Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономикалық өсу:факторлары және мемлекеттік іс-шаралар

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  4. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  5. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  6. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  7. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  8. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  9. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  10. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты ұлттық шаруашылық қызметінің жағдайы мен сапасын қолайлы өзгерту, жақсарту және жоғарылату екендігі белгілі мәселе. Бұл үшін өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері мен сапалық дәрежесі әлемдік деңгейлерге ұмтылуы тиіс. Ал, бұл болса халықтың әл-ауқатын арттыру, оның табысы мен тұтынушылық деңгейін жоғарылатудың бірден-бір кепілі болып табылады.

Кез-келген әлеуметтік-экономикалық жүйенің өміршеңдігі өндіріс және тұтыну құрылымына, ресурстық қамтамасыздандырылуына, іс-әрекет нәтижелілігіне байланысты.

Егер мемлекеттің негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатының өсуіне қол жеткізу болса, экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты тиімді экономикалық өсуге жетудің алғышарттарын жасап, соның негізінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейін жоғарылату болып табылады.

Экономикалық өсу деп жалпы ұлттық өнім, жалпы жиынтық өнім, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім т.б. сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасының өзгерістері арқылы сипатталатын ұлттық шаруашылық дамуындағы оңды қозғалысты айтамыз.

«Экономикалық өсу» негізінен сандық сипаттағы категория болып табылады. Бұл категорияның сандық мәні ретінде пайыздық өлшемдегі өсу қарқыны және жалпы ішкі өнімнің немесе ұлттық табыстың өткен жылғы салыстырмалы көрсеткіштері алынады.

Ал, «экономикалық даму» болса ел экономикасын негізінен сапалық тұрғыдан сипаттап оны жан басына шаққандағы ұлттық табыс өндірісімен анықтайды.

Экономикалық өсу қарқыны ұлттық экономиканың динамикасын, оның салалық және аумақтық құрылымдарын сараптау үшін пайдаланылады. Экономикалық өсу экономикалық факторлармен қатар экономикалық емес факторлар әрекетінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық емес факторларға әскери-саяси, географиялық-климаттық, ұлттық-демографиялық, мәдени және т.б. факторлар жатады.

Қандай болмасын экономикалық емес фактордың әсері әртүрлі болып келеді және уақыт бойынша өзгерістерге ұшырайды. Айталық, климатқа, географияға байланысты экономикалық емес факторлардың әсері XX-ғасырда едәуір кеміген болса, әскери-саяси және ұлттық факторлардың әсері арта түсті. Мұндағы анығы экономикалық емес факторлардың әсері тек қана теріс мәнге ие болып қоймайды, олар өндіріс тиімділігін жоғарылататын оңды әсерлер де болуы мүмкін. Дегенмен экономикалық өсу факторларын таза экономикалық және экономикалық емес факторларға бөліп қарастыру шартты нәрсе және оның өзін сандық жағынан ажырату оңай емес. Кез келген экономикалық өсу факторы ішінде экономикалық емес фактор жүреді және керісінше де бола береді.

Дегенмен, экономикалық өсуді еңбек және капитал арқылы немесе материалдық өндірісте қамтылғандардың еңбек өнімділігі арқылы дәстүрлі сараптаудың өзі осы екі фактордың әрқайсысының ұлттық табыс өсімділігі «салмағын» сандық тұрғыдан анықтау кезінде қиыншылықтар кездеседі. Мұның өзі өндірілген ұлттық табыс, жұмысшы күші және өндіріс құрал-жабдықтары өзара әрекетінің аса күрделі екендігінің белгісі болса керек. Сондықтан әрбір факторды жекелей отырып, оның маңыздылығын сандық тұрғыдан анықтау шартты сипатта жүретіндігі де құпия емес.

Қоғамдық өндірістің дамуы және әлеуметтік прогресс экономикалық өсудің жекелеген факторларының мән-маңызын өзгерістерге ұшыратады. Өнеркәсіп өндірісінің дамуы мен экономикалық өсуге әсер еткен, сонымен бірге атқарған рөлі мен алған орны бойынша басым сипатқа ие болған факторлар тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Сонымен тарихи ұзақ мерзім бойына экономикалық өсуді қамтамасыздандыруда шешуші рөлді табиғи факторлар-шикізаттар, еңбек ресурстарының сандық параметрлері атқарды. Тек XVIII-ғасырдың соңына қарай негізгі бағыт техникалық прогреске қарай ауыса бастады. Нәтижесінде экономикалық өсуге «технократтық» көзқарас қалыптасып, күшейе түсті.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 27 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы | Мемлекеттік тапсырыс,негізгі мақсаттары | Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары | Мемлекеттің әлеуметтік үдрістерге қатысуы | Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы ж/е қорғауы. | Дж.Кейнстің концепциясы | Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу | Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері | Салық жүйесін құрудың қағидалары |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав