Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып №7. Экономикалық өсу: негізгі факторлары жəне оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары

Читайте также:
  1. D) Заңды тұлғаның табыс алатын негізгі қызметі
  2. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  3. GТөмендегі өз нөміріңіз бойынша тақырыпқа сәйкес презентация құрыңыз.
  4. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  5. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  6. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
  7. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
  8. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  9. Азақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
  10. Азақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы

Экономикалық өсу деп жалпы ұлтық өнім, жалпы жиынтық өнім, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім т.б. сияқты макроэкономикалық көрсткіштер динамикасының өзгерістері арқылы сипатталатын ұлттық шаруашылық дамуындағы оңды қозғалысты айтамыз.

«Экономикалық өсу» негізінен сандық сипаттағы категория болып табылады. Бұл категорияның сандық мәні ретінде пайыздық өлшемдегі өсу қарқыны және жалпы ішкі өнімнің нмесе ұлтық табыстың өткен жылғы салыстырмалы көрсеткіштері алынады.

Ал «экономикалық даму» болса ел экономикасын негізінен сапалық тұрғыдан сипаттап, оны жан басына шаққандағы ұлттық табыс өндірісімен анықтайды.

Экономикалық өсу қарқыны ұлттық экономиканың динамикасын, оның салалық және аумақтық құрылымдарын сараптау үшін пайдаланылады. Экономикалық өсу экономикалық факторлармен қатар экономикалық емес факторлар әрекетінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық емес факторларға әскери – саяси, географиялық – климаттық, ұлттық – демографиялық, мәдени және т.б. факторлар жатады.

Экономикалық өсу бірнеше жағдайда пайда болады:

1) пайдаланбайтын ресурстар өндіріске бағытталғанда;

2) өндірістің сандық факторы көбейеді;

3) өндірістің бар факторлары жақсы технологияларды ашу мен пайдалануға немесе қызметкерлерді жақсы оқытуға орай, одан гөрі өнімді бола алады.

Экономикалық өсу екі түрге бөлінеді: экстентивті және интенсивті болып бөлінеді. Экономикалық өсудің экстенсивті түрі – бұрынғы техникалық негізін сақтауына орай өндіріс факторының сандық көбеюіне қол жеткізуі. Экономикалық өсудің интенсивті түрі өнімдерді шығару көлемін көбейтуді қарастырады және оған өндіріс факторын сапалы жетілдіру жолымен: еңбек құралдарының одан гөрі жетілдірілген түрін және еңбектің үнемді құралдарын қолдану және жұмыс күшінің мамандығын көтеру арқылы қол жеткізеді.

Экономикалық өсудің сыртқы және ішкі факторларына келетін болсақ, онда көмірсутек шикізаттарына (мұнай, газ және т.б.) әлемдік бағалардың өсуі мемлекеттік бюджет табыстарын арттырып, экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл сыртқы, коньюктуралық фактор болып табылады.

Экономикалық өсудің қарқыны мен сипатын келесі факторлар анықтайды:

1. Табиғат ресурстары. Бай табиғат ресуртарына ие болу экономикалық өсу қарқынына кепілдеме бола алмайды. Оларды ұтымды және тиімді пайдалану маңызды.

2. Еңбек ресуртары. Экономикалық өсуге жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейі, білім сапасы және жұмысшылар күшін кәсіптік шеберлікке дайындау, оларды ұтымды пайдалана білу, еңбек өнімділігінің деңгейі, денсаулық жағдайы және т.б. ықпал етеді.

3. Негізгі капитал. Экономикалық өсуге инвестицияның үнемі көбеюі, капиталдың жаңаруы және көбеюі, қордың қайтарылымының өсуі және қордың қарулануы маңызды.

4. Ғылыми – техникалық үдеріс. Өнертапқыштық және жаңартпалық, оны өндіріске енгізу экономикалық өсудің маңызды факторы болады.

5. Қоғамның жиынтық сұранысы. Жиынтықты сұраныстың жоғары деңгейі кәсіпкерлерді өндірістің көлемін көбейтуге ынталандырды.

Экономикалық өсудің әр түрлі моделі кездеседі. Экономикалық өсудің неокейнсиандық моделі «инвестициялар» және «мультипликатор» санатында негізделеді. Экономикалық өсу алғашқы салынған инвестицияның мультипликациялық тиімділігінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі «өндірістік қызмет» санатына негізделеді. Экономикалық өсуге тек микро және макродеңгейге ғана емес, барлық өндірістік факторларды (еңбек, жер, капитал, ғылыми – техникалық үдерістерді) жақсы пайдалану жолымен де жетуге болады. В. Леонтьев ұдайы өндіріс - өндріті, айырбастың және тұтынудың барлық кезеңіндегі құрылымды өзара байланыс негізінде құрылған, жалпы нарықтық теңдесудің макроэкономикалық моделін үсынды. Оның моделі шахмат кестесі түрінде құрылған және «шығын - шығару» деп аталады. Бұл кестедегі бөлек салаларды екі жақты қарастырумен байланысты. «Нөлдік экономикалық өсудің» тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, шикізаттық, энергетикалық және басқа да ресурстардың шектелуі тез арадағы уақытта адамзатқа апатты қауіп төндіреді. Бұны болдырмас үшін, «нөлдік өсуге» көшу, яғни, материалдық игіліктерді ұдайы өндірудің қарапайым түріне көшу керек. «Экономикалық дамудың тұрақтылығы» тұжырымдамасы (Рио-де-Жанейро). Тұрақты даму идеясы алғаш рет 1987 жылы қоршаған орта және оны дамыту бойынша Халықаралық комиссиясының дайындаған «біздің ортақ келешегіміз» баяндамасында тұжырымдама ретінде қорытындыланған. Келешек ұрпақты тұтыну мүмкіндіктерінен айырмайтын, бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін даму, тұрақты даму ретінде анықталған.

Экономикалық өсуді орнықтыру мақсатындағы мемлекеттің экономикалық саясаты келесі мәселелерді қарастыруы тиіс:

- қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік ахуалды қамтамасыз ететін базалық заңнамалық негіздер жасау;

- мемлекеттік міндеттемеледі қолда бар ресурстармен сәйкестендіру және ресурстарды мемлекеттің базалық функцияларын орындауға шоғырландыру. Ал мұның өзі инвестициялау мен шаруашылық жүргізуді едәуір жақсартуды, салық ауыртпалығын кемітуді, сондай – ақ салықтық және кедендік жүйелердің тиімділгін арттыруды көздейді;

- бюджеттік жүйенің тепе – теңдігіне және оның қызметі тиімділігін арттыруға қол жеткізу;

- Қазақстан экономикасында прогрессивті құрылымдық өзгерістерді ынталандыру;

- Қазақстанда әлемдік экономикаға интеграциялау үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 92 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Ретінде | EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға | Дәріс (лекция), практикалық және зертханалық сабақтар жоспары | Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі | Студенттің білімін бағалаудың жүйесі | Тақырып №1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері | Тақырып №2. Экономиканы мемлекеттік реттеу əдістемесінің түсінігі жəне оның негізгі элементтері | Тақырып №3. Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы | Тақырып №4. Болжау жəне жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі əдістері ретінде | Тақырып №5. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік əдістері |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав