Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономиканы мемлекеттік реттеу

Читайте также:
  1. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  2. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  3. АҒЫНДЫ ӨТЕМДІК ЖӘНЕ КАСКАДТЫ (САТЫЛЫ) РЕТТЕУ
  4. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 1 страница
  5. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 2 страница
  6. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 3 страница
  7. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 4 страница
  8. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  9. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
  10. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

Субьектілері мен обьектілері

Жоғарыда айтылған мақсаттарды шешуге мемлекеттің ғана күші жетеді және сол ғана бүкіл қоғам мүддесінің кепілі және қайнар көзі болып саналады. Сондықтан да өзінің басқару органдары атынан қатысатын мемлекет, мемлекеттік реттеудің басты және бірден-бір субьектісі болып саналады.

Оның бүкіл салалары мен аялары және онда болып жатқан барлық экономикалық процестер жиынтығындағы бүкіл ұлттық экономика, кең мағынасындағы реттеу обьектілері болып саналады. Сонымен бірге экономиканың алдыға жылжуындағы оның әрбір нақты тарихи кезеңінде, нақты реттеу обьектілері болып табылуы мүмкін, өзінің «әлсіз буындары» немесе «қисық тұстары» көрінетін болады.

Бізге белгілі шарттылыққа жол бере отырып, экономиканы сатылас (тік) және деңгейлес (горизонталь) бөліктерде көз алдыға елестетуге болады. Сатылас (вертикаль) бөлікте материалдық және материалдық емес өндірістің онда жұмыс істейтін алуан түрлі субьектілерінің салалары мен аялары таныстырылуы мүмкін.

Деңгейлес (горизонталь) бөлікте – бүкіл экономиканы қамтитын барлық экономикалық процестер мен құбылыстар – кірістерді қалыптастыру мен бөлу, қаржы, несие, ақша процестері мен қатынастары, инфляция, жұмыссыздық, монополияландыру, инвестициялар және т.б. таныстырылады. (1-сурет).

Сурет

ЭМР обьектілері
Экономика: салалар мен аялар (вертикаль кесік) Экономика: экономикалық процестер мен құбылыстар (горизонталь кесік)
Материалдық өндіріс салалары Жұмыспен камту және жұмыссыздық деңгейі
Әлеуметтік ая Инфляция және ақша айналысы  
Қорғаныс, құқық тәртібі Монополиялық үрдістер мен бәсекелестік орта
Іргелі ғылым Ықпалдасу процестері
Қаржы аясы Сыртқы экономикалық қызмет
Өңірлер мен аумақтар Сыртқы эффектілер
Экологиялық орта

 

«Сатылас» (вертикаль) және «деңгейлес» (горизонталь) обьектілердің жағдайы, өзін-өзі реттейтін нарықтық тетіктердің іс-әрекетімен және саналы түрде бағытталған мемлекеттік-әкімшілік шаралар жүйесімен айқындалуы мүмкін.

Сатылас (вертикаль) бөлікте қоғамдық өндірістің оңтайлы емес құрылымы, бәсекеге қабілетті емес және жеткілікті пайданы қамтамасыз етпейтін, бірақ та қоғамдық тауарлар өндіру, қорғаныс, құқық тәртібі, ғылым, мәдени ескерткіштерді қорғау және т.б. сияқты елдегі салалар мен өндірістің мұқтажы үшін қажетті әлеуметтік, демографиялық аялар сияқты бір салалардың күшті дамуы, ал екінші бір техникалық және экономикалық өзге салалардың артта қалуы мүмкін.

Деңгейлес (горизонталь) аспектіде сондай-ақ кірістердің біркелкі бөлінбеуі, қоғамның күрт жікке бөлінуі, инфляция және қаржылық жүйенің бұзылуы, бәсекеге қабілетті ортаның шағындануы сияқты келеңсіз жағдайлар орын алады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің бүкіл қиындығы мынада: біріншіден, обьектіге ықпал етудің нарықтық және мемлекеттік тұтқалары арақатынасының оңтайлы өлшемін табу, өйткені реттеу обьектісінің өзі өзгермелі, тұрақты емес және өтпелі; және екіншіден, осы қозғалыста болатын дамушы организмде экономиканың қандай болып саналатынын (оның жылжуын қиындататын «сырқат және әлсіз буындарды») уақытылы және дұрыс айқындау және пысықталған мемлекеттік шаралар арқылы оған саналы түрде көмектесу.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 39 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

МАЗМҰНЫ | Нарықтың жетілмегендігі және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі | ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ | Экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістері | Түйін | Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері | АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері | Тигізетін әсері | Міршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары | Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав