Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып №17 Тергеу экспериментін жүргізу тактикасы

Читайте также:
  1. GТөмендегі өз нөміріңіз бойынша тақырыпқа сәйкес презентация құрыңыз.
  2. Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібі
  3. Барлау (іздеу) зерттеулерін жүргізудің негізгі жолдары - бұл
  4. Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары
  5. Дәрістердің тақырыптық жоспары
  6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
  7. Практикалық сабақтарының тақырыптық жоспары
  8. Ректороманоскопияға дайындық жүргізу техникасын тізіп жазыңыз.
  9. Семинар сабақтарының тақырыптары
  10. Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары

Тергеу экспериментінің түсінігі, мәні және түрлері. Тергеу экпериментінің мақсаты мен міндеттері. Тергеулік экспериментін жүргізуге дайындық. Тергеулік экспериментке қойылатын талаптар. Тергеу экспериментін жүргізудегі тактикалық тәсілдер. Тергеулік эксперимент нәтижелерін хаттамаға, кинотүсірілімге, бейнежазбаға бекіту және оларға баға беру.

Тергеу үстінде жасалған қылмыстың мән-жайларын, істегі кейбір дәлелдемелердің объективтігін тексеру үшін әр түрлі тәжірибелер жүргізуге тура келеді. Тәжірибе - ақиқат өлшемі және дүние танымның қайнар көзі.

Сондықтан тергеу мезгілінде жиналған дәлелдемелердің, және кейбір іске керекті айғақтардың ақиқаттығын, шындығын тек сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы білуге болады. Осыған байланысты қылмысты істер жүргізу заңында осы айтылған жағдайларды тексеру үшін арнайы тергеу экспериментін жүргізу көрсетілген.

Тергеу эксперименті дегеніміз, ол қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әр түрлі сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу әрекеті.

Бұдан туындайтын негізгі қағидалар: біріншіден, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған, іске катынасы бар деректердің, мәселелердің шындығын тексеру үшін жүргізіледі. Екіншіден, мұндай тексеру, осы тексерілетін құбылыс (әрекет) қылмысты оқиға болғанда қандай жағдайда өтсе, соған сәйкес, не ұқсас жағдайда арнайы сынақ тәжірибелерін жүргізу арқылы өткізіледі. Жүргізілетін сынақ тәжірибелердің қорытындысының объективтігі, оның сол тексерілетін оқиға болган жағдайға сәйкес жағдайда өткізілуімен тікелей байланысты. Әрине, тәжірибе жүргізілгенде тура болган жағдайдың өзін, тексерілетін іс-әрекетті бұлжытпай қайталауға болмайды, себебі ондай жағдайда жаңа қылмыс жасалған болар еді. Сонымен катар, тәжірибе арқылы болған оқиға толық қайталанбайды, тек оның кейбір негізгі бөлігі, көріністері ғана сыни қайталанады.

Тергеу эксперименті - іс жүргізу кезінде пайдаланылатын танымдық әдісті қолданудың айрықша бір нысаны. Бұл әдіс әр түрлі тергеу әрекеттері үстінде қолданылады. Оның басқа әдістерден айырмашылығы тергеуші өзінің назарын аударған жәйттерді сырттай бақылап қана қоймайды, сонымен бірге оны бірнеше қайтара бастапқы қалпына келтіру арқылы өз болжауын нықтай түседі. Тәжірибе жүргізу барысында арнайы шектеу шарттары қойылады: тәжірибе адамның денсаулығына нұқсан келтірмеуі, оның өміріне қатер төндірмеуі тиіс. Сонымен бірге ол катысушылардың құқығын бұзбайтындай, оларды қорлап, кемсітпейтіндей жағдайда өткізілуі тиіс.

Эксперимент арқылы іс бойынша жинақталған кейбір дәлелдемелердің,мәліметтердің шындығы ғана анықталып коймайды, сонымен бірге жаңадеректер де алынады. Тергеу экспериментін жүргізудің нәтижесінде көбінесежәбірленушінің, куәлардың, айыпкердің жауаптарында, сондай-ақ басқа да қосымша айғақтарда келтірілген мәліметтердің шындығы, оның болу мүмкіндіктері тексеріліп, анықталады. Тергеуші осындай жолмен өзінің кейбірболжауларына көз жеткізеді. Яғни, оқиғаның қалай болғаны, оның мән-жайы,орындалу тетігі тәжірибе өткізу жолымен тексеріледі.

Тергеу эксперименті - өз алдына дербес, өзіне тән міндеттері бар іс жүргізуәрекеті. Сонымен бірге ол тергеудің басқа да әрекеттерімен тығыз байланысты, міндеттері жағынан өзара ұштасып жатады. Яғни, басқа да тергеу әрекеттерісияқты тергеу экспериментінің де басты міндеті - іске қатысты қылмысты ашуға керекті деректер жинау. Дегенмен, деректерді ерекше, өзіне ғана тәнтәсілдермен жинап, тексеретіндіктен тергеу экспериментінің өзіне тәнміндеттері бар.

Тергеу эксперименті шешетін сұрақтарына орай үш түрге бөлінеді. Эксперименттің бірінші түрі - кейбір құбылыстың не әрекеттің айтылған,көрсетілген жағдайда болуы мүмкін бе, жоқ па, соны анықтау. Мысалы, белгілібір затты, нэрсені айтылған жағдайда көрсетілген адам көтеріп кете ала ма немесе белгілі бір қашықтыққа көрсетілген уақытта барып жетуге бола ма, айтылған жұмысты ол адам өзі атқара ала ма, ол оның қолынан келе ме,қоймадағы тесіктен белгілі бір затты алып шығуға бола ма, жоқ па, міне осындай толып жатқан сұрақтар төңірегіндегі шындықты анықтау.

Тергеу экспериментінің екінші түрі - белгілі бір жағдайда (қашыктықта) болған оқиғаны, құбылысты көріп қабылдауға, сөзді, дыбысты естуге бола ма, соны анықтау.

Эксперименттің үшінші түрі - із қалдыру (сындыру, соғу, аралау, т.б.)сипатын, оның механизмін анықтау. Тергеу экспериментінің бұл түрі өзініңмән-мазмұны жағынан криминалистикалық сараптаманың кейбір түрлерінежуықтайды. Алайда, із қалдыру сипатын анықтау үшін ғылыми саралаудың қажеті жоқ, экспериментте тергеушінің өзі жүзеге асырады.Жекелеген тәжірибелерді жүргізуге, қажет болған жағдайларда, басқа адамдар да шақырылуы мүмкін. Оның санын, міндетін тәжірибенің мән-мазмұнына, түрінеорай, тергеуші анықтайды. Егер мұндай адам тәжірибе жүзінде жәбірленушіні, айыпталушыны, куәлар алмастырған болса ол тиісінше алмастырылатын адамғабарлық белгілерімен (бойымен, тұрпатымен, салмағымен, есту, көру қабілетімен,т.б.) міндетті түрде ұқсауы тиіс.

 




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 72 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Тақырып №4 Криминалистикалық техниканың жалпы ережелері | Тақырып №5 Соттық фотография, бейне жазбалары | Тақырып №6 Іздер туралы криминалистикалық ілім (трасология). | Тақырып №8 Құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу | Тақырып №10 Криминалистикалық тіркеу | Тақырып №11 Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері. | Тақырып №12 Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау. | Тақырып №13 Тергеу қарауының тактикасы. Куәландыру. | Тақырып №14 Жауап алу тактикасы | Тақырып №15 Тану үшін көрсету тактикасы |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав