Читайте также:
|
|
Бастапқы мәліметтер:
1. Суармалы учаскенің орналасуы: Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов атындағы шаруашылығы
2. Ауыспалы егіс түрі: жем-шөп
3. Ауыспалы егіс-8танапты
Ауыспалы егістегі дақылдар:
бір жылдық жоңышқа-1 танап
екі жылдық жоңышқа-2-4 танап
дәндік жүгері-5танап
судан шөбі-6 танап
сүрлемдік жүгері-7-8 танап
4. Ыза суының деңгейі: 2,1 м
5. Топырақ түрі: ауыр саздақты
6. Метеостанция атауы: Қызылорда
7. Учаскенің жоспары. Масштаб: 1:10000
8. Суару көзі: Шіркейлі каналы (сол жаға магистарльді канал)
Суармалы алқаптағы ауыспалы егістік танаптары бір-біріне өте жақын орналасып, басқаша айтқанда жанасып жатқаны жөн болады. Олардың араларында тек канал, жол және орман жолақтары болуы мүмкін.Тек сонда ғана жер тиімді ұйымдастырылып, игерілді деуге болады.
Ауыспалы егістік бес, алты және одан да көп танаптан тұрады. Ауыспалы егістік формасы тік төртбұрыш болғаны топырақ өңдеу және суару жұмыстарына қолайлы. Әсіресе ұзындығы енінен 1,5-2 есе артық болғаны тіпті жақсы.
Суару жүйесіне магистральді канал, шаруашылық канал, шаруа танап каналдары, гидротехникалық құрылымдар, жолдар, екпе ағаштар, көпір өткелдер және оларды пайдалануға арналған құралдар мен жабдықтардан тұрады.
Бас магистарльді канал-суару жүйесіндегі ең ірі канал. Оның ұзындығы бірнеше километр болады. Ол канал суарылатын жердің ең биік жерлерінен биік тұрғаны қажет.бқл каналдардың мақсаты бас сағадан суды алып, суарылатын алқаптың ең соңына дейін апарып, шаруааралық каналдарға бөлуі.
Шаруааралық каналдар суды бір топ шаруашылыққа әкеліп шаруа каналдарына бөледі. Ол канал шаруашылықтың шекарасымен жүреді.
Шаруашылық каналдар суды шаруашылыққа жеткізеді. Әр ауыспалы егістікке бір шаруа каналы салынады. Шаруа каналынан су танап каналдарына бөлінеді.
Танап каналдары суды танапқа жеткізеді. Әр танапқа бір канал салынады. Сегіз танапты ауыспалы егітік болса, сегіз танап каналы салынады. Танап каналынан суды уақытша арықтар арқылы алып қарыққа береді.
Гидротехникалық құрылымдар суару жүйесіндегі су бөлуді реттеу режимдерін қамтамсыз етіп отырады. Олар үш топқа бөлінеді: су бөлгіш-реттегіштер, су өткізгіштер, су жалғастырғыштар.
Жолдар әр танаптың периметрі бойынша орналасуы қажет. Олардың ені қажеттілігіне байланысты 2-4 м етіп алынады.
Орман жолақтар каналдардың, жолдардың бойына, танаптардың шекарасына отырғызылады [2].
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 51 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |