Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Графо – аналитикалық әдісімен есептеу

Читайте также:
  1. А. М.Алпатьевтің биоклиматтық әдісімен суару режимдерін есептеу
  2. Биоклиматтық әдісімен есептеу
  3. Гидромодуль графигін есептеу
  4. Графо- та епіпроектори, будова та принцип роботи
  5. Графоаналитический метод решения задачи № 1
  6. Есептеу
  7. Көрсеткіштерін есептеу
  8. Сана және бейсаналық. Фрейдтің психоаналитикалық философиясын таңдаңыз.
  9. Су тасу ағынын реттеу есептеулері

Бұл әдіс топырақ қабатындағы ылғал балансын бір ай немесе онкүндік мерзімдерге анықтауына негізделген. Сондықтан осы әдіс ең дәл болып саналады. Дақыл дәні топыраққа себілген, егілген уақытта топырақ ылғалдылығы дәннің ісініп, жақсы өнуіне қолайлы болуы тиіс. Осы алғашқы ылғалдықты «βа» деп белгілейміз. Сөйткенде топырақ қабатындағы алғашқы ылғал мөлшері төмендегіше анықталады:

 

Wa = 100.γ.H. βа, (2.33)

 

мұндағы: - алғашқы ылғалдылық, көптеген тәжірибелерде анықталғандай дәрежесінде болуы міндетті. Ылғалдылық осындай жоғары деңгейде болса дақыл дәні жақсы өніп шығады. Қыс – ерте көктем мезгілдерінде қар мен жаңбыр мол жауса, осы талап орындалады. Бұлай болмаған жағдайда дақыл егілер алдында егістік алдын- ала суарылады.

Белгілі бір дақыл үшін вегетациялық мерзімде топырақтың белсенді қабатының мөлшері өзгереді. Алғашқы уақытта немесе дақыл дәні себілген кезеңде ол аз, дақылдың пісу уақытында оның көрсеткіші жоғары. Осыған сәйкес егіс топырағындағы «Wmax» және «Wmin» мөлшерлерін анықтаймыз:

 

(2.34)

 

Сонымен топырақтың белсенді қабатындағы жоғарғы және төменгі ылғал мөлшерлерінің қисық сызықтарын саламыз.

 

Сурет 2.2 Есепті қабаттағы су қорлары.

W max-топырақтың белсенді қабатындағы ылғал қорының ең жоғарғы мәні; W min- топырақтың белсенді қабатындағы ылғал қорының ең кіші мәні, W бас.- топырақтың белсенді қабатындағы егер алдындағы ылғал қоры

 

 

Графикте сәуірдің бірінші онкүндігі басындағы ылғал мөлшері «». Сол онкүндіктің соңындағы ылғал мөлшерін төмендегідей табамыз:

 

(2.35)

 

Бірінші онкүндіктің соңындағы ылғал мөлшері екінші онкүндіктің басындағы көлемі болып есептелінеді. Одан әрі есептеу сол сияқты жалғаса береді. Біз көрсеткен мысалда жаз бойы дақыл төрт мәрте суарылады.

Келтірілген әдісте әрбір онкүндік бойынша егістік топырағындағы ылғал мөлшері анықталып, ол кестеге толтырылады. Сонымен қатар жоғарыдағы график қатар тұрғызылады. Осы себептен бұл әдіс графо-аналитикалық деп аталады.

Транспирациялық коэффициент деп өсімдіктердің 1тонна құрғақ зат жасау үшін жұмсайтын суының мөлшерін айтады. Транспирациялық коэффициент пен су пайдалану коэффициентінің мөлшері әрбір жекелеген дақылдар үшін де өте тұрақсыз болады. Оның мөлшері өсімдіктердің өсуі үшін қажет факторлардың қолайлы үйлестірілген жағдайында аз болып, ал бұл үйлестірілу бұзылған жағдайда көбейіп кетеді.

 

2.4 - кесте. Топырақтың белсенді қабатындағы ылғалдың мәні

 

Ылғал қоры,м3/га Топырақтың есепке алынған деңгейі,м
0,4 0,45 0,5 0,55 0,6 0,7 0,8 0,9 0,95 1,0
Топырақтағы жоғарғы ылғал қоры, (Wmax)                    
Топырақ қабатындағы нақты ылғал қоры, (Wбас.=0,9Wmax)                    
Топырақтағы төменгі ылғал қоры, (Wmin)                    

 

 

Суару мөлшерін А.Н. Костяковтың формуласы арқылы анықтаймыз:

 

, (2.36)

 

Есепті кесте түрінде жүргіземіз. Есептің дұрыс шығарылғанын су балансы теңдеуі арқылы тексереміз.

 

 

2.8 Суару режимін А.М.Алпатьевтің




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 81 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

КІРІСПЕ | Жерді мелиорациялаудың мақсаты | Суармалы жерлердің қазіргі жағдайы мен келешегі | Мелиорацияның қоршаған ортаға әсері | Егісті суарудың дақыл өнімі мен оның өсіп-өну жағдайларына әсері | Егіске берілетін судың сапасы | Дақылдың суды тұтынуы | Егістіктің табиғи ылғалдылығы | Дақылдың маусымдық суару мөлшері | Дақылдың суару мөлшері |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав