Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау

Читайте также:
  1. A) материалдарды қабылдау актiсi
  2. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  3. Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беру
  4. Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттар қабылдау
  5. Бап. Сәйкестiк туралы декларация
  6. Бап. Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi
  7. Ет өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін температуралық және ылғалдылық режимдер
  8. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы
  9. Мемлекеттің экономикадағы ролі туралы теориялар
  10. Оқытушы туралы жалпы мәліметтер

82. Сәйкестік туралы декларация - жеткізушінің (дайындаушының, сатушының) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген нысандағы құжаты.

83. Органның Сәйкестік туралы декларацияны (бұдан әрі - декларация) қарау және тіркеу жөніндегі жұмыстарын шарт негізінде жеткізуші (дайындаушы, сатушы) төлейді.

84. Декларацияны жеке және заңды тұлғалар қабылдауға құқылы. Жеткізуші (дайындаушы, сатушы) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар негізінде декларацияны қабылдайды.

85. Жеткізуші (дайындаушы, сатушы) декларацияны қабылдауы үшін негіз болып табылатын құжаттар ретінде мыналар пайдаланылуы мүмкін:
1) жеткізуші (дайындаушы, сатушы) және (немесе) басқа да аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізген қабылдау, қабылдау-тапсыру және басқа бақылау сынақтарының хаттамалары;
2) өнімге бұдан бұрын алынған қолданыстағы сертификаттар немесе шикізатқа, материалдарға, жинақтаушы бұйымдарға арналған сынақтардың хаттамалары;
3) өнімнің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын өнімді мемлекеттік бақылау актілері;
4) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін (шикізатты жеткізу, өндірістік процесс, жинау, дайын өнім, буып-түю, таңбалау) растайтын құжаттар, сапа менеджменті жүйесінің немесе кәсіпорын өндірісінің сертификаттары.

86. Декларация нақты бір өнімге немесе растауға жататын бірыңғай талаптар белгіленген біртекті өнім топтарына қатысты қабылдануы мүмкін.

87. Декларация осы өнімді шығарудың жоспарланып отырған мерзімін немесе өнім партиясын өткізу мерзімін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімді ескере отырып жеткізуші (дайындаушы, сатушы) белгілеген мерзімге қабылданады.
Декларацияның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жеткізуші (дайындаушы, сатушы) осы Регламентте белгіленген тәртіппен жаңа декларацияны қабылдай алады.

88. Декларация белгіленген нысандағы бланкілерде толтырылады және оған дайындаушы (орындаушы) ұйымның басшысы қол қояды және оның мөрімен расталады.

89. Жеткізуші (дайындаушы, сатушы) қабылдаған декларация аккредиттелген Органда тіркелуге тиіс.

90. Тіркеуге жіберілетін декларацияға мыналар қоса беріледі:
1) тіркеу туралы еркін нысандағы өтініш;
2) өнімнің осы Регламенттің 89-тармағында санамаланған белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) өнім өндірісінің тұрақтылығын растайтын құжаттардың көшірмелері (стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау туралы мемлекеттік бақылау актілерінің көшірмелері, өндірістің тұрақтылығын ішкі бақылау актілерінің көшірмелері);
4) жеткізушінің (дайындаушының, сатушының) сынақ зертханаларының техникалық құзыреттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (аккредиттеу аттестаттары немесе оларға балама өзге де құжаттар) немесе өнімді дайындаудың технологиялық процесінде немесе осы өнімге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда көзделген сынақтарды жүргізуге аккредиттелген зертханалармен жасалған шарттардың көшірмелері.
Қажетті құжаттары бар декларацияны жеткізуші (дайындаушы, сатушы) өзі таңдап алған бір ғана Органға тіркеуге жіберуі мүмкін.

91. Орган 3 күннен аспайтын мерзімде қарайды және:
1) өнімнің осы түрінің сәйкестігі декларацияда расталуы мүмкін өнім тізбесінде бар болуын;
2) жеткізушінің (дайындаушының, сатушының) осы Регламенттің 89-тармағына сәйкес декларацияны қабылдау заңдылығын;
3) осы өнімнің сәйкестігін растау үшін көзделген стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың толықтығын және дұрыс көрсетілуін;
4) осы өнім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында оны дайындау құқығына көзделген барлық құжаттардың болуын;
5) декларацияның дұрыс толтырылуын тексереді.
Ескерту. 91-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.

92. Қарау және тексеру нәтижелері бойынша Орган декларацияны тіркелген декларациялар тізілімінің арнайы бөліміне тіркейді.
Тіркеу декларацияға Органның сәйкестендіру белгісі (коды) бар тіркеу нөмірі мен декларацияны тізілімге енгізудің реттік нөмірін беру жолымен жүзеге асырылады.
Тізілімге декларацияны қабылдаған ұйымның атауы, оның мекен-жайы, декларацияның тіркеу нөмірі мен сәйкестігі расталған өнімнің түрі, декларацияның қолданылу мерзімі жазылады.
Тіркелген декларациялардың тізілімін Орган берілген сертификаттардың тізілімінен бөлек жүргізеді.

94. Декларацияда тіркеу мәліметтері (декларацияны тіркеген Органның атауы мен мекен-жайы, оның тіркелген күні, декларацияның тіркеу нөмірі) көрсетіледі және бірінші басшының немесе ол өкілеттік берген адамның қолымен және Органның мөрімен расталады.

95. Тіркелген декларация жеткізушіде (дайындаушыда, сатушыда) соның негізінде ресімделген құжаттармен бірге, оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде үш жыл сақталады.
Осы мерзім ішінде Органда тіркелген декларацияның көшірмесі мен тіркеуге арналған ілеспе құжаттар сақталады.

96. Декларацияда оның әрекеті қолданылатын өнімнің тізбесі бар көшірмелер мен қосымша болуы мүмкін.
Декларацияның көшірмелері өтінім беруші басшысының қолымен және мөрмен (заңды тұлға үшін) расталады.

97. Декларацияда көрсетілген нормативтік құжаттардың талаптары өзгерген, сондай-ақ заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде жеткізуші (дайындаушы, сатушы) жаңа декларацияны ресімдейді және оны сол Органға осы Регламентте белгіленген тәртіппен тіркеуге береді.

Техникалық регламентке
1-қосымша

Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13, 2009.07.21 N 1109 Қаулыларымен.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 36 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Тарау. Өнімді сертификаттау 1. Негізгі ережелер | Сертификаттауды жүргізу | Сынамаларды іріктеу актісі | ызметтерді сертификаттау схемаларын қолдану |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав