Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып №11 Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері.

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. GТөмендегі өз нөміріңіз бойынша тақырыпқа сәйкес презентация құрыңыз.
  4. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  5. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  6. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  7. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  8. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  9. Автоматты басқару жіктеу жалпы талаптар
  10. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.

Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері.

Криминалистикалық тактика дегеніміз - тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелілігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге багытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы.

Тактикалық комбинация - тергеудің нақты міндеттерін шешу мақсатын көздейтін тактикалық тәсілдер немесе тергеу және басқа іс-әрекеттердің анықталған қиыстыруы.

Тактикалық комбинация жеңілге, немесе элементарлы, және күрделіге бөлінеді. Біріншілері бір тергеу әрекетінің шектеріндегі тәсілдердің бірігуі болып табылады, екіншілері – нақты қылмыстық іс бойынша тергеу және басқа (жедел іздестіру, ұйымдық-техникалық) әрекеттердің бірігуі.

Тактикалық комбинация бір аттас немесе әртүрлі аталатын іс әрекеттерден тұруы мүмкін. Егер тергеу кезінде, әсіресе бастапқы кезеңде, жедел жолмен алынған мәліметтер жүзеге асатын болса, онла тактикалық комбинация бір ниетпен біріккен жедел іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттері болып табылуы мүмкін. Ондай комбинацияны анықтамалы-тактикалық деп атауға болады.

Жедел іздестіру шаралары комбинацияның элементі ретінде тергеу әрекеттерінің құрылымына кіретін нәтижелілікті, мақсаттылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шарттарды құру мақсаттарына қызмет етеді. Жедел-іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттері бір-бірімен тіркеседі, бірақ шатастырылмайды. Сондай-ақ тергеуші жедел іздестіру шараларына қатысу құқығымен ие болмайды, бірақ ол олардың орындалу әдістерінде де жүзеге асырады.

Тергеу-жедел комбинациясы тергеуші мен оперативтік қызметкер арасындағы өзара байланыс жолымен орындалады.

Криминалистік рекомендация – құралдарды таңдау мен қолдану, жинау тәсілдері мен әдістемелеріне, дәлелдерді зерттеу, бағалау және қолдануға байланысты,ылыми негізделген кеңес.

Рекомендациялар жалпы, қысқаша айтқанда қолданылуы келесі жағдайларда мүмкін болуы;

а) дәлелдеудің әрбір қатысушысымен;

б) әрбір ахуалда істер жағдайларына қарамастан болуы мүмкін;

Күнділікті бұл термин криминалистиканың барлық өңдеулерін белгілеу үшін қолданылады.

Тергеу ситуациясы – өазіргі уақытта дәлелдеу процессі өтіп жатқан ахуал шарттарының жиынтығы. Өз мазмұны бойынша тергеу жағдайы келесі бөліктерінің жиынтығы болып табылады:

1) Психологиялық сипаттың: тергеуші мен оған қарсы тұрған тұлғалар арасындағы жанжалдың нітижесі, тергеушінің психологиялық жағдайы;

2) Ақпараттық сипаттаң: қылмыс жағдайлары мен онығ қатысушылары, мүмкін дәлелдер, ізделіп отырғанды жасыру орындары, іс бойынша өтетін тұлғалардың ойлары және т.б. туралы тергеушінің мағлұмат болуы;

3) Іс жүргізу және тактикалық сипатының: іс бойынша шығару жағдайы; дәлелдер мен олардың қайнар көздері; бұлтартпаудың қажетті шарасын таңдаудың мүмкіндігі;

4) Материалдық және ұйымдық-техникалық сипаттың: қазіргі кезде тану органының қарауында қажетті күштердің, құралдардың, уақыт пен оны ұтымды қолдану мүмкіндігінің қолда бар болуы, ішкі істер органының кезекші бөлімі мен жедел тіркеу тобы арасында коммуникацияның болда бары; сыртқы істер органдарының ақпаратты есептік – тіркеу аппараттарынан беру құралдарының қолда бары.

Барлық осы компонеттері бірігуінің бәрі бастапқы, аралық және, даулы мен даусыз соңғы болып бөлінеді, ал тергеу үшін олардың маңызы мағынгасында – жайлы және жайсыз. Соңғылардың ішінде тактикалық тәуекеллдің маңызы бар.

Тактикалық тәуекел - тактикалық комбинация немесе тергеу іс-әрекетін өткізу кезіндегі жағымсыз нәтиженің мүмкіндігі.

Тергеушінің міндеті – тәуекелден қашып әрекет ету, бірақ ол іс-жүзінде мүмкін емес болғандықтан, оны минимизациялауға жету қажет.

Тактикалық шешім – тергеу жағдайына толығымен немесе оның бһлек объектілеріне, тергеудің бағыты мен нәтижелері және оның элементтері мен сол мақсатқа жетудің әдістерін, тәсілдері мен құралдарын анықтауға тактикалық әсер етудің мақсатын таңдау. Тактикалық әсер ету мақсаттары болып келесілер болып табылады:

- Тергеу үшін жағымды жаққа тергеу жағдайын немесе оның бөлек компоненттерін өзгерту;

- Жағымсыз тергеу жағдайын максималды қолдану;

- Абайсыздық факторын қолдану, әсіресе тергеудің бастапқы деңгейінде;

- Тактикалық тәуекелді жоққа шығару немесе максималды минимизациялау;

- Тергеудің әдістемелігі мен шабуылдығын қамтамасыз ету.

Бұл жүйеде қылмыс іздерін дайындау, оны тікелей жасау мен жасыру бойынша іс-әрекеттер белгіленуі мүмкін. Қылмс алдын-ала дайындықсыз және субъект оны жасыру бойынша әрекеттерді жоспарламаған жағдайларда қылмыс жасаудың толық құрылымды емес әдісі анық.

Орталық криминалистік категорияларының брі болып іздің ұғымы болып табылады.

Қылмыстық (қылмыскердің) із – қылмыстық жағдай ахуалындағы қылмыс механизмі элементінің бейнеуі, тергеуге жататын оқиғаның материалдық және мінсіз бейнеулері.

Аталғандардан да басқа, басқа криминалистік категориялар бар, мысалы, қылмыстың криминалистік сипаттамасы, криминалистік нұсқа және т.б., олардың қаралуы криминалистік техника, тактика мен әдістеменің мәселелерін баянлау кезінде ғана мүмкін.




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 38 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Білімді бағалау бойынша ақпарат | Криминалистика пәнінен емтихан сұрақтары | Тақырып №2Криминалистиканың әдістері мен қағидалары. | Тақырып №3Криминалистикалық идентификация және диагностика | Тақырып №4 Криминалистикалық техниканың жалпы ережелері | Тақырып №5 Соттық фотография, бейне жазбалары | Тақырып №6 Іздер туралы криминалистикалық ілім (трасология). | Тақырып №8 Құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу | Тақырып №13 Тергеу қарауының тактикасы. Куәландыру. | Тақырып №14 Жауап алу тактикасы |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав