Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Арнайы валюталық режим

Читайте также:
  1. I.2.3. Обработка исходных данных в режиме таблицы
  2. WiFi стандарты, режимы работы, формат кадра.
  3. А. В одномерном и двумерном режиме
  4. А. М.Алпатьевтің биоклиматтық әдісімен суару режимдерін есептеу
  5. Азақстан Республикасындағы валюталық реттеудің ерекшеліктері
  6. Анализ режима холостого хода линии электропередачи.
  7. Антидемократический режим государства: понятие, особенности, виды.
  8. Асинхронный режим системы энергоснабжения и синхронного двигателя, его опасность.
  9. Бап. Валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң құқықтары және мiндеттерi

1. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген жағдайда, егер ахуалды экономикалық саясаттың басқа шараларымен шешу мүмкін болмаса, арнайы валюталық режим енгізіледі.
Арнайы валюталық режим елдің экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына төнген қатерді жою үшін жағдайлар жасауға бағытталған валюталық реттеу шаралар кешенін көздейтін және резиденттер мен резидент еместердің валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуіне жекелеген валюталық шектеулер енгізуге жол беретін, валюталық операцияларды жүргізудің айрықша режимі болып табылады. Арнайы валюталық режим оны енгізу үшін негіз болған жағдайларды жою мақсатында ғана қолданылатын уақытша шара болып табылады. Арнайы валюталық режим шеңберінде енгізілуі мүмкін шектеулерге мыналар жатады:
1) валюталық операция сомасынан процент ретінде айқындалатын мөлшердегі депозитті уәкілетті банкке не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне белгіленген мерзімге сыйақы төлеместен орналастыруды талап ету;
2) валюталық операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы рұқсатын алуды талап ету;
3) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сатуды талап ету;
4) шетелдік банктерде шоттарды пайдалану бойынша шектеулер, валюталық түсімді қайтару мерзімін және валюталық операциялар бойынша көлеміне, санына және есеп айырысу валютасына лимиттерді белгілеу.
Қазақстан Республикасының Президенті өзге де уақытша валюталық шектеулерді енгізуі мүмкін.
2. Арнайы валюталық режим Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлескен консультациялар негізінде дайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісі мыналарды:
1) енгізілетін шаралардың және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуге уақытша шектеулердің тізбесін;
2) арнайы рұқсат беру шарттарын қоса алғанда, арнайы валюталық режимнің талаптарын орындау тәртібін;
3) арнайы валюталық режимді енгізу уақытын және қолданылу мерзімін қамтиды.
4. Арнайы валюталық режимнің қолданылу мерзімі бір жылдан асырылмайды.
Арнайы валюталық режим енгізілген мерзім аяқталғаннан кейін арнайы валюталық режимнің күші жойылды деп саналады.
Қазақстан Республикасының Президенті тиісті акт шығару арқылы оның қолданылуын осы тармақта белгіленген мерзімдер шегінде ұзартуға не оның күшін толық немесе ішінара мерзімінен бұрын жоюға құқылы.
5. Арнайы валюталық режимнің қолданылуы кезеңінде резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісінде белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2009.07.04. № 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

33-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын
бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 45 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар | Бап. Валюталық операцияларды лицензиялау | Бап. Тіркеу режимі | Бап. Хабарлама режимі | Бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау | Бап. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша төлемдері және ақша аударымдары | Бап. Шетел валютасын сатып алу және сату | Бап. Экспорт (импорт) бойынша есеп айырысу | Бап. Жарғылық капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар | Бап. Резиденттердің шоттары |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав