Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Адам философиясы,өмірдің мәнін ашыңыз

Читайте также:
  1. Адам,жеке адам тұлға және категорияларының мәнін ашыңыз.
  2. Л. Фейрбахтың анторпологиялық философиясының мәнін ашаңыз
  3. Орқыт атаның рухани ілімін ашыңыз.
  4. Платон философиясы: “идея теориясы”, мемлекет жайлы ілімнің мәнін ашыңыз.
  5. Сенімділік көрсеткішінің орташа мәнін, орташа арифметикалық ауытқуын, дисперсия мен орташа квадраттық ауытқуын анықтау

Гректің антропос – «адам» және логос «ілім» сөзінен құралған, антропология дегеніміз – адам туралы ғылым.Антропология адамның табиғи құрылысын, оның бейімдері мен дағдысын, тілін, өнерін, діні мен өркениетін зерттейді.
Антропологияның үш маңызды бағыты бар. Біріншісі, адамның табиғаттағы орнын қарастырып, басқа тіршілік иелерінен айырмашылығын анықтайды. Осы мақсатта адамның табиғи қасиеттері мен дамуының, өркениетінің өзара байланысына назар аударады.Екіншісі, адамның нәсілдерін анықтап, жүйелеумен тығыз байланысты. Ол этнология деп аталады. Алғашқы адамдардың қаңқасы мен бассүйектерін қазіргі адамдармен салыстыра отырып, әртүрлі халықтар мен нәсілдердің дәстүрлері мен дінін зертейді. Сөйтіп, әр халықтың өзіндік тарихи, мәдени ерекшеліктерін анықтайды.Үшінші бағыт антропометрия деп аталады. Бұл ғылым адамның табиғи өлшемдерін бойын, салмағын, әртүрлі нәсілдің өкілдерінің сүйектерінің көлемін зерттейді.

Адам - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы – «Адам дегеніміз не» мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтап, барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани – практикалық іс - әрекетінің жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді.

Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде бар. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияны қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философия, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр. Мұның өзі тек жай ғана кездейсоқтық немесе ұқсастық емес. Қазіргі уақытта Адам төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, әлемнің барлық түпкірінде өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінен кездесіп отырған жағдайдан туындап отыр. Ядролық қару – жарақтың күннен – күнге көбейе түсуі, табиғи ортаның бұзылуы адамдарды өте бір қиын сын сағатына әкеліп, апырау, осы адамзаттың ертеңгі күні не болмақ деген үрейлі сұрақтарды жиі – жиі туғыза түсуде.

Генетикалық инженерияның даму бағыты, әртүрлі органдарды трансплантация жасау мүмкіндіктері адамның биологиялық табиғаты туралы үйреншікті көзқарастарды өзгерте түсуде. Сонымен қатар, адам биологиясының біз білмейтін қаншама терең сырлары бар екендігінде де күмән жоқ. Адамның өзін - өзі басқаруы, яғни психологиялық мәселелер де бой көрсетуде.Философиялық антропологияның басқа ғылымдардан айырмашылығы, ол адамды жалпы дүниетанымдық тұрғыдан зерттейді.
Жалпы, біртұтас, іргелі антропологиялық мәселелерді қарастыра отырып, адамның мәнін, өзіндік ерекшелігін түсіндіреді.

51. Қоғамдық сананың түрлері: моральдік, этикалық, саяси құқықтық және діни сана.

Ғылым қоғамдық сананың бір формасы ретінде. Сана дегеніміз -объективті дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік, сәулесі. Бірақ, ол жай бейне емес, шығармашылық бейне. Сананың түрлері көп. Ол жеке адамның санасы және қоғамдық, қарапайым және теориялық. Ғылыми және ғылымға қарсы, прогресшіл және керітартпа сана болып бөлінеді. Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына айналған сана, мәселен, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, т.б. Қоғамдық сана – қашанда қоғамдық болмыстың бейнесі, соның туындысы. Қогамдық сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің (осознание) нәтижесінде пайда болатын қогамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтыгы. А) Саяси сана – таптардың, ұлттардың, мемлекеттің түбегейлі мақсаттарын қолдап, уағыздап отыратын қоғамдық ой формасы. Б) Құқықтық сана. Бұл сананы жасаушы үстем тап, оның көзқарастары. Мақсаты – оның экономикалық және саяси мүдделерін жақтап, оны нығайту. Құқық дегеніміз, К.Маркс айтқандай,экономиколық жағынан үстем таптың заңға айналдырған еркі. Құқылық сананың негізгі мақсаты – демократияны, заңдылық нормаларын, адамдардың құқығы мен бостандығын қорғау. Құқықтық сана – адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері мен заң мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа деген қатынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы. в) Моральдық сана. Қоғамдық сана түріне жататын мораль – адамдардың бір-біріне деген қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалардың, принциптердің, ережелердің белгілі жиынтығы. Мораль адамдардың өз табына және басқа таптарға, мемлекетке, өз халқына және басқа халықтарға, адамның адамға қатынасын бейнелейді. Мораль қоғамдық сананың ең көне түрлерінің бірі, өйткені, адам қоғамдық жан ретінде қалыптасып, қоғамда ғана өмір сүре алатындықтан, өзара белгілі бір моральдық қатынас нормаларын сақтауға тиіс. г) Эстетикалық сана. Қоғамдық сананың тағы бір формасы - өнер. Ол обьективті ақиқатты бейнелеп көрсетеді. Көркемдік бейне құбылыстарды нақты сезімталдық түрде барынша ерекше, типтік тұрғыдан бейнедейді. Қоғамдық сана - өте ауқымды да кең ұғым. Ол обьективті өмірді адам санасында жан-жақты бейнелеудің нәтижесі. Оған жататындар: қоғамдық ойлар, теориялар, саяси және құқылы көзқарастар, ғылыми анықтама мен тұжырымдар, т.б. Сана сол қоғамның ғана бейнесі деуге болмайды. Өйткені, бір қоғамдық болмыста неше түрлі саналар қатар өмір сүруі мүмкін.




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 75 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Азақ философиясының қалыптасу ерекшелігін талдаңыз. | Жаңа заман философиясы, Р.Декарттың күмәндану принципі идеясын талдаңыз | Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз? | Марксизм философиясының ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз? | Сана және бейсаналық. Фрейдтің психоаналитикалық философиясын таңдаңыз. | Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелеріне сипаттама беріңіз | Таным мен оның формаларына салыстырмалы талдау жасаңыз | Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз? | Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары. | Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав