Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 4 страница

Читайте также:
  1. A XVIII 1 страница
  2. A XVIII 2 страница
  3. A XVIII 3 страница
  4. A XVIII 4 страница
  5. Abstract and Keywords 1 страница
  6. Abstract and Keywords 2 страница
  7. Abstract and Keywords 3 страница
  8. Abstract and Keywords 4 страница
  9. BEAL AEROSPACE. MICROCOSM, INC. ROTARY ROCKET COMPANY. KISTLER AEROSPACE. 1 страница
  10. BEAL AEROSPACE. MICROCOSM, INC. ROTARY ROCKET COMPANY. KISTLER AEROSPACE. 2 страница

2. Осы Заңмен тiкелей реттелген қатынастарды қоспағанда,

сақтандырудан туындайтын және өзге де заң актiлерiнiң қолданылатын

аясына жататын қатынастар осы актiлермен реттеледi.

3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық

шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық

шарттың ережелерi қолданылады.

Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 128 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және

сақтандыру брокерiн лицензиялау

3. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:

1) мыналардың:

сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердiң

сақтандыру портфелiнiң құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесiнiң

сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментiнiң

(нарық көлемiнiң, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерiнiң);

сақтандыру өнiмдерiн сақтандыру сыныбы шеңберiнде сату тәсiлдерiнiң негiзгi сипаттамалары;

2) сақтандыру тарифтерiн есептеу тәртiбiне және олардың экономикалық негiздемесiне қойылатын талаптар;

3) осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екi жылға арналған,

кiрiстер, шығыстар, сақтандыру резервтерiнiң есептерi туралы болжам,

шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдердi

бағалау, пруденциялық нормативтердiң сақталу болжамы;

4) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдiстерi, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдерi);

5) инвестициялық саясат қамтылуға тиiс.

6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi

1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен

лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен

түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi

сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге

асырылады.

2. "Өмiрдi сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

1) өмiрдi сақтандыру;

2) аннуитеттiк сақтандыру;

3) өмiрде белгiлi бiр оқиғаның басталуынан сақтандыру;

4) сақтандырушының инвестициялық кiрiсiне сақтанушының қатысуымен өмiрдi сақтандыру.

3. "Жалпы сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;

2) ауырған жағдайдан сақтандыру;

3) автомобиль көлiгiн сақтандыру;

4) темiр жол көлiгiн сақтандыру;

5) әуе көлiгiн сақтандыру;

6) су көлiгiн сақтандыру;

7) жүктердi сақтандыру;

8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлiктi залалдан сақтандыру;

9) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

10) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

11) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

12) осы тармақтың 9)-11) тармақшаларында аталған сыныптарды

қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру; V074783

13) заемдарды сақтандыру;

14) ипотеканы сақтандыру;

15) кепiлдiктер мен кепiлгерлiктердi сақтандыру;

16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;

17) сот шығыстарынан сақтандыру.


 

23. Қазақстандық туризмнің өзекті мәселелері және туризмді дамыту стратегиясы

Әлемдік туризм нарығы бүгінгі күні 4.3 трлн $-ға бағаланады. Аталмыш саланың әлемдік деңгейде өсімі 2003-2010ж арасында 5.86%ды құрады. Мұндай көрсеткіштердің болу себебі туристерге деген қызығушылық пен сұраныстың болуы. Туристік қызметтерге сұраныстың детерминанттары төмендегілер болып табылады:

1 ішкі және аймақтық сапаларға көшу

2 интернет арқылы туристік қызметтер саласын жасауды ұлғайту құрамдастырылған тур пакеттерде сұраныстың өсуі

3 дәстүрлі мәдениетті өмір салтын бастан кешуге мүмкіндік беретін тұлғаларға сұраныстың ұлғаюы

Оның дәлелі ретінде бүгінгі күнде Қазақстанда туризм дамуының негізгі көрсеткіштері туризмнің барлық түрлері бойынша бар

Туризм түрлері бойынша салыстыратын болсақ шығу туризмі бойынша сыртқа шыққандардың саны 286 691 2007ж статистика бойынша адамды көрсетіп 2009ж 193951 адам санына дейін шегерілген. Ал ел ішіндегі туристердің саяхаттануы 2006ж бастап 209143 адамға өскен. Қазақстанға деген қызығушылықтың ұлғайып кетуі бұл әлемдік нарықтың жаңа бағыттарға деген сұранысы және Қазақстанның Орталық Азиядағы елдер арасындаағы экономика жағынан болсын, саяси тұрақтылығына байланысты және жаңа ресурстардың игерілуі және мемлекет тарапынан арнайы көмектердің болуы. Бірақ оған қарамастан отандық демалушылардың басым көпшілігі Түркия еліне жыл санап сапарлары артып келеді. Осыған себеп болып отырған Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасындағы туристік саладағы ынтымақтастықтың дамуы. Сонымен қатар қазіргі таңда Түркияның бірқатар кәсіпкерлері елдегі инфрақұрылым объектілеріне салынып отырған инвестиция көлемі де артылды


 

24. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заң

17-бап. Шаруашылық және өзге де қызметтi жобалау мен

жүзеге асыру кезiнде жануарлар мекендейтiн

ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару

жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау

жөнiндегi iс-шаралар

1. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестердi жетiлдiру және олардың жаңаларын енгiзу, пайдаланылмаған, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына енгiзу, жердi мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектiлерiн пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi белгiлеу, туристiк маршруттар әзiрлеу мен халықтың жаппай демалатын орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерi мекендейтiн ортаны және олардың көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлар мекендейтiн орта ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге ешкiмнiң қол сұқпауы қамтамасыз етiлуге тиiс.

2. Темiр жол, тас жол, құбыр тарту және басқа көлiк магистральдарын, электр беру және байланыс желiлерiн, арналарды, бөгеттердi және өзге де су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану, орналастыру, жобалау және салу кезiнде жануарлар мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн іс-шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылуға тиiс.


 

25. Жарнаманың құқықтық аспектілері.

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Жоба Қазақстан Республикасының Заңы Жарнама туралы 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Заңның мақсаттары

Осы Заңның мақсаттары жарнаманы жасау, тарату (орналастыру) және пайдалану үшiн оны тұтынушылардың, жарнама берушiлердiң, жарнама жасаушылардың және жарнама таратушылардың мүдделеріне сай келетiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.

2-бап. Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заң жарнама жасайтын, тарататын (орналастыратын) әрi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметi процесiнде туындайтын қатынастарға қолданылады.

2. Осы Заң жеке тұлғалардың хабарландыруларына, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруларына байланысы жоқ хабарландыруларына қолданылмайды.

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) жарнама - адамдардың белгiленбеген топтарына арналған әрi жеке, заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, қызмет көрсетулерге, жұмыстарға, идеяларға және бастамаларға қызығушылық қалыптастыруға немесе қолдауға және оларды сатуға жеке немесе заңды тұлғалар, тауарлар, тауар белгiлерi, қызмет көрсетулер, жұмыстар, идеялар және бастамалар (жарнамалық ақпарат) туралы кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын (орналастырылатын) ақпарат;

2) жөнсiз жарнама - оның таратылу (орналастыру) мазмұнына, уақытына, орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген терiс пиғылды, шынайы емес, әдепсiз, көпе көрiнеу жалған және өзге де жарнама;

3) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату (орналастыру) үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

4) жарнама жасаушы - жарнамалық ақпаратты таратуға (орналастыру) дайын нысанға келтiрудi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;

5) жарнама таратушы - мүлiктi, соның iшiнде теле- және радио хабарларын таратудың техникалық құралдарын ұсыну және (немесе) пайдалану арқылы және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты таратуды (орналастыруды) жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;

6) жарнама тұтынушылар - жарнама арналатын белгiленбеген тұлғалар тобы.

4-бап. Жарнама туралы заңдар

1. Жарнама туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар

Жарнама толық немесе iшiнара авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектiсi болып табылуы мүмкiн. Авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуға тиiс.

6-бап. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу

1. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу деп нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленетiн жарнама жасау мен таратуды (орналастыруды) бақылау ұғынылады.

Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеудi тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген олардың құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

2. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты:

1) ұлттық мүдделердi қорғау;

2) жөнсiз жарнаманың, сондай-ақ қоғамдық құндылықтар мен жалпы қабылданған моральдық нормаларға қол сұғушылықтың алдын алу және жолын кесу;

3) терiс пиғылды бәсекеден қорғау болып табылады.


 

26. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi N 175 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 16, 96-құжат; "Егемен Қазақстан" 2006 жылғы 21 шiлде N 171-172

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

9) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, оқу-ағарту, бiлiм беру, туризм және рекреация нысанасы ретiнде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң жиынтығы;

3-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағынегiзгi принциптер

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негiзгi принциптер:

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениеттi, оқу-ағартуды, бiлiм берудi, туризмдi дамыту мақсаттарында пайдалану;

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құзыретiне:

4) мыналарды:

республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн;

республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн;

уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламаларын;

реттелмелi туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерiн жалға беру ережелерiн бекiту;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристiк және рекреациялық мақсаттағы объектiлердi салу конкурстарын өткiзу тәртiбiн;

республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасын және оларды қорғау режимiнiң түрiн;

биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, үкiметтiк емес ұйымдар мен қорлардың тiзбесiн;

20-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесекеңейту

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту туралы шешiм экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердiң негiзiнде қабылданады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың немесе кеңейтудiң жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiнiң жобаларын әзiрлеудi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-iздестiру) ұйымдары екi кезеңде жүргiзедi.

2. Бiрiншi кезеңде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми негiздемесi (бұдан әрi - жаратылыстану-ғылыми негiздеме) әзiрленедi, онда:

1) зерттелiп отырған аумақтың табиғи кешендерiнiң және онда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң бiрегейлiгi, маңыздылығы және репрезентативтiлiгi;

2) зерттелiп отырған аумақтағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың жай-күйiн бағалау;

3) зерттелiп отырған аумақтың мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйi, оларды сақтау жөнiндегi тәуекелдер, қауiптер және оларды күзету, қорғау, қалпына келтiру және пайдалану жөнiндегi шаралар;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ұсынылатын санаты мен түрi;

5) ұсынылатын шекарасы, ауданы, сондай-ақ функционалдық аймақтары және олардың қорғалу режимiнiң түрлерi және пайдалану айқындалады.

3. Екiншi кезеңде уәкiлеттi орган бекiткен немесе онымен келiсiлген жаратылыстану-ғылыми негiздеменiң негiзiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөнiндегi техникалық-экономикалық негiздеме (бұдан әрi - техникалық-экономикалық негiздеме) әзiрленедi, ол:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың шекарасы, координаттары сипатталған жерлердi бөлудiң жерге орналастыру жобасын, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына алып қойылатын (сатып алынатын) жер учаскелерiнiң санаттары мен аудандарын, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн алып қоймай олардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына қосылатын санаттары мен аудандарын, сондай-ақ күзет аймағының шекарасы мен аудандарын;

2) меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн сатып алуға және (немесе) оларды алу жөнiндегi залалдарды жабуға, қорғалу аймақтарында шаруашылық қызметтi шектеуге байланысты, сондай-ақ жердi алып қоймай, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрған жағдайларда жұмсалатын шығындарды;

3) инфрақұрылым құруға және ерекше қорғалатын табиғи аумақты күтiп ұстауға, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн күзету, қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды орындауға жұмсалатын шығындарды;

4) аумақты белгiленген функционалдық аймақтарға бөлудi, қорғалу режимiнiң түрлерi мен рекреациялық жүктемелер нормаларын айқындай отырып, осы аймақтар шегiнде табиғи кешендердi реттелмелi туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалану шарттарын;

5) экологиялық туризмдi дамытуды ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақты жоспарлау жобасын және оның инфрақұрылымын (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын), туристiк соқпақтарды, қарап көру алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлiкке арналған тұрақтарды, кемпингтердi, шатырлы лагерьлердi, қонақ үйлердi, мотельдердi, туристiк базаларды, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлердi, құбырларды, электр және байланыс желiлерiн, жолдарды қамтиды.

4. Техникалық-экономикалық негiздеме жер учаскелерiнiң меншiк иелерiмен және жер пайдаланушылармен, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарымен, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық органдарымен келiсiледi және осы Заңда белгiленген тәртiппен бекiтiледi.

23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiңқұқықтық режимi

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi орналасқан өзге де санаттардағы жерлердiң жер учаскелерi мемлекеттiк меншiкте болады және жекешелендiруге жатпайды.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн алып қоюға жол берiлмейдi.

Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, шаруашылық қызметтiң шектеулi режимi белгiленген учаскелердi ғана және ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде, мемлекеттiк бағдарламаларда көзделген туризм объектiлерiнiң құрылысына және жұмыс iстеуiне арналған босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн ауыстыруға жол берiлмейдi.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiнде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтiн кез келген қызметке тыйым салынады.

Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.12.01 N 94-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

және рекреациялық қызмет жүргiзуге жұмсалады.


 

27. Халықаралық туризмді дамыту бойынша ЮНЕСКО- ның бағдарламары.

ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.

Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО — 1988 жылы). 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры — Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды.

XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады.

ЮНЕСКО негізгі мақсаты — бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.

Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады:

болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу;

білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, алмасу, таратумен айналысу;

заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстарды іске асыруға міндет болатын халықаралық актілерді дайындау және қабылдау;

мүше-мемлекеттерге «техникалық ынтымақтастық» түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы саясатын анықтауда эксперттерінің қызметтерін ұсынады;




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 28 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 1 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 2 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 6 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 7 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 8 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 9 страница | лемдік Монила декларациясы. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.019 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав