Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АСТАНА 2012

Читайте также:
  1. АСТАНА 2012
  2. АСТАНА 2012 1 страница
  3. АСТАНА 2012 2 страница
  4. АСТАНА 2012 3 страница
  5. АСТАНА 2012 4 страница
  6. Состоявшихся 18 и 19 апреля 2013 года в г. Астана

 

2.1. Оқытушы туралы мәліметтер және контактілік ақпарат

Нуркеева Динара Рабаниевна заң ғылымдарының магистрі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығын аяқтаған.

Контактілік ақпарат

Астана қаласы Қорғалжын шоссесі 8, Қазақ гуманитарлық заң университеті, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, к. 352, телефон 70-30-45.

 

2.2. Пререквизиттер және постреквизиттер

Курстың пререквизиттері: мемлекет және құқық теориясы; Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары; қылмыстық құқық; қылмыстық іс жүргізу құқығы; жедел іздестіру қызметінің теориясы; Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау; криминология.

Курстың постреквизиттері: криминалистикалық техниканың дамуының жаңа бағыттары; сот және сот төрелігі: тәжірибе, қазіргі кезең, перспективалар; қылмыстық істерді тергеу бойынша арнаулы практикум; тергеу әрекеттері, Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет, сот сараптамасы.

2.3. Пәннің мінездемесі

Пәнді оқытудың мақсаты

«Криминалистика және кеден ісі саласындағы анықтау» пәнін оқытудың мақсаты қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, сот өндірісінде ақиқатты танудың жолдарын және құралдарын үйренген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау.

«Криминалистика және кеден ісі саласындағы анықтау» пәнін студенттердің дұрыс ұғынуы қылмыстылықпен күресті күшейтуді, қылмыстарды тергеу және ашу кезінде ғылыми негізделген, тергеу-криминалистикалық тәжірибелік қызметте өзін ақтаған тактикалық әдістер мен техникалық криминалистикалық құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңдегі криминалистиканы дұрыс меңгеру үшін қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша негізгі білімдер болуы керек.

Пәнді оқытудың міндеттері

Криминалистиканы үйренудің міндеттері студенттердің қылмыстарды ашу, тергеу және болдырмауға бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдарды меңгеру, криминалистикалық техникалық құралдардың қылмыстарды тергеудегі маңыздылығын көрсету, оларды пайдалануды үйрету, тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасын ұғыну, жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесін меңгеру болып табылады. Сонымен бірге, пән бойынша негізгі анықтамаларды білу, түсіну, криминалистиканың негізгі ұғымдарын қамту, теориялық және практикалық материалдармен жұмыс істей білу есептеледі.

Студенттердің міндеттері

«Криминалистика және кеден ісі саласындағы анықтау» пәнін тыңдайтын студенттердің міндетіне, ең алдымен, келесілер кіреді:

аталған пән бойынша лекцияларға қатысу және конспектілеу;

семинар сабақтарының барысындағы белсенділік және білімге құштарлық;

аралық бақылауды дер кезінде тапсыру (тестілеу, жазбаша бақылау жұмыстарын орындау, коллоквиумдар) және қорытынды бақылау (сынақ, емтихан).

«Криминалистика және кеден ісі саласындағы анықтау» пәні бойынша білім мен дағдыларды иелену үшін, студенттер оқытушының тапсырмаларын, өзіндік жұмыстарға дайындалған тапсырмаларды өз уақытында және нақты орындауы тиіс. Студенттер оқытушы ұсынған негізгі және қосымша әдебиетпен танысуы керек. Тапсырмаларды орындау үстінде, сондай-ақ бақылау және курстық жұмыстарын дайындау кезінде студенттер қойылған міндеттерді шығармашылық ынталылықпен жұмыс істеу керек. Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық базасын және сот дәлелдемелер теориясы бойынша ғылыми әдебиетті сыни тұрғыдан оқып үйрене отыра, студенттер зерттелетін сұрақтар бойынша өзінің ой пікірін айтуы және тұжырымдарын дәлелді түрде негіздеу қажет.

Курстың компоненттеріне және оны оқуға қойылатын негізгі талаптар

Тапсырмаларды орындау аптасына кем дегенде 3-4 сағат уақытты алуы тиіс. Кеңесу кестесіне сәйкес оқытушымен тұрақты негізде консультациялар жүргізіледі. Әрбір сабаққа мұқият дайындалу керек, өйткені әртүрлі ғылыми еңбектерді пайдалана отырып, түрлі ғалымдардың пікірін талдаймыз. Кестеде көрсетілген тақырыпты талдау барысында өткен тақырыптарды алдын ала қарап, қайталау қажет. Аудиторияда өткізілетін сабақтарда ситуативті есептерді шешу түріндегі тапсырмалар орындалып, оның нәтижелері келесі сабақта хабарланады.

Жазбаша реферат алдын ала таңдалған тақырып бойынша орындалып, құрамы келесілерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қажет жағдайларда кесетелер, схемалар түріндегі қосымшалар. Әдебиеттер тізімі келесілерді қамтуы тиіс екендігін айту қажет:

1) нормативті-құқықтық актілер;

2) негізгі әдебиет;

3) қосымша әдебиет.

 

Пәннің мазмұны

«Криминалистика және кеден ісі саласындағы анықтау» курсы «Кеден ісі» мамандығы үшін Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартымен қарастырылған пән болып табылады.

«Криминалистика және кеден ісі саласындағы анықтау» пәнін оқу кезінде оның қолданбалы құқықтық, синтезделген ғылым, сонымен бірге процессуалдық ғылыммен тығыз байланысты екені ескеріледі.

Қылмыстарды дер кезінде ашу үшін тергеу әрекеттерінің тактикасын, сондай-ақ тергеу жүргізуді ұйымдастыруды, тергеуді жоспарлауды, тергеушінің анықтама органдарымен өзара әрекет етуін жетілдіру жолдарын, криминалистикалық болжамдауды, криминалистикалық ситуалогияны, криминалистикалық идентификация ұғымдарын білу, криминалистикалық техникалық құралдарды дұрыс пайдалану, жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесін меңгеру қажет.

«Криминалистика және кеден ісі саласындағы анықтау» курсын оқытудың мақсаты қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті менгерген, сот өндірісінде ақиқатты танудың жолдарын және құралдарын үйренген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау.

«Криминалистика және кеден ісі саласындағы анықтау» пәні бойынша

тематикалық жоспар «Кеден ісі» мамандығы

Тақырыптың атауы Дәрістер Семинар сабақ Тәжірибе сабақ СӨОЖ СӨЖ
1. Криминалистика пәнінің түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы және даму тарихы        
2. Криминалистикалық идентификация және диагностика        
3. Криминалистикалық техниканың жалпы ережелері және соттық фотография, бейне жазбалары        
4. Криминалистикалық трасология          
5. Соттық қарутану          
6. Құжаттарды криминалистикалық зерттеу        
7. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу        
8. Криминалистикалық габитология        
9. Криминалистикалық тіркеу        
10. Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері. Тергеу қарауының тактикасы.        
11. Жауап алудың тактикасы        
12. Тану үшін көрсету тактикасы        
13. Тінту тактикасы        
14. Тергеу экспериментінің тактикасы        
15. Сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу        
16. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы          
17. Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері.        
18. Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі        
19. Алаяқтық және қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі          
20. Экономика саласындагы қылмыстарды тергеу әдістемесі        
21. Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарын тергеу еркешеліктері        
  Барлығы 135     22,5 67,5

 

 

2.4. ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Тақырып №1 Криминалистика пәнінің түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы және даму тарихы

Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және объектілері. Криминалистиканың жүйесі. Криминалистикалық санаттар. Криминалистиканың қағидалары. Криминалистиканың жалпы, арнаулы және нақты міндеттері.

Криминалистиканың жалпылама тәсілі, криминалистиканың жалпығылыми тәсілдері, криминалистиканың жеке тәсілдері.

Жеке криминалистикалық теориялардың қалыптасу кезеңі. Криминалистиканың қазіргі кезеңдегі дамуы. Сараптамалық және ғылыми криминалистикалық мекемелер. Криминалистиканың қазіргі кезеңдегі даму тенденциялары. Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №2 Криминалистикалық идентификация және диагностика

Криминалистикалық идентификацияның түсінігі.Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі). Идентификациялық белгілер және оның классификациясы. Идентификацияның түрлері. Криминалистикалық идентификациялық зерттеу жүргізу кезеңдері. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы. Диагностика криминалистиканың ілімі ретінде.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Тақырып №3 Криминалистикалық техниканың жалпы ережелері және соттық фотография, бейне жазбалары

Криминалистикалық техниканың пәні және түсінігі. Тергеуші мен криминалист маманның қолданатын ғылыми техникалық құралдары. Сарапшылардың қолданатын ғылыми техникалық құралдары.

Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі. Сот-жеделдік фотографиялық әдістер. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың ерекшеліктері. Сот-зерттеу фотографияларының әдістері. Бейне және дыбысжазбаларын криминалистикада қолдану. Криминалистикалық фото және дыбысжазбаларын қолдануды процессуальды-криминалистикалық рәсімдеу.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Тақырып №4 Криминалистикалық трасология

Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесі. Іздердің жіктелуі. Статикалық және динамикалық іздер. Беткейлі және көлемді іздер. Қабатталу және қатпарлану іздері. Іздердің қалыптасу механизмі.

Адамның трасологиялық іздері. Криминалистикалық дактилоскопия. Адамның аяқтарының іздерін зерттеу. Адамның тістерінің іздерін зерттеу. Еріннің іздері. Қан іздерін зерттеу.

Бұзу құралдарының іздері. Құлыптар мен бекітетін құрылғыларды зерттеу. Көлік құралдарының іздерін зерттеу. Бүтін затты бөлшек бойынша анықтау. Микрообъектілер.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №5 Соттық қарутану

Криминалистикалық қарутанудың түсінігі. Суық қарудың түсінігі. Суық қаруларды жіктеу.

Сот баллистикасының түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы. Сот баллистикасының объектілерін табу және қару. Атылатын қаруды криминалистикалық зерттеу. Оқтарды криминалистикалық зерттеу. Атылған гильза бойынша идентификациялауды жүргізу. Атудың іздерін криминалистикалық зерттеу. Атудың дистанциясын анықтау.

Жарылыс заттары және оларды қолдану іздерін зерттеу. Жарылыстехникалық сараптама кезінде шешілетін негізгі міндеттер.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №6 Құжаттарды криминалистикалық зерттеу

Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде. Криминалистикалық қолжазбатанудың түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері. Қолжазба белгілерінің түсінігі. Қолжазба үлгілерінің түсінігі. Сот қолжазбатану сараптамасына дайындық. Сот қолжазбатану сараптамасының әдістемесі.

Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері.

Құжаттарды техникалық криминалистикалық зерттеу. Құжаттардың бланкілерін зерттеу. Машинажазбалық мәтіндерді зерттеу. Мөрлердің және мөртаңбалардың оттискілерін зерттеу. Жартылай өзгертілген құжаттарды зерттеу.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №7 Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу

Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттері.

Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу. Лак бояу және боялған заттарды зерттеу. Топырақтану. Талшық заттарды зерттеу.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №8 Криминалистикалық габитология

Криминалистикалық габитология және оның ғылыми негіздері. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі. Адамның анатомиялық белгілері. Адамның функционалды белгілері. Бірден көзге түсетін белгілер, ерекше белгілер. Ауызша суреттеудің әдістемесі, міндеттері және әдістері. Тергеу мен жедел іздестіру тәжірибесінде ауызша суреттеуді қолдану.

Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №9 Криминалистикалық тіркеу

Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және құқықтық негіздері. Криминалистикалық тіркеудің түрлері. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен объектілері. Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу. Хабар ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және жеке басы анықталынбаған мәйіттерді тіркеу. Ұрланған, жоғалған, алынған, өз еркімен тапсырылған иір оқпанды атыс қаруларын, сонымен қатар ашылмаған қылмыстар жасалынған жерден табылған оқтарды, гильзаларды және патрондарды тіркеу.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Тақырып №10 Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері. Тергеу қарауының тактикасы.

Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері.

Тергеу қарауының түсінігі, мәні және түрлері. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері. Куәландыру.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Тақырып №11 Жауап алудың тактикасы

Жауап алудың түсінігі мен міндеттері. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. Жауаптың қалыптасу кезеңдері. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер. Қайшылықты жағдайда және қайшылықсыз жағдайда жауап алудың тактикасы. Жәбірленушіден жауап алудың тактикасы. Куәдан жауап алу тактикасы.

Сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу тактикасы. Сезікті қылмыстық іс жүргізудің субъектісі: оның құқықтары мен міндеттері. Көрсетулерді беру сезіктінің құқықтар жүйесінде. Сот дәлелдемелері қайнар көздерінің жүйесінде сезікті көрсетулерінің алатын орны. Сезікті көрсетулерінің психологиясы. Сезікті көрсетулерін бағалау.

Айыпталушының, куәнің, жәбірленушінің көрсетулерінің айырмашылықтары. Айыпталушы көрсетулерінің процессуалдық табиғаты және пәні. Айыпталушының қорғануға құқығы.

Айыпталушы көрсетулерінің мазмұны және нысаны. Көрсетулердің түрлері. Қылмысын мойындау. Біреудің қылмысын мойнына алу және басқаға жала жабу. Беттестіру.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №12 Тану үшін көрсету тактикасы

Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. Адамдарды тану үшін көрсетудің процессуальдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері. Мәйіттің жеке басын анықтау. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері. Тұрғын үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері. Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №13 Тінту тактикасы

Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. Тінтудің жұмыс кезеңі. Тінтудің психологиясы. Тінту кезінде техникалық криминалистикалық құралдарды пайдалану. Жасырын, құпия орындарды тінту кезінде табу. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Тақырып №14 Тергеу экспериментінің тактикасы

Тергеу экспериментінің түсінігі, мәні және түрлері. Тергеу экпериментінің мақсаты мен міндеттері. Тергеулік экспериментін жүргізуге дайындық. Тергеулік экспериментке қойылатын талаптар. Тергеу экспериментін жүргізудегі тактикалық тәсілдер. Тергеулік эксперимент нәтижелерін хаттамаға, кинотүсірілімге, бейнежазбаға бекіту және оларға баға беру.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №15 Сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу

Тергеу үстінде арнаулы білім қолданудың түсінігі және оның түрлері. Сот сараптамасының түрлері. Сот сараптама мекемелері. Сот сараптамасын тағайындау. Сот сараптамасы жүргізу әдістемелері. Сот сараптамасын бағалау және дәлелдеме есебінде пайдалану ерекшеліктері.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №16 Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тергеу әрекетінің нәтижелерін хаттамаға, кинотүсірілімге, бейнежазбаға, дыбысжазбаға бекіту.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып № 17 Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері.

Қылмыстардың жекеленеген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері. Қылмыстардың жекеленеген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары. Криминалистикалық әдістемесінің құрылымы мен негізгі ұғымдары.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №18 Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі

Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы. Типтік тергеу ситуациялары, болжауалары және жоспарлануы. Қүш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №19 Алаяқтық және қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі

Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы. Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы. Кейінгі тергеу әрекеттері.

Қорқытып алушылық қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

 

Тақырып № 20 Экономиа саласындағы қылмыстарды тергеу әдістемесі

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды тергеу барысында тергеушінің ІІМ-нің басқа қызметтерімен өзара әрекеттестігі. Келесі тергеу әрекеттерінің тактикасы. Сараптама түрлері мен оларды тағайындау реті. Қылмыскерлер қимылынан келген материалдық залал мөлшерін анықтау. Нақтылы кәсіпкерлік салалардағы экономикалық қызмет шеңберіндегі қылмыстарды тергеу ерекшеліктері. Қылмыстың жасалуына итермелейтін жағдайларды анықтау және жою.

 

Тақырып № 21 Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарын тергеу әрекшеліктері

Жасы толмағандармен жасалған қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы. Дәлелдеуге жататын жағдайлар. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау. Тергеушінің анықтама органы, жасы толмағандармен жұмыс жасау инспекциясының қызметкерлері және учаскелік инспекторлармен өзара әрекеттестігі. Болжамдар сипаты және тергеуді жоспарлау. Типтік тергеулік ситуациялар. Жасы толмағандармен жасалған қылмыстарға көрсететін белгілерін анықтауда криминалистикалық білімдерді пайдалану. Жасы толмағандармен жасалған қылмыстарды тергеу спицификасын анықтайтын психологиялық және басқа да факторлар. Оқиға болған жерді қарау. Ұстау, жасы толмаған күдіктінің жеке басын тінту. Жауап алу. Тану үшін ұсыну. Беттестіру. Аталмыш қылмыстардың алдын алу шаралары.


2.5. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТЕМАТИКАЛЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырып №1 Криминалистика пәнінің түсінігі және даму тарихы

Тәжірибе сабақтарының сұрақтары:

1. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және объектілері.

2. Криминалистиканың жүйесі.

3. Криминалистикалық санаттар.

4. Криминалистиканың жалпы, арнаулы және нақты міндеттері.

5. Жеке криминалистикалық теориялардың қалыптасу кезеңі.

6. Криминалистиканың қазіргі кезеңдегі дамуы.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

 

Тақырып №2 Криминалистикалық идентификация және диагностика

1. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі.

2.Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі).

3. Идентификацияның түрлері.

4. Криминалистикалық идентификациялық зерттеу жүргізу кезеңдері..

5. Диагностика криминалистиканың ілімі ретінде.

6. Диагностиканың түрлері

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу. Идентификация мен диагностиканың объектілерін мысал түрінде көрсету.

 

Тақырып №3 Криминалистикалық техниканың жалпы ережелері және криминалистикалық фотография, бейне - дыбысжазбалары

1. Криминалистикалық техниканың пәні және түсінігі.

2. Криминалистикалық фотография, бейне және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі.

3. Сот-жеделдік фотографиялық әдістер түсінігі.

4. Сот жеделдік фотоға түсіру әдістерінің жүйесі.

5. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың ерекшеліктері.

6. Сот-зерттеу фотографияларының әдістері.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу, карточкаларға жауап беру. Оқытушы көрсеткен фотосуреттердің ішінен фотоға түсіру әдістерін көрсету.

 

Тақырып №4 Криминалистикалық трасология

1. Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесі.

2. Іздердің жіктелуі.

3. Адамның трасологиялық іздері.

4. Бұзу құралдарының іздері.

5. Көлік құралдарының іздерін зерттеу.

6. Микрообъектілер.

7. Есептерді шешу.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу. Карточкалардағы іздердің түріне қарай ерекшеліктерін айқындау. Гипспен аяқ киім ізін алу әдісін көрсету.

 

Тақырып №5 Криминалистикалық қарутану

1. Криминалистикалық қарутанудың түсінігі. Суық қарудың түсінігі. Суық қаруларды жіктеу.

2. Сот баллистикасының түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы.

3. Атылатын қаруды криминалистикалық зерттеу.

4. Оқтарды криминалистикалық зерттеу.

5. Атудың іздерін криминалистикалық зерттеу.

6. Жарылыс заттары және оларды қолдану іздерін зерттеу.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

 

Тақырып №6 Құжаттарды криминалистикалық зерттеу

1. Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде.

2. Криминалистикалық қолжазбатанудың түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері.

3. Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері.

4. Құжаттарды техникалық криминалистикалық зерттеу.

5. Мөрлердің және мөртаңбалардың оттискілерін зерттеу.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу. Оқытушы таратқан құжат түрлеріне талдау жүргізу.

 

Тақырып №7 Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу

1.Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттері.

2.Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу.

3. Лак бояу және боялған заттарды зерттеу. Топырақтану.

4. Талшық заттарды зерттеу.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

 

Тақырып №8 Криминалистикалық габитология

1. Криминалистикалық габитология және оның ғылыми негіздері.

2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі.

3. Ауызша суреттеудің әдістемесі, міндеттері және әдістері.

4. Тергеу мен жедел іздестіру тәжірибесінде ауызша суреттеуді қолдану.

5. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау.

6. Фотороботпен жұмыс.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу. Фотороботтың жұмысын көрсету.

 

Тақырып №9 Криминалистикалық тіркеу

1. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және құқықтық негіздері.

2. Криминалистикалық тіркеудің түрлері.

3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен объектілері.

4. Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу.

5. Хабар ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және жеке басы анықталынбаған мәйіттерді тіркеу.

6. Ұрланған, жоғалған, алынған, өз еркімен тапсырылған иір оқпанды атыс қаруларын, сонымен қатар ашылмаған қылмыстар жасалынған жерден табылған оқтарды, гильзаларды және патрондарды тіркеу.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

 

Тақырып №10 Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері. Тергеу қарауының тактикасы.

1. Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері.

2. Тергеу қарауының түсінігі, мәні және түрлері.

3. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері.

4. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары.

5. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері. Куәландыру.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу. Оқиға болған жерді қарау туралы видеофильмді талқылау.

 

Тақырып №11 Жауап алудың тактикасы

1. Жауап алудың түсінігі мен міндеттері.

2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары.

3. Сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу тактикасы.

4. Айыпталушының, куәнің, жәбірленушінің көрсетулерінің айырмашылықтары.

5. Айыпталушы көрсетулерінің процессуалдық табиғаты және пәні.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

 

Тақырып №12 Тану үшін көрсету тактикасы

1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері.

2. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары.

3. Мәйіттің жеке басын анықтау. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері.

4. Тұрғын үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері.

5. Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу, карточкамен жұмыс.

Тақырып №13 Тінту тактикасы

1. Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері.

2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары.

3. Тінтудің жұмыс кезеңі.

4. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

 

Тақырып №14 Тергеу экспериментінің тактикасы

1. Тергеу экспериментінің түсінігі, мәні және түрлері.

2. Тергеу экпериментінің мақсаты мен міндеттері.

3. Тергеулік экспериментке қойылатын талаптар.

4. Тергеу экспериментін жүргізудегі тактикалық тәсілдер.

5. Тергеулік эксперимент нәтижелерін хаттамаға, кинотүсірілімге, бейнежазбаға бекіту және оларға баға беру.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

 

Тақырып №15 Сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу

1. Тергеу үстінде арнаулы білім қолданудың түсінігі және оның түрлері.

2. Сот сараптамасының түрлері. Сот сараптама мекемелері. Сот сараптамасын тағайындау.

3. Сот сараптамасы жүргізу әдістемелері.

4. Сот сараптамасын бағалау және дәлелдеме есебінде пайдалану ерекшеліктері.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

 

Тақырып №16 Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы

1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі.

2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері.

3. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тергеу әрекетінің нәтижелерін хаттамаға, кинотүсірілімге, бейнежазбаға, дыбысжазбаға бекіту.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

 

Тақырып № 17 Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері.

1. Қылмыстардың жекеленеген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері.

2. Қылмыстардың жекеленеген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары.

3. Криминалистикалық әдістемесінің құрылымы мен негізгі ұғымдары.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

Тақырып №18 Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі

1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты.

2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы. Типтік тергеу ситуациялары, болжауалары және жоспарлануы.

3. Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері.

4. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

 

Тақырып №19 Алаяқтық және қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі

1. Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.

2. Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.

3. Кейінгі тергеу әрекеттері.

4. Қорқытып алушылық қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы.

5. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

 

2.6. СОӨЖ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ТАПСЫРУ ГРАФИГІ

1-Тапсырма. Криминалистика пәнінің түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы мен даму тарихы

Криминалистиканың ғылым ретінде қалыптасуына үлесін қосқан ғалымдардың криминалистикаға берген түсініктерін жазу. Криминалистиканың қалыптасу тарихына баяндама.

 

2-Тапсырма. Криминалистикалық идентификация және диагностика

Криминалистикалық идентификация. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі, оның ғылыми негіздері. Криминалистикалық идентификацияның соттық, тергеу және сараптама тәжірибесіндегі мәні. Идентификациялық - іздеу қызметі, түсінігі және мазмұны. Дәлелдеу үрдісіндегі идентификацияның маңызы. Идентификациялық - іздеу қызметінің объектілері, объектілердің бастапқы жиынтығы. Криминалистикалық идентификацияның түрлері. Жеке және топтық идентификация. Бүтіннің бөлшектері бойынша идентификациялау. Криминалистикалық идентификацияның объектілері және олардың жіктелуі.

Идентификациябелгілерінің түсінігі және жіктелуі. Идентификациялық аумақ, идентификациялық кезең, объектілердің сәйкестілігі. Криминалистикалық идентификацияның субъектілері.Идентификациялық сараптаманың жалпы әдістемесі. Сәйкестендіруге жататың объектілерді сараптамалық қарау. Жеке зерттеу. Ұқсастықтар мен айырмашылыктарды бағалау. Идентификациялық қорытынды және оны бағалау. Идентификациялық сараптаманың жекеленген түрлерінің ерекшеліктері. Математикалық әдістер мен идентификациялық зерттеулерді ЭЕМ-де қолдану. Криминалистикалық диагностика теориясы. Криминалистикалық диагностиканың субъектілері.

Конспект жазу.

 

3-тапсырма. Соттық фотография

Криминалистикалық фотография түсінігі, жүйесі және мағынасы.

Жалпы фотография негіздері. Фотоаппараттардың негізгі тетіктері және олардың жұмыстық сипаттамасы. Фотообъективтер, фотоэкспонометрлер, жарық сүзгіштер және фотоматериалдардың түрлері.

Фотоға түсіру. Фотоға түсіруге дайындық. Фотоға түсіру техникасы. Жасанды жарықты пайдалану арқылы суретке түсіру.

Криминалистикалық суретке түсіру. 1. Панорамалык сурет. 2.Тануға түсіру әдісі, Өлшемдік сурет. 3. Стерео сурет. 4. Репродукциялық және рефлекстік сурет. 5. Қарсыластыру (контрастық) сурет 6. Макро және микросурет. 7. Түс ажырату суреті.

Оқиға болған жерді фотоға түсіру. Фотоға түсіру әдістері: бағдарлау. шолушылық, тораптап және егжей-тегжейлі.

Басқа тергеу әрекеттерін жүргізу кезіндегі (тінту, алу, тану үшін ұсыну, тергеу эксперименті және т.б.) суретке түсіру.

Тірі адамдар мен мәйттерді тануға ұсыну үшін суретке түсіру. Бөлек заттарды, іздерді және құжаттарды суретке түсіру.

Фотоға түсіру нәтижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.

Әдістемелік нұсқаулар: аталған сұрақтарға дайындалу барысында криминалистикалық фотоға түсіру әдістерін бөліп қарастыру қажет. Жалпы барлық әдістердің түсінігі мен жіктелуі қарастырылып, олар жан-жақты талқылануы тиіс.

Криминалистиканың ғылым ретіндегі жалпы мақсаты -зандылықтар негізінде қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу мақсатына қажетті техника-криминалистикалық құралдарды, әдістер мен тәсілдерді шығару, жетілдіру және дамытумен байланысты. Осыған сәйкес криминалистика ғылымы басқа да ғылым салаларының әдістерін өз бағыттарына қолданады және соларға сәйкес өз әдістерін шығарады. Қарапайым фотоға түсіру, панорамалық сызықты және шеңберлі фотоға түсіру, детальді фотоға түсіру, тануға түсіру әдістерін пайдаланып фотоға түсіріп, тапсыру.

 

4-тапсырма. Трасология. Іздер туралы ілім.

Папилляр сызықтардың типтік ерекшеліктерін - және папилляр өрнектердің негізгі түрлерінің схемалық суретін салу.

Саусақ ізі бар дактилоскопиялық пленканы тігіп, сол бойынша хаттама жасау.

Аяқ киім, табан, сондай - ақ «іздер жолының» суретін сала отырып олардың негізгі өлшемдері мен элементтерін көрсету.

Оқиға болған жерден аяқ ізінің табылуына байланысты хаттама жазбаларын құрастыру.

Механоскопия – бұзу құрал-саймандарының іздері және олардың криминалистикалық мәні. Бұзу құрал-сайман іздерінің түсінігі. Бұзу құрал-сайман іздерінің объектісі: 1) жабылатын құлыптар; 2) арнайы сақтау қоймасы; 3) пломбылар. Консект жазу.

 

5-тапсырма. Соттық қарутану

1. Аңшылық және атыс қаруы оқтарының (патронының) суретін салып, олардың белгілерін көрсету.

Кез-келген отпен атылатын (огнестрельный) қарудың суретін салып, оның белгілерін көрсету.

Атыс қаруының жіктемесін келесі белгілер бойынша беруге болады:

1. Нысаны бойынша

2. Автоматтық дәрежесі бойынша

3. Оқ атудың сипатына байланысты

4. Ұңғының ұзындығы бойынша

5. Ұңғының құрылымдық ерекшелігіне байланысты

6. Калибрге байланысты

7. Ұңғылар саны бойынша

8. Қолда ұстау, қолдану тәсілдері бойынша.

 

6-тапсырма. Құжаттарды криминалистикалық зерттеу.

Қандай да бір мөр таңбасын салып, оның жалпы және жеке белгілерін көрсету.

Бірнеше сөйлем жазып, олардың жалпы және жеке белгілерін анықтау.

Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің түсінігі, оның түрлері мен мақсаттары құжаттарды заттық дәлелдемелер ретінде қараудың жалпы ережелері. Құжаттарды тергеулік қарау, оның әдістерінің мақсаты, нәтижесін бекіту.

Құжаттағы мәтіннің өзгеруінің белгілері. Тазартып өшіру, өңдеу, жуып өшіру, қатесін түзеу, өзге де өзгертулер. Құжаттың мәтінінің өзгеруін табу әдістері. Өшірілген және басқа да оқуға келмейтін мәтіндер. Өзгертілген және оқуға келмейтін құжаттың мәтіндеріне сараптамалық зерттеудің мүмкіндігі.

Қойылған қолдың техникалық жалғандығының белгілері және оларды табудың әдістері. Қойылған қолдың техникалық жалғандығын сараптамалық зерттеу. Салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер алу. Жанған және бүлінген құжаттағы мәтінді қалпына келтіру және зерттеу. Мөрдің таңбаларының және штамптардың жалғандығының белгісі. Мөрдің таңбаларының және штамптарды сараптамалық зерттеу мүмкіндігі. Мөрлер және штамптарды олардың таңбаларына байланысты идентификациялау. Салыстырып зерттеу үшін үлгілер алу. Компьютерлік мәтінді қарау және алдын ала зерттеу. Полиграфиялық өнімді қарау және алдын ала зерттеу. Типографиялық баспаның түрін бекіту. Бланкілік құжаттардың жалғандық белгісі және оларды табу. Баспа формасын идентификациялау сараптамалық зерттеу мүмкіндігі. Боялған немесе затқа жапсырылған құжаттың кешенділігін қарау және алдын ала зерттеу сараптамалық зерттеу мүмкіндігі.

7-тапсырма. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу.

Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу.

Консепкт жазып, оны қорғау.

 

8-тапсырма. Криминалистикалық габитология.

1. «Ауызша портрет» тәсілі бойынша көрші үстелдегі студентті сипаттау.

2. Сол студенттің бет-бейнесін фоторобот бағдарламасы бойынша жасау.

Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымилық негіздері. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі. «Ауызша портрет» түсінігі, оның тергеулік, жедел іздестірушілік және сараптама тәжірибесінде қолданылуы. Адам сырт келбетін «ауызша портрет» әдісімен суреттеу ережелері. Анатомиялық, функционалдық белгілерді, көзге ұрар және ерекше белгілерді суреттеу. Адам сырт келбетін сипаттайтын киім-кешек пен басқа да заттарды суреттеу. Іздеудегі белгілі тұлғаның, белгісіз қылмыскерлердің және танылмаған мәйіттердің сыртқы белгілері туралы ақпараттардың шығу тегі. Субъективтік портреттер түрлерін (салынған, фотокомпозициялық) құрастыру. Субъективтік портреттерді дайындаудың қазіргі кездегі техникалық құралдары.

Криминалистикалық портреттік сараптаманың негіздері. Портреттік сараптама шешетін сұрақтар. Сараптамаға материалдар дайындау. Адам сырт келбет белгілері туралы мағұлматтарды ақпараттық іздеу жүйелерінде қолдану.

 

9-тапсырма. Криминалистикалық тіркеулер.

Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, оның мақсаты. Қылмыстық тіркеуді жүзеге асыратын органдар. Қылмыстық тіркеу түрлері. Қылмыскерлерді тіркеу. Тегі бойынша есеп. Дактилоскопиялық жүйе. Негізгі және қосымша дактилоскопиялық формула.

Хабар-ошарсыз кеткен адамдар мен танылмаған мәйітті тіркеу. Қылмысты жасау әдісі бойынша тіркеу. Жоғалған және ашылған заттардың тізімі. Атыс қаруын криминалистикалық тіркеу. Ашылмаған қылмыстар бойынша атылған оқ және гильзаның есебі. Қылмыстық тіркеуді қылмысты ашуда қолдану. Автоматтандырылған ақпараттық - іздеу жүйесі

Әдістемелік нұсқаулар: Қылмыстық тіркеу түсінігін аша отырып студенттер бұл бәрінен бұрын белгілі бір объектілерді-қылмысты тексеру, ашу және алдын алу үшін мәні бар ақпарат тасушыларды есепке алу және топтастырудың ғылыми зерттелген жүйесі екеніне назар аударғандары жөн.

Қазіргі уақытта міндетті қылмысты тіркеуге:

1. қылмыстық жауаптылыкқа тартылған тұлғалар;

2. тергеуден және соттан жасырынған немесе жазасын өтеу орнынан қашқан түлғалар;

3. із-түссіз жоғалып кеткен тұлғалар;

4. танылмаған мәйіттер;

5. ашылмаған қылмыс орнынан табылған іздер, гильзалар, патрондар;

6. табылған, ұрланған және алынған атыс қарулары;

7. ашылмаған қылмыстың жасалу тәсілі;

8. тергеу және жедел-іздестіру қызметі үшін мәні бар заттарды және өзге де объектілерді алу және ұрлау.

Сонымен қатар қылмыстық тіркеудің түрлері (жалпы мемлекеттік, жергілікті), нысаңдары (картотекалар, фотоальбомдар, тізімдер және т.б), тәсілдері (алфавиттік, дактилоскопиялық, сыртқы келбеті белгілері бойынша, қылмыстың жасалу тәсілі бойынша т.б.) тіркелетін объектілердің сипаты мен анықталады және заңды негіздер болғанда жүзеге асырылады.

Криминалистикалық тіркеуді жүзеге асыраты субъектілердің қызметін және жоғарыдағы аталған объектілерге баяндама жазып, оны қорғау.

 

10 тапсырма. Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері. Тергеу қарауының тактикасы.

Тапсырма:криминалистикалық тактиканың негізгі түсініктерінің біріне баяндама жасау.

Өзіндік жұмыстарды орындауға көмекші әдістемелік нұсқаулар:Баяндама жасау үшін ресейлік және отандық криминалистердің кұқықтық әдебиеттерін қарастырып, криминалистикалық тактиканың негізгі түсініктерінің теориялық және практикалық маңызына тоқталған жөн.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:№10 дәріс сабағына берілген әдебиеттерді караңыз.

 

11 тапсырма. Жауап алудың тактикасы.




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 22 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

АСТАНА 2012 2 страница | АСТАНА 2012 3 страница | АСТАНА 2012 4 страница |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.103 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав