Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары

Читайте также:
  1. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  2. Азақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын қалыптастыру және дамыту
  3. Жұмыссыздықтың экономикалық мәні
  4. Жанама салықтардың экономикалық мәні және маңызы
  5. Ішектің инвагинациясы. Үрдістің дамуына факторлары. Негізгі клиникалық көріністерін тізіп көрсетіңіз.
  6. Леуметтік саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттің экономикалық саясатының әдістері
  7. Лттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
  8. Лттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық динамикасына болжам жасау
  9. Мемлекеттің экономикалық саясатының мәні
  10. Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары

 

Экономикалық өсу экономикалық дамудың құрамды бөлігі. Экономикалық өсудің өзі қарама қайшылықты. Мәселен, олардың сапасын нашарлату есебінен, тазалау құрылғыларындағы үнемдеу немесе өмір жағдайын нашарлату есебінен материалдық игіліктерді, өндіріс пен тұтыну көлемін ұлғайтуға қол жеткізуге болады. Мұндай өсу орнықсыз болып саналады немесе мүлде мағынасын жоғалтады. Сондықтан да экономикалық өсу, ол әлеуметтік тұрақтылықпен және әлеуметтік саланың жақсаруына деген сеніммен ұштасқанда ғана мағынаға ие болады.

Экономика ауқымдарының ұзақ уақыт бойы тұрақты ұлғаюы, яғни абсолютті түрде, сол сияқты халықтың жан басына шаққанда ҰЖӨ-нің, ІЖӨ-нің немесе ҰТ-тың үдемелі өсу процесі экономикалық өсу болып түсіндіріледі. Ол тікелей түрде ІЖӨ-нің және оның құрамды бөлігінің сандық ұлғаюынан көрінеді. Тиісінше, экономикалық өсуді өлшеу үшін тұтастай түрдегі немесе халықтың жан басына шаққандағы өнімді нақты шығару көлемінің қарқыны немесе абсолюттік өсім көрсеткіштері пайдаланылады.

Экономикалық өсуді талдау кезінде нақты және әлеуетті өсуді ажырата білу көзделеді. Нақты өсу – бұл ҰЖӨ-нің нақты жыл сайынғы ұлғаюы немесе статистикалық органдар мерзімді жариялап отыратын өзге де макроэкономикалық көрсеткіштер.

Әлеуетті өсу – бұл экономика солай өсуі тиіс, жылдамдық. Әлеуетті өсуді қамтамасыз ететін негізгі факторлар болып мыналар саналады:

· ресурстардың – табиғи ресурстардың, сондай-ақ еңбек пен капиталдың ұлғаюы;

· осы ресурстар технологиялық прогресс, жұмыс күшінің біліктілігін арттыру немесе өндірісті ұйымдастыруды жақсарту арқылы пайдаланылатын, тиімділіктің артуы.

Экономикалық өсудің, аз дегенде, төрт негізгі факторы бар. Біріншіден, жұмыс күші санының көбеюі. Өндіргіш жабдықтардың (физикалық капиталдың) жинақталуы өсудің екінші көзі болып саналады.

Үшінші фактор – технологиялық прогресс. Ең соңында, өнімділіктің өзі экономиканың өлшемінен (мөлшерінен) немесе экономикалық агенттердің тәртібінен туындауы мүмкін. Негізгі факторлардан өзге, өндірістің экономикалық жағдайлары мен экономикалық өсудің бірсыпыра жанама факторлары: мемлекеттің экономикалық саясатының ерекшеліктері (салық және баға саясаты, өндірістің бәсекеге қабілетті нарықтық жағдайын жасау, салалар және өңірлер бойынша өндірісті тиімді орналастыру, халықтың кірістерін бөлудің ерекшеліктері, белсенді сыртқы экономикалық стратегия және т.б.) өмір сүреді. Теориялық тұрғыдан экономикалық өсудің: экстенсивті және интенсивті екі үлгісін бөліп көрсетуге болады. Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі жағдайында өндіріс көлемін кеңейтуге өндіріс факторларын (жұмыс күшін, жерді, шикізатты, отынды) қосымша тарту есебінен қол жеткізіледі. Аталған жағдайда өндіріс көлемінің өсуі жиынтық шығындардың өзгеруімен қоса жүреді. Әдетте, қандай да бір факторлардың үлес салмағына қатысты осы өсуді туғызатын экономикалық өсудің басым түрде интенсивті немесе экстенсивті үлгісі туралы айтады. Шынайы өмірде ерекше экстенсивті немесе интенсивті дамудың өмір сүрмейтіндігі түсінікті, соған қарамастан, әрбір мемлекет өз дамуының қандай да бір сатыларында, экстенсивті немесе интенсивті түрде дамиды, негізінен, осындай дамудың табыстылығы, қандай өсу үлгісінің басым екендігімен айқындалады. Нақты ҰЖӨ-нің үлестік өсуіне қатысты экономикалық өсуді оның сондай үлгісіне жатқызу қабылданған: егер интенсивті факторлардың есебінен ҰЖӨ-нің жартысынан көбі өндірілетін болса, онда мұндай экономика басым түрде интенсивті дамиды және оған керісінше болады.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 38 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Нарықтың жетілмегендігі және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі | Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары | Экономиканы мемлекеттік реттеу | Түйін | ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ | Экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістері | Түйін | Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері | АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері | Тигізетін әсері |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав