Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып №17 Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. GТөмендегі өз нөміріңіз бойынша тақырыпқа сәйкес презентация құрыңыз.
  4. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  5. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  6. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  7. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  8. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  9. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  10. Адам,жеке адам тұлға және категорияларының мәнін ашыңыз.

Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы. Типтік тергеу ситуациялары, болжауалары және жоспарлануы. Қүш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері.

Адам өміріне қылмыстық қол сұғушылықпен күрес жүргізудің маңызы, қылмысты дер уақытында ашу мен оны жан-жақты тергеуде ерекше орын алады. Адам өлтіру бойынша істің ашылмай қалуы, көбінде қылмыскерлердің қылмыстық әрекет жасау немесе оның ізін жасыру кезінде өте айлалы әдіс-тәсілдер қолдануларына байланысты, әсіресе тергеу барысында тергеушінің жіберген кемшіліктерінің, нақты айтқанда: оқиға болған жерге дер уакытында шықпауының (келмеуінің) немесе сол жерді қарау жұмыстарын толық немесе мұкият жүргізбеуінің, ғылыми-техникалық құралдар мен тактикалық тәсілдерді дұрыс қолданбауының салдарынан.

Адам өлтіру қылмысын нәтижелі тергеудің міндетті шарттарына: жедел-тергеу жұмыстарын тез, әрі дер уақытында жүргізу; заттай дәлелдемелерді, сондай-ақ қылмыскерлердің оқиға болған жерлерде қалдырған іздерін – іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу үшін ғылыми-техникалык құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану; іс бойынша құрылған болжауларды толық әрі жан-жақты тексеру; жұмыс жасау кезектілігін сақтай отырып, қолданылатын тәсілдерді дұрыс таңдап алу; оларды тергеу әрекеті барысында пайдалану шеберлігі жатады.

Адам өлтіру қылмыстарын тергеу мен ашу, тәртіп бойынша күнделікті әрекет ететін топ құрамының қызметкерлерінің топтық тәсілдерімен немесе арнайы құрылған жедел тергеу топтарының үздіксіз жұмыс сауларына байланысты жүзеге асырылады. Үздіксіз әрекет ететін жедел-тергеу топ құрамына барынша тәжірибелі тергеушілер, маман-криминалистер, дәрігерлер, жедел-іздестірушілер кіреді. Қасақана кісі өлтіру бойынша жасалған қылмысты ашуға байланысты топ құрғанда міндетті түрде әрбір кызметкерлердің мамандандырылу деңгейі, біліктілігі оның тәжірибелік стажы мен ептілігі ескеріледі. Жедел-тергеу топтарының жұмыстарындағы эдетте кетіп жатқан (кездесетін) кемшіліктер, олардың құрамының әлсіздігі мен тұрақсыздығына, топ құрамы мүшелерінің қасақана кісі өлтіру қылмысымен байланысы жоқ басқа шаралармен айналысуына, сонымен катар қажетті техникалык кұралдармен, жұмыс жасау үшін ғимарат орындарымен, транспорт құралдарымен қамтамасыз етілмеулеріне байланысты.

Үздіксіз (күнделікті) әрекет ететін жедел-тергеу топтары оқиға болған жерге шыққан сәттен бастап қылмыскер анықталғанға дейін жұмыс жасаулары тиіс. Қылмыстық әрекеттер анықталғаннан кейін, әрі қарай қылмысты ашу жұмыстарын (әрекеттерін) тергеушілер жалғастыруларына болады. Қылмыс қоғамдық ортаны дүрліктірітіндей ауырлататын жағдайда жасалған кездерде, тергеуді толык көлемде жүргізулері қажет.

Адам өлтіру қылмысын тергеуде «ізі суымаған» қылмыстар бойынша жедел-іздестіру топтары қылмыс болған жерлерге, пәтер-аулаларға жаппай тексеру жұмыстарын жүргізу жолымен іздестіру шараларын жүзеге асырады. Арнайы құрылған кестеге байланысты шешілетін сұрақтар тізімін тексеру кезінде жиналған мәліметтер мен іздестірудегі тұлғаның жүрген жері бойынша кұрылған кестені көзделген мақсатқа сәйкес талдау қажет. Қажет болған жағдайларда жәбірленуші мен қылмысқа сезікті (қылмыс жасауы мүмкін деп жорамалданған) тұлғаның іс-әрекеттеріне (хронаметраж әдісімен) бақылау жұмыстарын жүргізу керек, оқиға болған жердегі ауданда куәлар мен оқиғаны көзімен көрушілердің жүру мүмкіндігін ескеру кажет.

Адамның жеке басына карсы жасалатын қылмыстың ішінде ең ауыры адам өлтіру қылмысы болып табылады. Бұл қылмысты ашуда кездесетін қиыншылықтар айтарлықтай үлкен жұмыс көлемін талап етеді, сондықтан адам өлтіру жөніндегі істі жоғары санаттағы күрделі қылмыс қатарына жатқызады.

Адам өлтіру қылмысын жасаудың және жасырудың тәсілдерінің әртүрлілігі, олардың себептері және мақсаттары, қылмыскердің пайдаланылатын қарулары және амалдардың ерекшеліктері, қылмыстарды жасаудың орны және уақытының ерекшеліктері оларды тергеудің жалпы әдістемесінде кісі өлтірудің әртүрлі түрлерін тергеудің ерекшелігін көрсететін бірқатар жеке әдістеменің бар болуымен байланыстырылган. Соңғыларына қылмыстың типтік ситуациясына байланысты: атыс-қаруларын, жарылғыш заттарды, кесіп-жаншитын заттарды пайдаланып жасалған кісі өлтірулер, мәйітті бөлшектеумен, бүркемеленген (инсценировка) кісі өлтірулер; пайдақорлық, бұзакылық ниетпен және т.б.

көлікте, төбелесте жасалған кісі өлтірулер жатқызылуы мүмкін.

Қылмыстық істі қөзғау кезіндегі тергеушінің қолындағы алғашқы мәліметтердің сипаты мен көлеміне байланысты қылмыстарды шартты түрде мынандай үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) кісі өлтіру анық жағдайда жасалған; 2) кісі өлтіру анық емес (белгісіз) жағдайда жасалған.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 47 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Тақырып №4 Криминалистикалық трасология | Тақырып №6 Құжаттарды криминалистикалық зерттеу | Тақырып №8 Криминалистикалық тіркеу, одорология | Тақырып №9 Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері. Тергеу қарауының тактикасы. | Тақырып №10 Жауап алудың тактикасы | Тақырып №11 Тану үшін көрсету тактикасы | Тақырып №12 Тінту тактикасы | Тақырып №13 Тергеу экспериментінің тактикасы | Тақырып №14 Сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу | Тақырып №15 Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав