Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып № 20 Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарын тергеу әрекшеліктері

Читайте также:
  1. GТөмендегі өз нөміріңіз бойынша тақырыпқа сәйкес презентация құрыңыз.
  2. Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары
  3. Дәрістердің тақырыптық жоспары
  4. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
  5. Практикалық сабақтарының тақырыптық жоспары
  6. Семинар сабақтарының тақырыптары
  7. Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
  8. Тақырып № 16 Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері.
  9. Тақырып № 19 Экономика саласындағы қылмыстарды тергеу әдістемесі

Жасы толмағандармен жасалған қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы. Дәлелдеуге жататын жағдайлар. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау. Тергеушінің анықтама органы, жасы толмағандармен жұмыс жасау инспекциясының қызметкерлері және учаскелік инспекторлармен өзара әрекеттестігі. Болжамдар сипаты және тергеуді жоспарлау. Типтік тергеулік ситуациялар. Жасы толмағандармен жасалған қылмыстарға көрсететін белгілерін анықтауда криминалистикалық білімдерді пайдалану. Жасы толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу спицификасын анықтайтын психологиялық және басқа да факторлар. Оқиға болған жерді қарау. Ұстау, жасы толмаған күдіктінің жеке басын тінту. Жауап алу. Тану үшін ұсыну. Беттестіру. Аталмыш қылмыстардың алдын алу шаралары.

Заңға сәйкес кәмелеттік жасқа толмағандар болып 14 жастан 18 жасқа дейінгі жеке тұлғалар саналады. Көбіне бұл тұлғалар үлкен, яғни жасы кәмелетке толып кеткен, әрекет қабілеттігіне ие адамдар қылмыстарды істейді.

14 жастан қылмыстық жауаптылық пайда болған қылмыстарға мыналар жатады: кісі өлтіру (ҚР ҚК 96 бап); денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіретін (ҚК 103 бап); ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру (ҚК -104 бап); зорлау (ҚК 120 бап); адамды ұрлау (ҚК 125 бап); тонау (ҚК 178 бап); ұрлық (ҚК 175 бап); қорқытып алу (ҚК 181-бап); ауырлататны мән-жайлардағы бұзақылық (ҚК 257- бап) және басқа да Қылмыстық Кодексі 15 бабында белгіленген қылмыстар.

Жасөспірім- қылмыскер көңіл күйінің бірқалыпта болмауы, тітіркенушілер арқылы жоғары эмоционалды қөзбалығымен сипатталады. Қылмыс істеуге шешілу – бұл ережеге сай оның жас ерекшеліктеріне амес, тұлғаның тәрбиелік, жасөспірімнің әлеуметтік дамуының кемістігінің себептерінен болады.

Берілген дәрежедегі істің ерекшелігі – Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінде белгіленген мынадай мән- жайларды бірге анықтау қажет: міндетті түрде жасы анықталады (туған жылы, күні, айы); жасөспірімді тәрбиелеу мен өмір сүруінің шарты; қылмыстың болуына ықпалы тиген есбептер; үлкен ұйымдастырушы адамдар мен басқа қатысушылардың болуы. Жасөспірімнің есі дұрыс еместік пен ақылы кемдігі туралы деректердің болуы, сондай-ақ оның әрекет кезіндегі өз ісін толық ұғынатындығы туралы анықтамалар болуы тиіс.

Осындай дәрежедегі істерді тергеудің бастапқы кезеңінде келесі түрлі тергеу жағдайлары пайда болады:

a) Қылмыскерді білмейтін жәбірленуші немесе куәгердің қылмыскердің сырт кейпі, өзін ұстау өнері мен басқа белгілері бойынша шамамен жасөспірім екенін анықтауы. Бұл жағдайда, қылмыстың жеке іздері болғанымен материалдарды іздестіруді анықтауда кемшілік туады. Әдетте мұндай жағдайларда: оқиға болған жерді қарау, жәбірленушіні, басқа көргендерді немесе материалды жауаптыларды жауаптау, суымаған, қылмыс іздері бойынша қылмыскерді ұстау мақсатында жедел іздестіру іс шаралары қылмыскерді ұстау, жасөспірімді жауаптау және тұрғын жайы, оқуы немесе жұмысы бойынша тінту, жеке тінту, сот сараптамалары жұргізіледі;

b) Жәбірленуші мен куәгерлерді және оның жасын біледі.

Бұл жағдайда әдетте мыналар жүзеге асады: жасөспірімдерді ұстау, оқиға болған жерді қарау, ұсталғандарды және көргендерді жауаптау, тануға көрсету, есепке алу бойыншаіздерді тексеру, тұрақты жері, оқуы немесе жұмысы бойынша тінту, жеке тінту, сот сараптамасын тағайындау.

Жасөспірімдердің қылмыстары бойынша сот психологиялық сараптамамен шешілетін мәселелер тізімі:

- жасөспірімдердің санасының даму дәрежесі қандай(жасын есепке алу бойынша);

- жасөспірімнің ақыл ой дамуы берілген жасқа сай қалыпты дәрежеден бұрылған сипаты қандый;

- естерінің бұзылуының себептері қандай, олар жүйке ауруының салдары болып табыла ма;

- жасөспірім нақты мән- жайларды дұрыс қабылдап және өз көрсетеплерінде нақты айтуға мүмкіндігі бар ма;

- жасөспірім өз әрекеттерін толық түсіне алады ма;

- жасөспірім өз әрекеттерін толық басқара алады ма.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 28 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Тақырып №9 Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері. Тергеу қарауының тактикасы. | Тақырып №10 Жауап алудың тактикасы | Тақырып №11 Тану үшін көрсету тактикасы | Тақырып №12 Тінту тактикасы | Тақырып №13 Тергеу экспериментінің тактикасы | Тақырып №14 Сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу | Тақырып №15 Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы | Тақырып № 16 Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері. | Тақырып №17 Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі | Тақырып №18 Алаяқтық және қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав