Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістері

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  4. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  5. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  6. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  7. АҒЫНДЫ ӨТЕМДІК ЖӘНЕ КАСКАДТЫ (САТЫЛЫ) РЕТТЕУ
  8. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 1 страница
  9. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 2 страница
  10. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 3 страница

Экономикаға ықпал ету әдістерінің жиынтығын ұтымды қолдану үшін олардың әрбірінің мәні мен өзіндік ерекшеліктерін, олардың обьективті түрде алдын-ала айқындалған тең бағыныстылығын білу қажет. Таңдап алынған өлшемдерге (крийтерийлерге) қатысты тиісті жіктеулердің бірнеше нұсқалары қолданылады. Ең алдымен, тікелей және жанама әсер ету әдістерінің аражігі ажыратылады.

Тікелей ықпал ету әдістері экономика субьектілерін дербес экономикалық таңдауға емес, мемлекеттің нұсқауларына (салықтар, амортизациялық аударымдар бойынша заңдық нормалар, мемлекеттік инвестициялар бойынша бюджеттік рәсімдер...) негізделген шешімдер қабылдауға мәжбүрлейді. Тікелей әдістер экономикалық нәтижелерге жедел жетуге болатындығымен байланысты жоғары тиімділікке ие.

Тікелей мемлекеттік ықпал ету әдістеріне мыналар жатады:

а) экономиканы дамытудың стратегиялық мақсаттарын айқындау және оларды индикативтік және өзге жоспарларда, нысаналы бағдарламаларда көрсету;

б) өнімдердің белгілі бір түрлерін жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге мемлекеттік тапсырыстар мен келісім-шарттар (контрактылар);

в) бағдарламаларды, тапсырыстарды және келісім-шарттарды (контрактыларды) мемлекеттік қолдау;

г) сапаға және өнімдер мен технологияларды сертификаттауға қойылатын нормативтік талаптар;

д) құқықтық және әкімшілік шектеулер мен белгілі бір өнімдердің түрлерін шығару бойынша тыйым салулар және т.б.;

е) тауарлар экспорты мен импорты бойынша операцияларды, яғни сыртқы сауда операцияларын лицензиялау.

Экономикалық процестерді жанама мемлекеттік реттеу әдісі. Оған мыналар жатады:

а) салық салу, салық салу деңгейі мен салық жеңілдіктері жүйесі;

б) бағаларды реттеу, олардың деңгейі мен арақатынасы;

в) ресурстар үшін төлемдер, несие үшін пайыз мөлшерлемелері және несие жеңілдіктері;

г) экспорт және импортты кедендік реттеу, валюта бағамдары және валюталар айырбастау шарты.

Жанама реттеуді қолдану аясы нарықтық экономиканың дамуына қарай, кеңейтілген ұдайы өндіріс процестеріне мемлекеттің тікелей араласу мүмкіндіктерін тарылта отырып, маңызды түрде кеңейе түседі.

Мемлекеттің жанама ықпал етуі жағдайында, дербес таңдау кезінде субьектілер, мемлекеттік саясаттың мақсаттарына (жанама салықтар, баж салықтары, ақпараттар беру) сәйкес келетін нұсқаларға тартылатындай алғышарттар ғана жасайды.

Араласу мақсаттарына қатысты экономикалық саясат шаралары:

- капитал жасауды ынталандыруға және жинақтар мен инвестициялар арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге;

- жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге;

- кәсіпорынның рентабелділігін қамтамасыз ету үшін бағалар деңгейін ұстап тұруға;

- тауарлар, капиталдар және жұмыс күші экспорты мен импортын ынталандыруға бағытталуы тиіс іс-қимылдарға бөлінуі мүмкін.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 94 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

МАЗМҰНЫ | Нарықтың жетілмегендігі және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі | Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары | Экономиканы мемлекеттік реттеу | Түйін | Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері | АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері | Тигізетін әсері | Міршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары | Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав