Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сертификаттау схемаларын қолдану

Читайте также:
  1. Бап. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану
  2. Сертификаттауды жүргізу
  3. Сертификаттауды жүргізу тәртібі
  4. Тарау. Өнімді сертификаттау 1. Негізгі ережелер
  5. ызметтерді сертификаттау схемаларын қолдану

1. 1-6 және 10 сертификаттау схемалары сериялық шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде, 7, 8, 9-схемалар шығарылған өнімді сертификаттау кезінде қолданылады.
2. 1-схеманы өнімнің шектеулі, өткізу көлемін алдын ала айтылған кезде қолдану ұсынылады.
3. 2-схеманы ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша келіп түсетін импорттық өнімді сертификаттаған кезде немесе жекелеген келісім-шарттар бойынша сериялық өнімді тұрақты жеткізген кезде қолдануға болады.
4. 3-схеманы өндірістің тұрақтылығы күмән тудырмайтын сериялық өнімді сертификаттау үшін қолданған жөн.
5. 4-схеманы өнімнің сипаттамасының тұрақтылығына жан-жақты және қатаң бақылау қажет болған кезде қолданады.
6. 5 және 6-схемаларды:
сынақтарға арналған іріктеудің нақты көлемі шығарылатын өнімді объективті бағалау үшін жеткіліксіз;
технологиялық процестер сыртқы факторларға сезімтал;
шығарылатын өнім сипаттамаларының тұрақтылығына қойылатын жоғары талаптар белгіленген;
өнімнің жарамдылық мерзімі сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті уақыттан кем;
өнімді түрлендірудің жиі ауысымына тән;
өнім тұтынушыда монтаждан өткеннен кейін ғана сыналуы мүмкін өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.
6-схема түпкілікті бұйымды сертификаттауды көздемейтіндігімен ерекшеленеді және жинақтаушы бұйымдарды сертификаттау үшін ұсынылған.
6-схеманы, егер сипаттаманы сертификаттаған кезде расталатын номенклатура мен олардың мәндері Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін болса, өзінің сапа менеджменті жүйесіне сертификаты бар жеткізушінің (дайындаушының емес) импортталатын өнімін сертификаттаған кезде қолдануға да болады.
7. 7 және 8-схемаларды осы өнімді өндіру мен өткізу бір жолғы сипатқа ие болғанда (партиясы, бірлі-жарым бұйымдар) қолдану ұсынылады.
8. Егер ұсынылған құжаттар бойынша өнім қауіпсіздігін анықтау мүмкін болса, 9-схеманы жеке қажеттілік үшін өнімнің шағын көлемді партиясын, өндірісті немесе, өндірістік және өзге объектілерді жарақтандыруға арналған нысаналы мақсатпен сатып алынатын бірлі-жарым бұйымды (бұйымдар жиынтығын) сертификаттаған жағдайда импортталатын өнімдер үшін қолдану ұсынылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.12.10 N 2071 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулыcымен.
9. 10-схеманы отандық өндірушілердің тұрақты шығарылмайтын немесе шағын көлемде шығарылатын ұзаққа созылған өндірісте өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.
Схеманы шағын кәсіпкерлік субъектілері мәлімдеген өнімдерді сертификаттаған кезде қолданған орынды.
10. 9 және 10-схемаларды мынадай біртекті өнімдер топтарын: балалар тағамы өнімдерін, ойыншықтарды, автомобиль бензиндерін, дәрілік құралдарды сертификаттаған кезде пайдалануға рұқсат етілмейді.

Техникалық регламентке
2-қосымша

200_жылғы "___"__________ ________________________
(сәйкестікті растау
________________________
жөніндегі органның
________________________
атауы, мекен-жайы)




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 59 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Тарау. Өнімді сертификаттау 1. Негізгі ережелер | Сертификаттауды жүргізу | Сертификаттауды жүргізу тәртібі | ызметтерді сертификаттау схемаларын қолдану |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав