Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АСТАНА 2012 2 страница

Читайте также:
  1. A XVIII 1 страница
  2. A XVIII 2 страница
  3. A XVIII 3 страница
  4. A XVIII 4 страница
  5. Abstract and Keywords 1 страница
  6. Abstract and Keywords 2 страница
  7. Abstract and Keywords 3 страница
  8. Abstract and Keywords 4 страница
  9. BEAL AEROSPACE. MICROCOSM, INC. ROTARY ROCKET COMPANY. KISTLER AEROSPACE. 1 страница
  10. BEAL AEROSPACE. MICROCOSM, INC. ROTARY ROCKET COMPANY. KISTLER AEROSPACE. 2 страница

Тақырып №13 Жауап алу және беттестіру тактикасы

Жауап алудың түсінігі мен міндеттері. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. Жауаптың қалыптасу кезеңдері. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер. Қайшылықты жағдайда және қайшылықсыз жағдайда жауап алудың тактикасы. Жәбірленушіден жауап алудың тактикасы. Куәдан жауап алу тактикасы.

Сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу тактикасы. Сезікті қылмыстық іс жүргізудің субъектісі: оның құқықтары мен міндеттері. Көрсетулерді беру сезіктінің құқықтар жүйесінде. Сот дәлелдемелері қайнар көздерінің жүйесінде сезікті көрсетулерінің алатын орны. Сезікті көрсетулерінің психологиясы. Сезікті көрсетулерін бағалау.

Айыпталушының, куәнің, жәбірленушінің көрсетулерінің айырмашылықтары. Айыпталушы көрсетулерінің процессуалдық табиғаты және пәні. Айыпталушының қорғануға құқығы.

Айыпталушы көрсетулерінің мазмұны және нысаны. Көрсетулердің түрлері. Қылмысын мойындау. Біреудің қылмысын мойнына алу және басқаға жала жабу. Беттестіру.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №14 Көрсетулерді оқиға болған жерде тексеру және нақтылау тактикасы

Көрсетулерді оқиға болған жерде тексеру және нақтылаудың түсінігі және криминалистикалық міндеттері. Аталмыш тергеу әрекетінің басқа тергеу әрекеттерінен айырмашылығы. Көрсетулерді оқиға болған жерде тексеру және нақтылауды іске асыру кезінде шешім қабылдау.

Көрсетулерді оқиға болған жерде тексеру және нақтылауға дайындық. Көрсетулері оқиға болған жерде тексеріп-нақтыланатын адамнан қосымша жауап алу кажеттігі. Тергеулік-жеделдік топты құрастыру. Аталмыш тергеу әрекетін жүргізу кезінде қолданылатын ғылыми-техникалык құралдар. Көлік, байланыс құралдарымен және күзетпен қамтамасыз ету. Көрсетулерді тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.

 

Тақырып №15 Тергеу экспериментінің тактикасы

Тергеу экспериментінің түсінігі, мәні және мақсаттары. Тергеу экспериментінің түрлері. Тергеу экспериментіне қатысушылар. Тергеу экспериментінің психологиялық және этикалық негіздері. Аталмыш тергеу әрекетінің басқа тергеу әрекеттерінен айырмашылығы.

Тергеу экспериментіне дайындық, оның кезеңдері мен міндеттері. Тергеу экспериментін жүргізу кезіндегі жағдайды қалпына келтіру, оның шарттары мен мүмкіндіктері. Тергеу экспериментін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану, муляждар қолдану.

Тергеу экспериментін жүргізу тәсілдері мен тактикалық жағдайлары Тергеу экспериментін өткізу және оның нәтижелерін бекіту. Тергеу экспериментінің нәтижелеріне баға беру және оның тергеу үшін маңыздылығы.

 

Тақырып №16 Тану үшін ұсыну тактикасы

Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. Адамдарды тану үшін көрсетудің процессуальдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері. Мәйіттің жеке басын анықтау. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері. Тұрғын үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері. Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №17 Ұстау тактикасы

Қозғалған қылмыстық істер бойынша хабарларды ұстап қалу, сөйлесулерді тыңдай отырып жазып алу түсінігі және мақсаттары. Аталмыш тергеу әрекетін жүргізу шарты.

Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық. Сөйлесулері тыңдауға жататын адамдар шенберін анықтау. Ұстап қалу және тыңдауға қатысты тергеушімен шешім қабылдау. Хабарларды ұстап қалу мен сөйлесулерді тыңдай отырып жазып алуды ІІМ-нің органдарына жүктеу. Ұстап қалу мен тыңдауды тергеушінің өзімен ұйымдастыруы. Алынған ақпаратпен алмасу және іске асыруға байланысты анықтама органдарымен өзара әрекеттестігі.

Ұстап қалу және тыңдау материалдарын анықтама органынан тергеушіге келіп түсуі Фонограмманы қарау, оны қылмыстық іс материалдарына тіркеу. Тергеу кезіндегі тактикалық тәсілдер.

 

Тақырып №18 Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы

Тергеу үстінде арнаулы білім қолданудың түсінігі және оның түрлері. Сот сараптамасының түрлері. Сот сараптама мекемелері. Сот сараптамасын тағайындау. Сот сараптамасы жүргізу әдістемелері. Сот сараптамасын бағалау және дәлелдеме есебінде пайдалану ерекшеліктері.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып № 19 Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері.

Қылмыстардың жекеленеген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері. Қылмыстардың жекеленеген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары. Криминалистикалық әдістемесінің құрылымы мен негізгі ұғымдары.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып № 20 Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы

Криминалистикалық сипаттаманың түснігі. Нақтылы қылмыс түрлерінің криминалистикалық сипаттамасы элементтерінің мөлшері мен мазмұны. Криминалистикалық сипаттама нақтылы қылмыс түрлерін тергеу әдістемесін құру негізі ретінде. Қылмыс туралы ақпарат түпнұсқасының криминалистикалық сипаттамасы. Қылмыстың жасалу тәсілінің күдікті (айыпталушы) жеке басының жәбірленуші тұлғасының, қылмыс қастандығы заттарынын, қылмыстың жасалу жағдайларынын (уақыты. орны. шарты) және тағы басқалардың криминалистикалық сипаттамасы

Тақырып № 21 Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі

Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы. Типтік тергеу ситуациялары, болжауалары және жоспарлануы. Қүш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері.

Дәрістерді оқупроцесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №22 Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі

Ұрлаудың криминалистикалық сипаттамасы. Дәлелдеуге жататын жағдайлар. Оқиға болған жерді қарау. Материалдық түрде жауапты тұлғалар мен жәбірленушіден жауап алу. Ұрлауды жасағансу әрекеттерін әшкерелеу тәсілдері. Тергеулік болжамдар құру, оларды тексеру. Келесі тергеу әрекеттерінің тактикалык ерекшеліктері. Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті тергеу ерекшеліктері. Қалтаға түсуді. тергеу ерекшеліктері.

Тақырып №23 Тонау және қарақшылық жолымен жасалған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі

Тонау және қарақшылықтың криминалистикалық сипаттамасы. Дәлелдеуге жататын жағдайлар. Қылмыстық іс қозғау ерекшелігі. Алғашқы тергеу әрекеттері және олардың жедел іздестіру шараларымен ұштасуы. Жәбірленуші мен куәлардан жауап алу. Оқиға боған жерді қарау. Күдіктіні ұстау және одан жауап алу. Тергеуді әрі қарай жоспарлау. Келесі тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері.

Тақырып №24 Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі

Алаяқтықтың криминалистикалық сипаттамасы. Дәлелдеуге жататын жағдайлар. Қылмыстық іс қозғау. Дәлелдеу затын анықтау мақсатымен жоспарлау және бөлек тергеу әрекеттерін жүргізуүшін алаяктықты іске асыру тәсілдерін талдаудың мағынасы. Алғашқы тергеу әрекеттері және олардың жедел іздестіру шараларының ұштасуы. Тергеуді жоспарлау ерекшелжтері. Типтік болжамдар.

Жәбірленушінің жеке басын талдап. одан жауап алу. Күдіктінің субъективтік портретін құрастыру. Заттық дәлелдемелерді қарау. Оқиға болған жерді қарау. Куәларды анықтап. олардан жауап алу. Келесі тергеу әрекеттері Күдіктіні ұстау, жеке басын тінту, одан жауап алу. Тінту және келтірген зиянның орнын толтыруға бағытталған шараларды қабылдау. Тану үшін ұсыну. Сараптама тағайындау. Айыпталушыдан жауап алу.

Мемлекеттік және коғамдық мүлікті алаяқтық жолымен талан-таражға салуды тергеу ерекшеліктері. Алаяқтықты жасауға итермелеген жағдайлар мен себептерді анықтау және мұндай қылмыстардың алдын алуға қатысты шаралар қабылдау.

 


2.5. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТЕМАТИКАЛЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырып №1 Криминалистиканың жалпы теориясы. Криминалистика пәнінің түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы және даму тарихы

Тәжірибе сабақтарының сұрақтары:

1. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және объектілері.

2. Криминалистиканың жүйесі.

3. Криминалистикалық санаттар.

4. Криминалистиканың жалпы, арнаулы және нақты міндеттері.

5. Жеке криминалистикалық теориялардың қалыптасу кезеңі.

6. Криминалистиканың қазіргі кезеңдегі дамуы.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу. Криминалистиканың қалыптасу тарихына баяндама.

 

Тақырып №2 Криминалистикалық идентификация және диагностика

1. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі.

2.Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі).

3. Идентификацияның түрлері.

4. Криминалистикалық идентификациялық зерттеу жүргізу кезеңдері..

5. Диагностика криминалистиканың ілімі ретінде.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

Криминалистикалық диагностика мен идентификацияға мысал келтіру.

 

Тақырып №3 Криминалистикалық техниканың жалпы ережелері және соттық фотография, бейнежазбалары

1. Криминалистикалық техниканың пәні және түсінігі.

2. Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі.

3. Сот-жеделдік фотографиялық әдістер.

4. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың ерекшеліктері.

5. Сот-зерттеу фотографияларының әдістері.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу. Карточкамен жұмыс.

 

Тақырып №4 Криминалистикалық трасология

1. Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесі.

2. Іздердің жіктелуі.

3. Адамның трасологиялық іздері.

4. Бұзу құралдарының іздері.

5. Көлік құралдарының іздерін зерттеу.

6. Микрообъектілер.

7. Есептерді шешу.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу. Гипстың көмегімен аяқ киім ізін алу.

 

Тақырып №5 Соттық қарутану (баллистика)

1. Криминалистикалық қарутанудың түсінігі. Суық қарудың түсінігі. Суық қаруларды жіктеу.

2. Сот баллистикасының түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы.

3. Атылатын қаруды криминалистикалық зерттеу.

4. Оқтарды криминалистикалық зерттеу.

5. Атудың іздерін криминалистикалық зерттеу.

6. Жарылыс заттары және оларды қолдану іздерін зерттеу.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу. Суық қару түрлері мен айырмашылыған баяндама жазу.

 

Тақырып №6 Құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу

1. Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде.

2. Криминалистикалық қолжазбатанудың түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері.

3. Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері.

4. Құжаттарды техникалық криминалистикалық зерттеу.

5. Мөрлердің және мөртаңбалардың оттискілерін зерттеу.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу. Әр түрлі құжаттардан мысал келтіру. Тақтаға әріптің жазылу әдістерін зерттеу.

 

 

Тақырып №7 Адам сырт келбеті туралы криминалистикалық ілім

1. Криминалистикалық габитология және оның ғылыми негіздері.

2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі.

3. Ауызша суреттеудің әдістемесі, міндеттері және әдістері.

4. Тергеу мен жедел іздестіру тәжірибесінде ауызша суреттеуді қолдану.

5. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу. Фотороботпен жұмыс.

 

Тақырып №12 Тінту және алу тактикасы

1. Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері.

2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары.

3. Тінтудің жұмыс кезеңі.

4. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу. Карточкамен жұмыс.

 

Тақырып №13 Жауап алудың тактикасы

1. Жауап алудың түсінігі мен міндеттері.

2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары.

3. Сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу тактикасы.

4. Айыпталушының, куәнің, жәбірленушінің көрсетулерінің айырмашылықтары.

5. Айыпталушы көрсетулерінің процессуалдық табиғаты және пәні.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

 

Тақырып №16 Тану үшін көрсету тактикасы

1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері.

2. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары.

3. Мәйіттің жеке басын анықтау. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері.

4. Тұрғын үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері.

5. Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу, карточкамен жұмыс.

 

 

Тақырып №18 Сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу

1. Тергеу үстінде арнаулы білім қолданудың түсінігі және оның түрлері.

2. Сот сараптамасының түрлері. Сот сараптама мекемелері. Сот сараптамасын тағайындау.

3. Сот сараптамасы жүргізу әдістемелері.

4. Сот сараптамасын бағалау және дәлелдеме есебінде пайдалану ерекшеліктері.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

 

Тақырып №21 Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі

1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты.

2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы. Типтік тергеу ситуациялары, болжауалары және жоспарлануы.

3. Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері.

4. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

 

Тақырып №24 Алаяқтық және қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі

1. Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.

2. Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.

3. Кейінгі тергеу әрекеттері.

4. Қорқытып алушылық қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы.

5. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.

Білімді бақылау: ауызша сұрау, проблемалық сұрақтарды шешу.

 

2.6. СОӨЖ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ ГРАФИГІ

Криминалисткалық альбом – криминалистикалық техникадан өткен тарауларды бекіту, қорытынды көрсеткіш ретінде.

Криминалистикалық альбомды «Криминалистиканың жалпы теориясы мен криминалистикалық техника» тарауының тақырыптарына байланысты бастау қажет. Онда әрбір жаңа өткен сабақты қорытынды ретінде альбомға енгізу қажет. Барлық тақырып «Криминалистика» пәні бойынша оқу әдістемелік кешенге сәйкес.

 

 

1-Тапсырма. Идентификация және диагностика теориясы

Криминалистикалық идентификация. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі, оның ғылыми негіздері. Криминалистикалық идентификацияның соттық, тергеу және сараптама тәжірибесіндегі мәні. Идентификациялық - іздеу қызметі, түсінігі және мазмүны. Дәлелдеу үрдісіндегі идентификацияның маңызы. Идентификациялық - іздеу қызметінің объектілері, объектілердің бастапқы жиынтығы. Криминалистикалық идентификацияның түрлері. Жеке және топтық идентификация. Бүтіннің бөлшектері бойынша идентификациялау. Криминалистикалық идентификацияның объектілері және олардың жіктелуі.

Идентификациябелгілерінің түсінігі және жіктелуі. Идентификациялық аумақ, идентификациялық кезең, объектілердің сәйкестілігі. Криминалистикалық идентификацияның субъектілері.Идентификациялық сараптаманың жалпы әдістемесі. Сәйкестендіруге жататың объектілерді сараптамалық қарау. Жеке зерттеу. Ұқсастықтар мен айырмашылыктарды бағалау. Идентификациялық қорытынды және оны бағалау. Идентификациялық сараптаманың жекеленген түрлерінің ерекшеліктері. Математикалық әдістер мен идентификациялық зерттеулерді ЭЕМ-де қолдану. Криминалистикалық диагностика теориясы. Криминалистикалық диагностиканың субъектілері.

 

 

2-тапсырма. Соттық фотография

Криминалистикалық фотография түсінігі, жүйесі және мағынасы.

Жалпы фотография негіздері. Фотоаппараттардың негізгі тетіктері және олардың жұмыстық сипаттамасы. Фотообъективтер, фотоэкспонометрлер, жарық сүзгіштер және фотоматериалдардың түрлері.

Фотоға түсіру. Фотоға түсіруге дайындық. Фотоға түсіру техникасы. Жасанды жарықты пайдалану арқылы суретке түсіру.

Криминалистикалық суретке түсіру. 1. Панорамалык сурет. 2.Тануға түсіру әдісі, Өлшемдік сурет. 3. Стерео сурет. 4. Репродукциялық және рефлекстік сурет. 5. Қарсыластыру (контрастық) сурет 6. Макро және микросурет. 7. Түс ажырату суреті.

Оқиға болған жерді фотоға түсіру. Фотоға түсіру әдістері: бағдарлау. шолушылық, тораптап және егжей-тегжейлі.

Басқа тергеу әрекеттерін жүргізу кезіндегі (тінту, алу, тану үшін ұсыну, тергеу эксперименті және т.б.) суретке түсіру.

Тірі адамдар мен мәйттерді тануға ұсыну үшін суретке түсіру. Бөлек заттарды, іздерді және құжаттарды суретке түсіру.

Фотоға түсіру нәтижелерін құрастыруға ұсынылатын процессуалдық және техникалық-криминалистикалық талаптар.

Әдістемелік нұсқаулар: аталған сұрақтарға дайындалу барысында криминалистикалық фотоға түсіру әдістерін бөліп қарастыру қажет. Жалпы барлық әдістердің түсінігі мен жіктелуі қарастырылып, олар жан-жақты талқылануы тиіс.

Криминалистиканың ғылым ретіндегі жалпы мақсаты -зандылықтар негізінде қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу мақсатына қажетті технико-криминалистикалық құралдарды, әдістер мен тәсілдерді шығару, жетілдіру және дамытумен байланысты. Осыған сәйкес криминалистика ғылымы басқа да ғылым салаларының әдістерін өз бағыттарына қолданады және соларға сәйкес өз әдістерін шығарады. Криминалисталық альбомға студенттер осы жоғарыда көрсетілген фотоға түсіру әдістерін пайдаланып, фотоға түсіріп, соттық фотография деген тақырып бойынша жабыстырулары қажет.

 

 

3-тапсырма. Трасология. Іздер туралы ілім.

1. Альбомда оқиға болған жерден алынған іздердің хаттамалық сызбасын көрсету.

Альбомға папилляр сызықтардың типтік ерекшеліктерін - және папилляр өрнектердің негізгі түрлерінің схемалық суретін салу.

2. Саусақ ізі бар дактилоскопиялық пленканы альбомға тігіп, сол бойынша хаттама жасау.

3. Альбомға аяқ киім, табан, сондай - ақ «іздер жолының» суретін сала отырып олардың негізгі өлшемдері мен элементтерін көрсету.

4. Оқиға болған жерден аяқ ізінің табылуына байланысты хаттама жазбаларын құрастыру.

Трасология түсінігі және оның ғылыми негізі. Соттық, тергеу және сараптама тәжірибесінде трасологияның мәні. Іздердің түсінігі және олардың қалыптасу механизімі. Іздерді жіктеу. Іздерді табу мен алудың жалпы ережесі. Қылмыстарды ашудағы іздердің маңыздылығы. Іздер материалдық объектінің сыртқы көрінісі ретінде. Іздерді табу, сақтау, бекіту және зерттеудің заңдылығы мен механизмі туралы білімдер. Нақты іздердің көрінісі: қол іздері, аяқ және тіс іздері, жануарлар ізі, көлік құралдары мен бұзу құралдарының іздері.

Қол іздері. Папилярлық өрнектердің қасиеттері мен түрлері. Қол іздерін табу және алу. Дактилоскопиялық сараптамаға рұқсат ету мәселелері.

Адам аяғының іздері. Табан іздер, аяқ киім іздері. «Жалғыз аяқ жолдағы» аяқ іздері және оның криминалистикалық мәні. Аяқ іздерінің көшірмесін дайындау. Аяқ іздерінің криминалистикалық мәні.




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 65 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

АСТАНА 2012 | АСТАНА 2012 | АСТАНА 2012 4 страница |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.025 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав