Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АСТАНА 2012 1 страница

Читайте также:
  1. A XVIII 1 страница
  2. A XVIII 2 страница
  3. A XVIII 3 страница
  4. A XVIII 4 страница
  5. Abstract and Keywords 1 страница
  6. Abstract and Keywords 2 страница
  7. Abstract and Keywords 3 страница
  8. Abstract and Keywords 4 страница
  9. BEAL AEROSPACE. MICROCOSM, INC. ROTARY ROCKET COMPANY. KISTLER AEROSPACE. 1 страница
  10. BEAL AEROSPACE. MICROCOSM, INC. ROTARY ROCKET COMPANY. KISTLER AEROSPACE. 2 страница

 

 

2.1. Оқытушы туралы мәліметтер және контактілік ақпарат

Нуркеева Динара Рабаниевна заң ғылымдарының магистрі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқық қорғау қызметі» мамандығын аяқтаған.

Контактілік ақпарат

Астана қаласы Қорғалжын шоссесі 8, Қазақ гуманитарлық заң университеті, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, к. 352, телефон 70-30-45.

 

2.2. Пререквизиттер және постреквизиттер

Курстың пререквизиттері: мемлекет және құқық теориясы; Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары; қылмыстық құқық; қылмыстық іс жүргізу құқығы; жедел іздестіру қызметінің теориясы; Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау; криминология.

Курстың постреквизиттері: криминалистикалық техниканың дамуының жаңа бағыттары; сот және сот төрелігі: тәжірибе, қазіргі кезең, перспективалар; қылмыстық істерді тергеу бойынша арнаулы практикум; тергеу әрекеттері, Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет, сот сараптамасы.

2.3. Пәннің мінездемесі

Пәнді оқытудың мақсаты

«Криминалистика» пәнін оқытудың мақсаты қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, сот өндірісінде ақиқатты танудың жолдарын және құралдарын үйренген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау.

«Криминалистика» пәнін студенттердің дұрыс ұғынуы қылмыстылықпен күресті күшейтуді, қылмыстарды тергеу және ашу кезінде ғылыми негізделген, тергеу-криминалистикалық тәжірибелік қызметте өзін ақтаған тактикалық әдістер мен техникалық криминалистикалық құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңдегі криминалистиканы дұрыс меңгеру үшін қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша негізгі білімдер болуы керек.

Пәнді оқытудың міндеттері

Криминалистиканы үйренудің міндеттері студенттердің қылмыстарды ашу, тергеу және болдырмауға бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдарды меңгеру, криминалистикалық техникалық құралдардың қылмыстарды тергеудегі маңыздылығын көрсету, оларды пайдалануды үйрету, тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасын ұғыну, жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесін меңгеру болып табылады. Сонымен бірге, пән бойынша негізгі анықтамаларды білу, түсіну, криминалистиканың негізгі ұғымдарын қамту, теориялық және практикалық материалдармен жұмыс істей білу есептеледі.

Студенттердің міндеттері

«Криминалистика» пәнін тыңдайтын студенттердің міндетіне, ең алдымен, келесілер кіреді:

аталған пән бойынша лекцияларға қатысу және конспектілеу;

семинар сабақтарының барысындағы белсенділік және білімге құштарлық;

аралық бақылауды дер кезінде тапсыру (тестілеу, жазбаша бақылау жұмыстарын орындау, коллоквиумдар) және қорытынды бақылау (сынақ, емтихан).

«Криминалистика» пәні бойынша білім мен дағдыларды иелену үшін, студенттер оқытушының тапсырмаларын, өзіндік жұмыстарға дайындалған тапсырмаларды өз уақытында және нақты орындауы тиіс. Студенттер оқытушы ұсынған негізгі және қосымша әдебиетпен танысуы керек. Тапсырмаларды орындау үстінде, сондай-ақ бақылау және курстық жұмыстарын дайындау кезінде студенттер қойылған міндеттерді шығармашылық ынталылықпен жұмыс істеу керек. Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық базасын және сот дәлелдемелер теориясы бойынша ғылыми әдебиетті сыни тұрғыдан оқып үйрене отыра, студенттер зерттелетін сұрақтар бойынша өзінің ой пікірін айтуы және тұжырымдарын дәлелді түрде негіздеу қажет.

Курстың компоненттеріне және оны оқуға қойылатын негізгі талаптар

Тапсырмаларды орындау аптасына кем дегенде 3-4 сағат уақытты алуы тиіс. Кеңесу кестесіне сәйкес оқытушымен тұрақты негізде консультациялар жүргізіледі. Әрбір сабаққа мұқият дайындалу керек, өйткені әртүрлі ғылыми еңбектерді пайдалана отырып, түрлі ғалымдардың пікірін талдаймыз. Кестеде көрсетілген тақырыпты талдау барысында өткен тақырыптарды алдын ала қарап, қайталау қажет. Аудиторияда өткізілетін сабақтарда ситуативті есептерді шешу түріндегі тапсырмалар орындалып, оның нәтижелері келесі сабақта хабарланады.

Жазбаша реферат алдын ала таңдалған тақырып бойынша орындалып, құрамы келесілерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қажет жағдайларда кесетелер, схемалар түріндегі қосымшалар. Әдебиеттер тізімі келесілерді қамтуы тиіс екендігін айту қажет:

1) нормативті-құқықтық актілер;

2) негізгі әдебиет;

3) қосымша әдебиет.

 

Пәннің мазмұны

«Криминалистика» курсы «Құқыққорғау» мамандығы үшін Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартымен қарастырылған пән болып табылады.

«Криминалистика» пәнін оқу кезінде оның қолданбалы құқықтық, синтезделген ғылым, сонымен бірге процессуалдық ғылыммен тығыз байланысты екені ескеріледі.

Қылмыстарды дер кезінде ашу үшін тергеу әрекеттерінің тактикасын, сондай-ақ тергеу жүргізуді ұйымдастыруды, тергеуді жоспарлауды, тергеушінің анықтама органдарымен өзара әрекет етуін жетілдіру жолдарын, криминалистикалық болжамдауды, криминалистикалық ситуалогияны, криминалистикалық идентификация ұғымдарын білу, криминалистикалық техникалық құралдарды дұрыс пайдалану, жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесін меңгеру қажет.

«Криминалистика» курсын оқытудың мақсаты қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, сот өндірісінде ақиқатты танудың жолдарын және құралдарын үйренген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау.

«Криминалистика» пәні бойынша тематикалық жоспар «Құқық қорғау қызметі» мамандығы

Тақырыптың атауы Дәрістер Семинар сабақ Тәжірибе сабақ СӨОЖ СӨЖ
  Криминалистиканың жалпы теориясы. Криминалистика пәнінің түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы және даму тарихы        
  Криминалистикалық идентификация және диагностика        
  Криминалистикалық техниканың жалпы ережелері және соттық фотография, бейнежазбалары        
  Криминалистикалық трасология          
  Соттық қарутану (баллистика)          
  Құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу        
  Адам сырт келбеті туралы криминалистикалық ілім        
  Криминалистикалық тіркеулер        
  Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері.Тергеу қарауының тактикасы        
  Криминалистиалық болжамдар және тергеуді жоспарлау        
  Тергеу қарауының тактикасы. Куәландыру тактикасы        
  Тінту және алу тактикасы        
  Жауап алу және беттестіру тактикасы        
  Көрсетулерді оқиға болған жерде тексеру және нақтылау тактикасы        
  Тергеу экспериментінің тактикасы        
  Тану үшін ұсыну тактикасы        
  Ұстау тактикасы        
  Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы        
  Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері        
  Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы        
  Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі        
  Ұрлық қылмыстарын тергегу әдістемесі        
  Тонау және қарақшылық жолымен жасалған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі        
  Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі        
  Қорқытып алушылық қылмыстарын терегу әдістемесі        
  Бөтен мүлікті иелену және ысырап ету қылмыстарын тергеу әдістемесі        
  Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі        
  Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі        
  Жасы кәмелеттік жасқа толмағандармен жсалған қылмыстарды тергеу әдістемесі        
  Парақорлықты тергеу        
  Барлығы 180     22,5 112.5

 

2.4. ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Тақырып №1 Криминалистиканың жалпы теориясы. Криминалистика пәнінің түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы және даму тарихы.

Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және объектілері. Криминалистиканың жүйесі. Криминалистикалық санаттар. Криминалистиканың қағидалары. Криминалистиканың жалпы, арнаулы және нақты міндеттері.

Криминалистиканың жалпылама тәсілі, криминалистиканың әдістері және оның жүйесі.

Жеке криминалистикалық теориялардың қалыптасу кезеңі. Криминалистиканың қалыптасу тарихы. Криминалистиканың қазіргі кезеңдегі дамуы. Сараптамалық және ғылыми криминалистикалық мекемелер. Криминалистиканың қазіргі кезеңдегі даму тенденциялары. Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №2 Криминалистикалық идентификация және диагностика

Криминалистикалық идентификацияның түсінігі.Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі). Идентификациялық белгілер және оның классификациясы. Идентификацияның түрлері. Криминалистикалық идентификациялық зерттеу жүргізу кезеңдері. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы. Диагностика криминалистиканың ілімі ретінде.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану. Идентификацияның жүйесін толық ашу.

Тақырып №3 Криминалистикалық техниканың жалпы ережелері және соттық фотография, бейнежазбалары

Криминалистикалық техниканың пәні және түсінігі. Тергеуші мен криминалист маманның қолданатын ғылыми техникалық құралдары. Сарапшылардың қолданатын ғылыми техникалық құралдары.

Криминалистикалық фотография, бейне жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі. Сот-жеделдік фотографиялық әдістер. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың ерекшеліктері. Сот-зерттеу фотографияларының әдістері. Бейне және дыбысжазбаларын криминалистикада қолдану. Криминалистикалық фотобейне және дыбысжазбаларын қолдануды процессуальды-криминалистикалық рәсімдеу.

Дәрісті криминалист-маманның чемоданын көрсетуден бастау қажет, фотоаппараттың көмегімен сот-жеделдік фотоға түсіру әдістерін көрсету.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды, штатив пен фотоаппаратты қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Тақырып №4 Криминалистикалық трасология

Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесі. Іздердің жіктелуі. Статикалық және динамикалық іздер. Беткейлі және көлемді іздер. Қабатталу және қатпарлану іздері. Іздердің қалыптасу механизмі.

Адамның трасологиялық іздері. Криминалистикалық дактилоскопия. Адамның аяқтарының іздерін зерттеу. Адамның тістерінің іздерін зерттеу. Еріннің іздері. Қан іздерін зерттеу.

Бұзу құралдарының іздері. Құлыптар мен бекітетін құрылғыларды зерттеу. Көлік құралдарының іздерін зерттеу. Бүтін затты бөлшек бойынша анықтау. Микрообъектілер.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды, гипстың көмегімен аяқ киім ізін алу әдісін қолдану. Дактокартаны толтыру әдісін үйрету. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №5 Соттық қарутану

Криминалистикалық қарутанудың түсінігі. Суық қарудың түсінігі. Суық қаруларды жіктеу.

Сот баллистикасының түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы. Сот баллистикасының объектілерін табу және қару. Атылатын қаруды криминалистикалық зерттеу. Оқтарды криминалистикалық зерттеу. Атылған гильза бойынша идентификациялауды жүргізу. Атудың іздерін криминалистикалық зерттеу. Атудың дистанциясын анықтау.

Жарылыс заттары және оларды қолдану іздерін зерттеу. Жарылыстехникалық сараптама кезінде шешілетін негізгі міндеттер.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Арсеналдың қазіргі жұмысымен таныстыру. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №6 Құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу

Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде. Криминалистикалық қолжазбатанудың түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері. Қолжазба белгілерінің түсінігі. Қолжазба үлгілерінің түсінігі. Сот қолжазбатану сараптамасына дайындық. Сот қолжазбатану сараптамасының әдістемесі.

Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері.

Құжаттарды техникалық криминалистикалық зерттеу. Құжаттардың бланкілерін зерттеу. Машинажазбалық мәтіндерді зерттеу. Мөрлердің және мөртаңбалардың оттискілерін зерттеу. Жартылай өзгертілген құжаттарды зерттеу.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №7 Адам сырт келбеті туралы криминалистикалық ілім

Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымилық негіздері. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі. «Ауызша портрет» түсінігі, оның тергеулік, жедел іздестірушілік және сараптама тәжірибесінде қолданылуы. Адам сырт келбетін «ауызша портрет» әдісімен суреттеу ережелері. Анатомиялық, функционалдық белгілерді, көзге ұрар және ерекше белгілерді суреттеу. Адам сырт келбетін сипаттайтын киім-кешек пен басқа да заттарды суреттеу. Іздеудегі белгілі тұлғаның, белгісіз қылмыскерлердің және танылмаған мәйіттердің сыртқы белгілері туралы ақпараттардың шығу тегі. Субъективтік портреттер түрлерін (салынған, фотокомпозициялық) құрастыру. Субъективтік портреттерді дайындаудың қазіргі кездегі техникалық құралдары.

Криминалистикалық портреттік сараптаманың негіздері. Портреттік сараптама шешетін сұрақтар. Сараптамаға материалдар дайындау. Адам сырт келбет белгілері туралы мағұлматтарды ақпараттық іздеу жүйелерінде қолдану.

 

Тақырып №8 Криминалистикалық тіркеулер

Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және құқықтық негіздері. Криминалистикалық тіркеудің түрлері. Криминалистикалық тіркеудің объектілері. Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу. Хабар ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және жеке басы анықталынбаған мәйіттерді тіркеу. Ұрланған, жоғалған, алынған, өз еркімен тапсырылған иір оқпанды атыс қаруларын, сонымен қатар ашылмаған қылмыстар жасалынған жерден табылған оқтарды, гильзаларды және патрондарды тіркеу.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Тақырып №9 Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері. Тергеу қарауының тактикасы

Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері.

Тергеу қарауының түсінігі, мәні және түрлері. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері. Куәландыру.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

Тақырып №10 Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау

Криминалистикалық болжамдар түсінігі мен мәні. Криминалистикалық болжамдар жіктемесі. Жалпы, жеке, тергеулік, сараптамалық, жедел іздестірушілік, соттық, алғашқы және келесі болжамдар.

Болжамдарды құру және тексеру. Тергеулік болжамдарға қойылатын талаптар. Болжамдарды құру барысында қолданылатын логикалық ойлау тәсілдері. Болжамдарды құру негізі. Болжамдарды тексеруге негіз және оларды тексеру тәсілі.

Тергеуді жоспарлаудың түсінігі және негізгі қағидалары. Тергеудің әртүрлі кезеңдерінде жоспарлаудың ерекшеліктері. Тергеудің алғашқы, келесі және соңғы кезеңдеріндегі жоспарлау. Тергеушілер тобы жүргізетін тергеуді жоспарлау. Тергеу жоспарының жазбаша нысаны және болжам құруда, тергеуді жоспарлауда электронды мен басқа да техникалық құралдар мүмкіндігін пайдалану.

Тақырып №11 Тергеу қарауының тактикасы. Куәландыру тактикасы.

Тергеулік қараудың түсінігі, мәні және міндеттері. Тергеулік қарау түрлері қағидалары және олардың жіктемесі. Қарау барысында техникалық құралдар мен маман көмегін пайдалану. Оқиға болған жерді қарау тергеу әрекеттерінің жүйесінде. Оқиға болған жер (кылмыс орны) түсінігі және оны қарау кезіндегі міндеттер. Оқиға болған жерді қарауды ұйымдастыру. Оқиға болған жерге тергеуші келгенше басқа құқық қорғау органдары мен қызметтерінің әрекеттері. Оқиға болған жерді қарау үшін тергеулік-жедел іздестірушілік топты құрастыру. Оқиға болған жерді қарау мақсатында криминалистикалық және басқа да техникалық құралдарды әзірлеу.Оқиға болған жерді қарау кезеңдері (сатылары): дайындық, жұмыстық, соңғы. Оқиға болған жерді қарау тәсілдері. Оқиға болған жерден табылған заттық дәлелдемелер мен іздерді алдын ала зерттеуден өткізу мүмкіндігі мен маңыздылығы. Қылмыстың белгілері.Оқиға болған жерді қараудың жедел іздестіру шараларымен ұштасуы. Мәйітті табылған жерінде сыртынан қарау. Мәйітті қайталап және қосымша қараудан өткізу. Тергеулік қараудың басқа да түрлері. Заттық дәлелдеме болатын заттар мен құжаттарды қарау. Жануарлар және олардың өліктерін қарау. Оқиға болған жерге жатпайтын аулалар мен бөлмелерді қарау. Қараудың тактикалық тәсілдері. Транспорт құралдарын қарау ерекшеліктері. Тергеулік куәлендіру. Кылмыс іздері немесе ерекше белгілерді ажырату мақсатында айыпталушы, сезікті, жәбірленуші, куә денесін қарау ерекшеліктері.

Тақырып №12 Тінту және алу тактикасы

Тінту және алу түсінігі мен міндеттері. Тінту түрлері мен сатылары. Тінту жүргізу туралы шешім қабылдау. Тінтуге дайындық. Айыпталушының жеке басы, оның байланысы, Тінту орны, түпнұсқалы объектілер және тінтудің басқа да шарттары жайлы ақпараттарды жинап-зерттеу. Тінтуді жоспарлау. Тергеулік-жедел іздестірушілік топты құру және оған нұсқау беру. Тінту кезінде маманды қатыстыру. Ғылыми-техникалық және көмекші құралдарды әзірлеу. Көлік және байланыс құралдарымен қамтамасыз ету.

Тұрғылықты бөлмеде тінту жүргізудің тактикалық тәсілдері. Қызмет бөлмелерінде тінту жүргізу ерекшеліктері. Аулаларды, көлік құралдарын тінту. Құпия орын түрлері және оларды табу тәсілдері. Қосымша және қайталап тінту. Тінтудің алудан айырмашылығы. Алуға дайындық және оны жүргізудегі тактикалық тәсілдер. Тінту және алу жолдары мен нәтижелерін бекіту.




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 24 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

АСТАНА 2012 | АСТАНА 2012 3 страница | АСТАНА 2012 4 страница |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.015 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав