Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып № 21 Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы.

Читайте также:
  1. GТөмендегі өз нөміріңіз бойынша тақырыпқа сәйкес презентация құрыңыз.
  2. Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары
  3. Дәрістердің тақырыптық жоспары
  4. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
  5. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
  6. Практикалық сабақтарының тақырыптық жоспары
  7. Семинар сабақтарының тақырыптары
  8. Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
  9. Тақырып № 16 Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері.
  10. Тақырып № 19 Экономика саласындағы қылмыстарды тергеу әдістемесі

Криминалистикалық сипаттама - қылмыстарды табу, тергеу және алдын алудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс анықтауға ықпал ететін қылмыс туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады.

Криминалистикалық сипаттаманың мазмұнына белгілі бір категориядағы қылмыстарды жасаудың элементтері, осы элементтердің арасындағы криминалистикалық маңызы бар байланыстар туралы мәліметтер жатқызылады. Криминалистикалық сипаттаманың ақпараттық негізін тергеу тәжірибесін зерттеу нәтижелері құрайды.

Криминалистикалық сипаттама туралы ілім - криминалистикалық әдістеменің құрамдас бөлігі болып табылады. Криминалистикалық сипаттаманың жалпы ережелері - криминалистикалық әдістеменің жалпы теориялық бөлімінің маңызды жағы. Ал жекеленген қылмыс түрлерінің криминалистикалық сипаттамасы осы қылмыстарды тергеудің криминалистикалық әдістемелерінің құрылымдық элементі. Қылмыстарды тергеудің жекелеген әдістемесі олардың криминалистикалық сипаттамасымен тығыз байланысты. Көптеген ғылыми мақалаларда, ҚР-ның және жақын шетелдердегі қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларда криминалистер аталған түсініктерге байланысты өздерінің пікірлерін дұрыс деп есептейді.

Алғаш рет "криминалистикалық сипаттама" түсінігі Ленинград мемлекеттікуниверситетінің профессоры П.И. Люблинский 1927 жылы ұсынды. Олкриминалистикалық сипаттаманы криминалистакамен қатар, сот медицинасы,криминалдық психологиядан құралатын ілім ретінде қарастырды. Осылардыңнегізінде қандай да бір оқиғаның криминалистикалық сипаттамасы қалыптасуықажет. Ол үшін П.И. Люблинский "не, кайда, қашан, кім, кімнің көмегімен,неге, кандай әдіспен" деген классикалық рим формуласын қолданды.

Осы кезден бастап, кеңестік криминалист ғалымдар тергеу тәжірибесінзерттей және жалпылай отырып, жекелеген қылмыс түрлеріне тән белгілермен,бірқатар заңдылықтарды анықтады.

1966 жылы В.А. Сергеев криминалистикалық өзгешеліктері барқылмыстардың ерекшелігін криминалистикалық сипаттама деп атауды ұсынып, бұл түсініктің күрделі құрылымға ие екендігін атап көрсетті. 1967 жылы А.Н. Қолесниченко барлық қылмыстарға криминалистикалықмаңызы бар жалпы белгілер тән екендігін айтты. Профессор С. П. Митричевқылмыстарды зерттеу кезінде криминалистикалық маңызы бар типтікбелгілерге назар аудару қажет деп есептеді. Аталған зерттеулердің әрқайсысықылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының элементтерін өзтұрғысынан бөліп көрсетті.

1974 жылы Мәскеулік мемлекеттік университетінің заң факультеті ұйымдастырған криминалистика кафедра меңгерушілерінің бүкілодақтықсеминары болып өтті. Аталған семинарда барлық қатысушыларға жекеленген

қылмыс түрлерінің криминалистикалық сипаттамасын оқып зерттеу, сондай-ақ оны тергеу әдістемесінің құрамдас бөлігі ретінде қарау жәнекриминалистиканың оқу бағдарламасына енгізу ұсынылды. Қылмыстардыңкриминалистикалық сипаттамасы - криминалистикадағы жеке теориялық ілімболып табылатындыгын атап өткен жөн.

Барлық криминалистер криминалистикалық сипаттаманы қылмыстыңақпараттық үлгісі (моделі) және қылмыстардың белгілерінің жүйесі ретінде қарастырады. Мамандардың пікірлері бойынша, криминалистикалық сипаттаманың тәжірибелік маңызы - оның ғылыми негізделген нұсқауларды жасауға,тергеушінің дұрыс бағытталған қызметін қалыптастыруға, тергеудің неғұрлымобьективті жолдарын, әдіс-тәсілдерін таңдауға, сондай-ақ жекелеген тергеуәрекеттерін жүргізудің тактикасын анықтауға мүмкіндік беретіндігінде.

Криминалистикалық сипаттама түсінігінің күрделілігіне барлық криминалистер мойындады. Сондықтан, криминалистикалық сипаттама қандай элементтердентұратындығына келетін болсақ, ол элементтердің саны жөнінде бірыңғай ойларкалыптаспаған. Криминалистикалық сипаттама түсінігі мазмұнының күрделілігіноңай дәлелдеуге болады, бірақ оның құрамына қандай элементтерді енгізу туралыосы уақытқа дейін біртұтас көзқарас айтылмаған. Криминалистикалық сипаттаматүсінігінің қалыптасуының алғашқы кезеңіне кейбір авторлар оның катарынақылмыстың қьшмыстық-құқықтық, процесуалдық сипаттамаларын енгізеді. Атапайтсақ, И.А. Вөзгрин криминалистикалық сипаттама осы екі сипаттамадан құрату қажеттігін ерекше атап көрсеткен. Дегенмен де, кейінірек ол өз көзқарасынөзгертіп, төмендегілерді криминалистикалық сипаттама элементтері қатарынаншығарып тастады:

1) бастапқы ақпараттың сипаттамасын;

2) қылмыстық қол сүғушылықтың пәні туралы мәліметтерді;

3) қылмысқа дайындалу, орындау, оның ізін жасыру әдістері мен олардыңқылмыстық әрекеттерінің зардабы жөніндегі мәліметтерді;

4) қылмыскер мен жәбірленушінің тұлғалық ерекшеліктері туралымәліметтерді;

5) қылмыстың негұрлым кеңінен тараған ниет-себептері туралы жалпыламамәліметтерді.

Р.С. Белкиннің, И.Ф.Пантелеевтің, А.Ф.Савкиннің пікірлері бойынша, түрліккриминалистикалық сипаттаманы қалыптастыру кезінде қылмыстық-құқықтық сипаттаманы ескеру қажет деп санайды, бірақ бұл қылмыстық-құқықтықсипаттаманы криминалистикалық сипаттаманың құрылымына енгізудің негізіболып табылмайды. Осы пікірді профессор Г.А.Мөзговых та ұстанады. Онынойы бойынша, дәлелдеу пәні туралы мәселеге де көңіл аудару кажет. Бұрынырақ криминалистикалық сипаттама туралы ілім қалыптаспай тұрып, жеке әдістемеге дәлелденуге жататын мән-жайларды енгізу дұрыс деп есептеген. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын жеке әдістемеге енгізгеннен кейін дәлелдеу пәні арқылы криминалистикалық маңызы бар белгілерді айқындаудың қажеттілігі жойылды.

И.Ф. Пантелеев, А.Ф. Савкиндер өз еңбектерінде: "дәлелдеу пәні мен түрлік криминалистикалық сипаттама - әр түрлі түсініктер" деп өте орынды көрсеткен. Дәлелдеу пәнінің түсінігі сот дәлелдемелер теориясына тән және ол дәлелденуге жататын маңызды мән-жайлардың қажетті жиынтығын көрсетеді. Дәлелдеу пәні мен криминалистикалық сипаттама арасында дәлелдеу теориясы мен қылмыс туралы ілім арасындағыдай байланыс бар. Қазіргі уақытқа дейін криминалистикалық сипаттама элементтерінің саны туралы бірыңғай көзқарас жоқ. Бірақ типтік криминалистикалық сипаттамада мынадай элементтерді бөліп көрсетуге болады:

- қылмыс жасау тәсілі;

- қылмыстық қол сұғушылықтың пәні;

- қылмыскер мен жәбірленушінің ерекшеліктері;

- қылмыс механизмі.

Криминалистикалық сипаттаманың осы және өзге элементтері түрлік криминалистикалық сипаттамада неғұрлым жан-жақты қарастырылса, соғұрлым бұл түсінік тәжірибеде үлкен бағаға ие болады.

Криминалистикалық сипаттама - қылмыстарды табу, тергеу және алдын алудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс анықтауға ықпал ететін қылмыс туралы мәліметтердің жүйесі болып табылады.

Криминалистикалық сипаттаманың мазмұнына белгілі бір категориядағы қылмыстарды жасаудың элементтері, осы элементтердің арасындағы криминалистикалық маңызы бар байланыстар туралы мәліметтер жатқызылады. Криминалистикалық сипаттаманың ақпараттық негізін тергеу тәжірибесін зерттеу нәтижелері құрайды.

Криминалистикалық сипаттама туралы ілім - криминалистикалық әдістеменің құрамдас бөлігі болып табылады. Криминалистикалық сипаттаманың жалпы ережелері - криминалистикалық әдістеменің жалпы теориялық бөлімінің маңызды жағы. Ал жекеленген қылмыс түрлерінің криминалистикалық сипаттамасы осы қылмыстарды тергеудің криминалистикалық әдістемелерінің құрылымдық элементі.

Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы туралы ілімді қалыптастыру - криминалистика ғылымының дамуына да, тергеу тәжірибесінің одан әрі жетілдірілуіне де ықпал етеді.

Криминалистикалық сипаттаманы тәжірибелік қолданудың негізгі бағыттары:

- қылмысты ашу, болжаулар жасау:

- қылмыскер тұлғасы туралы болжау жасау;

- қылмыс туралы ақпараттың мүмкін болатын шеңберін дұрыс анықтау үшін із қалдыру механизмі туралы мәліметтерді табу жөніндегі жұмыстарды қолдану;

- тергеушінің тергеу әрекеттерін (сезіктіден, айыпталушыдан, жәбірленушіден жауап алу және т.б.) жүргізу кезінде тактикалық әдіс-тәсілдерін анықтау үшін;

- тиімді және дұрыс тактикалық шешім кабылдау үшін.

Әрі қарай, криминалистикалық сипаттама тергеу әдістемесінің барлық мазмұнына енгізіледі және қандай да бір жеке тергеу ұсыныстарын негіздеу үшін қолданылады деп ойлауға барлық негіз бар.

 




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 63 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Тақырып №10 Криминалистикалық тіркеу | Тақырып №11 Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері. | Тақырып №12 Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау. | Тақырып №13 Тергеу қарауының тактикасы. Куәландыру. | Тақырып №14 Жауап алу тактикасы | Тақырып №15 Тану үшін көрсету тактикасы | Тақырып №16 Тінту тактикасы | Тақырып №17 Тергеу экспериментін жүргізу тактикасы | Тақырып №18 Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы | Тақырып №19 Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав