Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ф.Бэконның индуктивті әдісі және “идолдар” туралы іліміне жіктеме беріңіз.

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  4. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  5. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  6. А. М.Алпатьевтің биоклиматтық әдісімен суару режимдерін есептеу
  7. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  8. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  9. Абырғааралық нервтердің блокадасы әдісін кезеңмен жазыңыз.
  10. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.

Ф.Бэкон (1561-1626ж.ж.) — Кембридж университетін тәмамдап, Парижде ағылшын елшілігінде тұрады. Материалист. Еңбектері: «Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы», «Жаңа органон».

Эксперименттік ғылымның негізін салушы. Қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау, яғни эмпирикалық бағыттағы ұстанымдар. Схоластика, діни көзқарастарға қарсы шықты (дегенмен Құдайды мойындайды). Эмпириктермен рационалистердің сыңаржақтылығын сынайды. Ф.Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фактілерден біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті пайымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу, жаңа қорытындыға қол жеткізу болып табылады. Ол бақылау процесінде емес, эксперимент жүзінде ғана мүмкін.

Бэконның пікірінше ғылым адамның табиғаттан үстемдігін қамтамасыз етеді және бақытты қоғам құрудың алғы шарттарын қалыптастырады. Сол үшін де философия Құдай, табиғат және адам туралы мәселелерді ғана қарастыру керек. Адам ақыл — ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізуі керек. Адамның ақыл — ойына, санасына тән қателіктер болады, олар ақылдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идолдар деп атайды. Кедергілер түріндегі мұндай идолдар қатарына ол тектік идолдарды, индивидтік идолдарды, алаң идолдары және театр идолдарын жатқызады. Бұл идолдар ескі философиялық дәстүрлер әсерінен қалыптасқан. Ф.Бэкон адамдарды ағарту мен надандыққа және стереотипке қарсы күресудің бағдарламасын ұсынады. Ол үшін Бэкон адамдарға санадағы тосқауылдардан құтылып нағыз танымға жол сілтеуге мүмкіндік беретін педагогиканы дайындады. Сонымен қатар ол идеалдық мемлекеттің платондық теориясына өзінің саяси утопиясын қарсы қойды. Бэконның пікірінше адамзат қоғамы өзгеріп отырады және бұл дамудың өзегі адамның табиғатты пайдалану қабілеті мен үстемдігі болып табылады. Қоғам алға жылжиды және тарихты құдай емес адамның өзі қозғайды - міне Бэконның идеясы. Ал бұл тұжырымның негізін бэкондық индукция теориясы құрайды. Дәл осы индукция теориясы адамға табиғатқа билік жүргізу үшін қажет білімді береді және ғылымның көмегімен адам жаңа қоғам - аспанда емес, жерде жұмақ орната алады!

«Білім — күш» қағидасын берік ұстанған. «материя қозғалыспен ажырамас бірлікте, энергия — материяның ішкі қасиеті» — дейді.

Философ жаңа философиялық методологиясының мынадай қағидаларын ұсынады:

1. Табиғатты зерттеудегі объективтілік

2. Ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы

3. Табиғаттан көрі технологиялық дәреженің үстемділігі

4.Табиғи әлемді зерттеудің индуктивті (жекеден жалпыға өту) әдісі.




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 42 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Философия пәні : адам және әлем мәселесіне сипаттама беріңіз? | Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер). | Платон философиясы: “идея теориясы”, мемлекет жайлы ілімнің мәнін ашыңыз. | Л. Фейрбахтың анторпологиялық философиясының мәнін ашаңыз | Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы. | Орқыт атаның рухани ілімін ашыңыз. | Сопылықтың түркілік бұтағы: Қ.А.Иасауидің хәл ілімі. | Азақ философиясының қалыптасу ерекшелігін талдаңыз. | Жаңа заман философиясы, Р.Декарттың күмәндану принципі идеясын талдаңыз | Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз? |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав