Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып №6 Іздер туралы криминалистикалық ілім (трасология).

Читайте также:
  1. GТөмендегі өз нөміріңіз бойынша тақырыпқа сәйкес презентация құрыңыз.
  2. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
  3. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  4. Бүйрек шаншуының пайда болу механизмін тізіп көрсетіңіздер.
  5. Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беру
  6. Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру үшін негіздер
  7. Бап. Сәйкестiк туралы декларация
  8. Блефариттер. Этиопатогенезі. . Емінің негізгі принциптерін тізіп көрсетіңіздер. Алдын алу.
  9. Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары
  10. Дәрістердің тақырыптық жоспары

Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесі. Іздердің жіктелуі. Статикалық және динамикалық іздер. Беткейлі және көлемді іздер. Қабатталу және қатпарлану іздері. Іздердің қалыптасу механизмі.

Адамның трасологиялық іздері. Криминалистикалық дактилоскопия. Адамның аяқтарының іздерін зерттеу. Адамның тістерінің іздерін зерттеу. Еріннің іздері. Қан іздерін зерттеу.

Бұзу құралдарының іздері. Құлыптар мен бекітетін құрылғыларды зерттеу. Көлік құралдарының іздерін зерттеу. Бүтін затты бөлшек бойынша анықтау. Микрообъектілер.

Трасология (фр. trace – із және грек. logos – ілім) – іздер туралы криминалистикалық ілім. Криминалистік техниканың құрамдас бөлігі. Адамның (аяғының, қолының, тістерінің, ерінінің, аяқ киімінің), жануарлардың, көлік құралдарының, қылмыс құралының іздерін, олардың пайда болу механизмін, із арқылы анықтау және салыстыру тәсілдерін зерттейді. Іздің пайда болу заңдылықтарын, із түсіруші және із қабылдаушы объектілердің қасиеттерін анықтайды.

Яғни, трасология деп, қылмыс механизмiн көрсететiн әр түрлi iздердiң пайда болу заңдылықтарын оқып үйренетiн және қылмысты әшкерлеу мақсатында iздердi жинап, зерттеудегi әдiс-құралдарды жетiлдiретiн криминалистикалық техниканың саласын айтамыз.

Трасологияны зерттеу барысында, iздердiң криминалистикалық мағынасын, олардың пайда болу механизiмiн, табу, бекiту және алу тәсiлдерiн, әртүрлi трасологиялық сараптамалар мүмкiндiктерiн, сондай-ақ осындай сараптамаларға материалдарды дайындауға байланысты сұрақтарды ұғыну қажет.

Трасологиялық сараптама, оқиға болған жерден табылған iздердiң топтық қатыстылығын анықтау мақсатында; қалдырылған iздерi бойынша адамды теңдестiру; қылмыс құралдар теңдiгiн анықтау; бұрын бiртұтас болған затты бөлшектерi бойынша айқындау және тағы басқа мәселелердi шешу үшiн жүргiзiледi.

Оқиға болған жердi қарау кезiнде iздердi тауып бекiтумен қатар, олардың пайда болу механизiмiнде анықтау шеберлiгi болу керек. Қазiргi кезде iздердi бекiтiп алуда полимерлер қолданылады. Полимерлер көмегiмен қиын жерлерде орналасқан iздерден көшiрмелер алуға болады (көпқырлы беткейлерден саусақ iздерiнен, бұрғылау iздерiнен және т.б.). Осындай мақсатта төмендегiдей полимерлердi пайдалануға болады: “К” синтетикалық пастасы, “СКТН”, тиоқол “Т” және басқалар. Аталмыш материалдар көмегiмен iздiң микроскопиялық қыртыстары үлкен дәлдiкпен көшiрiп алынады.

Трасологияның заты ретiнде iздердiң үш тобын қарастыруға болады: 1. кескiнделу iздерi, оның iшiнде: а) адам iздерi (антропоскопия); б) құрал-саймандар, өңдiрiс механизмдерiнiң iздерi (механоскопия); в) транспорт құралдарының iздерi (транспорттық трасология); 2. заттар, iздер ретiнде (құлыптар, пломбалар, заттардың бөлшектерi); 3. нәрселер, iздер ретiнде (жанар-жағармай, автомобиль бояуының қалдықтары, топырақ, шаң-төзаң ұшқындары және т.б.).

Iздер бойынша объектiнi және осы iздердiң пайда болу механизiмiн анықтаудың криминалистикалық мағынасы елеулi болып отыр. Мұндай мiндеттердi шешу арқылы қылмыс қаруын анықтауға, оның субъектiсi туралы мағұлматтарды (оның физикалық белгiлерi, кәсiби дағдалары және киiмi туралы) алуға болады. Сонымен қатар, қылмыстың жасалу тәсiлi, қылмыстық қастаңдылық заты туралы мәлiметтердi, нақтылы тұлғаның қылмыстық қимылдары мен табылған iздер арасындағы себептiк байланысын және қылмысқа итермелеушi жағдайларды анықтауға болады.

 

Тақырып №7 Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар және олардан қалған іздерді криминалистикалық зерттеу

Криминалистикалық қарутанудың түсінігі. Суық қарудың түсінігі. Суық қаруларды жіктеу.

Сот баллистикасының түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы. Сот баллистикасының объектілерін табу және қару. Атылатын қаруды криминалистикалық зерттеу. Оқтарды криминалистикалық зерттеу. Атылған гильза бойынша идентификациялауды жүргізу. Атудың іздерін криминалистикалық зерттеу. Атудың дистанциясын анықтау.

Жарылыс заттары және оларды қолдану іздерін зерттеу. Жарылыстехникалық сараптама кезінде шешілетін негізгі міндеттер.

Суық қару деп арнайы дене жарақатын салу үшін дайындалған

қарақшылық немесе белсенді қорғану үшін, белгілі бір нақты тұрмыстық белгісі жоқ заттарды айтамыз.

Белгілі бір зат суық қару болып табылама және қандай түрге жататынын анықтау үшін оның системалық саралауын және оның құрылғыларын білу қажет.

Суық қару қолдану тәсіліне байланысты: шабушы (қылыштар), шауып – кесуші (ятағандар, палачтар, қылыштар), шаншушы және шауып– кесуші (ірі бәкілер, штыкнождар, финдық пышақтар, десанттық, аңшылық, ұлттық пышақта, найза – тесақтар); ұрып – майдалаушы (кистен, кастет, шоқпар, нунчак, ұрышу перстендер және т.б.) Атыс – қарулардың қолданылуына байланысты: жауынгерлік (әскери, азаматтық) және аңшылық. Жауынгерлік қару штаттық және ол нақты күшпен адамға жарақат салуға арналған, соған қоса қол күресінде де (қылықтар, шашкалар және т.б.) қолдануға арналған.

Азаматтық суық қару арнайы адамдарға қарақшылық және қорғану мақсатында қолданылады (ұлттық пышақтар, бәкілер және т.б.). Аңшылық қарулар жануарларды өлтіріге, олардың денелерін бөлектеуге арналған.

Дайындау тәсіліне байланысты суық қару: а) өндірістік (зауыттық, фирмалық, стандарттық); б) қолдан жасалған, арнайы қару мамандардың кәсіби көзқарасы бйынша (тайпалық, ұлттық); в) атиптік (қалыптан тыс).

 




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 74 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Кейс-стади тапсырмасы | Кейс ста ЕПади | Аралық бақылауға дайындалу бойынша әдістемелік ұсыныстар | Білімді бағалау бойынша ақпарат | Криминалистика пәнінен емтихан сұрақтары | Тақырып №2Криминалистиканың әдістері мен қағидалары. | Тақырып №3Криминалистикалық идентификация және диагностика | Тақырып №4 Криминалистикалық техниканың жалпы ережелері | Тақырып №10 Криминалистикалық тіркеу | Тақырып №11 Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав