Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 8 страница

Читайте также:
  1. A XVIII 1 страница
  2. A XVIII 2 страница
  3. A XVIII 3 страница
  4. A XVIII 4 страница
  5. Abstract and Keywords 1 страница
  6. Abstract and Keywords 2 страница
  7. Abstract and Keywords 3 страница
  8. Abstract and Keywords 4 страница
  9. BEAL AEROSPACE. MICROCOSM, INC. ROTARY ROCKET COMPANY. KISTLER AEROSPACE. 1 страница
  10. BEAL AEROSPACE. MICROCOSM, INC. ROTARY ROCKET COMPANY. KISTLER AEROSPACE. 2 страница

Осы кезде жағдайлар сипаты мемлекеттердің ынтымақтастығының деңгейіне байланысты айрықшаланады. Әмбебап деңгейде тиісті салада 1982 ж. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясына ұқсас халықаралық туризм саласындағы нормаларды кодификациялайтын халықаралық шарттар жоқ. Әмбебап халықаралық шарттар сұрақтардың тек тар шеңберін ғана реттейді. Туризм жөніндегі алғашқы әмбебап халықаралық шарттардың бірі болып 1954 жылы Кедендік ресмилендірулер жөніндегі бас конференциясында қабылданған Жеке жол тасымалдау құралдарын уақытша кіргізу туралы Конвенция, Туристер үшін кедендік жеңілдіктер туралы Конвенция және туризмге жататын мәлімдеу құжаттарын және материалын кіргізуге қатысты Туристер үшін кедендік жеңілдіктер туралы Конвенцияға Қосымша Хаттама болды.

Ғылыми жетекші – з.ғ.к. Орманова А.Ш. сандық шектеулер орнатумен бұл заттардың тізімі берілген (папиростар, шарап, әтір және т.б.). Транзит үшін сыйлықтарды бажсыз кіргізу үшін бағалық шектеу және келген елде иелікке алынған сыйлықтар үшін шектеулер орнатылған, олар туристің өзінде немесе оның өзімен бірге жүретін жүгінде болады және сауда мақсаттары үшін арналмаған деген шартпен. «Турист» терминінің анықтамасын бекіту, мысалға, келуші елге айына бір реттен көп рет кіретін туристке қатысты әрекет ететін жеңілдіктерді қолдану үшін шектеулерді енгізуге мүмкіндік берді. Шетелдік туристерге келуші елдің аумағына жеке жол тасымалдау құралдарына халықаралық туризм мақсатында олармен уақытша кіргізу кезінде кедендік

баждар мен кедендік алымдарды төлеуден босату жөніндегі жеңілдіктер таралған. Кіргізуді оңайлату үшін уақытша кіргізуді құжаттарын берудің тәртібі, сондай-ақ осы құжаттардың үлгісі әзірленген. Аталған Қосымша Хаттама ескерту құжаттары мен материалдарын бажсыз кіргізу туралы ережелерден тұрады. Бұл мына шарттарды орындау кезінде жүзеге асырылады: олар ресми туристік мекемемен жіберіледі, олар жіберушінің аккредитацияланған өкілінің жауапкершілігімен кіргізіледі, олар 25% кем емес жеке коммерциялық жарнамадан тұрады, ал бастысы – олар кері шығарылуы керек; яғни олардың негізгі міндеті – басқа елдің өмірімен, мәдениетімен, тұрмысымен, тарихымен танысу, туристерді тарту. Қосымша хаттама 1950 ж. Білім беру, ғылыми және мәдени сипаттағы материалдарды енгізу туралы Келісіммен және 1976 ж. осы Келісімнің Хаттамасымен келісілген. Осы шарттарға сәйкес мемлекеттер тегін жіберілетін және таратылатын жариялауларды енгізу үшін шетелдік валютаны немесе қажетті лицензияларды беруге, осы басылымдарға енгізу сәтінде немесе салдарында ішкі салықтар немесе басқа алымдар салмауға міндеттенді. Жаһандық деңгейде ғарыштық туристік қызмет, тұтастай секс-туризммен күресу, төтенше туризмнен жалпы мәдени мұраны қорғау реттелінуі керек. Бұл өзінің шешімін талап ететін мәселелердің толық тізімі емес. Бір бөлігі қазір бар құқықтық құралдарды бейімдеу жолымен шешілуі мүмкін, ал басқа бөлігі – арнайы халықаралық шарттарды әзірлеуді талап етеді.


 

43. Туризм облысында маман дайындау.

Болашақ туризм мамандарын дайындауда, атап айтқанда олардың болашақ кәсіби іс-әрекетте (экскурсияда) қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлығын қалыптастыру мәселесін теориялық-әдіснамалық тұрғыда біз екі аспектіде қарастыруға талпыныс жасадық (психологиялық және педагогикалық), онда аталған кәсіби іс – әрекетке даярлықтың негізін, экскурсовод кәсібі үшін маңызды оның нақтылығы мен құрылымын анықтауға мүмкіндік беріледі және осы негізде туризм мамандығы студенттерін кәсіби теориялық, кәсіби өндірістік оқыту үдерісінде болашақ кәсіби іс-әрекетте қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлығын қалыптастырудағы олардың кәсіби оқу, кәсіби танымдық белсенділігін арттырудың әдіс-тәсілдері талданды.

Сондықтан экскурсия үдерісінің барысында отандық (олардың ішінде барлық жастардағы қала тұрғындарының) сонымен қатар әсіресе шет елдік туристердің аса танымдық экзотикалық қызығушылығын тудыратын этнопедагогикалық экскурсиялық материалдардың (Қазақстан халықтарының және қазақ халқының әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі, қазақ халқының көне шежіресі, Қазақстанның тарихи мұралары мен мәдениеті) мазмұндық сипаттамасын студенттер кредиттік технология жүйесінің талаптарына сай аудиториялық дәрістік және практикалық сағаттардың күрт қысқаруына байланысты өздігінен орындайтын жұмыстар тапсырмасы ретінде даярлап, СОӨЖ сабақтарында талқылайды. Бүгінгі білім беру жағдайында қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу-тәрбие үдерісінде ретсіз, жүйесіз қолдану салдарынан ұлттық мұраның мән-маңызына нұқсан келуде. Ал біздің тәжірибемізде болашақ экскусоводтарды экскурсия үдерісінде этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлау жұмысымыз, оқу үдерісімен қатар негізінен әр студентпен жеке дара, және топтық әдістермен оқытушылардың басшылығымен өткізілетін аудиториядан тыс сабақтарда, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау барысында, ғылыми жобалар дайындауда, ғылыми конференцияларға арнайы баяндамалар дайындау барысында өткізіледі. Ал өндірістік практика кезінде мүмкіндігінше нақты материалдар негізінде, мерекелік тойларға (Наурыз мерекесі), үйлену, қыз ұзату, құда түсу тойларына қатысу арқылы даярлық үдерісі бейне таспаға түсіріліп өткізіледі, бұл шаралар оқу үдерісінен тыс, оқытушылардың және студенттердің өзіндік кәсіби танымдылығының, белсенділігінің арқасында жүргізіледі. Демек қазіргі жаңа кредиттік технология жағдайында бұл құбылыстың әрі қарай даму мүмкіндігі күшейе түспек, оған оқытушылар да, студенттер де әдістемелік жағынан даяр болуы қажеттігі туындайды.

 

44. Туризмдегі кадр мәселесі (ҚР- сы Заңынан)

Болашақ туризм мамандарын дайындауда, атап айтқанда олардың болашақ кәсіби іс-әрекетте (экскурсияда) қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлығын қалыптастыру мәселесін теориялық-әдіснамалық тұрғыда біз екі аспектіде қарастыруға талпыныс жасадық (психологиялық және педагогикалық), онда аталған кәсіби іс – әрекетке даярлықтың негізін, экскурсовод кәсібі үшін маңызды оның нақтылығы мен құрылымын анықтауға мүмкіндік беріледі және осы негізде туризм мамандығы студенттерін кәсіби теориялық, кәсіби өндірістік оқыту үдерісінде болашақ кәсіби іс-әрекетте қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлығын қалыптастырудағы олардың кәсіби оқу, кәсіби танымдық белсенділігін арттырудың әдіс-тәсілдері талданды.

Сондықтан экскурсия үдерісінің барысында отандық (олардың ішінде барлық жастардағы қала тұрғындарының) сонымен қатар әсіресе шет елдік туристердің аса танымдық экзотикалық қызығушылығын тудыратын этнопедагогикалық экскурсиялық материалдардың (Қазақстан халықтарының және қазақ халқының әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі, қазақ халқының көне шежіресі, Қазақстанның тарихи мұралары мен мәдениеті) мазмұндық сипаттамасын студенттер кредиттік технология жүйесінің талаптарына сай аудиториялық дәрістік және практикалық сағаттардың күрт қысқаруына байланысты өздігінен орындайтын жұмыстар тапсырмасы ретінде даярлап, СОӨЖ сабақтарында талқылайды. Бүгінгі білім беру жағдайында қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу-тәрбие үдерісінде ретсіз, жүйесіз қолдану салдарынан ұлттық мұраның мән-маңызына нұқсан келуде. Ал біздің тәжірибемізде болашақ экскусоводтарды экскурсия үдерісінде этнопедагогика материалдарын пайдалануға әдістемелік даярлау жұмысымыз, оқу үдерісімен қатар негізінен әр студентпен жеке дара, және топтық әдістермен оқытушылардың басшылығымен өткізілетін аудиториядан тыс сабақтарда, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау барысында, ғылыми жобалар дайындауда, ғылыми конференцияларға арнайы баяндамалар дайындау барысында өткізіледі. Ал өндірістік практика кезінде мүмкіндігінше нақты материалдар негізінде, мерекелік тойларға (Наурыз мерекесі), үйлену, қыз ұзату, құда түсу тойларына қатысу арқылы даярлық үдерісі бейне таспаға түсіріліп өткізіледі, бұл шаралар оқу үдерісінен тыс, оқытушылардың және студенттердің өзіндік кәсіби танымдылығының, белсенділігінің арқасында жүргізіледі. Демек қазіргі жаңа кредиттік технология жағдайында бұл құбылыстың әрі қарай даму мүмкіндігі күшейе түспек, оған оқытушылар да, студенттер де әдістемелік жағынан даяр болуы қажеттігі туындайды.

 

 

45. ДТҰ құқықтық режим аспектілеріндегі туристік қызметті құқықтық реттеу.

Халықаралық туризм жекелеген елдердің өмірінде әлеуметтік-экономикалық қатынастарды сипаттамасы және бір уақытта халықаралық қатынастардың құрамдас бөлігі бола отырып мемлекет сияқты, халықаралық деңгей шегінде де туристтік-экскурсиялық қызметтің барлық кешенін ұйымдастыруда және басқаруда қажетті алғы шарттар болып табылады. Мұндай алғы шарттар, көбінесе, туристтік ұйымдарды құру кезінде жүзеге асырылады.

Туристтік ұйымдарды келесі белгілер бойынша жіктеуге болады:

- Ұлттық-аймақтық белгі бойынша: халықаралық, аумақтық және ұлттық ұйымдар. Олардың қызметі бүкіл әлемдік, аумақтық және ұлттық сипатқа ие.

- Қоғамдық-мемлекеттік бойынша: өкіметтік, қоғамдық, жеке меншіктік.

- Қызмет түрі бойынша: реттеуші, жабдықтаушылар, нарық агенттері, өңдеушілер, кеңес берушілер, жобалық ұйымдар, оқытушы ұйымдар, баспашылар, кәсіптік ассоциациялар, саудалық және тұтынушылық ұйымдар.

- Қызмет сферасы бойынша: көліктік (авиациялық, автобустық, темір жол, автомобиль және круиздік), туристтік агенттер, туроператорлар, жергілікті (локальді) кәсіби одақтар.

Халықаралық туристтік айырбасты тұрақты түрде кеңеюі оның халықаралық-құқықтық регламентациясына; әртүрлі құқықытық институттарды өңдеуге және мамандандырылған халықаралық туристтік ұйымдарды құруға қажеттілікті тудырды.

Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ)

Бүгінгі күнде дүниежүзілік туристік ұйым – туристік әлемде ең атақты және танылған. Дүниежүзілік туристік ұйым өкіметтік емес ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағының (РТҰХО) Біріккен Ұлттар Ұйым патронажындағы өкіметаралық ұйымға ауысуы жолымен 1975 жылы 2 қаңтарда негізі қаланды. Қазір оның мүшелілігіне 105 мемлекет, бірнеше ассоциацияланған және 150 астам қосылған мүшелер (туристтік фирмалар, авиакомпаниялар, халықаралық ұйымдар) кіреді.

ДТҰ-ның жарғысы 1975 жылы 27 қыркүйекте қабылданды. 1980 жылдан бастап бүл күн «Дүниежүзілік туризм күні» деп есептелінеді. Жыл сайын дүниежүзілік туризм күні белгілі-бір ұранмен жүргізіледі. 4 жыл сайын ДТҰ Бас ассамблея сессиясын ұйымдастырады, олардың арасында ДТҰ Бас ассамблеясының атқарушы комитеті жұмыс істейді.

ДТҰ-ның штаб-пәтері Мадрид қаласында (Испания) орналасқан.

ДТҰ келесі мақсаттарды көздейді:

- Туризмнің дүние жүзінде тыныштыққа, өзара түсунушілікке, адамдардың денсаулығына және гүлденуіне әсерін жылдамдату және кеңейту;

- Саяхат уақытытнда білім алуға және мәдениетке адамдардың қол жетуіне көмектесу;

- Шетел туризмі үшін қажетті материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуде көмек арқылы әлемнің аздап дамыған аудандарында тұру және кему стандарттарын жақсарту және бұл аудандарды байланыстыратын көлік жолдарын дамыту;

- Туристтерді қабылдайтын елдердің мүмкіншіліктерін кеңейту және осыменен олардың экономикасына үлес қосу;

- Мемлекет арасында бағдарлау және ыңтымақтастық бойынша халықаралық агенттік ролін атқару;

- Туризм саласында ұлттық ұйымдардың кеңесі үшін ең маңызды деген мүшелеріне қызмет көрсету;

- Пленум және отырыстардың тақырыптарын анықтау, сондай-ақ қатысушы-мемлекеттің туристтік мүдделерін бағдарлау (ұлттық туристтік ұйымдар сияқты, саяхаттанушылардың мүдделерін білдіретін кәсіптік секторлар және ұйымдар);

- Туроператорлардың әртүрлі бірлестіктері арасындағы тұрақты өзара байланысты орнату;

- Барлық жоғарыда аталған шараларды ең оңай жолымен жүзеге асыру.

ДТҰ-ның қызметі негізінен туризмнің ақпараттық жылжуына, оның маңыздылығы мен артықшылықтары кеңейтуге, сондай-ақ жаңа материалдық-техникалық базаны құруға шоғырланады. Ұйым халықаралық туризм саласында белгілі-бір қағидаларды өңдеу және еңгізу жолымен туризмдегі әртүрлі ұлттардың іс-әрекетін тәртіптендіруге ұмтылады.

ДТҰ Бірікке Ұлттар Ұйымындағы туризмнің негізгі өкілдігі болып табылады және әлемдік туризмнің ең авторитетті органы ретінде әрекет етеді. Одан басқа ДТҰ халықаралық құжаттарды (актілерді) өңдейді және олардың орындалуын бақылайды.

ДТҰ қызметінің басқа аспектілері өзіне туризмге әсер ететін мемлекеттер арасындағы сұрақтарға қатысты ынтымақтастықты ұйымдастыру және ынталандыруда мемлекет дамуына көмектесуді қосады.

ДТҰ-ның маңызды міндеттерінің бірі – халықаралық туризм бойынша статистиканы зерттеу, жаңа өлшеу әдістерін жасау, болжау, өңдеу және маркетинг сияқтыларды қосатын зерттеулер. Мұның бәрін туристтік ұйымдар өзінің қызметінде қолдануы мүмкін. Зерттеуші қызметі статистика әдістерінің артуына әкеледі.

ДТҰ әлемдік туризмнің жағдайы туралы тұрақты есеп беріп тұрады, онда туристтік индустрияның әрі қарай дамуының жетістіктері сияқты, кедергілерді ескереді. ДТҰ халықаралық туризмге өкіметтік араласуын болдырмау немесе шектеу арқылы әлемдік туризмге әрекет етуге талпынады. ДТҰ мемлекеттер дамуын, әсіресе БҰҰ – мүше елдеріне техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

ДТҰ қызметіндегі ең атақты оқиға – 1980 жылы 27 қыркүйекте Манилада (Филлипины) болған туризм бойынша дүниежүзілік конференцияның өткізілуі. Туризм бойынша дүниежүзілік конференцияға шақыру туралы шешімді ДТҰ-ның 2-ші сессиясының Бас ассамблеясы (мамыр 1977ж.) Қабылдады. Конференцияда туризмнің дамуына мемлекеттердің жауапкершілігінің сұрақтары (әлеуметтік-экономикалық шарттар, мақсаттары және міндеттері, факторлар) және адам — өзінің демалысын ұйымдастырушысы; сұраныс пен ұсынысты реттеу; туризм саласында ғылыми-техникалық ыңтымақтастық, туризм индустриясына кадрларды дайындау сияқты өзекті мәселелерді қарастырады. Қорытынды құжатта талқылау барысында бірлесе өңделген ұсыныстар сипат алған. Бұл құжат әлемдік туризм бойыншаМанильдік декларация деп аталды. Конференцияға 100 астам мемлекеттің өкілдері қатысты.

 

 


46. Мынжылдық Осака декларациясы.

Халықаралық туризм жаппай құбылыс ретінде ІІ-ші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана пайда бола бастады, себебі бұл уақытта адам құқығын қорғайтын заңдар қабылданды. Осы кезде «халықаралық туристік құқық» түсінігі қалыптасты. Оның негізін келесі құжаттар құрады:

1) Адам құқығының жалпылама декларациясы (10 желтоқсанда 1948 ж.

БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған);

2) Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқық туралы халықаралық

пакт және Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пакт (16

желтоқсан 1966 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған).

Халықаралық туризм жөнінде ДТҰ келесі құжаттарды қабылдады:

1) 1963 жылғы халықаралық туризм және саяхат бойынша БҰҰ Рим

конференциясының жалпы резолюциясы;

2) 1975 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша

жиналыстың акті;

3) 1980 жылғы ДТҰ-ның әлемдік туризм бойынша Манил декларациясы;

4) 1982 жылғы туризм бойынша Дүниежүзілік жиналысының Акапулько

құжаты;

5) 1985 жылғы Турист кодексі;

6) 1985 жылғы ДТҰ-ның Бас Ассамблеясының VI сессиясында бекітілген

туризм Хартиясы;

7) 1989 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша

жиналыста қабылданған құжат;

8) 1989 жылғы ДТҰ мен парламентаралық одақпен қабылданған туризм

бойынша Гаага декларациясы;

9) 1994 жылғы туризм бойынша

 

 


 

47. Туризмдегі лицензиялау ережесі.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына (бұдан әрі -«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заң), «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі — «Лицензиялау туралы» Заң), өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді және уәкілетті органның-лицензиардың туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия беру тәртібін, шарттарын, есебін жүргізуін белгілейді.

-Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы ережемен белгіленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке жаңа заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы беріледі.

6. Өтінуші лицензия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап жеті ай ішінде көрсетілетін туристік қызметтерге сертификат алуға міндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады.

2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары

7.Лицензия мынандай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:

-туроператорлық;

-турагенттік;

-экскурсиялық;

-туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі.

8.3аңды тұлға- өтінушінің филиалдары мен өкілдіктері құрамында лицензияланады.Филиал немесе өкілдік туралы ереже мен тіркеу құжаттары лицензиарға көрсетілуі тиіс.

9. Заңды тұлға-өтінуші филиал немесе өкілдік ашқан жағдайда, 30 күн ішінде лицензиарды хабардар етеді.

1О.Лицензия субьектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі.

11.Лицензия бір данада беріледі, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төл құжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым (бұдан әрі-лицензиялық алым) төлейді.

12.Тұлғаның аталуы Заңды, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиар он күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді.

1З.Лицензия «Лицензия туралы» Заңмен белгіленген мерзімге беріледі.

14.Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрімен куәландырылады.

15.Туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығына лицензия өтінушіге осы ережені 3-бөлімінде көрсетілген біліктілік талаптарына сай келген жағдайда беріледі.

16.Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет.

17. Турагенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет.

18. Экскурсиялық қызметті жүзеге асыруға лицензиялау үшін мынадай құжаттар қажет.

19.Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет.

 

20.Өтінуші ұсынылған құжаттардың анықтығына Қазақстан Республикасының заңнамасымен бірге белгіленген жауаптылықта болады.

21.Өтінушінің өткізген құжаттарында қамтылған мәліметтерді тексеру қажет болған ретте, лицензия беру туралы шешім тексеруден соң қабылданады.Тексерудің нәтижелері бойынша туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді,» сондай-ақ туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы қортынды шығарылады.

З.Біліктілік талаптары

22.Туроператорлық қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды.

23.Турагенттік қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды.

24.Экскурсиялық қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды.

25.Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды.

4.Лицензия беруден бас тарту, лицензияны тоқтату, қайтарып aлyжәне оның колданылуын тоқта тұру

26.Лицензия беруден мьша жағдайларда бас тартылады, егер:туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға заңнамалық кесімдер мен адамдардың осы санаттары үшін тыйым салынса;

27.Турагенттік, туроператорлық, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға лицензия берген бас тартылған жағдайда, өтінушіге бас тарту себебтері көрсетілген жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

28.Егер заңнамамен белгіленген мерзімде лицензия берілмеген жағдайда немесе лицензия беруден бас тартуды өтінуші негізсіз деп тапса, ол бір ай мерзімде лицензиардың іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

29.Лицензия беруден негізсіз бас тартудан немесе өтінушінің құқығын бұзудан туындаған шығындарды өтеу заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 52 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 1 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 2 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 3 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 4 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 5 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 6 страница | лемдік Монила декларациясы. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.019 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав