Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АСТАНА 2012 3 страница

Читайте также:
  1. A XVIII 1 страница
  2. A XVIII 2 страница
  3. A XVIII 3 страница
  4. A XVIII 4 страница
  5. Abstract and Keywords 1 страница
  6. Abstract and Keywords 2 страница
  7. Abstract and Keywords 3 страница
  8. Abstract and Keywords 4 страница
  9. BEAL AEROSPACE. MICROCOSM, INC. ROTARY ROCKET COMPANY. KISTLER AEROSPACE. 1 страница
  10. BEAL AEROSPACE. MICROCOSM, INC. ROTARY ROCKET COMPANY. KISTLER AEROSPACE. 2 страница

Тіс және тырнақ іздері және өзге де криминалистикалық маңызы бар материалдық іздер.

Іздерді іздеу, оларды бекіту, алу және зерттеу. Іздерді қалдырған объектілері бойынша жіктеу. Көлемді іздер. Көлемді іздердің ерекшелігі. Беткі іздер. Беткі іздердің қабаттасу және қабатын алу іздері. Статистикалық және динамикалық іздер. Локальды және перифериялық іздер. Іздерді табу. Көрінетін, нашар көрінетін және көрінбейтін іздер.

Іздерді бекіту және алу. Папиллярлық өрнектер және олардың қасиеттері. Папилляр өрнектердің қалыптасуын саралау: доғатәріздес, шеңбер тәріздес, ілмек тәріздес жеке тұлғаны идентификациялау кезіндегі маңызды орынға ие папиллярлық өрнектердің қасиеті. Саусақ іздерінің түрлері, іздердің қалыптасу механизімі. Көлемді іздерді табудың әдістері. Табылған саусақ іздерін бекіту әдістері. Дактилоскопиялық сараптама. Адамның аяғының іздері. Аяқ іздерінің криминалистикалық маңызы. Аяқ іздерін жіктеу. Іздің қалыптасу механизіміне байланысты аяқ іздерінің түрлері. Аяқ іздерін бекіту әдістері.

Механоскопия – бұзу құрал-саймандарының іздері және олардың криминалистикалық мәні. Бұзу құрал-сайман іздерінің түсінігі. Бұзу құрал-сайман іздерінің объектісі: I) жабылатын құлыптар; 2) арнайы сақтау қоймасы; 3) пломбылар.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты оқу барысында әрбір қылмысты жасау нәтижесінде іздердің міндетті түрде пайда болатынын естен шығармаған дұрыс. Қылмысты ашу, іздестіру және қылмыскерді ұстау кезінде осы іздерді айқындау, бекіту және зерттеу маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты трасология зерттейтін - іздер туралы криминалистикалық ілім бойынша сұрақтар жиынтығын студенттер нақты білуі керек.

Іздерді жіктеу мәселесіне тоқталғанда, криминалистикада әр жағдайда бір объект өзінің түрі, сипаты және көлемі бойынша әртүрлі іздерді қалдыруы мүмкін екенін студенттер білуі тиіс. Іздердің спецификалық ерекшеліктерін талдағанда із қабылдағыш объектіде өзгерістердің (көлемді және көлемді емес) пайда болуы, объектіге бағытталған әрекеттің күшінен (статискалық және динамикалық), із қабылдағыш объектінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты (локалдық және перифериялык) пайда болуын ескеру керек. Мысалы, көлемді іздердің спецификалық ерекшелігі із қалдыратын объектінің үш көрінісін (ұзындығы, ені және тереңдігі) береді, бұл із арқылы толық және нақты жанасатын бөлімнің сыртқы құрылымының ерекшелігі туралы мағлұмат береді. Сонымен қатар, із қабылдағыш объектінің қасиетін (қаттылығын, құрылымын) ескеру керек.

Студенттер іздерді айқындағанда, бекіткенде және оны алғанда жалпы криминалистиканың ережелерін ұстануы керек. Мысалы, кейбір іздер құбылмалы, егер сол уақытта сақ болмаса, онда әрі қарай оны қолдану мүмкіндігіне үлкен зиян келуі мүмкін.

Іздерді табу мақсатымен нәрселерді қарауды - көзбен шолып байқаудан, қажет болғанда оптикалық саймандар мен приборлар (лупа, микроскоп) және жарық көздерін (көрсететін ультракүлгін және т.б.) пайдаланудан бастаған жөн. Бұл жерде ескеретін бір жайт, нәрсе беткейін бүлініске ұшырататын іздерді табу құралдары мен әдістері тек ерекше жағдайларда, көзбен шолып карау нәтиже бермегенде қолданылады.

Жіктеу туралы мәселені қарастырғанда, саусақ іздерін жіктеудің негізі ретінде өрнектің ортасында орналасқан тері қабатындағы папиляр, өрнектері болып табылады. Сонымен қатар өрнектердің түрі және типі деген түсініктерін шатастыруға болмайды.

Жоғары бүдірлі қабатта пирамидалы екі құрылым орналасқан. Папиллярлы сызықтар белгілі бір тәртіппен орналасқан. Папиллярлы үш ағымның жақындасуы үш бұрышты құрайды, ол дельта деп аталады.

Әр өрнектің бөлшектік құрылымы болады, оған сызықтың басы мен аяғы, олардың қосылуы мен тарамдануы жатады, сонымен бірге көпірше, көзшік, папиллярлы сызықтардың үзілуі және т.б. кіреді.

Папиллярлы өрнек іздері із - заттар да, із - қалдырушы іздер де болуы мүмкін.

Көрінетін іздерге екі топ жатады: деформацияның көлемді іздері; қанмен, мөрмен т.б. болған саусақтан қалған қабаттану іздері.

Нашар көрінетін топқа тегіс жылтыр беттегі май - тер зат кұратын қабаттану - іздері құрайды. Тағы бір тобын түскен папиллярлы іздің шаң басуы болып табылады.

Көрінбейтін іздер - бұл тегіс жазықта қалатын май - тер заттағы қабаттану іздері (қағаз ФЦ кардонда, матада).

Папиллярлы өрнекті іздерін бекіту және табу үшін физикалық және химиялық болып бөлінетін әдіс-тәсілдер қолданылады.

Дайындалу процессінде студенттер барлық әдістерді, ережелерді жақсы менгеруі керек, іздерді рефлекстік, көлеңке және қарсы жарықтар көмегімен, ұнтақты жағу және химиялық реактивтерді, фотоға түсіру, дактилоскопия пленкасына іздерді көшіруді және т.б. мәселелерді жақсы білуі керек. Бірақ қазіргі заманның жетілдірілген амалдарға қарамастан, іздердің бастапқы қалпында сақтау үшін оларды табылған затпен бірге алу колайлы екенін ұмытпау керек.

Адамның аяғының ізін қалдырған идентификациялық белгілерді жалпы және жеке деп бөлуге болады. Аяқ ізін бекіту әдістерін (хаттамада көрсету, фотоға түсіру, суреттерді, сызбаларды жасау) қарастыру керек. Оқиға болған жерде аяқ іздерін қарау барысында, олардың пайда болу механизмін анықтау мүмкін, әрбір жағдай бойынша қандай іздерді алуға және бекіту керек екенін шешім шығару керек. Аяқ іздерін бекіту және алу барысында, оны мерзімінде және оларды жүргізу сапасының нәтижесі, алған мәліметтің тиімді қолдануға байланысты болады. Сондықтан да студенттер бекіту және алу талаптарын жақсы білуге міндетті. Трасологиядан басқа да іздерді жан-жақты қарастыру кажет.

 

 

4-тапсырма. Соттық баллистика. Қару,оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар және олардан қалға н іздердің криминалистикалық зерттелуі

1. Альбомға аңшылық және атыс қаруы оқтарының (патронының) суретін салып, олардың белгілерін көрсету.

2. Альбомға кез-келген отпен атылатын (огнестрельный) қарудың суретін салып, оның белгілерін көрсету.

3. Альбомға қандайда бір мөр таңбасын салып, оның жалпы және жеке белгілерін көрсету.

Қару, оқ-дәрі және олардан қалған іздердің криминалистикалық зерттеуінің түсінігі, объектлері және мағынасы.Атыс қаруын қолдану салдарынан пайда болған іздер, олардын жіктемесі, пайда болу механизмі. Атылған гильза және оқ үстіндегі қару бөлшектерінен қалған іздер. Атыс жарақаттары және олардың белгілері. Негізгі және қосымша атыс іздері.

Кару және олардың іздері (гильза, оқ. бытыра, тығын және атыс іздері орналасқан заттар) табу, қарау, бекіту және алу. Қару мен қару-жарақтарды қарау кезіндегі сақтандыру шаралары. Сот-баллистикалық сараптама шешетін сұрақтар: идентификациялық, жіктемелік және диагностикалық. Сараптамаға жіберілетін материалдар.

Суық қарудың және оны қолданудан қалған іздердің криминалистикалық зерттеуі. Суық қарудың жіктемелік белгілері. Суық қарудың механикалық түрде әсер етуінің іздері Суық қаруды белгілі біртопқа жатқызу және идентификациялау.

Суық қарудың түрлеріне байланысты материалдар жинақтап, суық қаруды белгілерін көрсете отырып, оны альбомға жабыстыру қажет.

Әдістемелік нұсқау: Студенттер тақырыпты оқуды біріншіден сот баллистикасының түсінігін және оның зерттеу объектісін қарастырудан бастағаны жөн. Оны қылмыспен күресуге колдану туралы айтқанда, сот - баллистикалық зерттеулер және маңызы бар қылмысты зерттейтін жағдайларды анықтайтын мәселелерді ескеру керек. Бұл мәселелерді негізгі үш топқа бөлуге болады:

1. Атыс қаруын және оқ-дәрінің қасиеттерін анықтау.

2. Гильзаларда және қару-жарақтағы ату іздері бойынша атыс қаруын идентификациялау.

3. Атыс қаруын қолдану жағдайларын анықтау. Гильзадағы ату ізінің криминалистикалық маңызы туралы түсінік болу керек, олардың барлығын үш топқа бөледі: кіру ізі, ату және ату гильзасын алу. Осыған байланысты іздерді қалыптастырудағы негізгі ролі ретінде стволдағы газ дәрінің қысымы екенін ұмытпауымыз керек.

Кейс жұмыстарын орындауға көмекші әдістемелік нұсқаулар: тергеу және сараптамалық тәжірибеде қолдан жасалған атыс қаруымен жұмыс істеу жиі кездеседі. Ол толығымен қолдағы бар материалдардан немесе зауытта дайындалған қарудың бөліктерін пайдалана отырып жасалуы мүмкін. Сондықтан студенттер қолдан жасалған қарудың құрылымдық ерекшеліктерін білуге тиіс. Атыс қаруының жіктемесін келесі белгілер бойынша беруге болады:

1. Нысаны бойынша

2. Автоматтық дәрежесі бойынша

3. Оқ атудың сипатына байланысты

4. Ұңғының ұзындығы бойынша

5. Ұңғының құрылымдық ерекшелігіне байланысты

6. Калибрге байланысты

7. Ұңғылар саны бойынша

8. Қолда ұстау, қолдану тәсілдері бойынша.

Аң аулауға арналған және жауынгерлік патрондардың, гильзалардың, оқтардың, дәрілердің құрылымдық ерекшеліктерін білу өте маңызды. Атыс қаруының оқтағы ізі туралы айтсақ ең алдымен ұңғының каналының ойық алаңындағы ізге көңіл болу керек. Мұндай іздердің маңыздылығы олардағы саны, нысанасы, ойықтың ені мен бұрышы сияқты белгілерді зерттеу арқылы, сондай - ақ жеке және жалпы белгілер салыстырмалы зерттеу жолымен атыс қаруының моделі анықталады.

 

 

5-тапсырма. Құжаттарды криминалистикалық зерттеу.

1. Альбомға қандай да бір мөр таңбасын салып, оның жалпы және жеке белгілерін көрсету.

2. Альбомға бірнеше сөйлем жазып, олардың жалпы және жеке белгілерін анықтау.

Құжаттарды технико-криминалистикалық зерттеудің түсінігі, оның түрлері мен мақсаттары құжаттарды заттық дәлелдемелер ретінде қараудың жалпы ережелері. Құжаттарды тергеулік қарау, оның әдістерінің мақсаты, нәтижесін бекіту.

Құжаттағы мәтіннің өзгеруінің белгілері. Тазартып өшіру, өңдеу, жуып өшіру, қатесін түзеу, өзге де өзгертулер. Құжаттың мәтінінің өзгеруін табу әдістері. Өшірілген және басқа да оқуға келмейтін мәтіндер. Өзгертілген және оқуға келмейтін құжаттың мәтіндеріне сараптамалық зерттеудің мүмкіндігі.

Қойылған қолдың техникалық жалғандығының белгілері және оларды табудың әдістері. Қойылған қолдың техникалық жалғандығын сараптамалық зерттеу. Салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер алу. Жанған және бүлінген құжаттағы мәтінді қалпына келтіру және зерттеу. Мөрдің таңбаларының және штамптардың жалғандығының белгісі. Мөрдің таңбаларының және штамптарды сараптамалық зерттеу мүмкіндігі. Мөрлер және штамптарды олардың таңбаларына байланысты идентификациялау. Салыстырып зерттеу үшін үлгілер алу. Компьютерлік мәтінді қарау және алдын ала зерттеу. Полиграфиялық өнімді қарау және алдын ала зерттеу. Типографиялық баспаның түрін бекіту. Бланкілік құжаттардың жалғандық белгісі және оларды табу. Баспа формасын идентификациялау сараптамалық зерттеу мүмкіндігі. Боялған немесе затқа жапсырылған құжаттың кешенділігін қарау және алдын ала зерттеу сараптамалық зерттеу мүмкіндігі.

Хатты криминалистикалық зерттеу түсінігі. Хатты криминалистикалық зерттеу объектісі. Жазылған сөздер және олардың белгілері. Қол жазба - әр түрлі динамикалық стереотип ретінде. Типографиялық белгілер. Қол жазба белгілері, оларды саралау.

Қол жазбаның жалпы және ерекше белгілері. Қол жазбаны өзгерту белгілері. Қол жазбаны өзгерту. Әдеттен тыс қол жазбаны өзгерту белгілері. (сол қол арқылы «әріпті жазумен» және т.б.) Еліктеме қол жазба. Қол жазбалық сараптама. Қол жазбалық сараптама үшін материалдарды дайындау. Қойылған қол мен қол жазбаның еркін және эксперименталдық үлгілері. Үлгі үшін көрсету талаптары. Қол жазба сараптамасын жүргізу ерекшеліктері. Қол жазба сараптамасының әдістері. Қойылған қолдың қол жазбалық ерекшеліктері. Авторлық сараптама және оның мүмкіндіктері.

 

 

6-тапсырма. Габитология – адам сырт келбеті туралы криминалистикалық ілім.

1. «Ауызша портрет» тәсілі бойынша альбомда көрші үстелдегі студентті сипаттау.

2. Сол студенттің бет-бейнесін фоторобот бағдарламасы бойынша жасап, альбомға енгізу.

Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыс тану ғылымилық негіздері. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі. «Ауызша портрет» түсінігі, оның тергеулік, жедел іздестірушілік және сараптама тәжірибесінде қолданылуы. Адам сырт келбетін «ауызша портрет» әдісімен суреттеу ережелері. Анатомиялық, функционалдық белгілерді, көзге ұрар және ерекше белгілерді суреттеу. Адам сырт келбетін сипаттайтын киім-кешек пен басқа да заттарды суреттеу. Іздеудегі белгілі тұлғаның, белгісіз қылмыскерлердің және танылмаған мәйіттердің сыртқы белгілері туралы ақпараттардың шығу тегі. Субъективтік портреттер түрлерін (салынған, фотокомпозициялық) құрастыру. Субъективтік портреттерді дайындаудың қазіргі кездегі техникалық құралдары.

Криминалистикалық портреттік сараптаманың негіздері. Портреттік сараптама шешетін сұрақтар. Сараптамаға материалдар дайындау. Адам сырт келбет белгілері туралы мағұлматтарды ақпараттық іздеу жүйелерінде қолдану.

Әдістемелік нұсқау: тақырыпты баяндау барысында криминалистикалық тәжірибеде адамдардың сырт келбетінін даралық және рефлекторлык сияқты қасиеттерінен бастау керек. Адамдардың сырт келбетінің қасиеттері өзге адамдардың есінде қалады. Рефлектордың көрінуінің бір түрі көрнекілік болып табылады. Бақылау барысында адамның сырт келбетін талдауда, оны есте сақтауда, бейнелеуде, суреттерде және өзге бейнелеулерде есіне түсіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдары қызметіндегі адамның сырт келбетінің белгілерінің мәні туралы айта отырып олардың:

1. жасырынған және жазасын өтеп жүрген орнынан қашқан қылмыскерлерді іздеу

2. куәландыруда тану үшін көрсету

З. із-түссіз жоғалып кеткен тұлғаларды және танылмаған мәйіттерді тіркеу

4. жеке басын анықтау және фотокарта бойынша оны сәйкестендіру барысында олардың пайдалану мәселелерін баяндауы керек.

Фотосурет сияқты қайнар көзге катысты айтатын болсақ, фотаға түсіру барысында фотаға түскеннен кейін сырт келбетін өзгерту сияқты бұрмалаулар мүмкін екенін ескерген дұрыс, ал қылмыстық тіркеу материалдарын пайдалану барысында, онда тек сырт келбеттің сипатта белгілері және негізгі белгісі сипатталады.

Адамдардың сырт келбетінің белгілерінің жүйесі анатомиялық, функционалды және ілеспелі белгілерге бөлінеді. Осы белгілердің әрқайсысын сыртқы белгілерінің қартаю, ауру, маскалау (жасыру) нәтижесіңде өзгеру мүмкіндігін есепке ала отырып, оларды идентификациялық мәні жағынан сипаттау қажет. Адамның денесінің бөліктерінін атауларын арнайы терминологияға, олардың нысандарын, түсінігін және өлшем керсеткіштеріне сәйкес меңгеру қажет.

 

 

7-тапсырма. Криминалистикалық тіркеулер.

Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, оның мақсаты. Қылмыстық тіркеуді жүзеге асыратын органдар. Қылмыстық тіркеу түрлері. Қылмыскерлерді тіркеу. Тегі бойынша есеп. Дактилоскопиялық жүйе. Негізгі және қосымша дактилоскопиялық формула.

Хабар-ошарсыз кеткен адамдар мен танылмаған мәйітті тіркеу. Қылмысты жасау әдісі бойынша тіркеу. Жоғалған және ашылған заттардың тізімі. Атыс қаруын криминалистикалық тіркеу. Ашылмаған қылмыстар бойынша атылған оқ және гильзаның есебі. Қылмыстық тіркеуді қылмысты ашуда қолдану. Автоматтандырылған ақпараттық - іздеу жүйесі

Әдістемелік нұсқаулар: Қылмыстық тіркеу түсінігін аша отырып студенттер бұл бәрінен бұрын белгілі бір объектілерді-қылмысты тексеру, ашу және алдын алу үшін мәні бар ақпарат тасушыларды есепке алу және топтастырудың ғылыми зерттелген жүйесі екеніне назар аударғандары жөн.

Қазіргі уақытта міндетті қылмысты тіркеуге:

1. қылмыстық жауаптылыкқа тартылған тұлғалар;

2. тергеуден және соттан жасырынған немесе жазасын өтеу орнынан қашқан түлғалар;

3. із-түссіз жоғалып кеткен тұлғалар;

4. танылмаған мәйіттер;

5. ашылмаған қылмыс орнынан табылған іздер, гильзалар, патрондар;

6. табылған, ұрланған және алынған атыс қарулары;

7. ашылмаған қылмыстың жасалу тәсілі;

8. тергеу және жедел-іздестіру қызметі үшін мәні бар заттарды және өзге де объектілерді алу және ұрлау.

Сонымен қатар қылмыстық тіркеудің түрлері (жалпы мемлекеттік, жергілікті), нысаңдары (картотекалар, фотоальбомдар, тізімдер және т.б), тәсілдері (алфавиттік, дактилоскопиялық, сыртқы келбеті белгілері бойынша, қылмыстың жасалу тәсілі бойынша т.б.) тіркелетін объектілердің сипаты мен анықталады және заңды негіздер болғанда жүзеге асырылады.

10 тапсырма. Криминалистикалык тактиканың жалпы ережелері.

Тапсырма:криминалистикалық тактиканың негізгі түсініктерінің біріне баяндама жасау.

Өзіндік жұмыстарды орындауға көмекші әдістемелік нұсқаулар:Баяндама жасау үшін ресейлік және отандық криминалистердің кұқықтық әдебиеттерін қарастырып, криминалистикалық тактиканың негізгі түсініктерінің теориялық және практикалық маңызына тоқталған жөн.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:№10 дәріс сабағына берілген әдебиеттерді караңыз.

22 тапсырма. Кісі өлімін тергеу әдістемесі.

Тапсырма:Кісі өлімі қылмысын тергеу жоспарын құру.

Өзіндік жұмыстарды орындауға көмекші әдістемелік нұсқаулар:дәріс сабақтарына дайындалу үшін ұсынылған монографиялық әдебиеттермен танысып, тергеу жоспарын еркін фабула бойынша жасау. Мысалға берілетін жағдайлар:

1. Шамамен сағат 22.00 белгісіз тұлғалар Сейфуллин көшесімен «Вольво» маркалы автокөлікпен жүріп келе жатып, сауда қатарының шатырлары жағына екі жауынгерлік гранатаны тастады. Жарылыстың нәтижесінде бес адам жарақатталып, екі адам сол жерде қаза тапты.

2. Шахтерлер даңғылы бойынша орналасқан 3 үйдің 7 жеке пәтерінде тесіне және қолына салынған тесіп-кірген жарақаттары бар жеке дара кәсіпорын директоры Н-нін мәйіті табылды.

3. Қантардың бірінде полиция қызметкерлері ВАЗ 21011 өртенген автомобильді анықтады, машинаның багажнигінде зорлық өлім белгілері бар мүшеленген белгісіз әйелдің мәйіті табылды.

Жоспарды құру үшін тергеушінің мүмкін болатын әрекеттер тізімін қолдануды ұсынамыз:

Бірінші кезектегі әрекеттер: Түсініктемелерді талап ету -Ұйымдар мен мекемелерден құжаттарды талап ету – Мінездемені талап ету - Құжаттарды зерттеу - Психоневрологиялық диспансерге сұрау салу.

Тергеу әрекеттері: - Оқиға болған жерді қарау - Жауап алу -Беттестіру - Тұлға мен заттарды тану үшін беру - Фотография бойынша тану - Тінту - Алу - Диагностикалық сараптама тағайындау мен жүргізу - Тергеу эксперименті - Берілген жауапты орында тексеру - Тұлғаны куәландыру - Үлгілерді зерттеу үшін алу.

Есеп бойынша тексеру: - Бет-әлпетінің белгілері бойынша -Қылмысты жасау тәсілі бойынша - Кличкаларлыньң есебі бойынша - Есептегілердің дактилокарталары бойынша - Алынған іздер бойынша - Алфавиттік-анықтамалық картотека бойынша -Ұрланған заттардың есебі бойынша.

Процессуалдық шешімдер: Қылмыстық істі-қозғау – Ұстау -Қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану - Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту - Тінту үшін прокурор санкциясын алу -Тергеуді тоқтата тұру - Тұлғаға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату - Жауап алу кезінде дәледемелерді ұсыну.

 

2.7. СӨЖ тапсырмалары

3-тақырып. Криминалистикалық фотография және бейнетаспаға жазу.

1. Криминалистикалык фотография түсінігі, жүйесі және мағынасы.

2. Фотоға түсіру. Фотоға түсіруге дайындық. Фотоға түсіру техникасы

3. Криминалистикалық суретке түсіру. 1. Панорамалық сурет. 2. Өлшемдік сурет. 3. Стерео сурет. 4. Репродукциялық және рефлекстік сурет. 5. Қарсыластыру (контрастық) сурет 6. Макро және микросурет. 7. Түс ажырату суреті.

4. Оқиға болған жерді фотоға түсіру. Фотоға түсіру әдістері: бағдарлау. шолушылық, тораптап және егжей-тегжейлі.

 

Тапсырма: қажетті әдебиеттерді қолдана отырып тақырыптың сұрақтарын талқылаңыздар.

Әдістемелік нұсқаулар: аталған сұрақтарға дайындалу барысында криминалистикалық фотоға түсіру әдістерін бөліп қарастыру қажет. Жалпы барлық әдістердің түсінігі мен жіктелуі қарастырылып, олар жан-жақты талқылануы тиіс."

Криминалистиканың ғылым ретіндегі жалпы мақсаты -зандылықтар негізінде қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу мақсатына қажетті технико-криминалистикалық құралдарды, әдістер мен тәсілдерді шығару, жетілдіру және дамытумен байланысты. Осыған сәйкес криминалистика ғылымы басқа да ғылым салаларының әдістерін өз бағыттарына қолданады және соларға сәйкес өз әдістерін шығарады. Семинар сабағының сұрақтарына дайындалу кезінде бұл студенттермен ескерілуі тиіс.

 

4 тақырып. Трасология. Іздер туралы ілім.

Сұрақнама:

1. Криминалистикадағы іздердің түсінігі және олардың қылмысты ашу мен тергеудегі маңызы. Криминалистикадағы іздердің жіктелуі.

2. Адамның қол іздерінің криминалистикалық маңызы.

3. Адамның аяқ іздерінің криминалистикалық маңызы.

4. Трасологиядағы басқа да іздер. Тапсырма: сұрақтарға ауызша дайындалу.




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 39 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

АСТАНА 2012 | АСТАНА 2012 | АСТАНА 2012 1 страница |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.021 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав