Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып №16 Тінту тактикасы

Читайте также:
  1. GТөмендегі өз нөміріңіз бойынша тақырыпқа сәйкес презентация құрыңыз.
  2. Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары
  3. Дәрістердің тақырыптық жоспары
  4. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
  5. Практикалық сабақтарының тақырыптық жоспары
  6. Семинар сабақтарының тақырыптары
  7. Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
  8. Тақырып № 16 Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері.
  9. Тақырып № 19 Экономика саласындағы қылмыстарды тергеу әдістемесі
  10. Тақырып № 20 Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарын тергеу әрекшеліктері

Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. Тінтудің жұмыс кезеңі. Тінтудің психологиясы. Тінту кезінде техникалық криминалистикалық құралдарды пайдалану. Жасырын, құпия орындарды тінту кезінде табу. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту.

Қандай қылмыс жасалса да қылмыскер осы қылмыстың ашылмауына, оның ізін жасыруға эр түрлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізін суытып, заттай дәлелдемелерді тығып, жоқ етуге тырысады. Сондықтан тергеу қызметкерлерінің міндеті - қалай болғанда да қылмысты ашуға керекті дәлелдемелерді, заттай дәлелдемелерді тез арада тауып алу. Заттай дәлелдемелерді тез арада тауып алып, қылмысты ашуға көмектесетін тергеу әрекетгерінің бірі - тінту.Қылмыстық іс жүргізу заңында тергеудің бұл әрекетіне түсінік берілмеген. Заңда егер істің мән-жайына байланысты заттай дәлелдемелерді қылмыскер не басқа адамдар өз еркімен бермесе, олар тінту жүргізу арқылы алынады деп қана көрсетілген. Тінтуді уақыт өткізбей, дер кезінде жүргізу керек. Сонда ғана іске керекті деректерді тауып алуға болады. Тінту дегеніміз үй-жайды, қора-ауланы еріксіз түрде қарау арқылы іске қатысы бар заттай дәлелдемедерді, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, заңда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті.Кейбір авторлар кандай объектілерді іздеп табу керек екенін тізбектеп айтып көрсетеді. Мысалы, қылмыс жасауда қолданылған қару, жалған құжаттар, қылмыскердің киген киімі, т.б. Бұлардың бәрін іске керекті заттай дәлелдемелер деп тұжырымдап көрсетсе де болады. Оқиға болган жерді қарау мен тінтудің ұқсастығы - осы екі тергеу әрекеті кезінде де белгілі бір нысан, не пәтер қаралып, заттай дәлелдемелер ізделеді. Бірақ оқиға болған жерді қарау мен тінтудің арасында көп айырмашылық бар. Ол біріншіден, осы тергеу әрекеттерінің міндеттерінен, екіншіден, олардың жүргізілу әдісінен көрінеді.

Оқиға болған жерді қарау оқиғаның қалай болғанын, қылмыстың жасалу тетігін зерттеуге, оның кімнің жасағанын анықтауға бағытталады.

Тінтудің мақсаты - әдейі тығып қойған немесе тығулы тұрған заттай дәлелдемелерді арнайы тактикалық әдістерді қолдану арқылы тауып алу.Кейбір авторлар тінту әрекетін жедел-іздестіру әрекеті ретінде қарастырады. Тінтуді жедел-іздестіру әрекеті деп санауға болмайды. Жедел-іздестіру әрекеті, әрине тінту үстінде, тіпті тінту басталғанға дейін де жүргізіледі. Оның мақсаты- тергеушіге тінтуді сапалы жүргізуге керекті деректер тауып беру, атап айтқанда қандай зат қай жерде болуы жөнінде, тінтілетін адамда қару бар ма, жоқ па, тінтуді жүргізуге керекті мәліметтер жинап, тауып беру. Сондықтан жедел-іздестіру жұмыстарын тінтумен бірдей деп қарауға болмайды. Тінтудің басқа тергеу әрекеттершен айырмашылығы - оның еріксіздігі.Тінтудің бірнеше түрлері болады. Ол - жеке адамды тінту (личный обыск), тұрғын үйді, жеке бөлмені тінту, ауланы немесе басқа ғимараттар мен нысандарды тінту. Әрине, ол іс бойынша керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып алу үшін жүргізіледі. Ал, заттай дәлелдемелерге кандай нысандар жатады, соған тоқталсақ. Олар - қылмыс жасалғанда қолданылған қару-құралдар (мылтық, пышақ, бұзуға пайдаланған құралдар), жалған құжаттар, тергеуден қашып, тығылып жүрген қылмыскерлер, не қылмыскерді әдейі тығып қойған адамдар, мәйіт оның бөлшектері, ұрланған қымбат бұйымдар, заттар. Іске қатысы болмаса да тінту кезінде табылған, жеке азаматтардың ұстауына болмайтын, заң бойынша тыйым салынатын объектілер- есірткі заттар, порнографиялық суреттер, қопарғыш заттар. Тінту алдында тергеуші арнайы дайындық жұмыстарын жүргізеді. Біріншіден, ол тінту жүргізілетін объект және үйі тінтілетін адам жөнінде керекті бағдарлық мәліметтерді жинап алу керек. Тінтілетін адам және пәтер болса, оның толық мекен-жайы, неше бөлмеден түратыны, қылмыс ғимараттың қай қабатында жасалғаны,онда телефон бар ма, жоқ па, қанша адам түрады, жеке үй болса ауласында не бар, қай мезгілде үйде кісілер болады, міне осының бәрі алдын ала анықталады. Тінтілетін адам жөнінде - оның мінез-құлқы, қаруы болу мүмкіндігі және оны сипаттайтын басқа да мәліметтерді жинап алу керек. Екіншіден, жедел-тергеу тобын құрған кезде алдын ала тінтуге қандай лауазымды адамдардың немесе мамандардың қатысуы керек екендігін анықтап алып, оларды қай жерге орналастыру қажеттігін келісу керек.Үшіншіден, тінтуге керекті арнайы техника құралдарын дайындау керек, айталық, темірден, не асыл металдан жасалған заттарды іздейтін құралдарды дайындау қажет.Дайындық жұмыстары толық аяқталысымен тергеуші, жедел топқа кіретін адамдар тінтілетін үйге келеді. Осы тінтілетін жерге тосыннан, күтпеген мезгілде келу үшін де белгілі бір тактикалык әдістер қолданылады. Тінтілетін үйге жақындағанда жедел топтағы адамдар бөлініп, осы нысанға жан-жақтан жеке-жеке келуі тиіс. Үйге жақындар алдында үйдің маңайында бөтен адамдар бар ма, жоқ па, соны абайлап қарау қажет. Тінтілетін пәтер көп қабатты болса, бір қабат жоғары өтіп кетіп, тосу керек. Есік жабық болса, қағып, не қоңырау беріп, егер жөн сұраса басқа себеппен келгенін айту керек, мысалы коммуналды мекемеден келген лауазымды адам болып, не басқа бір себеп келтірген жөн. Өйткені тінтілетін адам кімнің келіп тұрғанын алдын ала білмеуі шарт.Тінтудің тактикалық әдістері тергеу әрекетінің кенеттен, тосыннан жүргізілуіне негізделеді. Сондықтан тінтуге керекті деректер жиналысымен және дайындық жұмыстары бітісімен, кешіктірілмей дер кезінде жүргізілуі тиіс.




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 32 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Тақырып №3Криминалистикалық идентификация және диагностика | Тақырып №4 Криминалистикалық техниканың жалпы ережелері | Тақырып №5 Соттық фотография, бейне жазбалары | Тақырып №6 Іздер туралы криминалистикалық ілім (трасология). | Тақырып №8 Құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу | Тақырып №10 Криминалистикалық тіркеу | Тақырып №11 Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері. | Тақырып №12 Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау. | Тақырып №13 Тергеу қарауының тактикасы. Куәландыру. | Тақырып №14 Жауап алу тактикасы |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав