Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Күріш суару жүйесі

Читайте также:
  1. А. М.Алпатьевтің биоклиматтық әдісімен суару режимдерін есептеу
  2. Беткейлеп суару
  3. Дақылдарды тақталап немесе беткейлеп суару әдісі
  4. Дақылды суару саны мен мерзімдері
  5. Дақылды тамшылатып суару
  6. Дақылды топырақ ішімен суару
  7. Дақылдың маусымдық суару мөлшері
  8. Дақылдың суару мөлшері
  9. Егісті суарудың дақыл өнімі мен оның өсіп-өну жағдайларына әсері

Күріш суару жүйесі басқа жүйелерге қарағанда ерекше күрделі болып келеді. Сондықтан күріш суару жүйесіне төмендегідей талап қойылады:

- күріш егілетін жер тегіс болып, топырағы ауыр салмақты және аз су өткізгішті болуы керек;

- күріш суару алқабында жақсы коллектор, кәріз жүйелері болуы қажет;

- каналдар арасындағы танап ауданы 15-50 гектардай (ұзындығы 0,8-1,5 км, ені 0,15-0,3 км) болуы керек. Оны тақта деп атайды. Ал тақта ауданы 1,5-2 га бөлікке бөлінеді. Оны шек дейді. Палдың іші тегіс болуы керек. Пал бойындағы жалдың биіктігі 0,3...0,4 м, оның жоғарғы деңгейінің ені 0,35-0,4 м шамасында болады. Каналдағы су деңгейі пал деңгейінен 25-30 см биік болуы керек.

Қазақстанда, соның ішінде, Арал өңірінде күріштің барлық егіс көлемі күріш суару жүйесінде, инженерлі дайындалған суармалы жерлерде орналасқан.

Күріш суару жүйесі – инженерлі типтегі күрделі ирригациялық құрылыс. Бұл құрылысты салудағы негізгі мақсат – күріш танаптарына суды жеткілікті мөлшерде үздіксіз жеткізу, дақылдың өсу дәуірі ішінде суды атызда ұстау, керек болған жағдайда және күріш піскен кезде суды жылдам қашыртқылап әкету. Бұл жүйе – суару каналдары мен арықтары, күріш танаптары, қашыртқылау және дренаждық жүйе, әртүрлі гидротехникалық құрылыстардан тұрады. Магистральды каналдардан бірінші қатардағы, одан екінші қатардағы, тағы сол сияқты каналдар бөлінеді. Суару жүйесінің ең соңғы звеносы карталық суару арықтары. Одан су тікелей күріш атыздарына (танаптарына) барады.

Күріш картасы – бірнеше атыздардан тұрады. Әрбір атыз көлемі 2,5-4,0 га, ар карта көлемі жер рельефіне, тағы басқа факторларға байланысты 10-50 га болады. Әрбір атыз бетінің тегістігі + 3 см болғаны жөн. Сонда күріштің суару режимін дұрыс жүргізуге болады.

Қашыртқылау жүйесі -күріштің өсу дәуірінде және піскеннен кейін атыздардан, картадан пайдаланылған суларды және жер асты суларын әкету мақсатында жасалынған. Бұл жүйе – көлемі (үлкендігі) әртүрлі каналдардан тұрады. Карталық қашыртқылау каналы, оларды жинақтаушы және коллекторлық каналдар арқылы – пайдаланылған және жер асты суларын күріш плантациясынан тысқары жерлерге әкетіледі.

Дренаждық жүйе – үлкендігі әртүрлі каналдар мен коллекторлардан тұрады. Негізгі атқаратын қызметі – жер асты суларын әкетіп, күріш танаптарында батпақтану процессін болдырмауға әсері бар.

Кедергілеу жүйесі – үлкендігі (мөлшері) әртүрлі каналдардан тұрады. Мұны салудағы негізгі мақсат – фильтрацияланған суларды (мысалы, суару каналдарынан фильтрацияланып, егіс танаптыран таралатын суларды) басқа жаққа әкету.

Гидротехникалық құрылыстар – бір каналдан екінші каналға өтетін суды, суару каналынан (арығынан) атызға баратын суды, атыздан қашыртқыға баратын суларды реттейтін құрылыстар жүйесі.

Арал өңірінде, Қызылқұм және Ақдала аймағында (массивінде) күріш суару жүйесінің Краснодарлық типі Кеңес Одағы кезінде (1965-1985 ж.) салынған және осы кезге дейін пайдаланылуда. Одақ тарағаннан кейін (1991 ж) эксплуатациялық (жыл сайынғы) жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жақсы жұмыс істейтін деңгейде ұстауға қаржы жетіспегендіктен бұл жұмыстар атқарылған жоқ. Нәтижесінде инженерлік жүйелер тозып, каналдар ылайланып, табаны тайыздалып істен шығып, бұзылып қалған. Нәтижесінде коллекторлы-қашыртқылау жүйелері өз деңгейінде жұмыс істемейғ ауыспалы егіс танаптарының топырақтары тұзданып сорлануда, немесе батпақтануда, айналымнан шығып қалуда.

Бірақ кейінгі кезеңде (2002-2003 жж.) Отандық инвесторлар күріш егіншілігін дамытуға күрделі қаржы жұмсап, атыз бетін лазерлік тәсілмен тегістеу жұмыстарын жүргізуде, минералды тыңайтқыштар, гербицидтер егістікке оптимальды мөлшерде берілуде, тракторлар мен комбайндар сатып алынып пайдаланылуда. Болашақта отандық мнвестиция жалғасын тауып, күріш суару жүйесін реконструкциялап, күрделі жөндеуден өткізілуі мүмкін.

 

 




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 50 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Ықшамдалған гидромодуль графигі | Суару әдісі туралы жалпы ұғым, оларды таңдау | Беткейлеп суару | Көрсеткіштерін есептеу | Дақылдарды тақталап немесе беткейлеп суару әдісі | Жаңбырлатқыш қондырғылар | Фрегат» жаңбырлатқыш машинасы | Дақылды топырақ ішімен суару | Дақылды тамшылатып суару | Тарау. Күріш суару жүйесі. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав