Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Капиталдандыру коэффициенті

Читайте также:
  1. Аржы қаурыттылығы коэффициенті
  2. Есеп мысалы: вариация коэффицицентін және түскен тауарлар коэффициентін анықтау
  3. Резервуар тесігінен аќќан сўйыќ аєыныныѕ сыєылу коэффициенті 0,56-єа теѕ. Егер аєын диаметрі 6 мм болса, резервуар тесігініѕ диаметрі неге теѕ

 

7. Борыштық және сату мөлшерінің арақатынасының коэффициенті:

 

19 Айналым құралдарын қолдану тиімділігі

Ұйымдарда айналым құралдарын пайдаланудың маңызды көрсеткіштеріне келесілер жатады.

1. Айналым құраланың айналым коэффициенті

2. Айналым құраланың жүктеу коэффициенті

3. Айналым құраланың айналу жылдамдығы.

Айналым құраланың айналым коэффициенті (Ка) – бір жыл ішінде айналым құралының айналымдылығымен сипатталады, яғни сатылған өнімнің құнын немесе айналым сомасын тиісінше осы уақыт ішіндегі айналым құраланың орташа қалдығына бөлі арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш сатылған өнім көлемінің айналым құралының бір теңгесіне шаққандағы мөлшерін көрсетеді

Сө

Ка = ----------------

Ақ

Мұнда Ка – айналым құраланық айналым коэффициенті

Сө - сатылған өнім көлемі, Ақ - айналым қорының орташа жылдық құны, тенге

Айналым коэффициенті жоғары болғаны – айналым құралы тиімді пайдаланғанын көрсетеді.

пайдаланғанын көрсетеді.

Айналым құралын тиімді пайдалануда маңызды көрсеткіш - айналым құралын жүктеу коэффициенті болып табылады, ол айналым коэффициентінің өлшемінің кері қатынасын көрсетеді. Ол айналым құралының сомасына, сатылған өнімге жұмсалған шығындардың бір тенгесімен сипатталады

Сө

Ка = -------------- мұнда Кж – айналым құралының жүктеу коэффиц-і

Ақ

 

Неғұрлым ол аз болған сайын, ұйымда соншама айналым құралы тиімді пайдаланып, оның қаржылық жағдайы жақсарғанын көрсетеді.

Ұйымда айналым құралының айналымдылығы келесі факторлаға байланысты болып келеді – өндіріс циклының ұзақтығына, шығарылған өнімнің сапасына және оның бәсекеге төтеп беруіне, өнімнің материал сиымдылығын төмендету жолдарына, жабдықтау тәсілі және өнімді өткізу әдістеріне, айналым құралын тиімді пайдалану бағыттарын жетілдіруге.

Айналым құралының айналу жылдамдығы немесе ұзақтығы күнмен есептелінеді. Бұл көрсеткіш айналым құралы неше уақытта толық айналымнан өтетінін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш өндіріс циклының ұзақтығын (К) айналым коэффициентіне (Ка) қатынасын көрсетеді, немесе мезгілдегі күн санын, айналым коэффициентіне (Ка) бөлу арқылы анықталады.

К

Кұз = ---------------- мұнда К – мезгілдегі күн саны (360, 90, 30)

Ка

Айналым құралының айналым ұзақтығы азайған сайын немесе сондай жағдайдағы көлемде, сондай өнімді сатуда, оның жасаған айналымдық саны көбейсе, соншама айналым құралын аз қажет етеді және керісінше, неғұрлым айналым құралы тезірек айналымдықты жасаса, соншама оларды тиімді пайдаланады.

 

21 Пайдалылық көрсеткіштер жүйесі, оны анықтау әдістері мен арттыру жолдары

Пайдалылық көрсеткіштері – ол кәсіпорын қаржысының нәтижесін және оның қызметінің тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіші болып табылады. Аталмыш көрсеткіш кәсіпорынның табыстылығын түрлі тұрғыдан өлшейді және экономикалық процеске, нарықтық алмасуға қатысушысының мүддесіне сәйкес топтастырылады.

Пайдалылық көрсеткіші кәсіпорын пайда қалыптастыратын факторлық ортаның маңызды сипаттамасы ретінде болады. Сол себептен ол кәсіпорын қаржысының жай күйін салыстырып талдайтын және бағалайтын міндетті элемент ретінде саналады. Өндірісті талдауда пайдалылық көрсеткіші инвестициялық саясат пен баға белгілеу құралы ретінде пайдаланылады.

Пайдалылықтың негізгі көрсеткіштерін төмендегідей топтастыруға болады;

1) Өнім пайдалылығының көрсеткіші

2) Капитал (актив) пайдалылығының көрсеткіші

3) Қолма-қол ақшалай қаражат ағынының негізінде есептелген көрсеткіш.

Көрсеткіштің бірінші тобы кәсіпорынның есеп – қисабының көрсетілетін пайда (кіріс) көрсеткішінің пайдалылық деңгейін есептеу негізінде қалыптастырады

Мысалы;

R = Негізгі қызметтен алынатын кіріс

Сату мөлшері

 

R = Қалыпты қызметтен алынған кіріс

Сату мөлшері

 

 

R = Қалыпты қызмет-н салық салынғанға дейін ал-н кіріс

Сату мөлшері

R = Қалыпты қызмет-н салық салынғанған кейін ал-н кіріс

Сату мөлшері

R = Таза кіріс

Сату мөлшері

Осы көрсеткіш базистік() және есепті() өнімінің кезеңнің өнімінің пайдалылығын сипаттайды. Мысалы, өнімнің пайда мен сату жөніндегі пайдалылығы;

Rб = Rо = немесе Rб = Nб - Cб

Nб Nо Nб

Rо = Nо – Cо R =Rо-Rб мұнда Rо, Rб – есепті және базисті

Nо кезеңде сатудан алынған тиісінше пайда

Nо, Nб- өнімді сату

Cо, Cб – өнімнің өзіндік құны

R – пайдалылықтың талданатын кезеңде өзгеруі

Пайдалылық көрсеткіштерінің екінші тобы авансыланған қаражат мөлшері мен сипатының өзгеруіне байланысты пайдалылықтың барлық деңгейін есептеу негізінде қарастырылады; Кәсіпорынның барлық активі; инвестициялық капитал; акционерлік капитал. Мысалы

R = Таза кіріс

Барлық актив

R = Таза кіріс

Инвестициялық капитал

 

 

R = Таза кіріс

Акционерлік капитал

R = Таза кіріс

Меншікті капитал

Осы көрсеткіш бойынша пайдалылық деңгейінің үйлеспеуі кәсіпорынның қаржы тұтқасын ұзақ мерзімді несие мен басқа да қарыз қаражаттың табыстылығын арттыру үшін қалай пайдаланатынын көрсетеді.

Аталмыш көрсеткіш өте қолайлы және қатысушылардың мүдделеріне жауап береді.

Атап өтілген көрсеткіштің қайсысы болмасын фактордан тәуелдігіне орай оңай модельденеді. Анық тәуелділікті қарастырғанда

R = Таза кіріс = Таза кіріс * Сату мөлшері

Барлық актив сату мөлшері Барлық актив

Бұл формула пайдалылықты арттыру жолын тікелей көрсетеді, яғни сатудық табыстылығы төмен болған жағдайда өндірістік актив айналымын жылдамдатуға тырысу қажеттілігін көрсетеді.

Пайдалылық көрсеткішінің үшінші тобы бірінші және екінші топқа жататын көрсеткіш сияқты пайдалылық деңгейін есептеу негізінде қалыптастырылады, алайда таза кірістің орнына есепте ақшалай қаражаттың таза түсімі пайдаланылады, мысалы;

R = Ақша қаражатының таза түсімі

Сату мөлшері

R = Ақша қаражатының таза түсімі

Барлық актив

R = Ақша қаражатының таза түсімі

Меншікті актив

Аталмыш көрсеткіш кәсіпорынның қолында бар өндірістік әлеуетін пайдаланып кредиторларды, қарыз алушылар мен акционерлерді қолма-қол ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету мүмкіндік дәрежесін білдіреді.

Пайдалылық көрсеткіш санының көп болуына байланысты оларды арттырудың балама жолдары іздестіріледі. Әрбір бастапқы көрсеткіш түрлі дәрежеде егжей-тегжейленіп факторлар жүйесіне айналады, ал өндіріс резерві осы жүйенің шектерінде анықталып бағаланады.

Пайдалылықты арттыру жолдарын талдау кезінде сыртқы және ішкі факторлардың ықпалын бөлудің маңызы зор.

Өнім мен ресурс бағасы, тұтынылатын ресурс мөлшері мен өнім өндірісінің көлемі, сатудан алынған пайда мен сатудың пайдалылығы сияқты көрсеткіштер өзара тығыз функционалдық байланыста.




Дата добавления: 2015-04-22; просмотров: 28 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | <== 6 ==> | 7 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав