Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып №5. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік əдістері

Читайте также:
  1. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  2. GТөмендегі өз нөміріңіз бойынша тақырыпқа сәйкес презентация құрыңыз.
  3. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  4. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
  5. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  6. Азақстан Республикасындағы валюталық реттеудің ерекшеліктері
  7. Азақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
  8. Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары
  9. Дәрістердің тақырыптық жоспары
  10. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

 

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастар жүйесі ретінде ерекшілігі бар. Бұл ерекшілік мынада: осы қатынастар мемлекет тікелей қатысатын бөлу процесінде пайда болады және орталықтандырылған ақшалй қаражат қорын қалыптастырып, оны пайдаланумен байланысты. Ұлттық экономиканы үздіксіз қаржыландыру, оның субьектілерінің қоғамдық тұтынуын қанағаттандыру үшін мемлекет қолына ақшалай қаражатты шоғырландырады. Мемлекетік бюджет республикалық бюджет туралы бекітілген заңға сәйкес көрсеткіштері мүлтіксіз орындалуға тиіс еліміздің қаржы жоспары ретінде оның табысы мен шығысын қалыптастыратын әрі пайдаланатын көздерді көрсетеді.

Бюджет жүйесі - бұл экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген бюджеттің барлық түрінің жиынтығы. Қазақстан Респуб -ликасының Бюджеттік кодексіне сәйкес бюджет жүйесі-бұл ҚР бюджеттері мен Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджет процестері мен қатынастарының жиынтығы. Бюджет жүйесі елдің мемлекетік құрылымына сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстан ұлттық-мемлекеттік тұрпаты бойынша бірегейге жатады және оның бюджет жүйесі орталық бюджет және жергілікті бюджеттер деп аталатын құралады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына:

ü республикалық бюджет;

ü жергілікті бюджеттер;

ü облыстық, республикалық маңыздағы қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) деңгейі кіреді.

Бюджет жүйесі ұйымдастыру тұрғысынан келесі қағидаларға негізделеді:

1. Біртұтастық қағидасы - Қазақстан Республикасынң аумағында бірыңғай бюджер заңнамасының қолданылуын, бірыңғай бюджеттік жіктеудің, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерінің пайдалануын қамтамасыз ету;

2. Толықтық қағидасы - бюджеттер мен Ұлттық қорда еліміздің заңнамасында қарастырылған барлық түсімдер мен шығыстарды көрсету;

3. Нақтылық қағидасы - бюджет көрсеткіштерінің экономиканың ағымдағы жай күйінің параметрлеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлері мен бағыттарына сәйкестігі;

4. Транспаренттік қағидасы - бюджет заңнамасы аласындағы нормативтік актілерді міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу;

5. Жүйелілік қағидасы-мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы;

6. Нәтижелілік қағидасы-бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген белгілі бір нәтижелерге жету қажеттілігіне байланысты бюджеттерді әзірлеу және оларды атқару;

7. Тиімділік қағидасы - бюджет процесін бюджет қаражатының өз мөлшерін пайдалана отырып ең үздік нәтижеге жету;

8. Жауапкершілік қағидасы - бюджет процесіне қатысушыларды бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту;

9. Бюджеттердің дербестік қағидасы - әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасында түсімнің тұрақты бөлінуін белгілеу.

Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.

Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақты нәтижелерге – қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімдерінің, матриалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады.

Қаржы механизмі- экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.

Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді.Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.

Қаржы механизмінің элементі- бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді.

Әрбір элемент біріңғай қаржы механизмінің құрамды бөлігі болып табылады. Бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді.

Қаржы құқығы қаржы саясатын қалыптастыру мен жүргізудің тетігі болып табылады және экономикалық саясаттыққа әсер етеді.

Қаржы механизмдерін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып табылады.

Экономиканы реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты- бюджет пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай- күйі де осындай тәртіппен реттеледі. Ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.

Міндеттері:
1. Салық-бюджет жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету, фискалдық тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу және ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру.

2.Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға, салықтық рәсімдерді оңайлатуға және олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың іскерлік белсенділігінің өсуін ынталандыру.

3. Бюджет қаражатының мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін шешуге жұмсалуын қамтамасыз ету.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 51 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Ретінде | EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға | Дәріс (лекция), практикалық және зертханалық сабақтар жоспары | Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі | Студенттің білімін бағалаудың жүйесі | Тақырып №1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері | Тақырып №2. Экономиканы мемлекеттік реттеу əдістемесінің түсінігі жəне оның негізгі элементтері | Тақырып №3. Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы | Тақырып №7. Экономикалық өсу: негізгі факторлары жəне оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары | Тақырып №8. Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары жəне оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав