Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  4. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  5. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  6. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  7. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  8. Адам,жеке адам тұлға және категорияларының мәнін ашыңыз.
  9. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары терең және жан-жақты. Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды. Құдай адамды да жаратты. Бірақ ол күнделікті ісіне араласпайды. Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты. Абай дүниетанымының өзегі, күре тамыры – адам. Адам Абай үшін оның организмін, іс - әрекетінің мақсатын және үйлесімділігін, талап – тілегі мен қызығушылығын зерттегенде физиологиялық – психологиялық нысан, ал таным процесінің мәнін түсіндіргенде – философиялық нысан, жақсылық пен жамандықтың мағынасын алып, «Адам бол» этикалық принципін негіздеген уақытта этикалық нысан болып табылады. Таным, Абайдың пікірінше, - адам тіршілігінің маңызды мақсаты, адам жанының бірден – бір қажеттілігі. Табиғат пен қоғам ұдайы өзгерісте, дамуда. Қоғам дегеніміз – ұрпақтың үнемі ауысып отыруы. «Адам бол» деген Абай принципінің мәні адамды, оның ролін жоғары бағалауында. Ойшылдың пікірінше, әр адам еңбекқор, әділетті және гуманды, адал, мейірімді болуы керек. «Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң, арқалаң. Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та, бар қалан», - деп жазды Абай. Абай ойы қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті өмірде қолданылатын мақал-мәтел дәрежесіне көтерілді. Абай шығармашылығындағы адам мәселесі зерттеу барысында әлеуметтік философияға айналды. Ақынның қоғамға, оның құрылымына көзқарасы, ұлттық бірлік туралы зерделі ойы, рулық, тайпалық жаулықты жою, сайлау, билер соты жайлы,пікірлері ұлттық сананың өсуіне өріс ашты. Ұлы ақынның өмірінің соңында жазылған 45 қара сөзі мен өлеңдерінің біршамасында қоғамдық ой-пікірлері ашық та айқын жазылған. Ол қазақ халқын өнер үйренуге, тіпті сауданың да мәнісін білуге шақырды. Егіннің ебін, сауданың тетігін үйреніп, ойлын, мал тап, дейді. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, Аздылар адам баласын, деп түйіндейді. Қырық екінші сөзде Абай қазақты пайдасыз, жұмыссыз, қаңғырып жүруге құмар деп санады.

33. XX ғ. басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы. Қазақ философиясының тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы – халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге ат салысқандығымен, өзінің жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді. Қазақ философиясының ойының бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік. Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол тұңғышретхалықтыашықкүрескешақырғанұрантастады: «Қазақстаннанболған социал-демократтарғабірауызсөзайтамын: Еуропаныңпролетариясыүшінқандыжастөгуіңізпайдалы, бірақөзхалқыңызқазаққаартықназарсалыңыз, орыстыңқарахалқыныңкүнелтуіауыр, сонда да алдыашық. Қазақхалқыалтымиллиондықбірұлытайпа бола тұрып, басқахалыққақарағандажәрдемсізазып-тозыпкетер». Міржақыпсаясимәселелерменқосаөзшығармасындақазақмәдениетінтұйықтаншығаратынжолдаріздейді. Еңалдыменмәденитоқыраудыңсебебін М. Дулатовбодандықтанкөреді. Екіғасырарасындақазақтыңұлттықсанасыныңоянуынаүлкенәсереткентұлғаныңбірі — ӘлиханБөкейханов. Олқазақхандарыныңтікелейұрпағы, ұлт-азаттыққозғалыстыңжетекшісі, қазақтыңалғашқысаясипартиясыныңбасшысы, қазақтыңбіріншіұлттықүкіметі — Алашорданың көсеміеді. ӘлиханБөкейханов санқырлықоғамдыққызметтеріменбіргеқазақтыңруханимәдениетіналғашқызерттеушілердіңқатарындатанымал. ОлАбайдыңшығармашылығытуралы тұңғышмақаланыжариялады, қазақ эпосы мен фольклоры жөніндеәлікүнгедейінғалымдардыөзінің ой тереңдігіментаңқалдыратынеңбектержаздыӘлихан мен Міржақып, АхметБайтұрсынов пен МағжанЖұмабаев, ЖүсіпбекАймауытов пен СұлтанмахмұтТорайғыров секілдіалаштыңарыстарыөзкүресіндехалқыныңғасырлықмұрасынанқашандакүш-қуаталыпотырды. Қазақтыңруханимәдениеті мен менталитетіндеөшпесізқалдырғаналыптұлғаныңбірі — ШәкәрімҚұдайбердіұлы. Шәкәрімлирикасының аса бірауқымдысаласы - оның Абай дәстүріндежазылғанағартушылықсарындағыөлеңдері. Өзініңтуғанжұртыныңболашағыүшінжаныауырып, жүрегісыздады. Осы сезімменкөптегенжырларынжазды..

34. XX ғасырдағы Батыс философиясы, позитивизм және оның түрлері. Қазіргі заманғы Батыс философиясында толып жатқан, кейде бір-біріне қарама-қарсы ағымдар бар. Әрбір дерлік ағымда іштей бір-біріне қарама-қарсы бағыттар да бар. Буржуазиялық философиялық ой-пікірдің марксистік философиямен қарама-қарсылығын былай қойғанда, оның ез ішінде де материализм мен идеализмнің күресі жүріп жатады. Қазіргі батыстық философияда мынадай ағымдарды және олардьщ тармақтарын атауға болады: позитивизмнің қазіргі түрі - неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм жөне иррационализмнің басқа түрлері; діни философияның түрлері — неотомизм, персонализм т.б. Дүнисгс-көзқарастық меселелерді жоққа шығару — қазіргі батыстық философияларға тен бірінші ерекшелік. Қазіргі батыстық философияның ағымдарына тән екінші ерекшелік — өткендегі прогресшіл дәстүрлерден бас тарту. Саяси жағынан үстем тап болып алған буржуазия енді әлеуметтік тәртіптерді (капиталистік қатынастарды) түбірлі өзгертуге мүдделі болмай қалдыНеопозитивизм философиялық бағыт ағылшын тілінде сейлейтін елдерде кең тараған. Оның окілдері Р.Карнап (1891-1970), Л.Витгенштейн (1889-1951), Б.Рассел (1872-1970), А.Айер (1910) жөне т.б. Неопозитивизм — XIX ғасырдың 30-жылдарыңца пайда болган субъективтіё-идеалистік бағыт — позитивизм идеяларын жаңа тарихи жағдайларға жоне ғылым дамуының жаңа деңгейіне сөйкес өрі қарай дамытушы философиялық ағым. Бірінші позитивизм ретінде О.Конттың (1798-1857) жоне Г.Спенсердің (1820-1903) философия ғылыми танымның дамуына кедсргі болатын керексіз нөрсе деген көзқарасй алынған: философия тікелей қабылдауға болмайтын заттардың мөнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне теріс бағыт береді деп санады позитивистер. Прагматизм қазіргі заманғы субъективтік идеализмнің американдық түрі. Оның басты өкілдері Ч.Пирс (1839-1914), У.Джемс (1842-1910), Дж.Дьюи (1859-1952) т.б. Прагматизмді жақтаушылар дәстүрлі философиялар адамдардың күнделікті іс-ерекеті үшін пайдасыз, өйткені "болмыс", "сана", "материя", "идея" деген сияқты дерексіз үғымдармен айналысқандықтан, адамдардың мақсат-мүдделеріне қызмет етпейді Экзистенциализм — XX ғасырдың орта шенінде Батыста ең кең тараған субъективтік-идеалистік философияның бірінен саналады. Экзистенциализм капитализмнің жалпы дағдарысының идеологиялық бейнеленуінің бір формасы болып табылады. Оның ірі өкілдері М.Хайдеггер (1889-1976), К.Ясперс (1883-1969), Г.Марсель (1889-1973), ЖЛ.Сартр (1905-1980), А.Камю (1913-1960) жоне басқалар. Экзистенциализм, немесе „өмір сүру философиясы", буржуазиялық философияның иррационалистік (адамның ақыл-ойының күшін жоққа шығаратын) бағыттарының бірінен саналады. „Экзистенция" үғымы экзистенциализмде ерекше рәл атқарады, оның барлық философиялық қағидаларының бастапқы негізін қүрады. Неотомизм — XX ғасырдағы діни философия, объективтік идеализмнің қазіргі заманғы бір түрі. Неотомизм дөл сондай белсенді діни-философиялық ағым болып табылады. Неотомизмнің ең белгілі өкілдері: Ж.Маритен (1882-1973), Э.Жильсон (1884-1978), Й.Бохеньский Неотомизм кейінгі кездерде терең дағдарысқа ұшырады. Персонализм Англия мен Америкада кеңінен тарады. Оның өкілдері Х.У.Керр (1857-1931), Р.Т.Флюэллинг (1871-1960), Э.Ш.Брайтмен (1884-1953), В.Штерн (1871-1938) және т.б. Персоналистер адамды дүниенің субстанциясы санай отырып, оны екі түрғыдан талдайды: табиғаттан тыс, тәжірибеден тысқары, рухани түрғыда (адам-түлға) жөне материалдық, төжірибелік (жеке-дара адам) түрғыда. Адам — түлға, өйткені ол өздігінше қызмет етсді, оның ерікті де ақыл-парасатты рухани бастамасы бар. Адам — түлға, өйткені ол рухани болмыс ретіңде өмір сүре алады. Мүның мөні сол, түлға дін белгілеп берген адамдық белгілердің жиынтығын қүрады — бүл адам денссінде әрекет ететін „жан". Ал енді жеке адамға келсек, ол материяның өншейін жай белігі, оның психикалық тіршілігі бар, қоғамның жай бөлігі. Түбінде өлетін ол бүкіл іс-әрекетін түрмыс қажетін өтеуге жүмсайды. Табиғат пен қоғамның бір белігі ретінде жеке адам қоғам зандылықтарына да, табиғат заңдылықтарына да бағынады. Жеке адам қоғамға, мемлекетке бағынады, ал түлға-адам қоғамнан жоғары түрады да тек қүдайға бағынады.

35. ХІХ ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық (П.Я. Чаадаев, А.И. Герцен, И.В. Кирееевский, А.С. Хомяков). Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер XVI— XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарамақайшылығы негізінде өтті.Мұның алғашқысы орыс ойының басты назар аударып, бұл орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үдерісін тануға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуынша Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен,Батыстан көп нәрсені үйреніп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс. Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық саяси тұрғыда қалыптасуы XIXғасырда. Біріншісін славянофильдер,екіншісін батысшылдар білдіреді. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да қалыптасуында П.Я.Чаадаев үлкен рөл атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында» баяндады. Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссиясында» деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славянофильдіктің де, батысшылдықтың да негізін қалаушы болып табылады. Әрине, Чаадаев өз позициясының екіжақтылығын түсінді және осыған байланысты орыс халқы өзіне тиесілі идеяны іздестіру үстінде дейді. Ұлттық идея сипатының белгісіздігі туралы автордың пікірі кейінгі орыс қоғамдық ойы өкілдерінің көзқарастарды алдауында айқындала түседі.Бұл екі бағыт та Орыс идеясының мәні мен мағынасын қарама-қайшы кейіпте түсіндіреді. Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт -бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына Герцен, Огарев, Кавелин,Чернышевский, Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен Белинский,Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап,материализмге сүйенді, бұл ағымнан орыстың революциялық демократтары өсіп шықты. Батысшылдар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. Олардың пікірінше, ел Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып,тарихи қысқа уақыттың ішінде экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс.Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдіктің негізін қалаушылар:Хомяков, Киреевский, Аксаков болды. Бұл идеялық позицияға Даль, Островский, Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды. Бұл қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша, философия Ресей өркениетті елдермен бірқатар болу үшін Батыстан алынған үлгілердіңбірі емес,ұлттық дамудың рухани жетістіктері шеңберіндегі қажетті элемент. Олардың жұмысында тарихтың өзінен туындайтын дербес сара жол мен ерекше міндеттерді шешу үшін орыс ойының қажеттілігі туралы ойы бекітіледі.Орыстың төлтума философиясының зерттеу аймағы осымен сипатталады. Бұл міндеттер мен зерттеу аймағы Православиемен тығыз байланыстырылды. Славянофильдер Ресей дамуының бүкіл Батыс өркениетінен түбірлі айырмашылығы туралы тезисті ұстанады. Бұл жерде ең алдыңғы орынға діни бастау шығады.





Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 144 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер). | Платон философиясы: “идея теориясы”, мемлекет жайлы ілімнің мәнін ашыңыз. | Ислам философиясф өкілдері: Әл- Кинди, Әл-Фараби,Иби Рушид мұраларына салыстырмалы талдау жасаңыз. | Ф.Бэконның индуктивті әдісі және “идолдар” туралы іліміне жіктеме беріңіз. | Неміс классикалық философиясы, И.Кант философиясының идеясын негіздеңіз. | Л. Фейрбахтың анторпологиялық философиясының мәнін ашаңыз | Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы. | Орқыт атаның рухани ілімін ашыңыз. | Сопылықтың түркілік бұтағы: Қ.А.Иасауидің хәл ілімі. | Азақ философиясының қалыптасу ерекшелігін талдаңыз. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав