Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түйін

Читайте также:
  1. Түйін
  2. Түйін
  3. Түйін

1. Қайшылықтарды жеңуге, сондай-ақ нарық пен мемлекет арасындағы функциялардың аражігін ажырату мен өзара іс-қимыл тетіктеріне негізделген мемлекет пен нарық арасындағы қатынастарды реттеу методологиялары үшін үлкен маңызы бар. Методология осы тетікті: ұйымдық-әдістемелік құжаттарда: әдістемелік нұсқауларда, ережелерде, ұсынымдарда, көрсеткіштерде және оларды негіздеу тәсілдерінде бекітеді.

2. Нақты тәсілдер мен амалдардың жиынтығын: нарықтың өзін-өзі ұйымдастыруымен үйлестікте ЭМР тетіктерін әзірлеу үшін қажет экономикалық, техникалық-экономикалық және экономикалық-математикалық есептеулерді білдіретін әдістеме, реттеу методологиясының құрамды бөлігі болып саналады.

3. Тікелей ықпал ету әдістері экономика субьектілерін дербес экономикалық таңдауға негізделмеген, мемлекеттің нұсқауларына (салықтар, амортизациялық аударымдар бойынша заңдық нормалар, мемлекеттік инвестициялар бойынша бюджеттік рәсімдер...) негізделген шешімдер қабылдауға мәжбүрлейді. Экономикалық нәтижеге жедел жететіндіктен тікелей әдістердің тиімділігі жоғары болады.

4. Мемлекет жанама ықпал еткен жағдайда, субьектілердің дербес таңдауы кезінде мемлекеттік саясаттың мақсаттарына (жанама салықтар, баж салықтары, ақпараттар беру) сәйкес келетін нұсқаларға тартыла алатындай ғана алғышарттар жасайды.

5. Әкімшілік әдістер – құқықтық инфрақұрылымдарды қамтамасыз етумен байланысты іс-қимылды қамтитын әкімшілік тұтқалардың жиынтығы. Олар тыйым салу, рұқсат ету, мәжбүрлеу шараларына бөлінеді.

6. Экономикалық шаралар – бұл, соның көмегімен, нарықтық процестердің дамуын мемлекетке қажетті сүрлеуге (атап айтқанда, жиынтық сұраныс пен ұсынысқа, капиталды орталықтандыру дәрежесіне, экономиканың әлеуметтік және құрылымдық аспектілеріне) бағыттайтын, белгілі бір жағдай жасайтын мемлекеттік ықпал ету шаралары. Қаржылық және ақша-несие саясаты, бағдарламалау және болжам жасау экономикалық шаралар қатарына жатады.

7. Институционалдық әдістер – ұйымдық ресімделген іс-қимылдар жүйесі. Бұл, салыстырмалы түрде ұзақ уақыт өмір сүретін құбылыстармен байланысты іс-әрекет, мысалы, «құқық институты», «меншік институты»...

8. Баланстық әдіс – халық шаруашылығының пропорцияларын, тұтастай түрдегі мемлекеттік жоспардың жекелеген бөліктерінің байланысуын анықтау кезіндегі маңызды әдістің бірі.

9. Бағдарламалық-мақсатты әдіс, оны өзге әдістермен шешудің мүмкін еместігімен сипатталатын, салалардың және арнаулы тәсілді талап ететін тоғысында пайда болатын нақты проблемаларды шешу кезінде пайдаланылуы мүмкін. Бағдарламалық мақсатты әдісті қолдану үшін проблемаларды таңдауды негіздеу маңызды болып саналады. Кең мағынасындағы бағдарламалық-мақсатты әдіс проблемаларды шешуге кешенді тұрғыдан келуді және оны жүзеге асыруды білдіреді.

10. Экономикалық нормативтер бүкілі үшін ортақ шаруашылық агенттерін немесе олардың топтары үшін дифференциацияланған «ойын ережелерін» - салық мөлшерлемелерін (ставкаларын), кеден баж салықтарын, валюта бағамдарын және т.б. айқындайды. Олар реттеу құралы (инструменті) болып саналады және өңірлік, республикалық мүдделерді ескере отырып шаруашылық бірліктеріне өз қызметінің жоспарын айқындауға мүмкіндік береді.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 23 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

МАЗМҰНЫ | Нарықтың жетілмегендігі және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі | Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары | Экономиканы мемлекеттік реттеу | Түйін | ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ | АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері | Тигізетін әсері | Міршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары | Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав