Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып № 20 Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері.

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. GТөмендегі өз нөміріңіз бойынша тақырыпқа сәйкес презентация құрыңыз.
  3. Автоматты басқару жіктеу жалпы талаптар
  4. В130100-«Жалпы медицина» факультетінің 1 курс студенттеріне
  5. Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары
  6. Дәрістердің тақырыптық жоспары
  7. Деу өндірісінің жалпы технологиясы» пәнінен сұрақтар
  8. Жалпы медицина» мамандығы үшін «хирургиялық аурулар» пәні бойынша
  9. Жалпы проблемалар
  10. ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІ ДӘРІГЕР» мамандығы бойынша

Қылмыстардың жекеленеген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері. Қылмыстардың жекеленеген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары. Криминалистикалық әдістемесінің құрылымы мен негізгі ұғымдары.Жекеленген қылмыс түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі - бұл криминалистиканың басқа бөлімдерімен тығыз байланыса отырып, криминалистік ілімнің бірыңғай жүйесін құрайтын қорытынды бөлім болып табылады.Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі немесе криминалистикалық әдістеме - криминалистиканың жеке тарауы бола отырып, нақты заң талаптарына сәйкес тергеу әрекетін неғұрлым тиімді әрі нәтижелі жүргізуге ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау мақсатында жекеленген қылмыс түрлерін ашу, тергеу, оларды алдын алу шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру заңдылықтарын зерттейді.Криминалистикалық әдістемені қалыптастыру мүмкіндігі - әрбір криминалдық іс-әрекет жеке өзіне ғана тән ерекше белгілерді, сонымен қатар барлық қылмыстарға тән жалпы белгілерді иемденетіндігіне негізделеді (Бұл қылмыстың жекеленген бір түріне немесе тобына қатысты белгілер). Мәселен, ұрлық жасауда, оны жасау уақыты, әдістемесі мен жағдайларына қарамастан жалпы белгілері бір болып келеді және басқа да қылмыс түрлерінен: адам өлтіру, зорлау, тонау, т.б. осы белгілері арқылы ажыратылады. Қылмыстың жекеленген топтарына ортақ жалпы белгілердің болуы - нақты бір қылмыс жөнінде іс қөзғау ерекшеліктерін, осы қылмыстарды тергеу кезінде туындаған типтік болжауларды, сондай-ақ алғашқы және кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттерінің сипаты мен міндеттерін, оларды неғұрлым тиімді жүргізу әдіс-тәсілдерін, нақты криминалдық құбылыстарды ескерту, алдын алу шараларын анықтауға мүмкіндіктер береді. Нақты айтқанда, жекеленген қылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілері тергеу әдістемесі негізделетін фундаментті құрайды.

Қылмыс белгілерінің жалпылығы олардың әрқайсысының жекелігін жоққа шығармайды. Сондықтан да тергеу әдістемесінде әрбір нақты іс-әрекетті тергеуге қатысты нұсқаулар жоқ және болуы да мүмкін емес әдістер - жекеленген қылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілеріне сүйене отырып барлық қылмыстық әрекеттерге тән сипаттамаларды анықтайды және де оларға сәйкес ұсыныстар береді. Бірақ, тергеуші оларды нақты бір қылмыстық істегі ерекшеліктерді ескере отырып қолдануы тиіс. Әдістеме ұсыныстарын нақты бір қылмыстық істі тергеуге механикалық қолдану - тергеушінің қылмысты ашу мен тергеу жұмыстарын жүргізуін қиындатады. Демек, криминалистикалық техника мен криминалистикалық тактикадағы қылмыстық оқиғалардың жекеленген түрлері мен топтарының тергеуге қатысты мәліметтері мен оларды мақсатты пайдалануға багытталған әдістеме жөніндегі ұсыныстарды жинақтайды. Жалпы ережелер - бұл криминалистикалық әдістеменің (жүйесі, міндеттері, ғылымның басқа түрлерімен байланысы және т.б.) теориясы.

 


Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 6 | Нарушение авторских прав

Тақырып №8 Құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу | Тақырып №10 Криминалистикалық тіркеу | Тақырып №11 Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері. | Тақырып №12 Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау. | Тақырып №13 Тергеу қарауының тактикасы. Куәландыру. | Тақырып №14 Жауап алу тактикасы | Тақырып №15 Тану үшін көрсету тактикасы | Тақырып №16 Тінту тактикасы | Тақырып №17 Тергеу экспериментін жүргізу тактикасы | Тақырып №18 Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2020 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав