да халықаралық экологиялық құқықтың нормларын құрайды. Олар міндетті емес ережелерден құралған, бірақ та халықаралық қатынастарға әсер ете алады. Мысалы, Адамды қоршаған орта туралы БҰҰ-ның Стокгольм Декларациясы (1972 ж.); Бүкіл дүниежүзілік табиғатты қорғау стратегиясы (1980 ж.); Қоршаған ортаны қорғау мен дамыту жөніндегіә Рио қағидаларының Декларациясы (1992 ж.) және т.б.

Қазақстан Республикасы халықаралық қоршаған ортаны қорғау саласында көптеген халықаралық конвенцияларға қосылып, келісімдер жасасты. Атап айтатын болсақ:

- «Қазақстан Республикасының Ауаның алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 23 қазан;

- «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекетаралық гидрометеорологиялық жүйесі туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 23.08.2002 ж.

- Қазақстан Республикасының «Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» зањы 30.10.1997 ж.

- Қазақстан Республикасыныњ «Қазақстан Республикасының озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль Хаттамасына қосылуы туралы» заңы 30.10.1997 ж.

- Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ң Конвенциясының Киот хаттамасына Қазақстан Республикасының қол қоюы туралы» 12.03.1999

- «Қазақстан Республикасының Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 96 Заңы;

- «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 97 Заңы;

- «Қазақстан Республикасының Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 23 қазан;

- «Қазақстан Республикасының Шекарааралық тұрғыдан қоршаған ортаға жасалатын әсерді бағалау туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 21 қазан;

- «Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары жөніндегі келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 5 шілде;

- «Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 ақпандағы N 389-II заңы;

- «Халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы Роттердам конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 20 наурыздағы N 239 Заңы;

- «Қазақстан Республикасының Ең алдымен суда жүзетін құстардың тіршілік ету орны ретінде халықаралық мәні бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенцияға (оған 1982 жылғы 3 желтоқсандағы Париж хаттамасымен енгізілген түзетулермен және 1987 жылғы 28 мамырда Режинде енгізілген түзетулермен) қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 94 Заңы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенцияны мақұлдау және онда көзделген міндеттемелерді орындауды ұйымдастыру жөнінде» қаулысы.

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатындаБҰҰ-ның толыққанды мүшесi ретiнде Қазақстан жаһандық әрiптестiк негізінде тиiмдi экологиялық саясат жүргiзу үшiн халықаралық ынтымақтастықты пайдалануға тырысады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрi кеңейту мыналарды көздейдi:

- халықаралық шарттар мен келiсiм-шарттар бойынша мiндеттемелер шеңберiнде қоршағн ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық құқық нормаларына талдау жүргiзу, Еуропа Одағының елдерiмен заңнаманың барынша жақындасуын қамтамасыз ету;

- Қазақстандағы табиғат қорғау халықаралық конвенцияларын iске асырудың құқықтық тетiктерiн әзiрлеудi жалғастыру;

- "21 ғасырға арналған Жергiлiктi Күн тәртiбiн" қалыптастырудың ғылыми-әдiстемелiк негіздерiн әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;

- Қазаєстан Республикасы бекiткен халықаралық конвенцияларды iске асыру жөнiндегi ұлттық есептердi дайындау және жай-күйiн бағалау;

- қоршаған ортаның мониторингі бөлiгiндегi Дүниежүзілік банк Метеорологиялық ұйымның бағдарламаларына және Каспий экологиялық бағдарламаларының iс-шараларына қатысу.

Негізгі әдебиеттер:

1. Международное эколого-правовое сотрудничество: Учеб. - Алматы: Данекер, 2001. - 196с.

2. Лукашук И.И. Международное право: Особенная часть:Учебник для юрид.фак.и вузов. - 2-е изд.,перераб.и доп. - М.: Изд-во БЕК, 2000. - 435с.

3. Сарсембаев М.А. Международное право: Учебник/ Сарсембаев М.А. - 3-е изд. - Алматы: Данекер, 2002.

4. Авраменко И. М. Международное экологическое право: учеб. пособие/ И. М. Авраменко. - Ростов н/Д: Феникс, 2005. - 187 с. - (Высшее образование). - Библиогр.: с. 182-184.

Қосымша әдебиеттер:

 

1. Байдельдинов Д.Л., Куратов С.Г. Правовое реформирование экологического законодательства Республики Казахстан.- Алматы, 1999г.

2. Дубовицкая О.Б. Международное сотрудничество Казахстана по охране озонового слоя //Вестник Павлодарского ун-та.сер.гуманитарных наук. - 2004. - №3. - С.65-71

3. Ипатова, Н. Экологические конвенции - одна из форм международного сотрудничества/ Н. Ипатова //Предупреждение преступности. - 2006. - №1. - С.39-43

4. Лю Хун Янь. Современное китайское экологическое законодательство и тенденции его развития // Государство и право. - 2005. - №2. - С.67-75

5. Лаптева Н.Г. Основные направления сотрудничества регионального экологического центра Центральной Азии с международными и межгосударственными организациями // Вестник КазНУ:Сер.Юридическая. - 2004. - N1. - С.59-65

6. Лисицын Е.И. Охрана природы в зарубежных странах. – М.: Аг­рохимиздат, 1987.

Нормативтік құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі. 9.01.2007 ж. // "Егемен Қазақстан", 2007 жылғы 19 қаңтар, N 12-13.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенцияны мақұлдау және онда көзделген міндеттемелерді орындауды ұйымдастыру жөнінде» қаулысы. // ПҮАЖ, 1994 ж., №35, 386-құжат.

3. «Қазақстан Республикасының Ауаның алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 23 қазан N 89-ІІ // "Егемен Қазақстан" 2000 жылғы 24 қазан N 260

4. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекетаралық гидрометеорологиялық жүйесі туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 23.08.2002 ж.

5. Қазақстан Республикасының «Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» заңы 30.10.1997 ж. // Егемен Қазақстан, 1.11.1997.

6. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль Хаттамасына қосылуы туралы» заңы 30.10.1997 ж. // Егемен Қазақстан, 1.11.1997.

7. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ң Конвенциясының Киот хаттамасына Қазақстан Республикасының қол қоюы туралы» 12.03.1999 ж. //ҚР ПҮАЖ, 1999, №8, 58-құжат

8. «Қазақстан Республикасының Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 96 Заңы //Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 23, 93-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 16 желтоқсан N 283

9. «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 97 Заңы // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 23, 94-құжат;

10. «Қазақстан Республикасының Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 23 қазан N 94-II // "Егемен Қазақстан" 2000 жылғы 28 қазан N 267

11. «Қазақстан Республикасының Шекарааралық тұрғыдан қоршаған ортаға жасалатын әсерді бағалау туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 21 қазан N 86-ІІ // "Егемен Қазақстан" 2000 жылғы 24 қазан N 260

12. «Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары жөніндегі келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 5 шілде N 69-ІІ // "Егемен Қазақстан" 2000 жылғы 08 шілде N 163

13. «Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 ақпандағы N 389-II заңы;

14. «Халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы Роттердам конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 20 наурыздағы N 239 Заңы;

15. «Қазақстан Республикасының Ең алдымен суда жүзетін құстардың тіршілік ету орны ретінде халықаралық мәні бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенцияға (оған 1982 жылғы 3 желтоқсандағы Париж хаттамасымен енгізілген түзетулермен және 1987 жылғы 28 мамырда Режинде енгізілген түзетулермен) қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 94 Заңы

 




Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 48 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | <== 2 ==> |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав